Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сабақ жоспары: Негізгі және туынды зат есім
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспары: Негізгі және туынды зат есім

библиотека
материалов

Күні:

Қазақ тілі 3 сынып

Тақырыбы

Негізгі және туынды зат есім.

Сілтеме

презентация

Көрнекілік

Үлестірмелі карточкалар, бағалау парақшасы

Мақсаты

Тәрбиелік: ұйымщылдыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиеленеді; өз ана тілінің мәртебесін көтере білу қабілеттері артады.

Білімділік: негізгі және туынды зат есім туралы білімдерін тереңду; сөз таптарына дұрыс сұрақ қоя білу машықтарын кеңейту; сауатты, таза жазуға дағдылану.

Дамытушылық: Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың зат есімді сатылай кешенді талдау, дербес жұмыс істеу, алған білімдерін тиімді пайдалана білу қабілеттері дамытылады.

Оқу нәтижелері

Зат есім және оның сұрақтарын меңгерген, жалқы және жалпы есім, негізгі және туынды зат есімдерді ажырата білетін, сөздерді сөз құрамына талдай алатын сауатты жазатын, ұйымшыл, тілін сүйетін оқушы тәрбиеленеді.

Түйінді идеялар

Білу: Зат есім сұрақтарын, сөзді сөз құрамына талдау.

Түсіну: Негізгі және туынды зат есімді ажыратады.

Қолдану: Анықтайды, талдайды, ашады, дәлелдейді.

Топ ережесі

  1. Тыныштық сақтау.

  2. Бір-бірін тыңдау.

  3. Қол соғу.

  4. Ойды ашық айту.

Жаттығулар

















Топтық жұмыс




І. Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Сабаққа дайындықтарын байқау.

Психологиялық жатығу.

Тіл арқылы биіктерге жетеміз,

Тіл арқылы қиындықтан өтеміз.

Ана тілді қастерлесек қадірлеп,

Болашақта самғай ұшып кетеміз.

Тіл туралы әр топ бір мақалдан айту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1 тапсырма

Әр топ туынды зат есімі бар үш мақалдан оқиды. Туынды зат есімді айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарлау.

2 тапсырма

«Бір айналым стратегиясы» Әр топқа күн суреті беріледі, олар зат есім бойынша нені білетіндерін жазады.

Жаңа сабақ

3 тапсырма: Оқулықпен жұмыс

«Ой қозғау» 24 жаттығу Әр топқа туынды зат есімдер жазылған карточкалар таратылады. Олар сол сөздерді талдап, тақтадағы кестенің тиісті бөлігіне жапсырады. Неліктен сен бұл бағанға жапсырдың? Түбір сөз қай сөз табынан екенін дәлелдейді. Сонда біз не байқап отырмыз? Туынды зат есімдер басқа сөз таптарынан да жасалатынын көріп отырмыз. Әр топ үш сөйлемнен құрайды.

4 тапсырма: «Мағынаны тану»

25 жаттығу. Әр топқа бір- бір туынды зат есімнен беріледі. Олар ондағы сөздерді түбір сөзінен ажыратып сызықша арқылы жазады. Түбір сөз қай сөз табына жатады деп ойлайсың? Неге? Сол сөздермен сөйлемдер құрайды.

Сергіту

Қолда темір қалағым,

Саздан сарай қаладым.

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

Өлең кім туралы екен? Құрылысшы сөзін сөз құрамына талдап жіберейікші. Түбір сөзге сұрақ қой. Не? Ал осы сөзге қандай сұрақ қоямыз? Кім? Неге?

5 тапсырма

Әр топқа екі мақалдың кейбір сөздері беріледі, оның ішінен туынды зат есімді көшіріп жазады. Талдап, дәлелдейді.

ІV. Пысықтау.

6 тапсырма

«Кім жылдам?» ойыны. Берілген жұрнақтамен туынды зат есімдер құру. Кай топ бірінші және көп сөз табады?

V. Қорыту.

Рефлексия: «Білемін. Білдім. Білгім келеді»

Кестеге өз ойларын жазады да, осы сабаққа тілектерін жазады.

VІ. Бағалау.

Топ басшысы бағалау парақшасы бойынша қорытынды бағаларын айтады.

VІІ. Үйге тапсырма: 29жаттығу, 30 жаттығу – 155 бет

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Диалог, топпен жұмыс, бағалау критериялары.

Дереккөздер

Қазақ тілі 3-сынып оқулығы «Атамұра» 2010, әдістемелік нұсқаулық, ғаламтор

Рефлексия

«Білемін. Білдім. Білгім келеді»


Бағалау

Топ басшы сабақ барысында топ мүшелерін бағалау парақшасында белгілеп отырады. Сабақ соңында баға береді, қорғайды.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

 Бұл сабақтың  мақсаты негізгі және туынды зат есімді меңгерту,  оқушыларды  ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеу ; өз ана тілінің мәртебесін көтере білу қабілеттері арттыру. Білімділік: негізгі және туынды зат есім туралы білімдерін тереңду; сөз таптарына дұрыс сұрақ қоя білу машықтарын  кеңейту; сауатты, таза жазуға дағдылану. Дамытушылық: Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың зат есімді сатылай кешенді  талдау, дербес жұмыс істеу, алған білімдерін тиімді пайдалана білу қабілеттері дамытылады.
Автор
Дата добавления 06.06.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2777
Номер материала 122404060617
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх