130982
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыРабочие программыСабақ жоспары:» Ақыл -жастан, асыл- тастан» 3-сынып

Сабақ жоспары:» Ақыл -жастан, асыл- тастан» 3-сынып

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сабақ жоспары

Күні:

Сыныбы: 3

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы:  « Ақыл-жастан, асыл-тастан»

Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

·       Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

·       Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;

·       Балалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».

I Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, барлығы бір-бірімен сәлемдесіп тұрады шығады:

-         Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, достарым!

-         Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Оқушылар бәрі бірге қосылып  Арасанбай Естеновтің «Бес нәрсеге асыл бол!» атты өлеңін айтады.

Бес нәрсеге асық бол!

Қанағат, Рақым, Терең ой,                                      Бес асыл іс бұл арлы,

Талап, Еңбек – өркен-ді,                                          Үлгі болған ғасырдан.

Бәрі маған керек қой,                                                Қастер тұтып бұларды,

Ұлы өмірім- ертеңгі.                                                 Ардақтап өсем жасымнан.

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:

-өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал бүгін ақыл, ақылдық, сондай-ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.

II Әңгімелесу

v   Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?

v   Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма? Деген сауал бойынша әңгімелеседі?

III Мәтінмен жұмыс

Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу

Жиренше бірде сапарға шығады. Күн батуға таянғанда, бір ауылдың тұсында көп балаға кездесе бергенде жаңбыр жауып кетеді.

   Сонда балалар терген тезектері бар, айдаған бұзаулары бар жаңбырдан қорқып, бұзауларын қоя береді де, тезектерін төгіп, қабын жамылып қала береді.

Жиренше шешен мына баланың бір қасиеті барлығын сезіп, жақындап келіп:

-         Қалқам, сен отырып қалдың, ана балалар болса бұзауларын қоя беріп, тезектерін төгіп кетіп қалды, оның себебі не? – деп сұрағанда, қыз бала: - «Бұл балалар – ақылсыз. Үсті-басы су болды, әрі бұзаулары жамырап кетті. Мен кешке мына құрғақ тезекпен жылынып, рақаттанам, бұзауды жібермедім, енді сүтке тоям және үсті-басым су болған жоқ,»-дейді.

Қыз өзін ғана емес, байдың малын бағатын әкесін де ойлаған еді. Өйткені ол әрі аш, әрі үсті су болып келеді ғой...

Шешен жігіт қыздың ақылына қайран қалыпты.

Сұрақтар:

ü    Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?

ü    Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?

ü    «Ақымақ жауынды күні суға түсер» деген халақ мақалынан нені түсінуге болады?

ü    Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?

ü    Сендердің да ақылдылықтарыңды көрсеткен кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

-Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан-жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілегін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылады.

IV Сахналау

Байлық, бақыт, ақыл. /ертегі/

Автор:

Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен-кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады. Алдымен Байлық сөз алады.

Байлық (кеудесін қағып):

-         Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ.

Автор:

-         Сонда бақыт былай деді:

Бақыт:

-         Мен бақпын. Кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.

Ақыл (сабырлы түрде):

-         О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуіміз тең тудық. Бірақ мен  бірер ит жейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуіміз де адам баласына қажнтпіз. Көңілдеріңе келсе де, айтатын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.

Автор:

-         Сөйтіп үшеуі Данышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан былай дейді:

Данышпан:

-         Өмірдің өзі сабақ: «Байлық баянсыз». Ақыл бар жерде ғана байлық та, бақыт та, бірлік те, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тыңдыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырғызы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады.

Сұрақтар:

Ø    Бақыт, Байлық, Ақылдың артықшылығы неде екен?

Ø    Данышпан қандай ой түйіндеді?

Ø    Данышпанның орнында өздерің болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?

Ø    Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

V Дәйексөз

Тақтада жазулы тұрған Жүсіп Баласағұнидың «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл» деген даналығының мәні ашылады:

-         Балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білісіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

VI Тапсырма

Тапсырма бойынша оқушылар мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына ақыл сөзін қосып оқиды. Мақалдарды естеріне сақтап алады.

1.    Ақылды адам ерінбейді.

2.    Ашу – дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

3.       Ақылдан жақын дос бар ма?

4.     Ақыл азбайды, білім тозбайды.

VII Ойын-жаттығу

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Данышпан атайдың «Даналық кітабын» қолдарына кезек-кезек ұстап тұрып, «мен ақылды баламын,өйткені.....» деп жалғастырады. Шеңберді айналдыра бәрі осы туралы өз ойларын айтып шығады. Мысалы, «Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «Мен ақылды баламын, өткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өткені болмашыға ренжімеймін» және т б

VIII Жаңа ақпарат

Мұғалім

-         Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.

IX Дәптермен жұмыс

-         Ақылды Алпамыстың тапсырмасын орындап, тапқырлығымыз бен ақылдылығымызды көрсетейік. Дәптерде берілген үкінің тұмсығынан таралып тұрған парақтарды бос жолдарға адамды ақылды, сүйкімді, әдемі етіп көрсететін асыл қасиеттерді ойланып жазыңдар.

X Қорытындылау

-         Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл – жастан, асыл - тастан», «ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» делінген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегенін туған.

Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған баланың ойы ұшқыр, үлкейгенде ақылгөй, дана болады.

XI Жүректен жүрекке

(Оқушылар шеңбер құрып тұрады)

-         Данышпан атай сендердің әрқайсысыңның бойларыңнан ақылдылықты көргісі келеді. Сендерге өз тілегін, батасын арнайы жіберіпті. Балалар Данышпан атаның тілектерін кезегімен оқып шығады.

/Тілектер:

-         ... балам, ақылыңа ақыл қос!

-         ... қызым, ұшқыр ойлы бол!

-         ... балам, ерінбей, еңбектене біл!

-         ... балам, асыл қасиеттерін көп болсын!

-         ... балам, атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол!/

Аташымның батасы

Бойыма, күшіме,                              Қиыннан тартыңба,

Ойыма, ісіме                                     Сый көрсет қартыңа,

Сеніп тұр аташым,                           Сыйлы бол халқыңа.

Беріптұр батасын:                            Осындай бата алдым,

-         Шырағым, зейінді                            Досымдай атамның

Бол, кішіпейілді.                               Орындап талабын,

Оқуда, еңбекте                                  Алғысын аламын.

Үлгі бол сен көпке.



Краткое описание документа:
 Бұл сабақтың мақсаты: балалардың «даналық» құндылық туралы түсініктерін кеңейту.Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;   Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту; ·       Балалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл – жастан, асыл - тастан», «ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» делінген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегенін туған екенін айту. Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған баланың ойы ұшқыр, үлкейгенде ақылгөй, дана болуларына көңіл бөлу.
Общая информация

Номер материала: 122419060635

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.