Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСақтан, ұрпақ СПИД деген қатерден!

Сақтан, ұрпақ СПИД деген қатерден!

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Сақтан, ұрпақ, СПИД деген қатерден!.docx

 

 

 

 

«Сақтан , ұрпақ , 
СПИД 
деген қатерден!»
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


атты конференция

 

(9-10 сынып)

spid.jpg

 

 

1-жүргізуші(Күмісбек) Қымбатты қонақтар!

2-жүргізуші (Меруерт)Құрметті оқушылар!

3-жүргізуші (Бектұр) Барлықтарыңызды  бүгінгі «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден!» атты конференциямызға қатысып отырғандарыңызға алғыс айта отырып, конференциямызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Сақтан ұрпақ Спид деген қатерден» атты конференциямызды,Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағымыз келіп тұр.

3-жүргізуші: «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 9-10 сынып оқушылары аралығындағы конференцияға қош келдіңіздер!!!

2-жүргізуші: Біздің ойымызша бүгін сіздер,

1-жүргізуші: өздеріңізді толғандырып жүрген бірнеше сұрақтарыңыздың  жауабын табатын боласыздар деп ойлаймыз!

3-жүргізуші: Ертең, яғни 1-желтоқсан Дүниежүзілік Спид-ке қарсы күн,яғни осы күннің емблемасы-қызыл лента болып табылады.

2-жүргізуші: Қалай ойлайсыздар біз СПИД туралы білуіміз қажетпе?

1-жүргізуші: Әрине, өткені...

СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

3-жүргізуші: ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

2-жүргізуші: Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген.

1-жүргізуші: 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

3-жүргізуші: Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

2-жүргізуші: Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.

1-жүргізуші: ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.

3-жүргізуші: ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

1-жүргізуші: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды.

3-жүргізуші: Жаңағы айтылған мәліметтерді нақтырақ танысу үшін ,назарларыңызға видео ұсынамыз!

2-жүргізуші:ЖИТС пен АИВ-ның айырмашылығы

1-жүргізуші: АИВ-туралы жалпы мәлімет

3-жүргізуші: АИВ-ың таралу жолдары

2-жүргізуші:Вирустың құрылысы

1-жүргізуші:

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

 

2-жүргізуші:

Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

 

3-жүргізуші:

Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.

  Назарларыңызға  «Қисық жол» атты көріністі ұсынамыз.

(Сахнада  бір отбасының түскі ас ішу кезі көрсетіледі. Анасы ас қамын әзірлеуде. Әкесі мен анасының арасындағы диалог.)

Ана : Ау,әкесі  түскі аш ішейік келсеңші,Еламанда  келіп қалар.

Әкесі сахнаның ар жағынан сөйлеп шығып келеді (көзінде көзәйнек, қолында газет)

Әке :  Сағат   болса 2- ден асты.  Ұлымыз неге кешігіп жатыр екен.

Ана :  Келіп қалар,күнім сол, өзі шаршап жүр, ҰБТ –сы қиын, күнде тест ке  

           дайындалады.

Әке :  Оқысын, оқығаннан қор болмайды. Өз нанын тауып жейді.

(Осы кезде есік соғылып, ұлы келеді, анасы қарсы алады.)

Еламан:  Сәлем, әке,анашым ,мен келдім.

Анасы : Кел құлыным (еркелетіп) , қарның ашқан болар.

Еламан :    Қарным ашқаны соншалық, қандай тағамызға да  ризамын.

Әкесі :  Ұлым, сабағың қалай, биыл оқуыңды аяқтайсың, дұрыстап дайындалып жүр.

Еламан :  Иә, әке жақсылап дайындалып жатырмын. Күнде сабақтан кейін ҰБТ-ға дайындық  сабақтары өтеді.

Анасы :  Менің ұлым ақылды. әкесі ұлың шаршап келді, бала тамағын ішсін енді.(даусын көтеріңкіреп)

Еламан : (тамағын ішіп отырып) Әке,ана  мен сіздерге бір нәрсе айтайын деп едім. Бүгін біздің сыныптағы Бауыржан бар емес пе, туған күнін атап өтпекші, туған күніне достарын жинап жатыр екен, мені де шақырды. Қалай қарайсыздар. Баруыма рұхсат етесіздерме? 11 сыныпта оқимыз. Бітіреміз дегендей….

Әкесі:   Ол қайсысы, әлгі ұзын ба?

Еламан :  Иә, дәл өзі әке.

Әкесі : Бармайсың , үйде жұмыс көп, маған қолғабыс етпейсің  бе, жалғыз  өзім үлгермей жатырмын.

Анасы :  (ұлын қорғаштап) Әкесі бара қойсын, достарымен  бойын жазсын, сабақтан шаршап жүр, кешікпей келеді ғой, рұхсат ет, енді.

Әкесі (сөйлеп,ренжіп сахнадан шығып кетеді.) Жалғыз ұлдан  көмек  болмайтын болды ғой, бармайсын!

Анасы :  Ұлым, сондай барғың келіп тұр ма? Әкең ренжіп жатыр ғой. Жақсы мен әкеңді бірдеңе етіп көндірермін, сен көп кешікпе, жарай ма.

Еламан :  Жарайды, анашым, сен алтынсың ғой.

Еламан сахнадан жүгіріп шығып кетеді.

2. Көрініс (Туған күн кеші)

Сахна  қараңғы , музыка туған күн кеші , жастар билеп жатыр.

  Туған күнге Арман келеді , бәрі қуанышпен қарсы алады. Барлығы қосылып  билеуде , Еламан досы  Елжас екеуі топтан бөлініп, екеуара сөйлесіп тұр. (Осы кезде жалпы жарық сөндіріліп. Жарық тек екеуіне түсіріледі)

Елжас:  Еламан кеш тамаша өтуде, үйдегілер қалай жіберді, мен өлердегі сөзімді айтып, сұрандым әйтеуір.

Еламан: Иә, мені де әкем жібермей, анам көндіріп, шықтым-ау әйтеуір.

Екеуінің әңгімесіне Туған күн иесі  Күмісбек келеді.

Күмісбек :  Достар, неғып билемейсіңдер, ұнамай жатыр ма ?

Еламан, Елжас :  Кеш тамаша өтуде, тағы да туған күнің құтты болсын ! (екеуі  жарыса)

Күмісбек :  Достар , бүгін менің туған күнім, мені сыйлайсыңдар ғой, иә.

Еламан : Әрине, Кума  сенің туған күніңде сенің тілегің болады ғой.

Күмісбек : Олай болса, кешті неге қыздырып, көңілденбеске, нағыз өмірдің  балын татпасқа.

Еламан : Кума, ол не дегенің  туған күнің  қызықты өтуде,достарың   жаныңда, бұдан артық қандай қызық.

Күмісбек : Сен нағыз өмір, кайфты білесің бе?

Еламан: Кума, не айтып тұрсың  арақ-шарапты айта көрме

Күмісбек : Достым, сен қайда қалғансың , менде бір керемет бар, дәмін татып көрсең, дүниенің рахатын көріп, қиындығыңды ұмытасың.(Қалтасынан төртбұрышты етіп дорбаға салынған есірткіні көрсетеді)

Елжас (зілді дауыспен): Күмісбек, сенің оның не, Еламанды неге итермелеп жатырсың,ол өте жақсы  дос,өзіңнің былық істеріңе Еламанды  араластырма!

Күмісбек  пен Елжас  сөзге келіп қалады.

Еламан: (Екеуінің жанжалдарын тоқтатып) Достар,сендерге не болған.

Елжас :  Еламан, жүр кетейік бұл жерден.(Еламанды  итермелеп, алып бара жатады.)

Күмісбек : Еламан, досыңды туған күнінде ренжіткенің жігіттікке жата ма екен.Мен сені шын досым деп ойласам.

Еламан : Елжас, Куманы ренжітпейік, қалай десек те бүгін туған күні ғой.

Елжас :  Еламан, бұл бәлеге жолама, өміріңді құртасың.

Күмісбек :  Кетшей әрі (Елжасты итеріп жібереді .Еламанға есірткіні ұсынып) Білесің бе, бұл тамаша, кешті қыздыра түседі,  көңіл-күйің көтеріліп, қиял-ғажайып ертегіге барып қайтасың.

Екеуі сахнадан шығып кетеді

3. Көрініс

Жүрек соғысының үнімен сахнаға  есеңгіреп, Еламан шығады.

Кеш жалғасуда, жастар биді жалғастыруда, Еламанның басы айналып, әр жерге бір соғысып, билегендей болады. Бірнеше  уақыттан соң, Еламан Күмісбекті топ ішінен іздеп табады.

Күмісбек (күліп) : Еламан, жағдайың керемет қой,

Жарық екеуіне түсіріледі

Еламан: Кума. Басым айналып, өзім түсінбейтін бір күйде тұрмын,билегім келеді, тағы қайталауға болмай ма?

 Күмісбек : (мысқылдап)Неге болмасқа, басқа әдістерінде қарастыруға болады. Бірақ енді  ақша керек, ақша,ақша…………….

Еламан : Қалайша ақша, менде ақша жоқ ! Берші, Кума,берші, біртүрлі қалжырап барамын.(Күмісбектің ның аяғына жығылады)

Күмісбек : (Итеріп жіберіп) Ақша, бауырым, ақша, ата-анаңнан ал!

4. Көрініс

Еламан үйіне айқайлап кіреді : Ақша керек,ақша деп,үйдегі заттарды қопара бастайды. Ұлының даусын естіп, анасы жүгіріп келеді.

Анасы : (ұлының есірткі  пайдаланғанын білмей) Құлыным-ау, саған не болған, ауырып қалдың ба, айтамын ғой жылы киін деп.Ақша не үшін қажет,тыңдашы ұлым.

Еламан: (Анасының сөзіне құлақ аспай, көзі көрмей, аяғына құлап) Ақша керек, ақша

Анасының жоқ деген сөзіне анасын итеріп жібереді. Айғайды естіген әкесі жүгіріп келеді,бөлмедегі жағдайды көріп.

Әкесі :  Ұлым, мұның не, саған не болған, бұл шынымен сен бе? Өз көзіме өзім сенбей тұрмын.

 (Ұлының қандай күйде тұрғанын  түсінген әкесі қалтырап. Шапалақпен ұлының  жағына ұрып жібереді.) Есірткінің әсерінен есі шығып,көзі көр соқыр болып тұрған ұлы  үстел үстіндегі пышақты әкесіне  сұғып алады. Әкесі жерге құлайды.Түсінбей қалған анасы  әкесіне тұра ұмтылады.)

Анасы :  (жылап,айқайлап,зарлы үнмен)Әкесі-ау ,не болды тұр,тұр,жедел жәрдем.Жалғыз ұлдың құрбанына айналғаның ба?(Жедел жәрдем мен полиция көліктерінің сиренасы жіберіледі)

Жарық сөндіріліп. Жарық тек Еламанға  түседі. (Мұңлы,ащы әуен ойнап тұрады)

Еламан : (Денесін құшақтап, жылап,): Мен  бақытты отбасында дүниеге келдім, ештеңеден таршылық көргенім жоқ, Анда- санда тентек болған кезімде  әкем ұрса бастас анам «ойбай жалғыз балада нең бар?» деп ара түсетін.

 Таусылмақ дәм. Бітпек өмір өзенім

                                                       Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.

                                                       Мені есірткі найзазымен тіреген,

 Өз әлімше арман көлде жүзе алмай

   Қанатымнан жараланған күйде мен.

Еламан  төмен қарап, жылап отырады.Сахнаға Періште  кейпінде (Еламанды айналып жүріп):

Періште :                    

    Ей, жас жігіт,

    Жан едің сен гүл жүзді,

   Солып қапсың ,тынышыңды кім бұзды.

   Өмір қатал,көңіліңе қарай ма ?

   Душар болдың қайғыға

  Енді арылу оңай ма?

  Наша үшін қиған жастық өмірін,

 Ең сорлы жан сен боласың !

 Ең соңғы жан сен боласың ғаламда.

Осы сөздерді айтып,періште сахнадан шығып кетеді.

Еламан: (Жарық тек Еламанға  түсіріледі)

                                             Жас,жеткіншек!

                 Өздеріңе айту менің борышым

                                   Ауырсаңдар бұл кеселмен,

                                   Дәрігер де бере алмайды қол үшін.

                                   Құтқаратын күш жоқ,онда

                                   Әлсіз тірі өліксің,

                            Жат әдет пен есірткіге жоламаңдар сол үшін !

Соңғы сөзін айтып, Еламан  жерге құлай кетеді.

3-жүргізуші:

Ал енді ортаға салауатты өмір салтын насихаттаушылар тобын шақырайық!

Темекі  тартып  ерікпе ,

 Өкпеңді  алар  демікпе. (Даурен)

***

Темекінің  кермегі ,

  Еріккеннің  ермегі. (Күмісбек)

***

Жалқаулықтың  жан  күтімі ,

 Екі  қолды  ыстайды.

 Темекінің  көк  түтіні,

 Екі  өкпені ыстайды.(Бектұр)

***

 Ұзартқың  келсе  ғұмырды ,

 Таста  арақ  пенен  шылымды. (Асхат)

***

Ішпеген  шылым  тартпаған,

 Денсаулықты  сақтаған.(Нұрсұлтан)

***

Елемеген  ауру  жаман ,

Ескермеген  дау  жаман.(Еламан)

***

Маскүнем  арақтан  өледі. (Даурен)

***

Түтіні  тісіңді  сарғайтады ,

 Уы  ерте  қартайтады.(Күмісбек)

***

Шылымды  жерге  тастама ,

  Айналаңды  ластама. (Бектұр)

***

 Көзге  түскен  қауыз  жаман,

  Шылым  шеккен  ауыз  жаман(Асхат)

***.

Жасында  темекісін  будақтатқан,

 Күркілдеп  қартайғанда  құлап  жатқан.(Еламан)

***

Шылымқор  өзін  ғана  емес ,

  Өзгелерді  де  улайды.(Нұрсұлтан)

***

Темекі  тартсаң  ақырын

Азаяр  сана  ақылың.(Даурен)

***

Жақсыдан  үйрен ,

  Жаманнан  жирен.(Күмісбек)

***

Ауырып  ем  іздегенше ,

Ауырмайтын  жол  ізде.(Бектұр)

***

Тамағы  тоқтық ,

 Жұмысы  жоқтық ,

  Аздырар  адам  баласын.(Барлығы бірге)

***

Көрініс:

1.      Шеге мен балға туралы

2.      Қарындасы туралы

3.      Мұғалім мен оқушы

 

1-жүргізуші:Салауатты өмір салтын насихаттаушылар тобына мың алғыс айтамыз.

3-жүргізуші: Осымен конференциямыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!

1-жүргізуші:Амандықпен кездескенше!

2-жүргізуші: Сіздермен болған Күмісбек,Меруерт және Бектұр

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сақтан, ұрпақ СПИД деген қатерден!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ СПИД сайыс.ppt

Скачать материал "Сақтан, ұрпақ СПИД деген қатерден!"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сақтан, ұрпақ,
 СПИД 
деген қатерден!

    1 слайд

    Сақтан, ұрпақ,
    СПИД
    деген қатерден!

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауында:

                 «Қаз...

    2 слайд

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
    Жолдауында:

    «Қазақстанның әрбір азаматының
    денсаулығы мықты,
    хал-ахуалы жақсы болуы тиіс»
    деп атап көрсеткен болатын.

  • 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке 
қарсы күрес күні. СПИД-ке  қарсы күннің э...

    3 слайд

    1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке
    қарсы күрес күні.
    СПИД-ке қарсы күннің эмблемасы-қызыл лента.

  • СПИД 
туралы білуіміз
 қажет пе?

    4 слайд

    СПИД
    туралы білуіміз
    қажет пе?

  • Әрине,өйткені…СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,Сан адамға жазылмас жара салды...

    5 слайд

    Әрине,өйткені…
    СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
    Сан адамға жазылмас жара салды.
    Сан адамды өмірден алып кетті,
    Мамандар да бір емін таба алмады.
    Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
    Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
    Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
    Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

  • ЖИТС  (СПИД) дегеніміз
Жүре пайда  болатын  Иммунитет
Тапшылығы
Синдромы.
  Ж...

    6 слайд

    ЖИТС (СПИД) дегеніміз
    Жүре пайда болатын Иммунитет
    Тапшылығы
    Синдромы.
    ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.
    АИВ (ВИЧ)-ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілік туғызатын вирус.

  • ЖИТС пен АИВ-ың
айырмашылығы

    7 слайд

    ЖИТС пен АИВ-ың
    айырмашылығы

  • АИВ
 туралы жалпы
 мәлімет

    8 слайд

    АИВ
    туралы жалпы
    мәлімет

  • АИВ-ың
 таралу жолдары

    9 слайд

    АИВ-ың
    таралу жолдары

  • Вирустың 
құрылысы

    10 слайд

    Вирустың
    құрылысы

  • Больной СПИДомУвеличенные лимфоузлы

    11 слайд

    Больной СПИДом
    Увеличенные лимфоузлы

  • Больной СПИДомУвеличенные лимфоузлы

    12 слайд

    Больной СПИДом
    Увеличенные лимфоузлы

  • Больной СПИДом

    13 слайд

    Больной СПИДом

  • Больной СПИДомУвеличенные лимфоузлы

    14 слайд

    Больной СПИДом
    Увеличенные лимфоузлы

  • 
Көрініс:
«Қисық жол»

    15 слайд



    Көрініс:
    «Қисық жол»

  • «Салауатты өмір салтын"
насихаттаушылар» 
 тобын ортаға шақырамыз

    16 слайд

    «Салауатты өмір салтын"
    насихаттаушылар»
    тобын ортаға шақырамыз

  • Өмірді таңда!Мен өмірді 
таңдаймын! Ал  сен?!

    17 слайд

    Өмірді таңда!
    Мен өмірді
    таңдаймын!
    Ал сен?!

  • Ауырып  ем  іздегенше, 
ауырмайтын  жол іздейік 
ДОСТАР!!!

    18 слайд

    Ауырып ем іздегенше,
    ауырмайтын жол іздейік
    ДОСТАР!!!

  • Назарларыңызға
көптен-көп 
рахмет!!!

    19 слайд

    Назарларыңызға
    көптен-көп
    рахмет!!!

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: Сақтан, ұрпақ СПИД деген қатерден! Бұл берілген материалда, қазіргі заманның індеті СПИД туралы, одан сақтану жолдары,таралу жолдары баяндалған.Бейнефильмденр көрсетіліп, оқушыларға өте қажетті мәліметтер берілген.Сонымен қатар, басқа да жаман әдеттерден аулақ болу туралы насихаттар жүргізілген.Мысалы: «Салауатты өмір салтын насихаттаушылар тобы» да бар.Бұл материалда «Қисық жол» атты көріністе берілген.Бұл көріністе,жақсы оқушының жаман жолға оңай түсіп кетуі туралы суреттелген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 160 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.06.2014 4834
    • RAR 12 мбайт
    • 39 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Болатова Марал Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Болатова Марал Канатовна
    Болатова Марал Канатовна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96741
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 831 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе