Инфоурок / Русский язык / Конспекты / Доклад на тему Бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Доклад на тему Бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

библиотека
материалов

Бастауыш сынып оқушыларының бойында

адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.



Қазіргі таңда еліміздегі оқу – тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.

Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушының сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Қазіргі таңда, әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе – адамгершілік тәрбиені күшейту. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық.

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттерді тәрбиелеу;

  • оқушының бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

  • оқушының санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;

  • Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына байланысты жасалады.

Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен – оқу үрдісі барысында жүзеге асады. Үлкенді сыйлауды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жасқа балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өз-ара көмекке, адамның көңіл күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу-әрекетіне өзінің қатынасын, жаңұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез құлқы және адамгершілік қарым-қатынасына байиды.

Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтын көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын тағылымдарын еш уақытта естен шығармауымыз керек.

Халықтық педагогика – халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған баға жетпес қазынасы.

«Халқым қандай десең,

Салтымнан сынап біл» - дегендей әр халықтың өзіне тән ұлттық ерекшеліктері болады. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін тәрбие кітабы. Тәрбие тамыры қазақ халқының қанында жанында.

Мектеп есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіреміз, үйретеміз.

Әдептілік, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлық қасиеттерін жас ұрпақтың сана-сезіміне, ақыл парасатына ұялата білу әр ұстаздың міндеті деп ойлаймын.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деген екен Әл Фараби.

35 жыл еңбек жолымдағы мақсатым, оқушылардың бойына халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасы, жан-жақты қалыптастыру.

Адам тәрбиесі – үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс. Қазақтың тәлім тәрбиесі жоқ даналық, қасиетті мектеп десек, артық емес.

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» деп, Абай атамыз айтпақшы, ұстаз бала тәрбиелеу жолында үлкен сындардан өтеді. Бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жаңартулар тұсында рухани адамгершілік қабілеттер басты назарда болып отыр.

« Қазақстан – 2050» жолдауында Н.Ә Назарбаев « Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» деген тұжырым жасады.

Адамгершілік құндылықтар үлкен мен баланың арасындағы шынайы қарым-қатынаста беріледі. Көзге көрінбейтін өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүрекке үзбей жеткізу тек шебер педагогтың қолынан келеді. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек адамдардың қолынан келеді. Бүгінгі тәлім-тәрбие, оқыту білім беру тұрғысынан байырғы ұстаздар өсиет еткен өнегелі сөздерін еске алсақ: яғни ұлы ғалымдардың: Махмұд Қашғаридың, Бұхар жыраудың Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтің, Шәкәрімнің адамның адам болып қалыптасуына басты рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар жөнінде тоқталмақпын.

Махмұд Қашғари өзінің еңбектерінде әдеп, тәлім-тәрбие, моральдық-спихологиялық сипаттағы ой-пікірлер, адамның кейбір жаман қасиеттері ацыпталып, адамгершілік ақ ниеттілік секілді қасиеттері дәріптеледі.

Бұхар жырау жырлаған толғауларында өскелең ұрпаққа асыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі, жақсылық пен жамандық атамекенге деген сезімдерінің мәні зор.

Ы. Алтынсариннің өлең жолдарында қазақ жастарын адал, шыншыл, еңбексүйгіш өнегелі болуға шақырады.

А. Құнанбаев өлеңдері мен қара сөздерінде адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді еске сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды.

Шәкәрім «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді», деп есептеген.

Шынында да құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру оның туған күнінен басталуы керек. Яғни білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Адамгершілікке тәрбиелеу білім берімен ғана шектелмейді, бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.

Бүгінгі күннің басты мақсаты - өзіндік адамгерщілік құндылықтарын бала бойына дарыта, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару. Әр баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту керек. Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйірме жұмыстарында адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Мысалы өзім өткізген мына тәрбие сағаттарының маңызы зор болды. «Әдептілік әлемінде», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Тәрбие еліне саяхат».

Әсіресе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды ата-аналармен бірлесе өткізген шаралардың маңызы ерекше. Биылғы мектепте өткізілген Наурыз мерекесі жоғары дәрежеде өтіп, көпшіліктің көңілінен шықты.

Бүгінгі Қазақстан Республикасында халыққа білім беру, тәрбие берудің негізгі мақсаты еліміздің егемендігін қамтамасыз ету, оны бүкіл дүние жүзі мойындап, онымен қарым-қатынас жасау, Қазақстандық патриотизмді, өз Отанын сүйе білуді үйрету қолынан іс келетін адамдарды тәрбиелеу болып табылады. Әрбір оқушы ұстазының оны жан-жақты тануға бағытталған зерттеу объектісіне айналуы қажет. Тәрбие кезеңдеріндегі өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.








































Қаңтар айының 24 жұлдызында Павлодар қаласындағы

17 мектептің 1 «г» сыныбында «Қош бол құтты әліппем!» атты тәрбие сағаты болып өтті. Сынып жетекшісі – Смағұлова Бақытжан Кәкімқызы.

Негізінен Павлодар қаласы – орыс тілді өлке. Мектеп – жалпы аралас мектеп. Жалпы білімді орыс тілінде беретін мектепте қазақша оқыту да оңай емес. Бірақ соған қарамастан ата-аналар Бақытжан Кәкімқызы сынды ұстаздың аз ғана уақыт ішінде еткен еңбегіне куә болды.

Осы аз уақыт ішінде балалардың қазақша тіл байлығы молайған. Шамалары келгенше қазақша сөйлеп,жазып та жатыр.Оқытушының таңдап алған өлеңдері мен әндерінен жас ұрпаққа берілетін тәрбиенің негізі

көрініп тұр. Қай шәкіртке қарасаңыз да,көздері күлімдеп,шабыттана шаттанып,өзіне берілген тапсырманы беріле орындайды.

Айналасы бірер ай ішінде –ақ балалардың өз ойларын емін-еркін жеткізе бастағаны көрініп тұр. Ұстаздарының жұмбақты әліппе тілімен ашып бергенін де тілге тиек етіп жатыр. Оқу деген ауыр жүкті қиналса да көтеріп,қиын сәтті артқа тастағандарын , енді өздері де кітапты оқи алатындарын мақтанышпен жеткізді. Әр оқушы әр әріп болып,мағына беріп шықты. Бәрі жігерлі ,шапшаң, байыпты. Әріпке байланысты арасында жұмбақтарын да жасырып, оны әр оқушы шеше алатыны да көрініп қалды.

Жұмбақ адам баласы санасының даму процесінде әр алуан өмір құбылыстарын түсініп білуге ойды жетектейді, талпындырып ой-өрісін қиялын кеңейтеді. Бақытжан ұстаз - мұны да қисынын тауып қолдана білген. Алтын бесігінен жастайынан тәрбие алып,ұмтылса,жас бүлдіршіндер қанатын кең жаяды. Ортаға Ана тілі шықты, өз мақсатын айтты. Шәкірттер Әліппесімен қоштасты. «Қош бол, құтты Әліппем» әні

сынып ішін баурап алды. Тіпті ата-аналардың өзі «Әліппені» қимайды-ақ,

бірақ «Ана тіліге» келетін кез болды ғой.

Мұнан кейін оқушылар білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.

Қазақстан – көп ұлтты , зайырлы мемлекет. Ұстаз шәкірттеріне осы мемлекетте тұратын ұлттардың сүйіспеншілігі мен өзара достығы туралы ой толғаған. Әр шәкірт әр ұлт болып тебіренді. Әр ұлттың жетістігін жырға тиек етті, сол ұлттың әнін айтып, биін биледі.

Балалардың сөйлеу мәдениеті жақсы,батыл, ашық,ажарлы. Көңілдері қуанышта шаттанып бәйтеректің бір-бір уығын әр ұлттың өкілдері орнатуы нағыз достықтың – ұлттар достығын көрсетіп тұрғандай. Ұстаздың өзін-өзі ұстауы ,жүріс тұрысы, шәкірттерімен ара-қатынасы , сөз сөйлеу мәдениеті – бәрі көзге көрініп-ақ тұр.

Ойнаса да орысша ойнаған,ойласа да орысша ойлаған Павлодар қаласының баласын қазақша оқыту оңай емес. Бұл қажырлықты,ерен еңбекті талап етеді.Бұл қасиеттер Бақытжан Кәкімқызында бар.

Жемісін ата-аналар алдан күтіп, сәт сапар тілейміз.


Кадирова Сарқытжан зейнеткер, методист мұғалім.

КазССР озық қызметкері белгісімен марапатталған,

Жоғары санатты мұғалім.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Бастауыш  сынып  оқушыларының  бойында  адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.     Қазіргі  таңда  еліміздегі оқу – тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру. Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушының сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.        

Общая информация

Номер материала: 124510061052

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"