1608431
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокВсеобщая историяДругие методич. материалыРазработка сценария посвященной ко дню вспоминания репрессированных.

Разработка сценария посвященной ко дню вспоминания репрессированных.

библиотека
материалов



«Карлаг – зұлмат жылдар елесі»

( Еске алу кеші)

Өткізілген мерзімі мен уақыты:30 .05.2014 ж.,сағ.12:00

Өткізілген орны: 345 дәрісхана



Безендірілуі: «Карлаг-қасірет аймағы» атты слайд-шоу және буклеттер.

Шараның мақсаты: Сол жылдардың ауыр салмағын көтерген тарих тағлымымен көз алдарынан өткізіп, бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұзақ жылдар бойы «үнсіз» жатқан тарихи құндылықтарды жарыққа шығарып, жас ұрпаққа жеткізу. Қазақ халқы тарихында өшпес із қалдырған қасіретті беттерді қайта зерделеп, ашаршылық жылдарындағы тарихи шындықтарды ашу, тәуелсіздік жолында жан аямай күрескен қазақ зиялылары жайлы мәлімет беру.

1 жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! «Карлаг – зұлмат жылдар елесі» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кешіне қош келдіңіздер.

2 жүргізуші: Біздің мемлекетіміз қалыптасу, тұғырлы ел болу жолында қаншама қиындықтарды бастан кешіріп, талай ауыр күндерді артқа тастады. 31 мамыр – Саяси қуғын-сургін құрбандарын еске алу күні, бұл күннің орны айрықша.

201 КСД тобының білім алушысы. Мамыр Айдана.

«Боздақтар монологы»

Бұл боз дала сан алуан күйге енген,

Ерлікке де, қорлыққа да үйренген.

Күлге айналған қалалардың кесегі,

Көз жасымен қызыл қанға иеленген.

Бірақ біздер бәріне де шыдаппыз,

Қасіреттен үнсіз кейде жылаппыз.

Жауымыздан сан жығылып, сан жеңіп.

Бағымызды әр таң сайын сынаппыз.


1 жүргізуші: Тарих беттерінен мәлім болғандай, қазақ жері миллиондаған кеңес азаматтарының еріксіз қоныс аудару орнына айналды. Сондай-ақ, саясаттың салдарынан «халық жауларын» жазалау кезінде қуғын-сүргінге ұшырағандармен қатар, олардың жақын-жуықтары да зардап шекті.

2 жүргізуші: Қазақстанда 103 мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады және 25 мыңнан астам адам ату жазасына берілді. Олардың ішінде қазақ зиялылары: ғылым, мәдениет, саясат салаларының көрнекті өкілдері, қазақ мемлекетімен ел еркіндігі үшін күрескендер, алаш зиялылары болды. Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Халел Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сынды біртуар қазақ зиялылары қуғынға ұшырап итжеккенге айдалды, атылды.

1 жүргізуші: (Мұңлы күй ойнап тұрады)

...Сұп-сұр дала,

сұп-суық,

сұрқай дала,

Жаумай өтіп барады бұлт айнала.

Қоңыртөбе,

қоңыр жон,

қоңыр қырда,

қоңыр-қоңыр керуен өмір мұнда...

Көшті көріп көңілді қозғады ағын,

Бозінгені боздады боздаланың...

Жапа шексең, жазықсыз жаза қиын,

Қайғы торлап  қаралы  қазақ үйін.

... 360 пианист тіріліп кеп -

тартып жатты қосылып Аза күйін..,-

бұл Қарлагтан естіліп жатқан күй.

Қобыздың үні. ойналады

2 жүргізуші: Халық ірілігін танытып, көшпелі-көргенді екенін паш етіп, тарихи сананың сабақтастығы үшін, мына ғасырда жүзі жарқын болу үшін дүниеден күніреніп көшкен боздақтардың рухына тағзым етеміз. Жері кең, пейлі жомарт қазақтың картасында «Қарлаг», «Алжир» секілді азап лагерлері пайда болды. Елімізде 1993 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы Заң қабылданды. 1997 жылдың 31 мамыры ел тарихында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу жылы болып жарияланды.

1 жүргізуші: Осы сәтті пайдаланып, Құрбан болған азаматтарға 1 минуттық үнсіздік арқылы еске алу құрметін жасасақ.

1 жүргізуші: 103 Ком тобының білім алушысы Садуақасова Меруерт «Жаралы жылдар» жыры қабыл алыңыздар.

Не көрмеген, бəрін көрген азаптың,

Сол болды ғой сорақысы мазақтың.

Сардалаға ақ сүйегі шашылып,

Ит мүжіді алтын басын қазақтың!

Бауырына басу үшін даласын

Қынадай ғып қырды қазақ баласын.

Тең жарымы жер бетінен жоқ болған

Кімге айтады момын халық наласын?

Қиянатпен қолдан жасап аштықты,

Қалың елдің көмейіне тас тықты.

Елін жойып, жерін басып алатын

Кім болжаған мұндай сұмдық қастықты?!

Аштық жалмап небір жайсаң, нар ұлын,

Таппай қалдық боздақтардың қабірін.

Қадірлеуге, аялауға міндетті

Бүгінгі ұрпақ тоқшылықтың қадірін!

Жойылмады Алаш елі алайда,

Аман қалып, үлгі болды талайға.

Елбасымыз күні-түні толғанды,

Қазақ елін ел қылам деп қалай да.

Қазақ елі, Қазақстан, Қазағым,

Сенің ұлы тарихыңды жазамын.

Аштықтағы Алашымның азабын

Ескерткіш қып мəңгілікке қалдырған

Азат елге арналады ғазалым!!!

2 жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға «Қарлаг- зұлмат жылдар елесі» презентациясындағы слайдтар арқылы студенттер өз ойларын білдіреді, сөз кезегі өздеріңізде.

1-5 слайд: «Қарлаг - қасірет аймағы».

Орталық Қазақстанның мәдениеті 30-шы жылдары Гулагтың филиалдары болған: Қарлаг, Степлаг, Песчанлаг, Алжир т.б. кең көлемді концлагерлер зонасында қалыптасқан. Бұл кезең өлкені жедел индустриаландыру кезеңі болатын. Және мұнда мыңдаған жер аударылғандар мен тұтқындардың, бай, кулактардың еңбектері кеңінен пайдаланылды. Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері 30-шы жылдары бір жағынан бұрынғы саяси партиялар өкілдері мен бай, кулактардан тұрса, екінші жағынан айыпты деп саналған жұмысшылар мен шаруалардан құрылған. Гулагтың (лагерлердің мемлекеттік басқармасы) ең ірі филиалы болған Қарлаг Қазақстан аумағындағы кіші мемлекет сияқты, дербес мекеме ретінде қалыптасты. Еңбекпен түзеу лагерінің негізгі мақсат-бағыты, тұтқындағылардың тегін еңбектерін пайдаланып, Сталиннің социализм құрылысы туралы бағдарламасын жүзеге асыру.



hello_html_m49aee0ab.gif hello_html_m339d5350.gif

6-11 слайд: Қарлагтағы тұтқындардың айналысқан шаруашылығы:

Мал шаруашылығы

Қарлагта мал шаруашылығын дамытуға қолайлы 104638 га жерді алып жатқан көлемді табиғи мал жайылымдары болды. 1931ж. бұл жерлерге ауқатты қазақтар мен «кулактарға» жатқызылған еуропалықтардан тәркіленген 25 мың бас мүйізді ірі қара мал және 19 мың бас қойлар жеткізілді. 1934ж. Қарлаг мүйізді ірі қара малдың санын 31194 басқа, қойдың санын 80873 басқа жеткізіп, 6639 бастан тұратын шошқа шаруашылығын құрды. Өз тәжірибелік базасы бар ғылыми-зерттеу стансасы ұйымдастырылды. Тұрақты түрде тұқым асылдандыру жұмыстары жүргізіліп тұрды. Мүйізді ірі қара малдың «қазақтың ақ бас сиыры» атты жаңа тұқымы шығарылды. 1941ж. бастап еті семіз, терісі тон тігуге жарайтын қой шаруашылығын дамыту қолға алынды. Қарлаг бойынша ет және жүн тапсыру жоспарлары үнемі артығымен орындалып отырды. Мүйізді ірі қара малдың саны 1932ж. 16603 бастан 1951ж. 31400 басқа, тиісінше қой-ешкі саны 26293 бастан 267728 басқа, жылқы саны 250 бастан 12818 басқа, түйелердің саны 145 басқа, шошқалардың саны 444 бастан 14337 басқа ұлғайды. Сонымен қатар, Қарлаг әскерді мініс аттарымен қамтамасыз етіп тұрды. Соғыстан кейінгі жылдары Қарлаг Орталық Қазақстандағы мал шаруашылығының негізгі базасына айналды.

hello_html_2709fa3b.gif



12-17 слайд: Қарлагтағы әйелдер мен балалар өмірінен:

Қарлагта үлкендермен қатар «халық жауларының» балалары да тұтқында болды. Оларды мектептерінен алып кетіп отырған, ешкімнің ойына да олардың әкелерінің жалған қылмыстарына кінәлі еместігін ойламады. Жаңа туған балаларды аналарынаран тартып алып, Балалар комбинаттарына тапсырады. Оның да вахтасы, қақпасы бар. Олар өздерінің тегіне жауап берді, берілген мерзім бойынша толығымен өтеді. Балаларды лагерде сақтау жағдайы өте төмен болды. Жалаңаш және жалаңаяқты балалар қамышты жаймаларда ұйықтаған. Барактары және тікенек сымдары кәдімгі зонадан еш айырмашылығы жоқ. «Қарлагта» осындай жеті мекеме болған. 1940 жылдың 1 қаңтарында Карлагта 16 жасқа дейінгілер саны– 19 бала, 18 жасқа дейінгілерден – 132 бала болса, ал 1942 жылы 16 жасқа дейінгілер саны- 38, 18 жасқа дейінгілер саны – 178 бала болды.1947 жылы кәмелетке толмағандар саны- 814 бала болса, 1950 жылы кәмелетке толмаған 209 бала қалды. «Мамочкино моласында» «Қарлаг» тұтқындары –әйелдер мен балалардың мүрделері жерленген. Зират Қарағанды облысы, Абай ауданы, Жартас кентінің аумағында. Мұрағат деректері бойынша, мұндай үйлерде балалар өлімі өте жоғары еді. Мәселен, 1941–1944 жылдары 924 бала, ал 1950–1952 жылдары 1130 сәби опат болған...

hello_html_m1035bce3.gif



18-23 слайд: Қарлагтағы тағдырлы тұлғалар;

Тұтқында болғандардың адам төзгісіз, қайғылы қиын жағдайлары туралы олардың кейіннен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған естеліктері мен мұрағаттар қорында сақталған құжаттардан айқын көрінеді. Қарлагта тұтқындар өз міндеттерін саналы түрде түсінулері үшін олармен саяси-тәрбие жұмыстары жүргізілді. Тәрбиелік іс-шаралардың жан-жақтылығы сонша, ол: дұрыс тамақтандырудан бастап «әлеуметтік қорғаудың ең жоғарғы шарасы» – атуға дейін қамтыған. Сондай-ақ, социалистік жарыс, әртүрлі үгіт-насихат жұмыстары да қарастырылған. Қарлагта отырғандар Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Елінің әскери экономикасын дамытуда айтарлықтай үлес қосты. Қарлагта мерзімдерін өтеу үшін өте ірі оқымыстылар отырған. Олар кейіннен Қарағандының мекемелері мен оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізін құрған.XX ғасырдың ғажап істерінің бірі Қарлагта азап шеккен Кеңес елінің және шет елдер мәдениеті мен ғылымының жүздеген қайраткерлері Қарағандыдағы алғашқы Мәдени ошақтарын ашқандар болды. Олар өмірлерінің ең бір қисылтаяң, қайғылы, ауыр жағдайларына қарамастан арттарында өнердің өте сирек кездесетін бірден-бір туындыларын қалдырды.



2 жүргізуші:

Жүректерге қайғы болып үн қатқан,

Жазықсыздан жапа шеккен жандарды

Ұмытпайды үлкендер мен ұрпақтар.

Жара салар адамзаттың жанына,

Қайталанбасын енді мұндай зұлматтар


1 жүргізуші:

Жем шашайын,

кел құсым,

балапанға,

Аялайын бәріңді алақанда.

Жиырмасыншы ғасырдың жүрегінде –

Қарағанды  лагері – қара таңба.

Адамзаттың  арда  емген  асылдары,

арығаны,

атылып,

асылғаны...

Қарағанды лагері – қара орамал

Жиырмасыншы  ғасырдың  басындағы...

- деп Ғалым Жайлыбай жырлағандай тарих бетіне қанмен жазылып қалған зұлмат жылдарды ұмыту мүмкін емес. Бұл жылдардың елесі болып саналатын Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайын дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа тарихымыздың ұмыт қалмауына жағдай жасайық!


Ән: «Намыс» Нұрсұлтанның орындауында


2 жүргізуші: Қадірлі қонақтар «Карлаг – зұлмат жылдар елесі» атты еске алу кеші аяқталды. Кешімізге келіп, қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!



Курс профессиональной переподготовки
Учитель истории и обществознания
Labirint.ru - ваш проводник по лабиринту книг
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
  в этом материале мы предоставляем разработку сценария посвященной ко дня вспоминания репрессированных. Цель этой мероприятии научить наш молодежь научилась уважать и гордится своей историей. В этой мероприятии были проведены разные концертные номера. в конце этой мероприятии мы познакомили всех наших участников  с презентацией под наименованием «Карлаг  эұлмат жылдар». в этой презентации мы ознакомили почему и для какой цели был открыт Карлаг. Какие там проходили испытательные карательные меры.  В конце мероприятии мы вспоминали погибших в этом Карлаге минутой молчанием. 
Общая информация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «История: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Основы духовно-нравственной культуры: история и теория русской культуры»
Курс повышения квалификации «Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта»
Курс повышения квалификации «Изучение русской живописи второй половины XIX века на уроках МХК в свете ФГОС ООО»
Курс повышения квалификации «Моделирование современных уроков истории»
Курс повышения квалификации «Теория и методика преподавания основ философии в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «История и теория этики в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Федеральный государственный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку»
Курс повышения квалификации «Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории»
Курс повышения квалификации «Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Философия и история образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Labirint.ru - ваш проводник по лабиринту книг
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.