Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / «Ертегілерді сахналаау арқылы балалардың шығармашылығын дамыту»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

«Ертегілерді сахналаау арқылы балалардың шығармашылығын дамыту»

библиотека
материалов

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Айгөлек»C:\Users\Сагыныш\Desktop\Принят. файлы\рамки 2\1259258530_zverjushki.jpg

Әулиекөл балабақшасы» МКҚК





D:\Мои документы\ма5ан керек\%C2%EE%F0%EE%ED%E5%ED%EE%EA.png







Жұмыс тақырыбы:

«Ертегілерді сахналау арқылы

балалардың

шығармашылық

қабілетін дамыту»

ромашка5.jpgромашка5.jpgD:\Мои документы\Фото-семинар 2013\IMG_2791.jpg















2014 жыл



D:\Мои документы\ма5ан керек\%C2%EE%F0%EE%ED%E5%ED%EE%EA.png



ромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgF:\амира 264.jpg

ромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpgромашка5.jpg

ромашка5.jpgромашка5.jpg

Жұмыстың авторы:

Жұмабаева Гүлбаршын Көжекқызы

Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Айгөлек»

Әулиекөл балабақша әдіскері.

D:\Мои документы\ма5ан керек\%EF%F7%E5%EB%E0.pngD:\Мои документы\ма5ан керек\%EF%F7%E5%EB%E0~0.png







«Ертегілерді сахналау арқылы балалалдың шығармашылық қабілетін дамыту» атты еңбегіне

ПІКІР

Аталған еңбектер мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегілердің түрлері ұсынылып оны сабақта және бос уақыттарында пайдалану әдістері қамтылған. Көркемәдебиет сабақтарында ертегілерді сахналауға және ертегіні рөлдерге бөліп ойлау арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру міндеттері нақты көрсетілген. Балабақшада даярлық тобында сахналық қойылымдардың тиімді жолдарын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударған. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан –жақты ашады, іс –әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Материалдың мазмұнында әдіс –тәсілдері түрлі -түсті суреттермен және балалардың іс -әрекет барысындағы фото суреттерінің берілуді еңбектің құндылығын қуаттай түседі. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаудың маңыздылығы тәжірибелік сабақтардың жан –жақты талданып ұсынылуында. Ең бастысы ертегіні сахналау -балалардың кейіптендіру дағдыларын қалыптастыруға, танымдық белсенділігі мен іс –әрекетке қызығушылғын арттыруға ықпал ететіндігімен маңызды.

Аталған еңбекті балабақша тәжірибесінде тәрбиешілер пайдалану үшін басылымнан жариялауға ұсынуға болады.









МАЗМҰНЫ:



  1. Кіріспе:.................................................................................................5

1.1 Қазақ ертегілерінің қалыптасу тарихы......................................8

    1. Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы......................................................................................12

    2. Қазақ халық ертегілері арқылы мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары...................19


2. Қорытынды...............................................................................................24

3. Қолданылған әдебиеттер ........................................................................25































Кіріспе. Көкейтестілігі: Қазіргі ғаламтану заманында еліміздің әлеуметтік –экологиялық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі ,әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруды кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойыне сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»- деп атап көрсеткен. Қазақстан халқының іргері дамуын қамтамасыз ететін –білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртура ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл,әрине, балалардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы балалардың шығармашылық әрекеті ғылыми –педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Балалар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары –ақ И.Я. Лернер жазған болатын.

Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог –ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р. Рахымбаев, С. Қ. Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.

«Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын ,әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді.» Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс –әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз.

Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, бала шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар » үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады:

-біріншіден, бала дербес ,өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады;

-екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.

Баланың шығармашылығын дамытуда педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты. Шығармашылықты қалыптастыру жолдарын зерттеу тапсырмаларды күрделендірудің үш кезеңін аңықтауға мүмкіндік туғызады.

Ә. Әмірова, Г. Метербаева, А. Меңжанова, Ғ. Таубаева және басқа ғылымдар өз еңбектерінде халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін қарастырып, көркем бейнені қабылдау проблемасына немесе этикалық түсініктер мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың әдістерін анықтау жағына көңіл бөлген. Аталған мәселелерді қарастыруда бірталай қарама – қайшылықтар туындады.

- балалардың ойлау қабілетінің қазақша қалыптаспағандығына сәйкес сөйлеу дағдылары дан жеткіліксіз деңгейде ;

- ертегілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеліп жинақталмағаны ;

- ауыз әдебиеті үлгілерін балаға жеткізуге арналған аудиовизуальді құралдардың тапшылығы;

- оқу –әдістемелік көмекші құралдармен қамтамасыз ету мәселесінің нақты шешілмей келе жатқандығы анықталып, осы олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында біз іс –тәжірибеміздің тақырыбын төмендегідей деп таңдап алуға негіз болады.

Іс –тәжірибенің тақырыбы: «Ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ».

Іс – тәжірибенің мақсаты: ертегілерді сахыналау арқылы балалардың сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін дамыту;

Іс –тәжірибенің міндеті :

- іс –тәжірибені педагогикалық –әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасау;

- ертегілерді жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеу;

- ертегілерді сахыналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;

- балабақшада ертегілерді сабақта және бос уақыттарында пайдалануға арналған көмекші құрал дайындау;



Іс –тәжірибенің болжамы: Егер : іс –тәжірибені педагогикалық –әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалса, ертегілер бағдарлама мазмұнына сәйкес жас ерекшеліктеріне қарай арнайы іріктелсе, ертегілерді көркем әдебиет сабақтарында пайдаланудың әдіс –тәсіллері нақтыланса, балабақшада ертегілерді пайдалануға арналған көмекші құрал дайындалса онда біздің жүргізген іс –тәжірибеміз оң нәтиже береді.

Күтілетін нәтиже:

- ертегілерді сахналау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптасады, шығармашылық қабілеттері артады;

- сахналау арқылы таңғажайып ертегі, кейіпкер әрекетінің сиқырлығын түсінеді;

- ертегіні сахналай отырып, балалардың шығармашылық тебіренісі, рөлдерді орындау шеберлігі арта түседі және тәрбиешілерге арналған әдістемелік көмекші құрал дайындалады.

Іс –тәжірибенің жаңалығы:

- іс -тәжірибені педагогикалық- әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалды;

- ертегілер балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеледі;

- ертегілерді сахналау барысында балалардың ертегіні айтуға, тыңдауға қызығушылығы оянды;

- тәрбиешілердің білім беру үдерісінде бағдарламаның мазмұнына сәйкес балаларға арналған ертегілер жинақталып, әдістемелік көмекші құрал дайындалды;















Қазақ ертегілерінің қалыптасу тарихы

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Қазқ ертегілерінің қалыптасуы мақсаты. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Құрылымы Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Түрлері Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: 1) жануарлар туралы ертегілер; 2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады. Қалыптасу тарихы Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазaқ ертегілерінің қалыптасуы Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғыл.- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «[[Дала уәлаятының газеті]]нде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев,Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – Әуезов). Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–1973 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды. 




4f0c046433b42d522ddab8ea2a57fad3.jpg























Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастыруындағы маңызы

Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебеттерде жатыр.
Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады.
Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру. 2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.
З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер - ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Бастауыш мектеп жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.
1) Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда,олардың ойлау түсіну қаблеттін суреттеліп,отырған оқиғанның керкем обрыздың нақтылығын дәлдігін өз өмірінің аймаласынан алуды қажет етеді.
2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында мерзімі болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алу керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып отыру қажет.
3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу,әдістерінің динамикасы ерекше болады.
4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады,оған сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.
5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды

Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі деп бояғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық,мерген,мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі.Өйткені, оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертек 
Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ. 
Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс - тіршіліктері суреттеледі.
Еңбек мәнін биік бағалайтын "Қотыр Торғай","Кім күшті?", "Қуыршақ"

сияқты балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық тартымды. "Кім кім күшті?"ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөпдоқты, қасқыр, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пітесін жеп қоятын тышқақ тышқанның ін қазып,алты баптан ауыруды сүйреген құмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол еңбек сүйгіш "ұйымшыл".
Ал "Мақта қыз бен мысық" және "Қотыр торғай" оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты. Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -"Орманға қар не үшін керек" деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап"алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға;оны аялап қорғауға үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі - шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес.күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы; "Аяз би", "Тазша бала", "Ұр тоқпақ","Атамтай Жомарт"т.б ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып,оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.
Батырлар жыры - ел - жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Бұл, әсіресе ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған. Олардың батырлық қаһармандық істерін мадақтап жырға қосқан. Алғашқыда батырлардың бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа да жорықтар жалғасып, оқиға тізбегі өрбітілген. Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді де көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды айтушы, таратушы адамды жыршы деп атады. Балаларға ертегілердің түрлері көп. Батырлық - эпостық, хайуанаттар жайында, тазша бала, өтірік өлең. Ал батырлық ертегілер арнайы жанрда қарастырылып жүр. Міне, сол дәстүр негізінде қазақ фольклористері соңғы жылдары батырлық ертзп жанрын бөліп алып, оны қиял-ғажайып ертегімен новеллалық ертегінің сондай-ақ қиял-ғажайып ертегімен қаһармандық эпостың аралығындағы жанр деген пікірге келді.
Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта болады. Бірі - көне заманда туған миф пен хикаялар, нанымдар мен ғажаиып ертегілер негізінде пайда болып дамыған көркем ертегілер.
Мысалы, "Ер төстік", "Керқұла атты Кендебай " сияқты классикалық фольклор үлгілері. Бұл қиял - ғажаиып ертегілерінен кейінгі жанырдың үлгілері. Сол себепті мұндаи архаикалық элементтер көп. Екінші - қаһармандық эпостық ертеп түріне айналған нұсқалары. Олардың ішінен бір жағынан көне түрлері яғни жырға жақындай, бірақ толық ертепге аиналып үлгірмеген шығармалар бар. Ал екінші жағынан классикалық батырлар жырының қара сөзге ауысқан үлгілері кездеседі. Мысалы; "Қабанбай батыр", "Алпамыс алып"," ЕрТарғын шығармаларын атауға болады. Көптеген ертегілер мынадан деп басталады;
Ерте,ерте,ертеде ешкі жүні бөртеде.
Қырғауыл жүзі қызылда, 
Балақ жүні ұзында 
Атақты бір бай бопты
Төрт түлігі сай болыпты
Деп басталатын ертегілердің құлақ күйінде барлық байлық дүн дүниесі сайлық алдамшы көңіл жайлық түптің - түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендіпн бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей. Бабалар дәстүрін тәуелсіздік алған алғашқы күннен бағдарлы басшылықа алынган іргелі егемен еліміз, мұрагерлер мүдесін үнемі назарда ұстаумен келеді.Әлем балалар әдебетінің 50 томдық асыл қазынасынан қазақ тілінде басып шығаруды жедел қолға алуда соның бір айқын айғағы шытырманы көп мына заманда адалдық, мейрімділік, іскерлікке, отан сүйгіштік, бауырмалдыққа баулитын ертегілер.
Халық ертегілері - халық өмірін бейнелейтін фонтастикалық негізге құралған оқиғалы көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжрибесі, оның мәденетімен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібімен түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қызметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық қастандық әрекеттері халық ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына ақыл -парасаты баяндайды. Адам арманның жарқын болашағына қол сілтейді. Өмір күресіне бастайды. Ол сондықтан "халық жанның айнасы" - деп атаған. Халық ертегісінің ішінде балалардың сүйіп оқитын олардың жас еркшеліктеріне тән мұралар өте көп, халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер беріп көңілін шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Халық ертегілерінің бай фонтастикалық балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қияпатын танытады, сана - сезім, ақыл - ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.
Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитын барлық ықыласынасы сүйсіне тыңдайтын, оның ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа айтылып, әбден текшелеп халықтың тапқыр ой -пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады. Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері, типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебетінде жасалған. Көптеген халықтардың ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен; "Тоғыз құйрықты ақ түлкі" Қытай халық ертегісі, "Тылсым Тауыс" Үнді ертегісі,"Ата мұра" Парсы ертегісі. Міне, бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз тұрмыс-тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз, әңгімелер пайда болады.
Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтын хайуанаттар жайындағы ертегілер. Табиғат жайында ең бай матералдар, кең түсініктер балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы берілеген "Бармақтай бала","Қотыр торғай", "Мақта қыз бен мысық". Хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер кейіпкерінің өзі қызық. Сол күлкілі, қызық кейіпкерлердің өмір сүру өмірге икемді болуы жолындағы қақтығыстармен қарым -қатнастар олардың айла - тәсілдері жас өспірімдерге өмір жолын танытады. Кішкентай, болымсыз тіршілік иөлерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін көрсету тақырыбы балаларға арналған қазақ ертегілерінің барлығына да ортақ. Бұл ертегілер балалардың ой - санасын оятып, олардың өздерінің күш -жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат жұртына жетуге үйретеді. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуі жеңілде, күлкілі қызық болып айтылады. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар, бірінші олардың мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екінші, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып, адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Үстем тап өкілдерінің қарапайым момын елді қалай алдайтынын, арбайтынын, күш көрсетіп қанайтынын неше алуан зұлымдық әрекеттері жасайтынын біледі. Сондықтан халықтың шығармалары ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер түгел дерлік балалар фолькулорының мұрасы деп қараймыз. Бұған "түлкі мен тауық" деген ертегіні мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып, тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында отырған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап, қақпаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі:
-Тауығым, биікте неге отырсың? Тілімді алсаң, жерге түс, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап - күлейік -дейді. Тауық:
- Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой –дейді. Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса,бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнелді. Тауық оны намазға шақырады "Байтал түгіл бас қайғы", тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. "Біреуге ор қазба, өз басыңа келер" деген апырмай, тауық қандай түлкі қандай түлкіні тауық па еді алдағандай. Осының өзі балаларға үлгі өнеге боларлық терең ойлар айтылған.





D:\Мои документы\Мои рисунки\сурет\сурет 447.jpg

















D:\Мои документы\Айголек фото\IMG_1118.JPG























Қазақ халық ертегілері арқылы мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары 
         Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі — өнегесінен нәр алары анық.

Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды. Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып  табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Табиғат аясында мұғалімнің ойынан туып, аузымен айтылған ертегі балалар үшін жарық сәуле, ол сәуле олардың ми қуысының барлық құпия түкпірлерін шарлайтын жарық сәуле. Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға түсініксіз. Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес.

Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.

Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауғаөз қабілетін  орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:

1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор

кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. Бұрынғылардың сана – саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе”- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері

мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен,

зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты жетілдіре тәрбиелеудеауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.

Адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді

Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер ,әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек. Жүсіп Баласағұнидің “ Құтты біліктің”әр сөзі, әр тарау тынысы – адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады.

Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөнді – жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында  кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», “Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз”, “Құдай деген құр  қалмайды” деген қағидаларды үнемі уағыздаған, Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген. Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу – жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы -  оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Балалардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі.  Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.

Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады. К.Д. Ушинский: “… шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма” деп жазған.Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, “Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Қазақ ертегілерін академик М. Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде  табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген. Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады.  Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді. Кедей, жесір кемпірдің баласы немесе әке-шешесі жоқ, өмірі кедейліктен көз ашпаған тазша өзінің ақыл-айласы, тапқырлығымен ханды, оның уәзірлерін жеңіп, ақыр аяғында хандықты не уәзірлікті өз қолына алады. Ертегінің аяғы жақсылықпен аяқталады. Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. “Түлкі мен ешкі” ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі “ешкі мүйізіне шығып ” зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: “Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар”,- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.

Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі – шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті  өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы  адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын

Адамгершілік тәрбиесі түсінігі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.







D:\Мои документы\Фото-семинар 2013\IMG_2800.jpg















Қортынды

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде  қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Сынып оқушыларын ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді  қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады.

Қазақ ертегілерін  ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады. Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік  жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді. Ертегіде өмір мұратына жету үшін ең керек нәрсе адам үшін ақылдылық екені айтылса да, сол ақылдылыққа жетудің жолы еңбек деген  түсінікті  аз сөзбен ғана беріп отырады.Сонда ертегінің жасаушының басты мақсаты — өмір мұратына жеткізетін ақылдылықты толық дәлелді  көрсете білу ме, әлде өмірдің мәні сайып келгенде, еңбекпен ғана байланысты екенін ұғындыру ма, деген сұрақ туындайды.

Ертегі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.









Пайдаланылған әдебиеттер 


Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. Алматы,
 
«Жазушы» 1975ж. 135-1846. 
Айдашаев А. «Қазақ халық әдебиеті» Ертегілер.
«Жазушы» 1979ж. 112-1466. 
Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті» Алматы «Ғылым» 1974ж, 
221-2276. 
Бердібаев Р. «Сарқылмас қазына» Алматы «Мектеп» 1983ж. 
145-2016. 
Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп. 
1991ж. 3-376. 
Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы 
«Мектеп» 1969ж. 77-796. 
Кенжебаев Б. «Әдебиет белестері» Алматы «Мектеп». 1986ж. 
143-2016. 
«Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның
әдебиеті 2003ж. 34-536. 
9. Қазақ әдебиетінің тарихы Т.1, 2-ші кітап
10. Қазақ халық 
11. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымең даму жолдары»
12. Қазақ ертегілері: Аңыз, 
13. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие
15. Қирабаев С. «Мектеп және қазақ әдебиеті» Алматы
16. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы «Мектеп»
17. П.Мұқанов С. «Халық мұрасы» Алматы «Мектеп» 1980ж.
18. Сүйіншәлиев X. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу
19. Тойшыбаев С, Дайрабаев Ғ. және Қожакеев Т.
20. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.
22. Бастауыш мектеп // О. Бартаева «Бастауыш сыныпта
23. ¥лағат // Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің
24. Ұлт тағылымы 2004//Р. Ерденова «Патриоттық тәрбие берудегі











25


Краткое описание документа:

«Ертегілерді сахналау арқылы балалалдың шығармашылық қабілетін                     дамыту» атты еңбегінеПІКІР Аталған еңбектер мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегілердің түрлері ұсынылып оны сабақта және бос уақыттарында пайдалану әдістері қамтылған. Көркемәдебиет сабақтарында ертегілерді сахналауға және ертегіні рөлдерге бөліп ойлау арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру міндеттері нақты көрсетілген. Балабақшада даярлық тобында сахналық қойылымдардың тиімді жолдарын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.  Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударған. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан –жақты ашады, іс –әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Материалдың мазмұнында әдіс –тәсілдері түрлі  -түсті суреттермен және балалардың іс  -әрекет барысындағы фото суреттерінің берілуді еңбектің құндылығын қуаттай түседі. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаудың маңыздылығы тәжірибелік сабақтардың жан –жақты талданып ұсынылуында. Ең бастысы ертегіні сахналау  -балалардың кейіптендіру дағдыларын қалыптастыруға, танымдық белсенділігі мен іс –әрекетке қызығушылғын арттыруға ықпал ететіндігімен маңызды. Аталған еңбекті балабақша тәжірибесінде тәрбиешілер пайдалану үшін басылымнан жариялауға ұсынуға болады.Кіріспе. Көкейтестілігі: Қазіргі ғаламтану заманында еліміздің әлеуметтік –экологиялық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі ,әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруды кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойыне сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында  «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»- деп атап көрсеткен. Қазақстан халқының іргері дамуын қамтамасыз ететін –білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртура ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл,әрине, балалардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы балалардың шығармашылық әрекеті ғылыми –педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Балалар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары –ақ И.Я. Лернер жазған болатын.  Қазақстанда шығармашылықтың  дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог –ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р. Рахымбаев, С. Қ. Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.  «Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын ,әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді.»  Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог  А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс –әрекет  үстінде дамып  отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, бала шығармашылығын дамытуда  «шығармашылық тапсырмалар » үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады:-біріншіден, бала дербес ,өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады;-екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.Баланың шығармашылығын дамытуда педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты. Шығармашылықты қалыптастыру жолдарын зерттеу тапсырмаларды күрделендірудің үш кезеңін аңықтауға мүмкіндік туғызады. Ә. Әмірова, Г. Метербаева, А. Меңжанова, Ғ. Таубаева және басқа ғылымдар өз еңбектерінде халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін қарастырып, көркем бейнені қабылдау проблемасына немесе этикалық түсініктер мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың әдістерін анықтау  жағына көңіл бөлген. Аталған мәселелерді қарастыруда бірталай қарама – қайшылықтар туындады.- балалардың ойлау қабілетінің қазақша қалыптаспағандығына сәйкес сөйлеу дағдылары дан жеткіліксіз деңгейде ;- ертегілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеліп жинақталмағаны ;- ауыз әдебиеті үлгілерін балаға жеткізуге арналған аудиовизуальді құралдардың тапшылығы;
Автор
Дата добавления 11.06.2014
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров7468
Номер материала 125133061132
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх