Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Ертегілер жинағы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Ертегілер жинағы»

библиотека
материалов

hello_html_m459cde32.png





«Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Айгөлек»

Әулиекөл балабақшасы» МКҚКD:\Мои документы\ма5ан керек\%C2%EE%F0%EE%ED%E5%ED%EE%EA.png





«Білім беру үрдісінде

бағдарламаның мазмұнына

сәйкес балаларға

арналған ертегілер жинағы»

Жинақтаған: Жұмабаева Г.К.

ромашка5.jpgD:\Мои документы\ФОТОГРАФИИ\Райхан апай\Фото0456.jpg

ромашка5.jpg













2014 жылромашка5.jpg







Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................................3

Шалқан................................................................................................................................6

Бауысақ...............................................................................................................................6

Мысық, әтеш және түлкі.................................................................................................7

Торғай мен тышқан...........................................................................................................8

Қияр мен қырыққабат.......................................................................................................9

Құлын, қозы, лақ................................................................................................................9

Шұбар тауық.....................................................................................................................9

Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?.......................................................................9

Үш аю.................................................................................................................................10

Күшік пен мысық..............................................................................................................11

Көкөністер туралы ертегі..............................................................................................11

Маша мен аю.....................................................................................................................12

Мысық пен тышқан..........................................................................................................13

Су жүрек қоян...................................................................................................................14

Торғай мен тышқан..........................................................................................................15

Түлкі мен қасқыр..............................................................................................................15

Үш жалқау.........................................................................................................................15

Сауысқан мен көкек .........................................................................................................16

Төлдердің айтысы.............................................................................................................16

Аққу – қаздар.....................................................................................................................17

Екі сараң қонжық.............................................................................................................19

Әтеш пен тоты...............................................................................................................20

Қасқыр мен ит.................................................................................................................20

Ақылды лақ.......................................................................................................................23

Арыстан күшігін асыраған мысық ..................................................................................24

Екі қаз, бір бақа................................................................................................................24

Адасқан құмырсқа............................................................................................................25

Ат пен есек.......................................................................................................................25

Екі әтеш............................................................................................................................26

Мақтаншақ қоян...............................................................................................................27

Түлкі мен тырна...............................................................................................................27

Масақ..................................................................................................................................28

Айлакер түлкі....................................................................................................................29

Алдар көзе мен Шықбермес шығай бай.........................................................................30

Не дәмді?...........................................................................................................................32

Ертегіде қонақта.............................................................................................................32

Жеті лақ ...........................................................................................................................33

Алтын балта......................................................................................................................33

Ең қымбат байлық............................................................................................................34

Нан қайдан шығады?........................................................................................................35

Жеті өнерпаз......................................................................................................................36

Алтын балық.....................................................................................................................38

Түйме қыз..........................................................................................................................40

Көлбақа мен құрбақа........................................................................................................42

Күн, Ай және қораз...........................................................................................................42

Айна....................................................................................................................................43

Ағайынды екі қыз..............................................................................................................43

Үш қыз...............................................................................................................................44

Жалаңаяқ бақташы.........................................................................................................45

Кітап сөзі..........................................................................................................................46

Ақылсыз өгіз......................................................................................................................48

Жеті қазынаның бірі.......................................................................................................48

Мақта қыз бен мысық......................................................................................................48

Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?........................................................................51

Пайданылған әдебиеттер...............................................................................................52





Кіріспе.

«Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі»

Ы. Алтынсарин.

Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады. Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. 
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын. 
Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Көркем әдебиет сабағында ертегілерді пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады.  Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. 
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының өзіндік ерекшелігіне психологиялық - педагогикалық тұрғыда мынандай мазмұндық сипаттама береміз.
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады: 
Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) → тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге деген )
2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды. 
3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады. 

Шығармашылық жұмысымды былай тұжырымдаймын:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен. Осы шығармашылық жұмысымның нәтижесі, қорытындысы ретінде мынандай ертегілер жинағын ұсынамын.







Шалқан


Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
 
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
 Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
 


Бауырсақ


Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

-   Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

-   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».

Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

Бір кезде Аю жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

-  Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

-   Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.

Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

-  Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

-  Жолмен домалап барамын.

-  Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...

- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.

Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.


Мысық, әтеш және түлкі

Ертеде әтеш пен мысық болыпты. Бір күні мысық орманға кетерде, әтешке ескертеді: «Терезеден қарама түлкі сені көріп, үйіне алып кетеді». Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:

  • Әтеш, Әтеш

Алтын айдарлы,

Терезеге қарашы,

Бұршақ саған берем.

Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын шақырады:

  • Мысық, досым,

Түлкі мені алдыс орманға алып кетпек!

Көмектесші!

Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады.

Екінші күні мысық тағы кетеді. Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:

  • Әтеш, Әтеш

Алтын айдарлы,

Терезеге қарашы,

Бұршақ саған берем.

Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын шақырады:

  • Мысық, досым,

Түлкі мені алдыс орманға алып кетпек!

Көмектесші!

Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады.

Үшінші күні Мысық Әтешке:

Мен бүгін өте алысқа кетемін, сенің даусыңды естімеймін. Түлкіге алданып қалма. Түлкі Мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:

  • Әтеш, Әтеш

Алтын айдарлы,

Терезеге қарашы,

Бұршақ саған берем.

Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі Әтешті бас салады да алып кетеді.

Мысық үйіне қайтып келсе, Әтеш жоқ. Мысық досын іздеуге шығады. Қалып орманда Түлкінін үйіне келіп, өлең айтады. Түлкі өлеңді тыңдап қалғанда Әтеш «кукареку», -деп айқайлайды. Мысық Әтешті алып, үйіне қайтады. Осылай достар бірге болады.


Торғай мен тышқан


Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды.

Егін жақсы шығады. Олар бітік өскен бидайды жинап алып, бөле бастайды. Бір бидай артық қалады. Енді соны қайсысы аларын білмей, жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен осқылап, олар бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында ешкім болмаған соң, олар өздерінің билеріне барып, жүгінбек болады.

Алдымен олар тышқандар биіне келеді. Ол:

Бұл бидайды тышқан алуға тиісті. Өйткені, тышқанның күші көп. Ол тырнағымен көп жер жыртып, ұртымен бидай септі, – дейді.

Енді олар торғайлар биіне келеді. Ол:

Бұл бидай торғайдікі. Себебі, торғай егіндегі барлық арам шөпті жұлған. Күнде үстінде ұшып, егінді күзетіп жүрген, – дейді.

Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келеді. Шал дәнді алып, екеуіне бірдей қып бөліп береді. Торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.





Қияр мен қырыққабат

Ертеде қияр мен қырыққабат қол ұстасқан дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенгекеліпті. Келген бетте қияр шешініп, суға күмп беріпті де, жүзе бастапты. Қырыққабат бір-бірлеп, қабат-қабат «көйлегін» шешкенше күн де батып, қас қарайыпы. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабағындағы бүршіктер, міне, содан пайда болыпты.

Құлын, қозы, лақ.


Жаз. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын қызық екенін талқыға салды.

Сөзді ақ лақ бастады.

- Ойынның қызығы тауға шығу. Тастан секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың.

Қошақан лақтың сөзін жаратпады.

- Секіріп, атылып ойнау ойын емес. Ойынның қызығы қошқарға сарт-сұрт сүзгізу. Әрі күшің толады, әрі бұлшықетің қатаяды.

- Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап жарысайық. Тұра қалып тебісейік, - деді құлын.

Үшеуі қызылкеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры келісе алмай, әрқайсысы өз жөндеріне кетті.


Шұбар тауық


Баяғыда бір атай мен әжей күнін әзер көріпті, екеуінің жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауығы жұмыртқа тауыпты, анау-мынау жұмыртқа емес, өзі алтын жұмыртқа екен. Атай ұрып-ұрып жара алмапты. Тышқан ерсілі-қарсылы зырлап бағыпты, құйрығын бұлғап қалыпты, жұмыртқа жерге түсіп кетіпті, түбіне сол жетіпті.

Кемпір мен шал жылапты, тауық сонда жұбатты:

Жыламашы, аташым! Мұңаймашы, әжешім! Жұмыртқа тауып беремін, алтын емес жылтылдақ, ас боларын-керегін!


Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?


Күндердің күнінде бір торғай ұшып кеп, бір шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді теріп жей бастады. Мұны көріп, қожайынынң мысығы бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырған мысық бір мезетте шоршып барып торғайды бас салады. Қанатынан қапсыра тістеп тұрып: - Енді бір жақсылап тоятын болдым!- дейді. - Ей, мысық мырза, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой, өзі! Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де, жуынғаннан кейін барып тамақ жейді,- дейді торғай.

- Оның да дұрыс екен-ау, - деп мысық жақсылап жуынып, сүртіну үшін алдыңғы аяғын тұмысығына апарады.

Сол кезде торғай, ұзақ ойланып жатпай, жалт береді! Қанатын қағып, ұшады да кетеді! Мысық ыза болады. Содан бері қарай мысық атаулы тамақ жегеннен кейін жуынатын болған екен.



«Үш аю»

Маша бірде орманға барып адасты. Жолды іздеп – іздеп таба алмай, орманда тұрған үйге келді. Бұл үйді аюлар мекендейтін. Әкесін Михайло Потапыч , шешесін Настасья Петровна, ал баласын Мишутка деп атайды. Аюлар орманға кетіп, үй бос екен.

Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарханда тұрған үш табақ бөкпенді көреді. Үлкен табақ - әкесі Михайло Потапычтікі, ортаншысы – шешесі Настасья Петровнанікі, ал кішкентай табақ Мишутканікі еді.

Маша үлкен, одан кейін орташа табақтағы бөкпенді жеп еді, ұнамады. Ал кішкене табақтағы бөкпен дәмді екен. Маша бөкпенді түгел жеп қойды.

Шаршаған Маша отырғысы келіп, ең үлкен орындыққа шығып еді, құлап қалды. Орташа орындық та Машаға ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне туп – тура екен. Маша қуанып кетіп тербеліп еді, орындық сынып қалды.

Маша ұйықтайтын бөлмеге кіріп еді, онда да үлкен, орташа және кішкентай ғана, үш төсек тұр екен. Маша үлкен төсекке жатып еді, ал тым биік екен. Орташасы - өте кең екен. Ал кішкентай төсек Машаға дәл – дәл келді. Соған жатқан Маша ұйықтап қалды.

Орманнан шаршап келген аюлар асын ішпек болды. Өз тағын көрген М.П. «Менің табағыма кім тиіскен?», деді гүр етіп. Н.П. «Менің бөкпенімді де біреу тартып көріпті» - деп айғай салды, Ал Мишутка «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», - деп шәңк - шәңк етті.

Ұйықтайтын бөлмеге келгенде: «Менің төсегіме кім жатқан болды?» - деп гүр етті. М.П. «Менің төсегімді умаждап тастапты ғой», - деп айғай салды. Н.П. өз төсегіне Машаны көрген Мишутка «Міне жатыр, міне,

ұстаңдар, оны, ұстаңдар», - деп шәңк – шәңк еткен Мишутка Машаны тұра қуды.

Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша қорқып кетті. Ол қорқып тұрып, ашық тұрған терезеден секіріп далаға шықты. Бар күшімен жүгіріп үйіне кетті. Аюлар оны қуып жете алмай қалды.



Күшік пен мысық


Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды.

Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды.

Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.

Күшік ағаш түбіне келіп: «Әу-әу-әу, әу-әу-әу!» - деп, мысыққа қарап шабаланып тұрып алды.

Мысық та оған құйрығын қыбырлатып, белін күжірейтіп, пырылдап айбат шекті.

Сол сәтте жұдырықтай бір қызыл алма сабағынан үзіліп, күшіктің басына келіп топ ете түсті. Күшік қаңқ ете қалды да, «Мысық ұрды екен» деп қаша жөнелді.

Ол енді өз ауласына барып, тағы да мысық жаққа қарап шәуілдеп тұрған. Сол кезде мысық ағаштан жерге қарғып түсіп еді, ол «тағы ұрады екен» деп ойлап, жүгіріп барып үйшігіне кіріп кетті.

Содан бастап қара күшік ала мысықты қумайтын болды.


Көкөністер туралы ертегі


Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті.

Жасыл қияр – ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін, барлық көкөністерді кекетіп – мұқатқанды ұнататын.

Қызыл қызанақ – маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдер ме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын.

Қызғылтсары сәбіз болса: «Менің бар сылулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.

Аққадаунды қырыққабат – кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу – ақ еді, қазір тіпті кқбейіп кетті.» - деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.

Қоңыр картоп болса – қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.

Бас пияз – жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын.

Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті. Қалай ойлайсыңдар, осындай мінез- құлықтар адамдар өмірінде кездесе ме?




Маша мен аю

Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:

Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.

Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт түскенше орманды кезіп жүрді. Кенет бір үйді көрді.

Машенька үйге кіріп:

Бұл үйде кім тұрады екен? – деп ойлады.

Ал бұл үйде аю тұратын. Ойлағанынша болмады, үйге Аю кіріп келді,

үйге Аю кіріп келіп:

Менің үйіме рұқсатсыз негекіресің? – деп гүр ете түсті.

Маша:

Мен адасып кеттім. Бүгін осында қонып, ертең үйіме қайтамын, - деді.

Жоқ! Енді мен сені жібермеймін. Сен менің қолымда тұрасың. Пеш жағып, ботқа пісіріп, мені тамақтандырасың, - деді.

Маша біраз бұртиды, бірақ не шара?! Ол аюдың үйінде тұра бастады. Аю күні ұзақ орманға кетеді, ал Маша үй жинап, дәмді бәліш пісіреді. Аюдың қуанышында шек жоқ.

Біраз күн өтті. Маша Аюға:

Атам мен әжемді көрмегелі көп болды. Мен бір қорап бәліш пісірейін, ал сен оларға апарып бер, - деп еді, ол келісе кетті.

Маша бір қорап бәліш пісірді де:

Жаңбыр жауып тұрған жоқ па? Есік алдына шығып қарашы, - деді. Аю сыртқа шығып кеткенде Машенька қораптың ішіне кіріп алды.

Аю қайтып оралғанда қораптың дайын тұрғанын көрді. Оны арқасына салып, ауылға қарай тартты. Аю ұзақ жүрді, шаршады, ағаштың түбіріне отырып тынығып алғысы келді.

Түбірге отырып, бәліш жейін, - деп ойлады.

Ал Маша қорап ішінен:

Түбірге отырушы болма, бәлішті жеме! Атам мен әжеме апар, - деді

Неткен қырағы еді.

Бәрін көріп тұр, - деп, Аю қорапты көтеріп, ары қарай аяңдады.

Ауылға жетті, қыздың атасы мен әжесі тұратын үйді де тапты. Олардың есігін бар күшімен тоқпақтап:

Түк-түк-түк! Есікті ашыңдар. Мен Машенькадан базарлық әкелдім, - деді.

Иттербір нәрсені сезгендей оған тап берді. Басқа иттер де жан-жақтан үріп, жүгіре бастады. Аю қорқып кетті. Ол қорапты қақпа алдына тастай сала, алды-артына қарамай қаша жөнелді. Осы кезде үйден атай мен әжей шықты. Қорапты көрді.

Мынау не қорап? – деп әжесі таңғалды. Атасы қораптың аузын ашып қараса, онда Машенька отыр. Атасы мен әжесі Машенькамен осылайша қауышты.


Мысық пен тышқан


Ала мысықтың кiшкентай күнiнен маңдайы терлеп еңбек етiп, тамақ тауып iшкен күнi жоқ. Басқа мысықтардай сарайдан тышқан аулау, қожасының ас-суын тышқаннан қорғау деген онда жоқ. Қайта тышқандарға қосылып, ет болса далаға алып кетiп, май болса, қарынды тесiп, сүт-қаймаққа түсiп, әбден тойып алып, пеш үстiне пыр-пыр ұйықтайды. Ала мысықтың ұйқыға кеткенiн бiлiп алған тышқандар қорқынышсыз ән салып, би билейтiн болса керек.

Ұры, жалқау ала мысық,

Сауған сүттен ұрлап iшiп,

Ет пен майға сыздап iшi,

Ұйықтап жатыр сұлап түсiп.

Шиқ, шиқ, шиқ!

Тышқандарды жалқау дейдi.

Түк бiлмейтiн аңқау дейдi,

Үлкендердi ұры дейдi,

Балаларды мылқау дейдi.

Шиқ, шиқшиқ!

Тышқандар осылай ән детiп, үй еденiнiң астын думандатып жiберiптi. Мұны мысық естiп, шошып оянады да, тышқандардың мына әндерiн естiсе, қожайыным көзiмдi құртар деп қорқады. Мысық айлаға көшiп:

Сендер ойнап қуансын деп,

Қарны тойып жұбансын деп,

Ешқайсыңа тимеушi едiм,

Зұлымдықты сүймеушi едiм.

Мияу, Мияу!

Айтқаныма сене қойшы,

Маңдайыңнан иiскейiн,

Балапандар келе қойшы,

Ешқайсыңа тиiспейiн.

Мияу, мияу!

Бұған тышқандардың кейбiреулерi сенiп те қалады. Бiрақ кәрi тышқандар жағысақтығын бiлдiрiп:

Бiз мысыққа сенбеймiз,

Айтқанына көнбеймiз,

Өтiрiкшi, ол ұрлықшы,

Шақырса да келмеймiз.

Шиқ, шик, шиқ, – дейдi.

  Бұған әбден ызаланған мысық едендегi кiшкене саңылауды аңдып жатып алыпты. Мысықтың иiсiн алыстан сезетiн ересек тышқандар саңылауға жоламайды.Жаңа ғана жүгiрiп ойнап жүрген бала тышқан саңылаудан қылтиып шыға бергенде, мысық бас салыпты. Баласының мысықтың қолына түскенiн бiлген ата тышқан:

Мысеке, баламды жiберiңiз. Ертең осы уақытта сiзге сыйлық берiп, апа-қарындастарым мен барлық бала-шағамды сiздiң үйге жiбергелi отырмын, – дептi.

Рас айтасыңба? Мияу, – дейдi мысық.

Рас айтам, мысеке, шиқ, шиқ, – дейдi тышқан.

-Мысық: «Сөздерiңде тұрыңдар», – деп, аузынаша бергенде-ақ бала тышқан зып берiп тақтайдың жарығына кiрiп кетiптi. Баласын құтқарған тышқандар:

 Қарание тана мысық

Жүрген қаймақ ұрлап iшiп,

Ендi бiзден шықпайды ешкiм,

Отыр солай тiсiң қышып.

Шиқ, шиқ! – деп әнге басады.

  Мысықтың ұры, әрi жалқаулығынан, тышқандардың еркiнсiнуiнен мезi болған үй иесi бәрiнiң де көзiн жоғалтыпты. Өйткенi олар ұрлықпен күнiн көрiп жүрген жалқаулар едi.


Су жүрек қоян


Бір күні қоян ұзап серуен демек болады. Бірақ ол үш қадам жасамай-ақ бұтаның арасынан бір сыбдырды естиді.

Осы мені түлкі шығар аңдып жүрген! – деп қоян қорқып зыта жөнеледі.

Жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп томаршаға отырғаны сол еді, тағы да бұтанын арасынан сыбдырлаған дауыс шықты.

Қасқыр емес пе екен, мені аңдып жүрген! – деп үрейі қашып, қоян тағы қаша жөнеледі. Ол жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп сәл дамылдайды.

Неліктен мен сондай бақытсызбын? Менен ешкім қорықпайды, мен болсам бәрінен қорқамын? Сорлы басым-ай, одан да бұл қайғыдан суға батып өлгенім артық қой, - дейді ол қамығып. Сөйтіп, ол өзенге жүгіріп келсе, жағада бақа отыр екен. Сұр қоянды көре сала бақа есі шығып бақылдап суға секіріп кетеді. Мұны көрген қоян тоқтай қалып, таңдана, өз-өзіне: - Мен осы несіне суға батам, меннен деқорқатындар бар екен ғой! – деп райынан қайтыпты.




Торғай мен тышқан


Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды.

Егін жақсы шығады. Олар бітік өскен бидайды жинап алып, бөле бастайды. Бір бидай артық қалады. Енді соны қайсысы аларын білмей, жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен осқылап, олар бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында ешкім болмаған соң, олар өздерінің билеріне барып, жүгінбек болады.

Алдымен олар тышқандар биіне келеді. Ол:

Бұл бидайды тышқан алуға тиісті. Өйткені, тышқанның күші көп. Ол тырнағымен көп жер жыртып, ұртымен бидай септі, – дейді.

Енді олар торғайлар биіне келеді. Ол:

Бұл бидай торғайдікі. Себебі, торғай егіндегі барлық арам шөпті жұлған. Күнде үстінде ұшып, егінді күзетіп жүрген, – дейді.

Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келеді. Шал дәнді алып, екеуіне бірдей қып бөліп береді. Торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.


Түлкі мен қасқыр


Ерте-ерте-ертеде бір қасқыр мен түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде, қасқыр түлкіге айтыпты:

  • Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап, білші.

Сонда түлкі қасқырдың тамырын ұстап тұрып:

  • Басың өте қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүріп, құйрығыңды мұзы ойылған суға қоя қойғын,-дейді.

Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын мұзы ойылған суға малып отырғанда, құйрығы мұзға жабысып, өзі сол жерде қатып қалыпты.



Үш жалқау


Ертеде бірінен-бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай береді екен.

Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші жалқау:

- Е, құдай, мына өріктер піссе,- депті.

Екіншісі:

- Ауызға келіп түссе,- депті.

Сонда үшіншісі оларды кінәлай сөйлеп:

- Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер?- депті.


Сауысқан мен көкек


Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек»,-деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан  көршісіне:

-Екеуміз  бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,-дейді. Көкек:

-Менің ұя салатын қуатым да,  қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,-деп келіспейді.

Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға  кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.Іші-тысын саз балшықтармен сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі.Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі р-ды айта алмай, «керек» деудің орнына «келек, келек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үй-іші де жоқ. Жұмыртқасын кез-келген ұяға табады, оны басқа құстар басып, балапан шығарады. Шібилер жетім өседі.


Төлдер айтысы


Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан, бота «біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» деп бір-бірінен сұрасты.

Бірінші лақ бастап:

-Мә-ә-ә! Әрине, иеміз бізді жақсы көреді. Ол біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады, - деді.

Қошақан тұрып:

- Ме-ме! Ал біз ше! Адамға біздің етіміз өте ұнайды! Ол біздің жүнімізден жылы кеудешелер, бас киім, қолғап, шұлық тоқып, көрпе жасайды. Иеміз бізді жақсы көреді, бізден пайдалысы жоқ! – дейді.

Осы кезде бұзау:

  • Мө-ө-ө! Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек-шелек сүт, қарын-қарын май, ірімшік алады, етімізді жейді. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ! – депті.

Сонда құлын бір кісінеп алады да:

  • Орынсыз мақтанбаңдар! Иеміз бізден қымыз алады, етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды. Адамның мінетін көлігі де – біздер! – дейді.

  • Үндемей, монтиіп тұрған бота:

  • Бәріңнен де адамдар бізді жақсы көреді! Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы! Оған еш нәрсе жетпейді, - дейді.

  • Осы кезде адам:

  • Төлдерім, босқа таласпаңдар! Сендердің әрқайсыларыңның өз орндарың бар! Адам үшін бәрің де пайдалысыңдар, керексіңдер! – деді.



Аққу- қаздар


Ертеде бір ер адам мен әйел болыпты. Олардың Маша деген қызы, Иван атты ұлы бар екен. Маша – тұңғышы. Иванушка – кенже баласы.

Бірде балалардың әке-шешесі қалаға аттанады. Кетерінде олар Машаға:

Ал, қызым, ақылды бол! Үй мен Ванюша – өзіңе аманат. Бауырыңды көзіңнен таса қалдырма. Саған сеніп кетіп барамыз, жарай ма? Біз сендерге қаладан базарлық ала келеміз, – деп қатаң ескертеді де, қоштасып жолға шығады.

Әке-шешесі кетісімен Машаны аулада ойнап жүрген достары шақырады. Қыз Иванушканы терезе алдындағы көгалға отырғызып, өзі балаларға барып қосылады.

Біраз уақыт өтеді. Маша ойын қызығына кіріп кеткен. Кішкентай Ванюша мүлдем ұмыт қалды. Осы кезде бір топ жабайы қаздар пайда болады. Олар терезе алдында отырған баланы қанаттарына отырғызып, ұшып кетеді.

Ойнай-ойнай шаршаған қыздар тарқай бастайды. Маша да үйіне оралады. Келсе, Иванушка жоқ. Ол ары-бері жүгіріп іздейді. Айқайлай-айқайлай дауысы қарлығады. Әке-шешесінің айтқан сөздері есіне түсіп, өкініп жылайды.

Інісін неде болса іздеп табу керек. Жүгіріп ауыл шетіндегі жазық далаға шығады. Ол алыста ұшып бара жатқан бір топ қаздарды көреді. Жабайы қаздар лезде қалың орманға кіріп, көзден ғайып болады.

Маша Ваняны осы қаздардың алып кеткенін біледі. Себебі бірде ол ауыл адамдарының бала ұрлайтын жабайы қаздар туралы айтқан әңгімесін естіген еді. Қыз құстардың ізіне түседі. Жүгіріп келе жатып ол бір пешке тап болады. Қасына келіп:

Пеш-ау, пеш, айта қойшы, жабайы қаздар қай жаққа қарай ұшып өтті? – деп сұрайды.

Алдымен сен маған отын сал. Содан соң айтамын, – дейді пеш.

Маша тездетіп отын жарады. Жарған отынды пешке салады. Пеш оған жол көр сетеді. Қыз пеш сілтеген бағытқа қарай жүгіре жөнеледі.

Біраздан кейін ол өсіп тұрған жалғыз түп алма ағашын кезіктіреді. Алма ағаштың бұтақтары қып-қызыл алмаларын көтере алмай, жерге қарай иіліп тұр екен. Маша оған:

Алма ағашы-ау, алма ағашы, жабайы қаздар қайда ұшып кетті? – дейді өтініп.

Бұталарым иіліп, сынуға айналды. Егер салған алмаларымды теріп алсаң, айтамын, – деп ағаш бір күрсінді.

Маша тездетіп пісіп тұрған алмаларды тере бастайды. Ағаштың жерге қарай иіліп тұрған бұтақтары біртіндеп жоғары көтеріледі. Жеңілдеп, бой түзеген алма ағашы қызға жол көрсетеді.

Маша сапарын жалғастырады. Оның алдынан енді өзен шығады. Онда су емес, сүт ағып жатыр екен. Қыз жақын келіп:

Сүтті өзен, сүтті өзен, жабайы қаздардың қайда ұшып кеткенін көрсетіп жіберші, – дейді жалынышты үнімен.

Бағана бір үлкен тас домалап құлап кетіп, жолымды бөгеді. Енді сүттің ары қа-рай ағуына кедергі келтіріп тұр. Егер сол тасты жағаға шығарсаң, мен саған жол сілтер едім, – деп өзен мұңын шағады.

Маша қолына үлкен таяқ алып, тасты итеріп, жағаға шығарады. Сыңғырлап аққан сүтті өзен оған жабайы қаздарды қайдан табатынын айтып береді.

Сөйтіп, Маша жүгірген қалпы қалың орманға жетеді. Ары қарай қайда жүрерін білмей, аңтарылып тұрып қалады. Cол сәтте бөрене түбінде отырған кірпіні көреді. Қасына жақындап:

Кірпі-ау, кірпі, жабайы қаздарды қалай табуға болады? – деп сұрайды.

Кірпі оған:

Менің соңымнан ер, – дейді де өзі жиырылып, дөңгелеп кетеді.

Осылай олар алдымен шыршалардың арасынан, одан әрі аққайыңдар ортасынан өтіп, бір алаңқайға жетеді.

Алаңқайда бір тауық аяқты үйшік тұр. Іште, терезе алдында жалмауыз кемпір тоқыма тоқуда екен. Ал Ванюша есік алдында алтын алмамен ойнап отыр. Маша ақырын басып, тауық аяқты үйшікке жақындайды. Інісін көтеріп алады да, қаша жөнеледі.

Біраздан кейін жалмауыз кемпір терезеден сыртқа қарайды. Ойнап отырған бала жоқ. Ашуланған ол ысқырып, жабайы қаздарын шақырады.

Тез ұстаңдар оны! Қуып жетіңдер! Баланы алдыма алып келіңдер! – деп бұйырады.

Жабайы қаздар қаңқылдап ұша жөнеледі.

Ванюшаны көтерген Маша қашып келеді. Анда-санда артына бұрылып қарап қояды. Міне, жол-жөнекей кезіккен сүтті өзенге де жетеді. Тағы бір рет бұрылып, артына қарайды. Жабайы қаздар жақындап қалған екен. Қыз қайда тығыларын білмей, әбден сасады. Ол өзенге:

Өзен, өзен, бізді жабайы қаздардан жасыршы, – дейді.

Сүтті өзен арнасынан жоғары көтеріледі. Балалар астына кіріп отырады. Өзен үстімен ағып, оларды көзден таса қылады. Жабайы қаздар Маша мен Ванюшаны көрмей, ұшып өтеді.

Қуғыншылар кетісімен балалар жағаға шығып, өзенге рақметін айтады да, жолдарын жалғастырады. Ағайынды екеуін таппаған жабайы қаздар кері қайтады да, жүгіріп келе жатқан Машаны тағы да байқап қалады. Бұл кезде інісін көтеріп алған Маша өзі кездестірген алма ағашына жеткен еді. Қыз ағашқа:

Алма ағашы, бізді жабайы қаздардан жасыршы, – деп көмек сұрайды.

Ағаш Маша мен Ванюшаны қалың бұталарының астына отырғызып, жапырақтарымен жауып, көрсетпей тастайды. Қыздан адасып қалған жабайы қаздар алма ағашын ары-бері айналып, балаларды таппаған соң ұшып кетеді.

Маша тасадан шығып, ағашқа алғысын білдіріп, жолын жалғастырады.

Міне, үйлеріне де жақындап қалған еді. Маша бұрылып, артына қарайды. Жабайы қаздар тағы соңдарына түскен екен. Олар қызды қуып жетіп, тіпті Ванюшаны қанаттарымен қағып әкетпекші болады. Бірақ қыз інісін құшағына қатты қысып жібермейді. Әрең дегенде құстардан сытылып шыққан Маша алғаш кездестірген пешке жетеді де:

Пеш, пеш, бізді мына жабайы қаздардан құтқаршы, – деп өтінеді.Пеш балаларды ішіне отырғызып, бетін жапқышпен жабады. Ал жабайы қаздар пешті айналшықтап ұзақ ұшып жүреді. Жапқышты қанаттарымен сабалап, сабалап аша алмай, әбден шаршайды. Сөйтіп амалдары таусылған олар кері, жалмауыз кемпірге қайтады.Маша інісін көтеріп, жерге түседі. Олар пешке алғысын айтып, үйіне келеді. Артынша қаладан әкесі мен анасы оралады. Қызы Маша мен кішкентай ұлдары Ваняға мол сыйлық береді.


Екі сараң қонжық.


Ертеде бір ну орманда кәрі Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, бақыт іздеуге жолға шығыпты. Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасыпты. Ал анасы қонжықтарын құшақтап, еш уақытта бір бірінен айырылыспауды талап етті. Анасының бұйрығын орындауға сөз берген қонжықтар жқлға шығады. Алдымен олар тоғайдың шетімен, содан соң жазық даламен жүреді. Сөйтіп бір күн жүрді, екінші күн жүрді. Ақырында бар қоректері таусылды. Ал жолдан табатын ештеңе болмады. Қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты.

Сол уақытта кіші Қонжық:

Ағатайым, менің қарным ашты! деп шағымданады.

-Менің де қарным ашты! деп өңі бұзылып, басын шайқайды.

Солай жүре берді. Кенеттен үлкен ірімшікке кезікті. Әділ жолмен тең бөліспек еді, бөлісе алмады. Қонжықтар бір бірінен ірімшікті қызғанып, ұрсысып, ақырып тұрғанда кенеттен жандарына Түлкі келеді

-Неге ұрсысып тұрсыңдар? деп сұрайды.

Түлкі: -Мен сендерге ірімшікті теңдей бөліп беремін деді.

Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөледі. Алайда алаяқ басты бір жарымын екіншіден үлкен қылып бөледі.

Қонжықтар бұған ренжіді.

-Мынау үлкен ғой, деп ақырды.

Түлкі оларды жұбатып:

-Тыныш жастар!

Кішкене сабырлық, қазір бәрін реттеймін.

-Мен өзімнің жұмысымды білемін, деді.

-Бұлай да бірдей емес, деп тынымсызданады.

Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жұтып қояды. Енді кіші жарымы үлкен болады.

Жүргізуші: Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігін тең бөлмей, біразын жеп азғантай ғана қалдырып, оларды теңеп, екеуіне береді.

Түлкі оларға күліп:

Міне сараң, арам болсаң, бір күні осындай азығыңнан құр қаласың, деп өз жөнімен кетті.



Әтеш пен тоты.

Ертеде тоты мен әтеш айырылмас дос болыпты. Ол кезде тоты құс жерде өмір сүреді екен. Тотықұс бір күні әпкесінің үйіне қонаққа бармақ болады. Өзінің әдемі көйлегі болмағандықтан әтештің үстіндегі әдемі көйлегін сұрайды. Әтеш көйлегін беруге келіседі. Тотықұс қонақтан келгесін қайтаратын болады. Тотықұс әтештің әдемі көйлегін киеді. Киініп, таранып жолға дайындалады. Әтеш тотықұстан: қашан келесің? деп сұрайды. кешікпей келемін деп жауап береді тотықұс. Кешіксең қайтемін? Деп сұрайды әтеш. Ондайда айғайлап шақыра қойсаң болғаны, лезде келемін дейді тотықұс. Тотықұс сол кеткеннен мол кетеді. Әтеш әне күтеді, міне күтеді, көйлегін киген досы келмейді. Шыдамы таусылған әтеш қораның басына шығып: Ку ка ре ку!!! Деп тотықұсты шақырады. Бірақ тотықұс келмейді. Әтеш оны әлі күнге дейін шақырады екен.


Қасқыр мен ит


Ерте, ерте, ертеде, ешкi құйрығы бөртеде бiр шаруа өмiр сүрiптi. Оның күшiк күнiнен өсiрген жалғыз итi бар екен. Шаруа шалғымен шөп шауып,

қой бағып күнелтiптi. Ол ертеңгiсiн ерте тұрып қырға қой бағуға кетердiң алдында, үйiн, қора-қопсысын күзетудi итiне тапсырады екен. Итi де өзм iндетiне ұқыпты қарап, үй маңына ешкiмдi жолатпапты. Шаруа жұмыстан келгенiн деитiн еркелетiп, басынан сипап:

Итiм, итiм, итiм-ай,

Түн үресiң бiр тынбай.

Қожайынға адалсың,

Жақсы көрем ырысымдай.

Қамқорым да өзiңсiң,

Үйiмдегi көзiмсiң.

Қожайының демалып,

Бiрер уақыт көзiлсiн, – 

деп, үйiне кiрiп демалады екен. Осыны көптен сырттай бақылап жүрген бiр көкжал қасқыр иттi қожайынға мазақ етпек болып айлаға

көшедi. Оның бiр дамылдаған сәтiн пайдаланып, қорадағы қозыға түспекке ыңғайланады.

Бiр күнi түнгi күзеттен шаршап, күншуақта бойыжылып, мызғып кеткен иттiң мұрнына жағымсыз иiскеледi де, ұйқысынан шошып янады. Жан ұшырып қораны айналса, күнi бұрын қазылған iн арқылы қасқыр:

Жылы-жұмсақ қозылар,

Етiң дәмдi дертке нәр.

Бiр қолыма түсерсiң,

Қарнымда жатып пiсерсiң, –

деп, сiлекейiн шұбыртып қораға енiп бара жатыр екен.

Әй, көкжал, тоқта! – дейдi жүнiн тiкiрейткен ит. – Қазiр «аттандап» үрсем, қожайыным оянады да, мылтығымен сенi атып салады. Саған анау даланың толып жатқан қоян-түлкiсi жетпедi ме? Нең бар мұнда?

Ет тәттiлiгiн қойса, мен жегенiмдi қоямын, – дейдi қасқыр гүр етiп. – Қазiр мен сенiң қармағыңа түстiм. Не iстесең де қолыңдамын. Бiрақ мен бiр нәрсеге түсiнбеймiн. Қожайыныңа құйрығынды бұлғаңдатып, оған адал қызмет еткенде, iшiп-жейтiнiң қалған-құтқан бiрдеңелер. Өзiңдi аямайсың ба? Түнiмен ұйқы көрмей, шәуiлдеп үрумен боласың. Иең ашуланса, бұрышта бүк түсiп, iшiң бұратылып аш жатасың. Анау сала құлаш шынжырың мойныңды ауыртады. Сенi осыншама бейнетке салатындай адамның қандай құдiретi бар? Мен сияқты берсе – қолынан, бермесе – жолынандеп, жұлып жеп күнелтпейсiңбе? Өзiң туыссың. Бiрге өмiрсүрейiк.

Ит ойланған кейiп танытады. Қасқырдың көзi оттай жанып, iшiнен: «Әп, бәлем, қармағыма түстiңбе? Қарным ашқан күнi бiр-ақ бүктеп, тарамыс-тарамыс етiңдi талшық етсем», – деп зымияндана қарайды.

Ау, Қасеке, мына сауалыңа мен жауапберейiн, – дейдi ит әңгiменi ұзаққа созғысы келiп. – Туыс екенiмiз рас. Енемнен туып, көзiмдi ашпай тұрғанда, осы адам менi есiгiнiң көзiне жатқызыпты. Қашып кетер қауқар қайда. Әттең, сол кезде өзiңе кездессем ғой. Бiрге iлесiп жүребер етiнедiм. Сонан соң көзiмдi ашып, еңсемдi көтерген кезде, темiр шынжырлы қарғы бау мойныма iлiндi. Қайтып құтыласың? Қараптан-қарапаштанөлесiңбе? Қораны айналып, қой күзеткен болып үрдiм келiп. Сонда өзiң маңайыма жақындамадың да ғой. Алыстан қарап, менсiнбедiң менi. Амалсыздан үйдiң күзетшiсi атандым.

Қасқыр мына сөзге мәз болып қалды. Шоқиып отырған күйiм ақтана жөнелдi.

Әй, туысым-ай, ол кезде сенi көрдiм дейсiңбе? Әйтпесе бөлтiрiктерiме ертiпжүрiп, аңғасалатын едiм. Алтайдың қызыл түлкiсiнiң терiсiн паршалатып, етiн жегiзередiм. Құм қоянының су жүректiгiн бiлмейсiңғой. Түрiңдi көрсе, көзiбадырайып, алдыңа жата қаларедi. Бойыңжазылып, мына мен сияқты елiк атаулыны қадам бастырмас едiң. Алты қырдың астындағыны сезер ақылды болуың ғажап емес. Жауыңа кектi, жорыққа мойымас едiң.

Сол сәт қора iшiндегi қозылардың у-шу үнiн естiп, сiлекейi шұбырған қасқыр сөзiнен жаңылады. Ит асықпайды, оны тағы да әңгiмеге тартады.

Ау, қасеке, сiздiң мiнезiңiзде мен түсiнбейтiн ғажап бiр қасиет бар, – дейдi қасқыр дымақтап.

Ол қандай қасиет? – қасқыр ырза боп, тiсiн сақылдатты. – Әй, итiм-ай, туыстықты қадiрлейтiнiң бiлiнiп тұр. Менiң iшкi сырыма үңiлген сияқтысың ғой.

Қасеке, ол қасиетiңiз өзгенiң де, мәселен, бiздiң де қамымызды ойлайтындығыңыз. Қазiр ғой, мына қораға кiресiз де, мен сияқты өзiме ғана жетедi деп бiр қойды теңдеп әкетпейсiз, түгел жусатасыз да саласыз. Өлек сенi адам атаулы жемейдi. «Арамдалды» деп отар маңынан аулақтау жерге тастайды. Ертелi-кеш тамағымыз дайын. Осындай ғажап мiнезiңiзге таңмын, – деп ит бiр тоқтады.

Тауып айттың, итiм, бұл қасиеттi үйрену үшiн талай ақыл керек. Бабаларымыз: «Ақылмен жесең – асап жейсiң, ақылсыз жесең – аз-ақ жейсiң», – деп айтып кетiптi ғой, – дейдi қасқыр.

Осы, Қасеке, аң атаулы ақыл жағынан сiзге тең келмейдi. Түйе үлкен болғанымен, оның түймедей ойы жоқ. Сiз оның шөгiп жатқан сәтiн аңдып, өркешiнен бiр аттап кетсеңiз, орнынан тұра алмай қалады. Шамасы, жүрегi жарылып кететiн болар. Жылқы атаулыны атама, ақымақ мал ғой.Құйрығынан жабыссаңыз, бiткенi, шiренетартып, жiбере салғаныңызда, өзiнен өзi омақаса құлайды. Арыстан мен жолбарыс күштiлiгiне, сiлеусiн шапшаңдығына сенедi. Түлкi тышқан аулағанға мәз. Шибөрiiнiңiзқойдың майлы құйрығын сорғанын мақтан етедi.

Әрине, әрине! – деп қостады қасқыр мәз болып.

Қасеке, осы сiз қойшыдан қорықпайсыз ба? – дедi ит сыр тартып.

Әй, бауырым-ай, бiздiң туыстардың «Өгiздi қойшы – өлген қойшы, жеп болғанда көрген қойшы. Түйелi қойшы – тұрған қойшы. Жаяу қойшы – көңiлi қаяу қойшы», – деп, айтқандарын естiмеппе едiң? Жалғыз-жарымай далада кездессiншi, екi-үшеуiмiзжан-жағынанқардыборатыпберейiк. Сабазыңесiшығып, қойды тастай қашады.

Адамнан да қорықпайтын жүрек жұтқан ағайынсыңғой. Бiзге ондай батырлық қайда? Рас, басқа түссе, қоянын аулап, түлкiсiн қырармыз. Сiз сияқты iн де қазармыз-ау, бiрақ ол бiзге ақпанның ақырған аязында пана болмайды ғой. Қарғыс атқыр аңшы атаулы жүйрiк атқамiнiп, шошақ мылтығын асынып, ойда жоқта кездесе қалса, саудамыздың бiткенi. Менен сорлы жоқ шығар бұл дүниеде, – деп, ит ұлып жата кеттi. Мұнысы иесiне берген белгiсi едi.

Айтпақшы, Қасеке, ұлу демекшi, осы сiздер туыстарыңызды қалай ғана iздеп таба қоясыздар, – дейдi ит кенет басын көтерiп.

Ұлудың да неше түрiбар-ау. Әлде қалай олжа кездесiп, жалғыз шамаң келмесе, ұлымағанда қайтесiң. Қазiр «У-у-у» дейiншi, туыс атаулы жан-жақтан сабылып жетедi. Бiрақ оңай ол жаға оларды ортақ қылып нем бар, – дейдi қасқыр бөсiп.

Онда мен сенен қалмаймын, – дейдi ит. – Туып-өскен жерiңдi қимайды екенсiң. Қоштасып кетейiн. Көзiмдi ашып, күнде майлы жуынды iшкен жерiм, қош, у-у! Қарғы бау тағынып, шынжыр сүйретiп күзеткен қорам, қош, у-у! Тамақ бермей, таяқпен басыма ұрған қожайыным қош, у-у!

Қасқыр мәз болып, iшек-сiлесi қатқанша күледi. Итiнiң ауық-ауық ұлығанынан оянып кеткен кожайын қолына мылтығын алып, қораны айналады. Ұлып отырған итiнiң жанындағы касқырды атып алады. Ақылды ит қасқырды осылай қолға түсiрiптi.



Ақылды лақ

Бір бұзау,бір тоқты,бір лақ ел көшкенде ойнап жүріп байқаусызда жұрттан қалыпты.Үшеуі түрнектеп жүріп,қос тұрғызып алыпты.Қосы бір бұлақтын қасында екен.Оның қасында зәулім бәйтерек өсіп тұрыпты.

Бұлар айдалада ең қалғанын естіп бір тойып алайын -деген ниетпен аю іздеп келіпті.

Лақ арбаңдап келе жатқан аюды көреді де ,алдынан жүгіріп шығып,қарсы алыпты.Содан қосқа естіріп келіп есік ашып төрге шығарады.Бұлар үйге кірген кезде «аю ағамыз келіп қалыпты»- екен не тамақ береміз? -деп сұрайды тоқты лақтан.

Сонда ақ лақ даусын көтереңкіреп «Басқа аюдың басын ас, соңғы аюдын төсін ас, дым болмаса осы аюдың өзін сойып,барлық етін түгел ас»-депті.

Оны естіп отырған аю- «бұлар аюдың етін жейді екен ғой»-деп ойлапорнынан атып тұрыпай-жайға қарамай тұра қашыпты.Зытып келе жатса қарсы алдынан қасқыр кездеседі. Аюдың қылығына танданған қасқыр

-Ооо аю жан неден қашып келесін сонша-деп сұрайды.

Бұған аю айтады: мына белдің арға жағындағы бұлақтың жағасында бұзау,тоқты,лақ үшеуі тұрады. Соларды байқап көрейін деп барып ем өзімді жеймін- деген соң ,сорға қашып құтылдым.

Қой ,ары -дейді қасқыр әлгі аюдың сөзіне күліп «бір аюдың басын,бір аюдың төсін жейміз»- деп дауласып жатқанда мен қаша жөнелдім.

Ендеше жүр екеуміз бірге барайық.Үшеуін де қоршап алып ,тең бөлісіп желік-дейді қасқыр.

Оған аю көнбей , жүрексініп -жоқ мен бармаймын өзін-ақ бара бер –дейді.Сол арада қасқыр жіп тауып алады да ,бір ұшын аюдың мойынан ,бір ұшын өзінің мойнын байлайды да,сөйтіп аюды зорлықпен ала жүреді.

Аюды жетелеген қасқыр тартса, тартса қосқа жақындағанда лақ жүгіріп сыртқа шығып :

-Ооо қасеке біз үшеуміз ол аюға тоймаймыз- деп айқайлайды.

Бұл сөзін естіген аю бұрынғыдан да шошып,кері қарай қаша жөнеледі.Қасқыр жіпке буынып қылқынып қалады.Бір жерге келгенде аю жіпті үзіп тастап кетеді.Ес -түсінен айырылып,әлсіреп жатқан қасқырға дала кезіп жүрген тағы бір қасқыр.

-Ооо досым неғып зұлап жатырсын? –деп сұрайды.Бірден, уақытта есін жиған қасқыр «Неғып жатушы ем ,аюдың ақмақтығынан өлгелі жатырмын, мені аю сүйретіп шығып кетті»-деп басынан кешкен оқиғаны айтып береді.

Онда өзіміз-ақ барайық- деп айтады қалсыраған қасқыр.Сонымен екі қасқыр қосқа қайта барады.Бұларға қолдана шарасы таусылған бұзау,тоқты,лақ бәйтерекке шығып алады. Лақ бас жағына,тоқты орта тұсына ,бұзау олардан төменірек орналасады. Бәйтеректің түбіне келген соң әлгі жолда қосылған қасқыр:

-кел екеуміз мына ағашты ырғайық. Аналар алма құсап жерге төгіліп түседі-деп ағаш астына келіп дайындалып тұрғанда ,бұзау отырған бұтақ сынып кетеді де жерге топ ете түседі., содан сескеніп тұрған қасқырдың бел омыртқасы үзіліп кетіпті.Бұдан кейін аю қылқындырып кеткен қасқыр қорқып өз бетімен қаша жөнеледі.Сөйтіп бұзау,тоқты.лақ ажалдан аман қалыпты.Күзде ескі жұртына қайта көшіп келген иесі аман есен жайылып жүрген малын тауып алыпты.

Арыстан күшігін асыраған мысық

Бір мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да, оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.
Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда арыстан тұрып:
- О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? - дейді.
Сонда мысық:
- О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! - дейді.



Ек қаз,бір бақа.


Ертеде бiр бақа болыпты. Ол батпақта тұрыпты.
Бiр күнi ол өзен жағасында отырды. Бiр кезде жағаға үйректер қонды.

Жол алыс, – дедi бiр үйрек. – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз.
Бұны бақа естiдi.. 
– Кешiрiңiз, қайда ұшасыздар? – дедi бақа.
– Оңтүстiкке ұшамыз, – дедi бiр үйрек.
– Оңтүстiк жылы ма?
– Иә, жылы.
– Онда маса, шiркей көп пе?
– Иә, көп, – дедi үйрек.
– Онда менi ала кетiңдер.
– Сенiң қанатың жоқ, қалай ұшасың?
– Бiлмеймiн, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – дедi бақа.. 
Бақа бiраз ойланды, сосын:: 
– Таптым, таптым, – деп айқайлады. – Екi үйрек таяқтың екi ұшынан тiстейдi, мен ортасынан тiстеймiн. Бiрақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын.
– Жарайды, – дедi үйрек.
Сөйтiп олар ұшты. Екi жақта екi үйрек, ортасында бақа.
Бұл қызық көрiнiс болды.
Бұны балалар көрдi.
– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар. – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр.
Бақа мақтанып кеттi.
– Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа шалшыққа құлап түстi.


Адасқан құмырсқа

Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, солармен достасыпты.

Бірде құмырсқа азық іздеп, ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты. Оны өзімен алып кетпекші болып, сүйреуге, көтеруге қанша тырмысса да дәнді орнынан қозғалта алмапты.Ақыры құмырсқа өзінің жаңа достарын көмекке шақырмақ болып шешіпті. Әуелі бал жинап жүрген араны кездестіріп, былай деп өтініпті:

-Достым, маған көмектесші, жалғыз өзімнің шамам жетер емес.

Сонда ара досы:

-Көріп тұрған жоқсың ба?! Мен де жұмыс істеп жүрмін,-деп әрмен қарай ұша жөнеліпті.

Құмырсқа енді қоңызға барады.

-Мен сен үшін мына жұмысымды тастап кете алмаймын,-деп жауап берген қоңыз да қиын домалатыпжөніне кетіпті.

Достарының қылығына өкпелеген құмырсқа үйіне қарай кетіп бара жатып, жолда өзінің бауырларын кездестіріпті. Мұның мұңайған жүзін көрген құмырсқалар: «Саған не болды? Неге көңілсізсің?»-деп сұрайды.

Құмырсқа оларға басынан кешкендерінің бәрін айтып беріпті.Бауырластары оған дәнді жеткізуге көмектесіпті. Өкпелеп кеткен құмырсқа өзінің илеуіне оралыпты. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген осы екен.


«Ат пен есек»


Бір кісі ат пен есекке жүк артып, қалаға келе жатты. Қалаға дейін жол ұзақ еді. Есек шаршап, жүгі ауырлап, атқа,

-Жолдасым, менен біраз жүк алшы. Мен көтере алмай келемін,-деді. Ат жәрдем етпеді. Жолшыбай есектің халі нашарлап, өледі. Сонан соң иесі есектің барлық жүгін және есектің терісін сыпырып алып, атқа артады.

Сонда ат:

-Кінә менде, егер есектен біраз жүк алсам, бұл уақиға болмас ед енді міне, есектің барлық жүгін, әрі терісін әкеле жатырмын,-деп қалаға дейін өкінумен келеді.

«Адасқан құмырсқа»

Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, солармен достасыпты.

Бірде құмырсқа азық іздеп, ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты. Оны өзімен алып кетпекші болып, сүйреуге, көтеруге қанша тырмысса да дәнді орнынан қозғалта алмапты. Ақыры құмырсқа өзінің жаңа достарын көмекке шақырмақ болып шешіпті. Әуелі бал жинап жүрген араны кездестіріп, былай деп өтініпті:

-Достым, маған көмектесші, жалғыз өзімнің шамам жетер емес.

Сонда ара досы:

-көріп тұрған жоқсың ба?! Мен де жұмыс істеп жүрмін,-деп әрмен қарай ұша жөнеліпті.

Құмырсқа енді қоңызға барады.

-Мен сен үшін мына жұмысымды тастап кете алмаймын,-деп жауап берген қоңыз да қиын домалатып жөніне кетіпті.

Достарының қылығына өкпелеген құмырсқа үйіне қарай кетіп бара жатып, жолда өзінің бауырластарын кездестіріпті. Мұның мұңайған жүзін көрген құмырсқалар: «Саған не болды? Неге көңілсізсің?»-деп сұрайды.

Құмырсқа оларға басынан кешкендерінің бәрін айтып беріпті. Бауырластары оған дәнді жеткізуге көмектесіпті. Өкпелеп кеткен құмырсқа өзінің илеуіне оралыпты. «Адасқанның айбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген осы екен.



Екі әтеш


Ертеде бір кемпір-шалдың екі әтеші болған екен. Олар қолдарына түскен жемдерін сол әтештерге беріп асырапты.

Бір күні кемпір құстарына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер жүгіріп келеді. Шұбар әтеш қасында жүрген досынан жемді қызғанып, бергісі келмейді.

-Шіркін, мына жемнің бәрін жалғыз өзім жеп, бір тойсам-ау,-деп ойлайды. Сөйтіп шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта-қайта шоқып, жем жегізбейді, мазасын алады.

Ақырында сұр әтеш ызаланып, шұбар әтешті шоқып алады. Осыдан соң екі әтеш жүндері үрпиісіп, төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым-жұлым болады. Бұлар таласып жатқанда, көрші үйдегі тауықтың балапандары келіп, жемді түгін қалдырмай жеп кетеді.







Мақтаншақ қоян

Орманда бір қоян өмір сүріпті.Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс-жидектерді теріп жеген ол,қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен.

Бір күні ол ауыл шетінде тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған қоян. Ол мақтана бастайды:

-Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін?! Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің мұртым-мұрт-ақ! Сендердікіндей емес! Ал, табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді...Мен ешкімнен қорықпаймын!

Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын Қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді:

-Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып елдің мазасын алмайтын боламын!

-Солай де! Босқа мақтанба!Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет!-дейді Қарға.

Арада біраз күн өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен...Жаны ашып кеткен қоян құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салып, иттер қрғаны қуа жөнеледі.Қоян қашып құтылады.

Қоянның ерлігіне риза болған қарғаоған келіп:

-Рахмет саған! Сен мақтаншақ емес екенсің, мақтауға тұратын ер екенсің!-деп ризашылығын білдіреді.



«Түлкі мен тырна»


Бір түлкі тырнамен жолдас болып, түлкінің апанына келіп кіріпті. Бұлардың ізіне бір аңшы түсіп, інге келіпті. Інді қазып, әлгілерге жақындаған кезде шыбық салыпты. Шыбық тиген соң, тырна түлкіге: «Алпыс амал түлкіде, алпыс екі амал адамда деуші еді, сол амалыңның біреуімен құтқар, құтқармасаң өлеміз»,-депті.

Сонда түлкі:

-Амалым құрыды,-дейді.

Тағы өлуге жеткен соң, тырна айтыпты: «Олай болса, менің амалым бар! Сол амалмен құтылармыз,-депті де, түлкіге,-мен өлген боп, апанның ауыз жағында жатайын. Адам қол созып, мені жемтік екен деп, алып тастар. Сонда мен айғай салып ұшайын, ол жалт қарағанда, сен жұгіріп кет»-дейді де, іннің аузына барып жатады. Аңшы қол созып еді, қолына тырна екенін көрген соң, жерге тастай беріпті. Сонда тырна айғай салып ұша жөнеліпті. Ал, адам «аһ» деп жалт қарағанда, түлкі шыға жөнеліпті.

Сөйтіп, екеуі де аман-есен аңшыдан құтылыпты.







Масақ.

Ертеде екі Тышқан және дауысы әдемі бір Әтеш өмір сүріпті. Екі Тышқанның аты-біреуі Круть, екіншісінікі Верть екен. Тышқандар күніге тек ойнауды, өлең айтып, билеуді ғана біліпті. Ал, Әтеш таң атысымен барлығын өзінің әсем дауысымен оятып, бірден жұмысқа кіріседі екен. Сөйтіп, бір күні ауланы сыпырып жүргенде жерден бидайдың масағын тауып алады. Әтеш Круть пен Вертьтті шақырып былай депті:-Қараңдаршы, мен нені таптым?

Тышқандар тез жүгіріп келіп, былай деді:-О,оны үгіту керек.

Әтеш:-Оны кім үгітеді?

Круть:-Мен емес,-деді.

Верть:-Менде емес,-деп айқайлады.

Әтеш:-Жарайды, ендеше, онда мен үгітейін.

Сөйтіп Әтеш жұмысқа кірісті. Ал, Тышқандар болса, ойнап, би билеп жүрді. Біраздан соң Әтеш екі Тышқанды шақырды.

Әтеш:-Круть, Верть, қараңдаршы, мен қаншама дән үгіттім.

Тышқандар жүгіріп келіп, екеуі бірдей шиқылдады.

Әтеш:-Круть, Верть, енді дәнді диірменге салып, үн етіп үгіту керек. Ал, кім көтереді.

Круть:-Мен емес,-деді.

Верть:-Менде емес,-деді.Әтеш:-Жарайды, ендеше, мен дәнді диірменге салайын.

Сөйтіп, иығына қапты салып, Әтеш кетті. Ал, Тышқандар сол уақытта бір-біріне секіріп ойнады.

Әтеш қайтадан диірменнен оралып, Тышқандарды шақырып: -Мен ұн әкелдім,-деді.

Ал Тышқандар:-Ай, жарайсың, Әтеш.

Әтеш:-Ал, енді,

Осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек. Кім илейді,-дейді.

Тышқандар болса, баяғындай дауап береді.

Тышқандар:-Менде емес, мен де емес,-деді.

Әтеш:- Тағы да өзі жасайтын секілдімін.

Сөйтіп, Әтеш ұнды илейді, отынды әкелді, пешті жақты. Пеш қызып, оған бәлішті салды. Ал, Тышқандар сол уақытта уақыттарын жоғалтқан жоқ. Өлеңдерін айтты, билеп жүрді. Міне, бәліш те пісті, Әтеш бәлішті үстел үстіне қойды, ал тышқандар болса, бірден үстел басына жетіп келді.

Круть:-Ой, менің қарным ашты.

Верть:-Ох,менің жегім келіп тұр. Сөйтіп, үстелге отырып алды.

Сонда Әтеш:-Тоқтай тұрыңдар, тоқтай тұрыңдар.Алдымен сендер маған масақты кім тапты, соны айтыңдаршы?

Тышқандар:-Сен таптың,-деді.

Ал, Әтеш:-Оны кім үгітті?

Тышқандар:-Сен үгіттің.

Әтеш:-Кім иледі? Отынды кім әкелді,пешті кім жақты? Бәлішті кім пісірді?

Тышқандар:-Бәрін де сен!-деп ақырын айтты.

Әтеш: -Ал, сендер не істедіңдер сонда?

Не деп айтатындарын білмеді. Сонымен Круть пен Верть үстелден тұрып кете берді. Ал, Әтеш болса, оларды ұстамады. Себебі: мұндай еріншек пен жалқауларға бәліш берудің де қажеті жоқ деп түсінді.



Айлакер түлкі.

Баяғы заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады. Дауылдың қатты соққаны соншалық, ағаштарды тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып, жапырақтарды ұшырып әкетеді. Аңдар қорыққанынан өз індеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше күн соғып артынша тиылыпты.

Сол орманда әтеш пен Тауық өмір сүріпті. Дауыл олардың балапандарын ұшырып әкетіпті. Жел тынышталғанда Тауық Әтешке:

-Мен енді бұнда қала алмаспын. Бізге басқа жерге қоныс аудару керек,- депті.

Сұрақ:

-Балалар, құстардың балапандарын мына дауыл алып кете беретін болса, бұларға не істеу керек?

Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп, қоныс іздеуге бірге аттаныпты.

Сөйтіп, олар жолда келе жатса, алдарынан екі үйрек кездесіпті. Сонда Үйрек Тауықтан:

-Сіңілім, қайда жол жүрмексіңдер?-деп сұрайды.

-Біз енді бұл орманда тұруға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз,-деді.

-ендеше, бізді де өздеріңмен ала кетіңдерші, бізде бұнда тұрғымыз келмейді,-дейді үйректер.

Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты. Көп ұзамай оларға екі Тауыс кезігіпті.

Тауыс: -Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар,-депті.

Сонда барлығы: -Бұл орманда тұру қауіпті, сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз,-депті.

Тауыс: -Ендеше, бізді де ала кетіңдерші, бізге де қауіп төніп тұр,-депті.

Енді олар алтау болып, жаңа қоныс іздепті.

Сұрақ: -Сонымен, Тауық пен Әтешке нелер кезігіпті?

-Тауық, Әтеш, Тауыс, Үйрек аңдар ма, әлде құстар ма?

-Құстардың қандай пайдасы бар?

Жолда бұларға қоян да ілесіпті. Кенет, қайдан шыққаны белгісіз, алдарынан Түлкі шығыпты. Ол қоныс аударушыларғы көріп таң қалып, былай дейді:

-Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар?

Барлығы: -Біз орманға қалуға қорқамыз,, сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз,-депті.

-Біздің орманнан кетпеңдер! Мен бір жақсы жер білемін. Сол жерді көрсетейін бе? Онда тыныш және сендер рахат өмір сүресіңдер,-дейді.

Сұрақ: -Балалар, олар Түлкіге сенді ме?

Ең әуелі оған ешкім сенген жоқ. Бірақ, Түлкі айтқан жерлерді мақтап, алдағаны сонша,, ақырында барлығы сол жерді көруге көніп:

-Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып көрейік. Ұнамаса, әрі қарай кете береміз,-дейді.

Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып:-Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын, ал сендер бір-бірден менің артымнан жүріңдер,-деді. Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. Ал, оның артынан бірінші Тауыс кірді, осын Әтеш, тағы қалғандары. Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам секіріп, апаннан шығып кетті. Қатты жүгіретін Қоянға Түлкі жете алмады. Бірақ аңқау құстарды жеп қойды.


Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай


Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Үйіне кісі келсе, ол:

-Шық-әй!-дейді екен. Оыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен.

Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылыпты.

Алдар десе, Алдар-ау! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ та осы кезде елден-елге жайылды. Ел аузындағы мәтелге айналды.

-Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас,-дейді жұрт. Бұл сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да естиді.

«Шықбермес Шығайбайды мырза етпесем, Алдар атым құрысын»,-деп АлдарШықбермес Шығайбайдың елін іздеп, сапарға шығады. Күн-түн жүреді. Ақырында, елден іргесін аулақ салған ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.

«Бұл қу не істеп отыр екен?» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Шығайбай қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас үйтіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.

«Осыдан татпасам, Алдар атым құрысын» деп жылмың етіп: «Кеш жарық!»-деп кіріп барады.

Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш...» дегенді айтып болғанша, қолдағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұршықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады. Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.

«Әй, әбден-ақ әккіленіп алған екенсіңдер, мызғымас қу екенсіңдер» дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып, төр алдына отырып алады.

«Әй, көсе екенсің, жұртты құрқан қу ма екенсің? Жүрісің жылмаң екен, жырынды болған сұм ба екенсің? Қу болсаң да, сұм болсаң да, менен дәм тата алмассың» дейді бай ішінен.

-Қайдан жүрген сұмсың? Қайда барасың? Не естіген, білгенің бар?-дейді бай Алдарға. Алдар көтеріле түсіп, күлімдеп, желдіре жөнеледі:

-Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып, үлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай.

Артық-кем қып асырмай,

Шын айтқанды жасырмай:

Таспен ұрып жібердім,

Күң астындағы басындай.

Былш етіп иленіп,

Бәйбіше астындағы қамырдай.

Өтірік болса, сақал жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай.

Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды асшы, ұрламай,-дейді. Осыны айтқаннан кейін бай:

-Шоқ түссін тіліңе!-деп астындағы қазысын лақтырып тастайды.

-Тілің кесілсін!-деп бәйбіше астындағы қамырын лақтырады.

-Жағың қарыссын!-деп тоқал басты лақтырады.

-Ішің кепсін!-деп қыз тырнаны лақтырады.

-Қазанда аса бер, бәйбіше,-дейді бай, «амал қайсы» деген пішінмен. Бәйбіше а салады да:

-Піс, қазаным бес ай!-дейді.

-Отырайын он ай!- деп Алдар етігін шешіп тастайды да:

-Кер тағының терісін келер жылы киермін,-деп төрге орнығып отырады. Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады.

«Мынау кәпір қашан жатады?» деп, үн жоқ қсарарып бай да отырады.Ақырында, ұйқысы келіп, шыдай алмай:

-Әй, кемпір, төсек сал,-дейді.

Бәйбішесі төсек салады. Үй іші ұйықтаған кезде, Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды. Бір уақытта бай тұрып, бәйбішесін оятады.

-Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау, ит!-деп сыбыр етеді. Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп:

-Жат, жігітім, жат! Сазайың –осы!-деп аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қидалайды, былай қидалайды, болмайды.

-Етіңе не болып кеткен, өңкей шандыр!-деп әйеліне ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды. Ақыры, Алдардың келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады.


Не дәмді.


Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты. Сонда тауық:

Ең дәмді тамақ тары, депті қыт қыттап.

Тапқан екенсің дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! дейді Ит абалап.

Бәрің де білмейсің. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық еш нәрсе жоқ, дейді Қоян, екі құлағын тікірейтіп.

Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді! деп, Ешкі маңырапты.

Шіркін қою сүтті айтсаңдаршы! деп Мысық тамсанады.

Сөйтіп, әркім өзі сүйетін тағамды мақтап қызыл кеңірдек болысып, бәтуаға келе алмай, тарасыпты.


Ертегіде қонақта.


Бір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ағаштың түбіне ау құрып жүрсе, қапыда арыстанға кездеседі.

Арыстан: Ей, адам! Кездеспей жүр едің, бері кел. Құлақ сал сөзіме, сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді. Маған сырттан қайрат ететін көрінесің, күшің артық болса, құтыл менен. Аузыма бірақ салайын ба ? депті

Адам айтады:

Егер күшті болсаң, анау жерде менің құрып қойған бір нәрсем бар, содан өт, егер де өтіп кетсең мені жей ғой, арыстаным, деді.

Арыстан:

Айлаңды көріп тұрмын, әуелі өзің өтші дейді.

Адам аудың астынан өте шығады. Арыстан өтемін деп, бар пәрменімен секіргенде торға барып оралады. Сөйтіп адам айласымен арыстанды торға түсірді.


Жеті лақ


Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты.

  - Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», - дейді.

Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.

Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.

Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:

-     - Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті.

Лақтар есікті ашты. Жауыз Қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды.

Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия Қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді.

Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнімен зарлап жылады:

-  Лақтарым. шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым ! Есікті ашып, Қасқырға жем болдыңдар!

Ешкі Қасқырға келіп: «Сен бе менің лақтарымды жеп қойған?» – деп сұрады. Қасқыр оған: «Сенің лақтарыңды жеген жоқпын,» - деп жауап қатты.«Жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік. Егер сен менің лақтарымды жемесен, онда оңай секіріп кетесің!» – деді Ешкі.Қампиған қарнымен ордан секіру Қасқырға қиын түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?! Секірді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай, тура ыстық шоқтарды бар орға құлады.Қарны жарылып, одан құлан таза лақтар орғып- орғып шықты. Олар аналарымен шұрқырасып табысты. Сөйтіп, Ешкі лақтарымен бұрынғыдай ауызбірліктері күшті, ынтымақты өмір сүріпті.


Алтын балта


Баяғыда бір кедей болыпты. Бір күні ол көршілес байдың балтасын сұрап, отынға барыпты. Біраз отын шауып бола берген кезде, кедейдің балтасының басы ұшып кетіп диірмен тасын айналдырып жатқан суға барып түсіпті. Кедей диірменші шалға келіп, балтамды алып бер деп жалыныпты. Диірменші-шал суға қолын тығып жібереді де, бір алтын балтаны алып шығады.

-Мынау ма балтаң? – дейді кедейге.

-Жоқ,бұл емес, - дейді кедей.

Шал екінші рет қолын малып күміс балтаны шығарып:

- Мынау ма балтаң? – дейді тағы кедейге.

- Жоқ,бұл да емес.

Диірменші шал үшінші рет қолын суға салып қара темір балта ілігеді. Сол кезде кедей:

-Міне, менің балтам, - дейді.

Шал кедейге:

-Шырағым, ақ пейілді, адал жан екенсің. Сол үшін мына балтаны сыйға ал, оның сен сияқты кедейге тигізетін пайдасы көп, - деп алтын балтаны береді.

Кедей сол алтын балтаны үйге әкелген күннен бастап, құлшына еңбек етеді. Алтын балта сиқырлы екен, не істесе де өңдірте жасайды. Сөйтіп кедейдің үйіне береке кіреді.

Мұны көрші бай байқап, бір күні кедейден сырын сұрайды. Кедей жасырмай барлық болған оқиғаны айтып береді.

Оны естіген бай отынға барады. Отынды шабар-шаппастан-ақ шыдамай, балтасын диірмен суға лақтырып жібереді де, диірменші шалға келеді. Шал судан алтын басты балтаны алып шыққанда. Бай:

-Менің балтам, мынау менің балтам! – деп тұра ұмтылады.

Бірақ диірменші оны тоқтатып:

-Қоя тұр, тоймаған қу неме! Міне, сенің балтаң, - деп темір басты балтаны ұстатады.

Бай амалы құрып үйіне қайтады.


Ең қымбат байлық


Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құйрық жүні ұзын кезде дәл біздің осы күнгі жалқау балалар секілді сидам сирақ жастар өте көп болыпты. Әдетте жалқаулардың құрғақ уайымға кқп салынатын әдеті ғой. Сондай жалқаулардың бірі:

-О, Жаратқан ием-ай, жарық дүниеге әдейі әкелген соң дәулеті шалқыған бай етіп жаратсаң етті! Жалғанды жалпағынан басып шалқып өмір сүретін жасымда, ішсем тамаққа, кисем киімге жарымай жүрген түрім мынау! – деп уайымдапты.

Оның мұңын естіп қалған бір ақсақал:

-Ей, қарағым, сен несіне қайғырасың? Байлықтың бәрі өзіңде тұр ғой, - депті.

Ақсақалдың сөзін мені мазақтағаны деп түсінген жігіт:

-Сіз қайдағы байлықты айтып тұрсыз? – деп ашуланыпты.

Ақсақал ештеңе болмағандай сабыр сақтай отырып:

-Шырағым, сен андағы екі көзіңді маған сатшы. Мен саған қалағаныңша алтын, күміс берейін! – дейді.

Жігіт ашуланып:

-Екі көзден айырылғаннан кейін сіздің алтын, күмісіңіздің керегі қанша? Ондай байлығың өзіңе!

Ары қарай жігіттің он екі мүшесіне саудаласып, сұрай бастаған ақсақалға әбден ашуланған жігіт:

-Ақсақал, ат басындай алтын берсеңіз де ешбір мүшемді сатпаймын! Өйтіп мүгедек болар жайым жоқ! – деп кесіп тастапты.

Сонда барып ақсақал:

-Е, ендеше адамның ең қымбат байлығы – денінің саулығы. Сен сияқты төрт мүшесі түгел адам – бай адам. Оны ешқандай алтын, күміске айырбастап ала алмайсың! – деген екен.


Нан қайдан шығады?


Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа тіскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды.

Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне, кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.

-Нан, нан, сен қайдан шықтың? – деді сыбырлап.

-Сатушыдан сұра, - деді нан.

Тышқан сатушыға келді.

-Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?

-Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.

Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

-Нан қайдан шығады? – деді бір наубайшыға келіп.

-Диірменшіден сұра, - деді Наубайшы.

Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыркөбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн дайын болды. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана, қарап тұрды да:

-Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады.

-Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.

Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:

-Комбайншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.

Көктемде, тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайншы.

-Ой, мұның – азап қой. Мен шалқайып жатып-ақ нан таба беремін, - деп қутың-қутың етті тышқан.

-Әне, мысық келе жатыр! – деді комбайншы.

Сол-ақ екен, тышқан бір ескі інге зып берді.




Жеті өнерпаз


Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның ұлы болмапты.

Жалғыз-ақ, ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым атты бір қызы болыпты. Қыздың сұлулығы сондай – қараған адам есінен танып қалады екен. Күндердің бір күнінде Қаншайым қыз қырық нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола бергенде, Қаншайымды көктен бір қара құс келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз шулап қала береді.

Бірнеше күнге дейін ханға естіртуге ел-жұрты бата алмайды. Бір ақсақалды шал келіп естіртеді. Хан есінен танып, тағынан құлап түседі. Біраздан соң хан есін жиіп, бақсы-балгер, қожа-молда жинайды, қызды олардың бірі де біле алмайды, бәрінен де жәрдем болмайды.

Тек ханның бас уәзірі Назар келіп, ханмен ақылдасып, былай дейді:

-Мұхиттың ар жағында балықшы Сәлім деген бар, оның жеті өнерпаз баласы бар. Бір тапса, солар табар. Жаныма бес жүз әскер қосып беріп, темірден кеме соққыз да, мені соған жібер.

Хан табанда барлық айтқан керегін дайын қылып, бас уәзірді аттандырады.назар сумен жол жүріп, бір айда аман-сау мұхиттың ар жағындағы Сәлім шалға жетеді. Барса, жеті өнерпаз баласы жоқ, шалдың өзі ғана отыр екен. Сәлім шал әскермен келген Назардан қорқып кетеді. Назар уәзір Сәлім шалға мән-жайының бәрін баян етеді; ханның алты мөрін басып, өтініп жазған хатын береді, әдейі іздеп келгенін айтады. Сол арада Сәлім шал балаларын шақырып алып:

-Айлық алыс, шет жерден сендердің өнерлеріңді естіп келіпті. Нәсіп болса барыңдар. Егер тапсаңдар, дүние-мүлкі мен қызын береді. Өнерді ішке сақтамай, сыртқа шығарыңдар! – дейді.

Сонымен жеті өнерпаз ханның бас уәзірі Назарға еріп, аман-сау хан ордасына келеді. Хан жеті өнерпазды көріп, қатты қуанып, жігіттерден кім не істей алатынын сұрайды.

Жігіттердің ең үлкені: «Мен аспанда ұзақ ұша аламын», - дейді.

Екіншісі: «Мен елден асқан мергенмін», - дейді.

Үшінші жігіт былай дейді: «Мен суға жақсы сүңги аламын».

Төртінші өнерпаз: «Мен шебер ұстамын», - деп мақтанады.

Бесінші жігіт: «Мен жер астына жол саламын», - деп жауап береді.

Алтыншы өнерпаз: «Мен жолды болжай аламын», - деп айтады.

Ал кенже жетіншісі: «Мен керемет аспазбын», - дейді.

Хан жігіттермен танысқан соң, бірер күн тынықтырып, хан қасына жеті өнерпазды ертіп, баяғы қызды көтеріп әкеткен қара құстың қасына келеді. Қара құс қызды алып, аспанға ұшады.

Жеті өнерпаздың үлкені аспанға ұшып, қызды көтеріп ұшқан қара құстың көлеңке ізіне түсіп қуады. Бұлар көкте жеті күн, жеті түн ұшады, сегізінші күн дегенде құсты көреді: бір дарияның жағасында құс отыр, қыз шашын тарап тұр екен. Қуғыншылардың дабыл қағып, ұшқан екпінінен қорқып, қара құс қызды алып, тағы да аспанға ұшады. Сонда қуғыншылар: «Қыздан айырылдық», -деп жылайды. Жігіттердің үлкені екіншісіне: «Өнеріңді көрсет», - дейді.

Екіншісі, мерген жігіт құстың екі қанатынан көздеп атқан оғы оның екі санын жұлып түседі.

Аспанда шыр айналып келіп, қыз суға түскенде, үшіншісі сүңгуір суға сүңгіп, қызды алып шығады. Қыз жұтқан суын қайта құсып, аман түрегеледі.

Бұлар енді судан құрғаққа шыққан кезде, бір үлкен айдаһар бәрін лебімен жұтып барады екен. Енді бұлардың төртіншісі, ұста жігіт тасын қолына алып, соғыстырып еді, бес жүз шақырым жерден қорған соғылады. Әлгі айдаһар қорғанның сыртына оралып, жатып қалады. Бірнеше күн тас қорғанның ішінде бұлар да жатады.

Айдаһар тас қорғанды сыртынан орап алып, қысып, сыға бастайды. Бұлар қысылып өлер болған соң, бесіншісі де өнерін істейді.

Айдаһар сол күйінде таста оралып жатып қалады. Бұлар жер бетіне шыққан соң, еліне апаратын жолдың қай жақта екенін біле алмай, айласы таусылып, адасады.

Бұлардың алтыншысы оқу оқып, көзін сипап, өнерін істеп, он күндік жердегі жолды табады. Бірақ өздері арып-ашып шаршаған, жаяу жүре-жүре табандары тесілген, тамақтары және жоқ, аш, әлсіреп қалады. Жетіншісі, аспаз жігіт қойнындағы бір асыл табағын алып, жолдастарын күніне үш мезгіл тамаққа тойдырып отырады.

Бұлар бірнеше күн жол жүріп, ханның аулына жетеді: бәрі де сау, Қаншайым қызды аман алып келеді. Сонан соң хан ат шаптырып, үлкен той істейді. Хан ел-жұрты болып, жеті өнерпазға қатты риза болады.Хан жеті өнерпазға риза болғандықтан:

-Қызымды біреуің әйел қылып алыңдар, - дейді.

Сонда тұрып жеті өнерпаздың ең үлкені:

-Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік, қайсысымыздікі артық болса, сол алсын, - дейді.

-Бұл қызға менің істеген өнерім бәрінен басым. Мен болмасам, бұл қыз жоқ еді, - деп, бірі жеті күн қара құстың ізімен аспанда ұшқанын айтады. – Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді ол.

Екіншісі:

-Сенің өнерің таусылып, қызды қара құс аспанға алып бара жатқанда мен атпасам, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.

Үшіншісі тұрып:

-Сен аспаннан қызды атып түсіргенде, мен судан сүңгіп алмағанда, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.

Сонда төртіншісі тұрып:

-Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қоятын еді, қыз да, сендер де жоқ едіңдер. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.

Бесіншісі:

-Мен болмасам, бәрің тастың астында қырылып өлер едіңдер. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.

Алтыншысы тұрып:

-Бәрің де жол таба алмай, адасатын едіңдер. Бұларды адастырмай, жол тауып берген мен емес пе едім? Қыз маған тиісті, - дейді.

Ақырында жетіншісі тұрып:

-Менің табағымнан ас жемесеңдер, бәрің де аштан өлер едіңдер. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.

Бәрі де өздерінің өнерін айтып, ханға жүгінеді.

Хан білгіштерін жинайды. Сонда бір қария тұрып:

-Бұл жетеуінің бәрінің де өнері бірдей, бірақ қызды сүңгуірге қосыңыз, өйткені ол қызды басқалардан бұрын құшты ғой. Ал қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты жерге уәзір сайлаңыз, - дейді.

Хан қызын сүңгуірге қосып, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты елді билетіпті. Сөйтіп жеті өнерпаз мұратына жетіпті.


Алтын балық


Баяғыда бір үлкен өзеннің жағасында, мыжырайған жаман күркеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Өздері тақыр кедей екен: шал күнде өзенге барып, балық аулап әкеліп, сорпалап немесе отқа қақтап пісіреді де, соны талғажау етіп өмір сүріп жатады. Шалдың қармағына ештеңе ілінбеген күндері мүлде ашқарын отырады екен.

Сол өзенде су әміршісі, алтын дидарлы Жалал Камани мекендейді. Бір күні шал өзеннен ау тартса, ау зілдей ауыр екен, шал оны әрең дегенде өзен жағасына тартып шығарады.

Жалтылдаған алтыннан көзі қарығып, жұма қояды; көзін ашып қараса, ау ішінде жалт-жұлт еткен дәл бір саф алтыннан құйылғандай үлкен балық жатыр екен. Қанатын желбіретіп, мұртын жыбырлатып, көзі бажырайып, шалға тесіле қарайды. Алтын балық қарт балықшыға;

-Өлтіре көрме мені, қария, үйіңе де апарма. Жөніме қоя беріп, керегіңді сұрай бер, - дейді.

-Не сұраймын мен сенен, ғажайып балық? – дейді шал. – Басымда жөнді баспанам, ішер ас, киер киімім де жоқ. Егер рақымың түсіп, осының бәрін маған сыйласаң, саған өле-өлгенше риза болармын.

Балық шалдың сөзін тыңдап болып, құйрығын шолп еткізіп:

-Ештеңеге алаңдамай жүре бер, қария. Үйің де, тамағың да, киімің де болады, - дейді.

Шал балықты өзенге қоя береді де, үйіне қарай жөнеледі. Үйіне келіп, баспанасын танымай қалады: жаман күркесінің орнында бөренеден қиылған ғажап үй тұр, ішінде қонақтарға арналған орындықтар, табақ-табақ ақ күріш, мейрамдарда киетін сан алуан сәнді киім жайнап тұр. Бұны көріп, шал кемпіріне:

-Көрдің бе, кемпірім, қандай олжаға кенелгенімізді. Бүгін ауыма түскен алтын балыққа алғысыңды айт. Өзін босатып жібергенім үшін осылай жарылқай салды. Жоқшылықтың азабы осымен бітті, - дейді.

Шалының сөзін ақырына дейін тыңдаған кемпір, қатты күрсініп, басын шайқап:

-Әй, шалым-ай! Біраз жасқа жетсең де, ақылың жаңа туған нәрестенің ақылынан аспапты. Болымсыз нәрсеге мәзсің. Күрішті жеп, киімді тоздырамыз, әрі қарай не істемекпіз? Қайта бар да, балықтан патшаның сарайындай әдемі, кең үй, бес қызметші сұра. Іші алтынға толы болсын, күріш пен қарамыққа қамбалар толсын, есік алдында жаңа арбалар мен соқалар, қорада ондаған өгіз тұрсын... Бар, осының бәрін сұрап алмайынша үйге қайтпа! – дейді.

Шалдың мүлдем барғысы жоқ-ты? Бірақ кемпірімен де жанжалдасқысы келмейді. Өзеннің жағасына барып отырып, балықты шақырады:

-Шықшы бері, ғажайып балығым! Жағаға жүзіп келші, алтын балығым!

Біраздан соң су толқынданып, қанатын желбіретіп, мұртын жыбырлатып, бажырайған көзімен шалға тесіле қарап, алтын балық жағаға жүзіп келеді.

-Тыңдашы, ғажайып балығым, менің сенен сұрағаным аз көрінеді. Кемпірім разы болмай жатыр. Кең сарайдай үйіміз, бес қызметші, ондаған жегін өгіз, қамба толған күріш, түрлі алтын әшекей, мол ақша болсын дейді...

Бәрін тыңдап болған балық, құйрығын бұлғаң еткізіп:

-Жарайды, солай-ақ болсын! – деп қайтадан өзенге сүңгіп кетеді.

Шал үйіне қайтады. Қараса, айнала жол жағалай даңғыраларын соғып, сырнайларын тартып, қолдарына қымбат сыйлықтарымен гүлдерін ұстаған жұрт, біреуді күткендей орындарынан қозғалмай тұр.

Шаруалар шалды әдемі зембілге отырғызып, иықтарына салып көтеріп, үйіне алып келеді. Шалдың үйі бұрынғы үй емес – кең сарай, үй іші толған өзі балықтан сұраған жиһаздар.

Осыдан былай кемпір-шал уайым-қайғысыз, бақытты өмір сүреді, бәрі де жеткілікті сияқты, бірақ кмпір зарлауын қоймайды. Бір ай өтпей-ақ кемпір тағы да шалының мазасын алады...

-Осы да құрмет-сый болып па? Староста деген кімінің шікірәсі? Жоқ, болмайды, сен балыққа қайта барып, тағы да жақсылап сұрауың керек: сені күллі әлемге махараджа етсін. Бар, қартым, жалынып сұра, әйтпесе кемпірім күн көрсетпейтін болды де...

-Бармаймын, - дейді шал. – Аш-жалаңаш тұрғанымызды қалайша тез ұмыттың? Тамақ, жаңа үй, киім беріп жарылқаған осы балық емес пе! Бұдан артық не керек саған?

Шал қанша керісіп-таласса да, қарсыласса да, кемпірі бой бермеді: бар да бар деп болмайды. Бишара шал қайтсін, тағы да өзенге баруына тура келеді. Өзеннің жағасына отырып алып, балықты шақыра бастайды:

-Жүзіп шықшы, ғажайып балығым! Жағаға жақындашы, алтын балығым!

Бір рет шақырды балықты, екінші, үшінші рет шақырды... Бірақ су бетіне ешкім шықпады, бейне өзенде ешқандай алтын балық болмағандай. Шал көпке дейін тосып отырды, содан соң бір күрсінді де, үйіне қарай ілбіді.

Қараса, балық берген баяғы сәнді үйінің орнында бұрынғы жаман күркесі тұр, күркенің ішінде кемпірі отыр. Кемпірдің үстінде бұрынғы ескі-құсқы киімі, шашы жалбырап, көзі былшықтанып, қайғырып жылап отыр.

Шал оған қарап тұрып:

-Әй, кемпір, кемпір... Айтпадым ба мен саған: көп сұраймын деп, аздан айрыласың деп. Кемпірім, қолда барыңды қанағат қыл демедім бе? Сен мені тыңдадың ба, сол айтқаным келді емес пе! Енді несіне жылап отырсың? – дейді.


Түймеқыз


Байырғы бір замандарда өте қайырымды бір әйел өмір сүріпті. Бір балаға зар болған ол бірде сиқыршы кемпірге барып жалбарыныпты.

- О,құдіретті сиқыршы! Менің бір арманым бар -бала сүйгім келеді! Көмек бере гөр!

Сиқыршы кемпір әйелге жаны ашып, арпаның дәнін береді.

Әйел үйіне келіп,гүл өсіретін қыш құмыраға арпаның сиқырлы дәнін егіп, суара бастайды.

О, ғажап! Сиқырлы дәннен әп-сәтте гүл өсіп шығады.Қараса, гүлдің қауызында кіп –кішкентай әдемі қыз отыр –өзі түймедей ғана! Жүрегі жарылардай қуанған әйел кішкене қызына-Түймеқыз деп ат қояды.

Түймедей сұлу қыздың сыңғырлаған әсем дауысын естіген анасының қуанышында шек жоқ!

Күндіз Түймеқыз үстелдің үстінде су құйылған ыдысқа шомылып, жүзіп, ойнап-күліп, ән айтып жүреді. Ал түнде анасы Түймеқызды жаңғақтың қабығынан жасалған бесікке шегіргүлдің жапырағынан төсек салып, раушангүлдің күлтешесінен үстіне көрпе жауап, бесік жырын айтып, ұйықтатын болады. Түймеқыздың бақытты балалық шағы осылайша алаңсыз өтіп жатты.

Бір түні Түймеқыз өзінің бесігінде тәтті ұйқыда жатқанда, кенеттен ашық тұрған терезеден бөлмеге үлкен құрбақа қарғып кіреді. Түймеқыздың әдемілігі, сұлулығы туралы және нәзік дауыспен айтқан әндерін естіген құрбақа қызды өзінің баласына үйлендірмек болыпты. Ол үстелдің үстіне қарғып шығып, қызды ұрлап, бесігімен ала жөнеледі.

Қырбақа баласымен өзеннің жағасында, ми батпақта, балдыр арасында тұратын еді.

-Ба-а-ақ , ба-а –ақ!-деп құрбақаның баласы қызды көріп, қуанып кетті.

-Балам, Түймеқызды оятпайық! Оны әзірше үлкен жапырақтардың біріне орналастырайық, ал біз сендерге жеке тұратын үйді дайындауға кірісейік! –деп екеуі жаңа үй салуға батпаққа кетті.

Таңертең Түймеқыз оянып, қараса, өзі –тұңғиықтың жапырағында,айналасы -қоршаған су. Қыз қорқып кетеді. Құрбақа мұны өз ұлына ұйлендірейін деп алып келгенін құлағы шалғанда тіпті, қайғыдан қанқұса болады.

Түймеқыздың көзінен моншақтап аққан жаста шек жоқ. Қыздың жылағанын естіген балықтар су бетіне шығып, қызға көмек көрсетпек болды. Олар тұңғиықтың жапырағын сабағынан қырқып, оны ағыспен тез жылжыта жөнеледі.

Дәрменсіз кішкентай Түймеқызға инелік те, көбелектер де көмектеседі. Сүйкімді қыз белдігін шешіп, бір шетін жапыраққа байлап, екінші шетін инелікке ұстатады, ал ол шаршағанда көбелекке береді. Қайыққа айналған жапырақты тез ұшқан көбелек су бетінде зырылдатып жүздіріп келе жатады.Енді құрбақа баласымен маған жете алмас деп Түймеқыз іштей қуанады.

Бір кезде осылайша су бетінде жүзіп келе жатқан Түймеқызды зауза қоңыз байқап қалады. Тартымдылығы ынтықтырып, ол қыздың қыпша белінен іліп алып, аспанға ұша жөнеледі.

Өзеннің жағасында қоңыз Түймеқызды биік ағаштың жапырағына отырғызады. Бұрын мұндай биіктікке шығып көрмеген Түймеқыздың басы айналады. Осы кезде жан-жақтан көрші қоңыздар жинала қалды. Бейтаныс қызды көріп күле бастайды:

-Өзі адамға ұқсайды екен! Аяғы екеу ғой! Белді тым жіңішке екен!Мұртшалары қандай?

Зауза қоңыр мазаққа шыдамай, қызды түймедақ гүлінің үстіне апарып тастайды.

Сөйтіп, Түймеқыз орманда жаз бойы жалғыз тұрады. Ол гүлдердің тәтті тозаңымен тамақтанып, жапыраққа жиналған таңғы шықты ішіп, өмір сүреді.

Жаз кетіп,суық түседі. Түймеқыз өзіне жылы баспана іздеп, жүре-жүре дала тышқанның үйіне кез болады, есіген қағады.

-Тышқан, Тышқан! Көмектесіңізші! Суықтан тоңдым! Екі күн бойы нәр татпадым, аштан өлетін болдым!

Тышқан Түймеқызды өзіне қалдырады, қыз оған ертегі айтады, үйін жинайды. Екеуі тіл табысып, жақсы тұрып жатады.

Бір күні оларға көршісі көртышқан қонаққа келеді.Түймеқыздың сұлулығын көріп, нәзәк дауысын естіп, бай да кербез көртышқан қызды ұнатып қалады, өзінің үйіне қонаққа шақырады.

Түймеқыз көртышқанның үйіне бара жатып, жолда әлсіреп жатқан қарлығашты көреді.Құстың тірі екенін байқап, қыз оны бағып күтеді.Қарлығаш сауығып,көктемде ұшып кетеді.

Тышқан Түймеқызды көртышқанға күйеуге бермек болып, жаз бойы тойға дайындалады. Бірақ қыз соқыр көртышқанды қаламайды.

Жаз өтіп,той болар күн де жақындады. Бірде Түймеқыз далаға шығып, өзі қысқы суықтан, өлімнен құтқарған таныс қарлығашын көреді.

-Қарлығаш, сүйікті досым! Сені көргеніме қандай қуаныштымын! Жердің астында көк аспанды,таза ауаны, шалғын шөп пен гүлдерді,құстардың әнін сағынамын! Енді бұл сұлулықты көруге тіпті зар болып қалатын секілдімін!-деп қыз қарлығашқа өзінің мұнын шағады.

Қарлығаш қызды өзімен бірге алыс өлкелерге, жылы жаққа шақырады.Түймеқыз келіседі.

Міне, олар дала мен орманнан, ауыл мен қаладан асып ұшып барады.Ақыры қарлығаш жайнаған көгалға қонады. Бұл эльф дейтін, көргеннен-ақ ұнатып, оған сыйлыққа кішкентай қанат береді,енді ұша алатын болып қуанады. Бір –бірін бір көргеннен-ақ ұнатқан шаңырақ құрады. Олар осылай бақытты өмір сүреді, мейірімді қарлығаш мәңгі дос болады.

Түймеқыз қарлығашты өлімнен құтқарыпты,

Қарлығаш Түймеқызды ұшпаққа шығарыпты.



Көлбақа мен құрбақа


Көлбақа мен Құрбақа жол үстінде кездесіп қапты.

-Сен кімсің?-деп сұрапты көгерген мыстай көкпеңбек Көл бейтанысынан.

-Бақамын!-дептітүйе жапырақтай боп-боз болған Құрбақа.

-Бақасынба?Шын айтасыңба?

-Шын!Ал сен өзің кімсің?

-Е, өз бауырым екенсің ғой!Онда екеуміз бірге тұрайық,бір күн көрейік!

-Сөйтсек сөйтейік!

Құрбақа өзінің аталасын шөл далада қалың өскен сексеуілтоғайдың ішіне бастап әкепті.Шақырайған күн шекені шығады.Көлеңке саясы жоқ жапан түз.Қарны ашқан Құрбақа балғын шөптен жұлып әкеп,Көлбақаны дастарханға шақырыпты.

-Шырынды тамақ.Соғып алайық!-депті серігіне.Көлбақа өз тұқымдасының көңілін қимай,көк шөпті тісіне басып көріпті.Талмап-талмап әрең жұтыпты.Күн болса да сыр бермей,сая іздеп,зыр қағады.солай бір күн өтеді,екі күн өтеді,үш күн өтеді...

Құрбақа өзіне серік тапқанына мәз.Ал көлбақа көлін аңсап ,көңілі босайды.

-Енді біздің жаққа да бір соғып көрейік ,мүмкін менің жайым саған ұнар,-деп Құрбақаны ауылына шақырды.Ол қарсы бола қоймайды.Көлбақа келе-сала бала күнінен бойы үйренген батпақты шалшығына қойып кетеді.

-Кел,салысқан суға түс!Рахмет.Сергіп шығасың!-дейдіқұрдасына.Құрбақа да көлшікке күмп береді.Үсті-басы сатпақ-сатпақ болып судан шығады дірдектеп.Көлбақа дастарқан жаяды.Жаңа ғана ұсталған құрт-құмырсқа,инелік,шыбын-шіркей,уылдырықты серігінің аузына тосады.

«Құрбақа»жемесем,досым ренжір»деп бір инелікті аузына салады.Бітеудей жұтамын деп қақалып қала жаздайды.Сонда да серігіне сездірмеуге тырысады.Ғұмырында жамбасын тигізіп көрмеген сыз-батпақта аунап-қуанап Құрбақа тумасымен екі-үш күнін сонда өткізеді.Бір күні Құрбақа тұрып:

-Әркімнің өз жері өзіне Мысыр шаһары деген ғой,мен шөліме қайтайын,сен көліңде қал!Хош бол!-деп ,секендеп сексеуіл тоғайына қарай тартып отырырыпты.

Көлбақа-көлде,шалшықты жердетіршілік ететін бақа.

Құрбақа-көбінесе құрлықта тіршілік ететін бақа.


Күн, ай және қораз


Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді. Аспанда айынды үшеу:Күн,Ай, және Қораз тұрыпты.

Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашауға кеткенде,үйде Ай мен Қораз қалыпты.ай барып тұрған сотанақ екен.Қоразға тыным бермей,ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жібереді.Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.

Ойланып отырып,былай депті:

-Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып,тыныш отыра алатын түрің жоқ екен.Қайтып бетіңді көрмейін.Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін,ал,сен тек түнде шығасың,- депті.

Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Қо- қо -қо!» деп айқайлайтын болыпты.Онысы «Қайрлы таң,мейремді аға!»-дегені екен.

Ал Күн батып,Ай көріне бастағанда,Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығатын көрінеді.


Айна


Бір күні кірпі ,қоян.жираф орманда келе жатып ,ағаштың артынан бір нәрсенің жылтырағанын байқады.олар сол жаққа қарай жақындай келіп ,мұқият қарайды.

-Өзінің үсті басы тікенек ,кішкентай ғана көздері бар,бұл кім?деп сұрайды кірпі.

- Қане ,көрейінші-дейді қоян.

-Жоқ, оның мүлде тікенегі жоқ,құлағы ұзын,көзі қызыл,мойыны қысқа.

-Мен де көрейінші,-деп жираф келеді.

-Жоқ ,оның мойыны қысқа емес ұзын,құлағы тікірейген ,бойы биік,-деп таңқалысты.

АЙНА-бір беті шағылдырушы қабатпен қапталған шыны немесе талл дене.


Ағайынды екі қыз


Ертеде бір әйелдің екі қызы болыпты.Бірде ол екі қызымен бірге орманға бүлдірген теруге барады.Үшеуі орманда ұзақ жүріп,себет толтыра бүлдірген жинайды.

Қыздың бірі көк шөптің үстіне орамалын жайып,себетіндегі бүлдіргендердің жапырақтарынан тазаламақшы болып төге қояды.Сол сәтте жел соғып,қыздың орамалын ұшырып әкетеді.

- Ой,неткен қатыгез жел!- деп қыз долдана айғай салады.

Мұны естіген анасы оған:

-Қызым,жел туралы олай ғайбат сөйлеме!Оның ашуы қатты,кімді болса да ұшырып кетеді.

-Тағы не айтасыз?желден де қорқу керек пе?- деп күледі қыз шешесін келемеждей.

Осы кезде жел қатты соғып,қызды ұшырып әкетеді.

Анасы мен қыздың сіңілсі қорқып,не істерлерін білмей алаңқайда тұрып қалады.Әлгі қыздың сіңілсі әпкесін іздеп баруға ниет танытады.

-Қызым,ол енді алыста.Бірақ сеннің қайсарлығың Желдің ашуын басып,әпкеңе үйге қайтуға мүмкіндік береді.Енді оны іздеп табу үшін жоқ дегенде үш жұп етік тоздыру керек-,деп мұңаяды анасы.

Кішкентай қыз аяғына етігін киіп,қосымша екі жұп етікті түйіншегіне салып алады да,әпкесін іздеуге жолға шығады.

Ол жел соққан бағытта жүре береді.Жүре- жүре етігін қараса, олшонқиып қалыпты.Қыз жыртылған етігін тастап,екіншісін киіп,әрі қарай жүре береді.

Жүре жүре терең өзенге тап болады.Өзен үстіндегі көпірден өтейін десе,жел аяғын сабалап оған кедергі келтіреді.Не істерін білмей абдырап тұрғанда Жел қызға тіл қатады.

-Жұмбағымның шешуін тапсаң өткіземін, дейді.

- Айт,жасырған жұмбағыңды қандай? Деп сұрады қыз.

- Кіндігі бар,мұрыны бар,өзі кішкентай және толық.

Кішкентай қыз қанша ойланса да,жұмбақтың шешуін таба алмады.Ал өзен арнасындағы су қызға көмектескісі келіп,толқындармен жағаны шылып- шылып еткізіп соғып жатты.Тыңдаса шәй- нек,шәй-н ек......деп тұрғандай.....

Кішкентай қызсудың айтқанын түсіне қойды.

-Шәйнек! Деп қыз айғайлап жіберді.

Жел оны көпірден өткізді де,қыз әрі қарай жүгіріп кетеді.Ол жүгіре -жүгіре үлкен тауға жетеді.

Аяғын ауыртқан соң етігін қараса,тағы да шоңқиып жыртылып қалыпты.Ол үшінші жұп етігін киеді.Ал жел болса,одан бетер қатты соғып ,қыздың тауға қарай беттетпей қояды.


-Тамырсыз не өседі,шешуін тап,сонда ғана жіберемін ,- дейді.


Кішкентай қыз шешуін таба алмады.Сол кезде маңайдағы тастар оған ақырын ғана: «тас.....тас...»деп сыбырлайды.Мұны құлағына шалған қыз қуанып кетіпті:

-Таптым,таптым.Ол тас! Деп қуана айғай салады.

Жел басылып,қыздың жолына кедергі жасағанын қояды.Қыз таудан аман- есен асып,оның арғы бетіндегі әпкесін тауып алады.Ал жел болса тағы да қыздың әпкесін жібермеуге тырысып бағады.

- Мына жұмбақтың шешуін тапсаң жіберемін.Өзі шулайды,ысқырады және ұлиды. Ол не?

-Ол сенсің,Жел!- дейді жұмбақты шешекеніне қуанған қыз секіріп.

Ұрланған қыз сіңілсінің тапқырлығы мен әпкесіне деген сүйіспеншілігін жеңіліс тапқан Жел бірте- бірте баяулап, биік таудан,көк өзеннен асып кетіп қалыпты.

Ал ағайды екі қыз қол ұстасып,үйлеріне қайтады.


Үш қыз


Ерте заманда бір әйелдің үш қызы болыпты.Қиыншылдыққа қарамай,күні- түні еңбектеніп,оларды елден кем қылмай өсіріпті.Үш қыз да бірі- бірінен асқан әдемі,сұлу болыпты.

Уақыт өтіп,қыздардың өсіп,бойжетіп,кезегімен күйеуге шығып,жан -жаққа кетіп,аналары жалғыз қалыпты.

Көп жылдар өткен соң аналары қартайып,ауырып жатып қалады.

Қатты ауырған әйел жақын маңдағы орманда тұратын сары тиінді шақырып,өтініш жасайды:

-Тиін,тиін,маған қыздарымды шақырып берші!

Сары тиін қыздарды іздеп кетеді.Тиін үлкен қыздың үйіне келіп,терезесін қағады:

-Аналарың қатты ауырып жатыр,тез жет!- дейді оған сары тиін.

-Әттеген- ай!Мен барар едім,бірақ мына екі тегешті тазалауым керек,-деп алдындағы тегештерді көрсетеді.

Анаңнан саған тегештер қымбат болғаны ма? -деп тиін ашуланады.Олай болса,әрқашанда тегештерден айырылмай жүр!

Тиын осы сөзді айтқаны сол екен,қос тегеш қыздың үстіне жабысып,үлкен тасбақаға айналдырып жібереді.

Сиқыршы сары тиін әйелдің ортаншы қызына барды:

- Аналарың қатты ауырып жатыр,тез жет!дейді.

- Кап!Мен қазір ақ барар ем.Бірақ жәрмеңкеге әдемі тоқыма дайындап үлгіруім қажет, деп ортаншы қызы жауап береді.

Ашуланған тиін:

-Саған анадан тоқыма қымбат болса,өмір бойы тоқыа тоқы ,-деп өрмекшіге айналдырып жібереді.

Сиқырылы сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай,ренжіп үшінші кенже қызына келеді:

-Анаң қатты ауырып жатыр,тез жет!деп сары тиіннің айтқаны сол еді,кіші қызы илеп жатқан нанын қоя салып,былғанған қолымен ансына жүгіріп кетеді.

-Сенің жүрегің қандай жұмсақ!Саған да адамдар әрқашан қайрымды болсын!Өмірің ұзақ болсын!бақытты бол!Жасаған жақсылығың ұмытылмасын!Адамдар сені әрқашанда құрметтеп,жақсы көрсін! -деп тиін қызға алғысын білдіреді.


Жалаң аяқ бақташы


Ерте ,ерте ,ертеде бір бақташы өмір сүріпті.Өзі арыстай,алғырлығы барыстай,оның үстіне жас.Ыстықтан да,суықтан да қаймықпайды.Қысы-жасы жалаң жейде ғана киіп ,жалаңаяқ жүре беретін болыпты.Ән салса,ел тыңдаудан жалықпайды екен.

Ауылының да тұрған жері әдемі болса керек .Адамдары ауру сырқаудың не екенін білмепті.Аш-жалаңаш,жұт-мұт дегеннен бей хабар .Жері шырайлы ,шөбі шұрайлы,малы,әрейне семіз болыпты.

Міне,осылай,асып-тасып ,күліп-ойнап жүре берер ме еді,қайтер еді,ойламаған жерден шауыпты.Басқыншылардың басшысы халықты жинап алып ,былай депті:

-Біздер жауыз жандар емеспіз.Бекер қан төгіп керегі не?!Өзі арыстай, алғырлығы барыстай азаматтарын бар деп естідік.Сол біздің бір жауынгермен жұлысып көрсін!Біздің мықты женсе ,ауыл – аймақтарынды аламыз,бәрін тастап сіздер көшесіздер.С іздің мықты женсе,бұл жерге біз қайтып оралмаймыз!

Басқыншынікі,әрейне ,қулық ,жапан далада мал жайып жрүрген жалаңаяқ бақташы жеті қаруын түгел асынған жауынгер жігітке төтеп бере алмас деп сенеді.

Келесі күні жарқырап күн шыққаннан кейін екі мықты шайқасып бағады.Жат жұрттық жауынгер барын киініп ,бақаның қолына алып дегендей,үлде мен бүлдеге бөленіп,алтын дулығасын шекесіне қондырып,арғымақ атымен ойнақтап ортаға шығады.Ал екінші мықты найза орнына сойыл ұстап ,арғымақ орнына арық торысын мініп майдан алаңында тұрады.

Шайқас басталады.Тұла бойы тұрған болат әккі жауынгерге қарсы тұру оңай дейсің бе?-бір соққаннан –ақ жалаңаяқ бақташы аттан аунап түседі.Бірақ қас пен көздің арасында атып тұрып: «О,Жер –Ана! сен мені өз баландай асырап,өз баландай бағып-қағып ен.Енді мына басқыншының кеудесін басып жаншуға көмектесу!»деп жалбарынды .

Осы сөзді айтуы мұң екен,бақташының бойын күш кернеп ,қолдары қатайып ,екі аяғы сексеуілдің тамырындай сүреседі.

Енді екеуі қару-жарақсыз жекпе-жекке шығады.

Жат жұрттық жауынгердің етігі қалың былғарыдан-бұланның терісінен тігілген мықты ,бірақ табаны тайғанақ екен,кілем үстінде керемет көрінгенімен ,шық басқан шөп үстінде сырғанап тұрмайды,иек бірден жалп ете түседі.

Жеңіс бақташыға бұйырады.

Қимаса да ,келген жерлерін тастап ,басқыншылар тайып тұрады.

Жалаңаяқ батырдың үрім-бұтағы әлі де сол аймақта өмір сүріп жатыр.Немерелері де,шөберелері де ,тіпті шөпшектері де аталары сияқты жалаңаяқ.Сол жалаңаяқтары олар Жер –Анадан жеңіл емес күш алатының ата-аналары жақсы біледі.


Кітап сөзі


Ертеде бір баланың атын әке –шешесі өскен соң үлкен ғалым болсыншы деп Ғалымжан қойыпты.

Бәрақ Ғалымжан туғаннан жалқау болып өсіпті.Ұйқы оның ең бірінші досы еді.Ал еркелігінде шек жоқ.Дап-дардай болғанша өз қолымен тамақ ішпейді.мектепке 6 жасында емес,10жасында барады.Сонда да әке-шешесінің арқасынан түспейді.Қалқыған күйінде мектепке әкеліп тастайды.Ал сабақ біткен кезде партаға басын қойып,қорылдап ұйықтап жатқан оны көтеріп үйге жеткізеді.

Өзі балалардың ішінде түйедей үлкен болса да оқу да артта қалған еді.Алатыны тек»екілік».Ал әке-шешесі ата –аналар жиналысында бетінің нашарлайды.Олар төсек тартып жатып қалар болса,Ғалымжанды кім асырмақ?Осыны сезген жалқау:

-Апа,мен қайтсем жақсы оқимын?-дейді.

Сонда шешесі:

-Ұлым –ау, сен ылғи қойыныңа нан тығып жатасың.Кітабынды оқымасаң да басыңа жастап жатшы.Мүмкін ол саған бірнәрсе айтатын шығар.

Бала шешесінің айтқанын орындайды. Бір күн өтеді. Ғалымжан кітапты ары-бері төңкеріп көреді.Бірақ ол сол меңіреу қалпы.Екінші еүні осының ішінде бір сиқыр жатқан жоқ па деп парақтап көреді,бірақ кітап міз бақпайды.Үшінші күні: «сен де бір,қара тас та бір», - деп лақтырып тастамақ болған кезде,кенеттен кітап сөйлеп қоя берді.Өздерінің әріптері тышқандай майда болғанымен ,сөздері мірдің оғындай.

-Досым ,-дейді ол.-мен саған көп ертегі айтып берейін бе?

-Ия,-дейді қуанып кеткен Ғалымжан.Кітаптан мұндай жақсылық күтпеп еді.Бұл тек адамды азапқа салуға жаратылған нәрсе ғой деп ойлайтын.

-Ендеше тыңда,-дейді кітап құлаққа жағымды үнімен .Кітап ертегілері қызық екен.бұл бармаған жер ,араламаған ел қалмайды.Енді Ғалымжан ертегіден ертегі қоймай,жалықпай тындады.

-Рахмет, -деді кітапты тындап болған соң.-сен менің көзімді аштың .Енді мен басқа кітаптардың да нендей сиқыр барын көрейін.

Кітаптан кітап қоймай оқып ,дүние таным кеңи түсті.Енді бұнынын бас жағынан кітап түспейтін болды.Бәрі де ғажап !Бәрә де құпя сырларын аша түседі.Ең ақыры аяғы шешілмеген жұмбағы көп болыпкөрінет матиматикамен де неше кеш сырласты.

Сөйтіп ,аз күнде Ғалымжан сабақты жақсы оқитын болды.Оған таң қалмаған бала жоқ.

Тек Ғалымжан ұқпаған бір –ақ нәрсе болды.Ол әр кітапты ашқан сайын «Оқу мен еңбек-егіз»деген сөзге кезігетін .Мағынасын түсінгендей болғанымен ,мән бермейтін.Оқушының міндеті-сабақ оқу,жұмыста үлкендер істеуі керек деп есептейтін .Жылы үйде бұл сабақ оқып отырғанда ,қарт әке-шешесі де бүкшендеп қар күреп ,отын жарып жататын.Тіпті өзіне керекті кітап-қағаздарды алу үшін де дүкенге солар баратын «Бала жұмсап бір рақатқа батпадық-ау»,-деп күрсінеді қарттар белден талған сәтте.

Күндердің күнінде Ғалымжан мектеп бітіріп ,үлкен қалаға оқуға кетеді. «Бәлем көріңдер ендң менің кім екенімді!»-деп ойлайды.Әйтсе де үлкен шаһарда оқу оңайға түспейді.Үйдегідей тамағын мезгілінде ысытып ,алдына қойып отырар әке –шешесі жоқ.Кітапты да табаны тозық өзі іздеуге тура келеді екен. Сабағы күрт нашарлап, өзі әбден өзі жүдеп жадайды.

Күндердің күнінде Ғалымжан үйленеді.Бірақ оған сай ,жатып ішер біреу кездеседі. «Өзіңнен зор шықса ,екі көзін сондай шығар»деген Ғалымжан тамақ пісіріп,кір жуып,от жағып,күл шығарымен күні өтеді.Сондай да елжіреген ақ көңіл әке-шешесі есіне түсіп,әрдайым бармаған тістеп өкінумен болады.Осы жақсылығының ең болмаса бірі оларға жасасам ,қалай қуанған болар еді деп,ойлап мұңайды.

Сол кезде оның есіне кітаптың «Оқу мен еңбек –егіз »деген түседі.Санын соғып, «Ештен кеш жақсы»деп еңбек етуге кіріседі.

Еңбегі жанып, мәртебесі өседі.Ал оның атағын естіп әке-шешесі «Біздің баяғы қара теңтегіміз ақыл кіріп,адам болыпты»-дейді көздеріне жас алып.Сөйтіп ,Ғалымжан кітап сөзіне ден қойып,адам болған екен.

Ақылсыз өгіз


Баяғы бір өткен заманда кемпір мен шал болыпты.Олардың жалғыз сиырлары болыпты.Сиыр жылда бұзаулағанмен,бұзауы сүтке жарымай өліп қалады екен.

Бір күні сиырының бұзаулайтынын байқаған шал,кемпіріне, «кемпір,сен бұзаудың сүтін сауып алма,өзі емсін»- деп шалы кемпірін көндіреді.

Сүтке жарыған бұзау бұққа болып шығады.Өрісте ұсақ малдың ішінде өгіз ірі болып көрінеді.Бұны байқаған өгіз,ұсақ малдарды менсінбей,өзіне тең іздеп кетеді.Ол түйелерді кездестіріп,солармен жайылады.Түйелер,суға,ыстыққа шыдамды, ұзақ жолға шығып кетеді.Олармен ілісе алмаған өгіз шаршап шалдығады.Шаршаған өгіз олардан кетіп,келе жатса,алдарынан жылқылар шығады.

А....ааа...ааа менің теңім жылықы екен ғой! -деп қуанып жылқылармен өрісте жүреді.

«Жылқылар шауып,жиі орындарын аумастырады екен ғой» - деп ойланып тұрған да,оларға қасқырлар тап береді.Жылқылар қашып үлгіреді.Қасқырдың қамауына қалған өгіз.

Маған көмектесіңдерші!көмектесіңдерші! -деп айқайға салады.Өзінің ұсақ деп менсінбей кеткен өрісте жүреген достары таныс дауыс қой ,-деп ,көмекке келеді.

Ұялған өгіз не айтарын білмей төмен қарайды.

Оған достары,ұялма,сенің енді мұндай жаман істі қайталамайтыныңа сенміз депті.

Жеті қазынаның бірі


Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайратты – адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.


Мақта қыз бен мысық


Ерте, ерте, ертеде,Ешкі құйрығы келтеде,Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз:
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.
Әжей: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.

Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық:
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан:
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: Мақта қызбен қосылып « Қошақаным» әнін айтып береді.
Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.

Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмірсүрген екен.

Түйені көрсе, жылқы неге қалтырайды?


Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

-О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.

-Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

-Егер, - дейді жылқы, аяғым ұзын болса мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді...

-Жақсы, қалағаның болсын, - дейді күн жайраңдап, - сәл күте тұр.

Соны айтады да, күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді.

-Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? – деп сұрайды күн.

-Жоқ-жоқ... – дейді тілі күрмеліп.

-Ендеше жөніңе жүр, - дейді күн жылқыға, - саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс.

Содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсе бастады. Ал жылқы болса, түйені көрген сайын әлі күнге дейн денесі дір ете түсіп, қалтырай бастайды екен.

















Пайданылған әдебиеттер


1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу

бағдарламалары:

«Алғашқы қадам»,

«Зерек бала»,

«Біз мектепке барамыз»,

«Қарлығаш»

2. Отбасы және балабақша журналы 2008ж. №5

3.Бала мен балабақша журналы 2012ж. №10

4. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие

5. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.






56


Краткое описание документа:

«Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі»  Ы. Алтынсарин.    Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады. Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.     Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын.    Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. 
Автор
Дата добавления 11.06.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров22491
Номер материала 125136061104
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх