Презентация-игра для классного часа.
Игра направлена на сплочение классного коллектива.
Игра выполнена в формате детектива, в котором детям нужно будет выполнять задания, что раскрыть преступление. Игра отлично подойдёт для учеников 5-х классов.
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
1 слайд
№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп-лицейі Тақырыбы: Азоттың оттекті қосылыстары Сыныбы: 9“Ә” Пәні: Химия Пән мұғалімі: Жұманазарова Құралай
2 слайд
Мақсаты: Білімділік: Азоттың маңызды оттекті қосылыстары және олардың қосылыстары, қасиеттері, қолданылуы туралы білімдерін кеңейту, тереңдету. Тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру. Дамытушылық: - Негізгі, маңыздыларды ажырата білу дағдыларын дамыту; - Өткен материалды қорытындылауға және жүйелеуге үйрету; - Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; - Есте сақтау қабілетін дамыту; - Шығармашылық мүмкіндігін дамыту; - Есептер шығара білу , тестпен жұмыс жасай білу білігін қалыптастыру; Тәрбиелік: - Оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру; - Өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу; - Оқушының материалды меңгеруге саналы түрде жетуін қалыптастыру; - Экологиялық және экономикалық тәрбие беру. Көрнекілігі: Металдардың электрохимиялық кернеу қатары, мультимедиялық презентациялар, зертханалық құрал-жабдықтар, реактивтер: Cu , HNO3 , тест сұрақтары Пән аралық байланыс: Физика, биология, тарих, математика. Сабақтың типі: Жаңа білім беру Сабақтың түрі: Дәстүрлі Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі- иллюстративті, сұрақ-жауап, есептер шығару, зертханалық жұмыс, кестемен жұмыс,
3 слайд
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Балалар, сендер білесіңдер ме? Азот элементіне азот деген атауды кім ұсынды және «азот» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Азот - француз химигі А.Лавуазье қойған ат. Ол ауадан оттегіні бөліп алып, қалған бөлігіне тышқанды жіберген. Тышқан көп ұзамай өліп қалады. Сондықтан ауаның бұл бөлігін А.Лавуазье «тіршіліксіз ауа» деп атады. Кейіннен «азот» деген атауды ұсынды. Грекше «А» өзінен кейін тұрған сөзді теріс мағынаға шығарады, ал «зое» - тіршілік. Сонда азот – «тіршіліксіз ауа» деген мағынаны береді. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасы бойынша қойылатын сұрақтар: Аммиактың физикалық қасиетін сипаттаңдар. Аммиакты зертханада және өнеркәсіпте қандай қосылыстарынан және қандай әдістермен алады? Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар. Аммиактың химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, түсіндіріңдер. Аммоний тұздары қандай қосылыстар, қандай ерекше қасиеттері бар. Үйге берілген есептерді тексеру № 5 , 7 есептерді шығару
4 слайд
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Мына тұжырымның қайсысы аммиакқа сәйкес келмейді? 1. Аммиак- өткір иісті, суда жақсы еритін , түссіз газ. 2. Өнеркәсіпте аммиакты азот пен сутектен тікелей синтездеп алады. N2 + 3H2 ↔2NH3 ∆H0 = -92,4кДж 3. Осы реакция жүру үшін өршіткі ( МnO,P2O5), 10000С температура және 5*105 кПа қысым қолайлы жағдай болып табылады. 4. Лабораториялық жағдайда аммоний тұздарын сілтілермен қыздырып аммиак алады. 2NH4Cl + Ca(OH)2 = CaCl2 + 2NH3↑ + 2H2O 5. Азот атомындағы бөлінбеген электрон жұбы молекулаға протонның донорлы-акцепторлы механизм бойынша қосылуына жағдай жасайды да, оны бір зарядты катионға NH4+ айналдырады 6. Аммиактың судағы ерітіндісі- күшті негіздік қасиет көрсетеді. 7. Аммоний ионының құрамындағы азоттың тотығу дәрежесі - 4. 8. Аммоний тұздары кристалдық заттар, суда жақсы ериді және судағы ерітінділерінде иондарға толық диссоциацияланады: NH4Cl = NH4+ + Cl- 9. NH4+ катионы металдар сияқты ІІ валенттік көрсетеді. 10. Аммоний тұздарын негіздермен қосып қыздырғанда, аммиак бөлінеді, оны иісі бойынша анықтайды. Бұл аммоний ионына сапалық реакция: NH4Cl + NaOH = NaCl + NH3↑ + H2O
5 слайд
ІV. Жаңа сабақ Азот +1-ден +5-ке дейінгі барлық тотығу дәрежелерін көрсететін оксидтерді түзеді. N2O және NO- тұз түзбейтін газдар, N2O3 – сұйық зат, NO2 –қоңыр түсті, улы газ, N2O5- мөлдір түссіз кристалл. Практикалық жағынан маңыздылары азот ІІ және азот ІҮ оксидтері. №Азот оксидтеріNO – азот (ІІ) оксидіNO2 – азот (ІҮ) оксиді 1Физикалық қасиеттеріТүссіз, иіссіз, суда ерімейдіҚоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, суда жақсы ериді 2Химиялық қасиеттеріТұз түзбейтін оксид Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш Қышқылдық оксид. Тотықсыздандырғыш, тотықтырғыш қасиеті басым. 2NO2 + H2O(салқын) = HNO3 + NO 4NO2 +O2 + 2H2O = 4HNO3 (жарық) 3ЕрекшеліктеріОңай тотығады 2NO + O2 = 2NO2 ∆H0 = - 123кДжОңай димерленеді 2NO2 ↔ N2O4 4АлынуыӨнеркәсіпте: N2 + O2 = 2NO (20000C, кат Pt, MnO2) Зертханада: 3Cu + 8HNO3 = 3Cu(NO3)2 + 2NO + 4H2O сұйылтӨнеркәсіпте: 2NO + O2 = 2NO2 Зертханада: Cu + 4HNO3 = Cu(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O конц
6 слайд
Азот қышқылы - HNO3 Құрылысы: Азот қышқылы- өткір иісті, түссіз сұйықтық (ρ= 1,52г/мл).Өте ылғал тартқыш. Сақтаған кезде жылудың және жарықтың әсерінен азот қышқылы ыдырап, сарғыштау тартады. 4HNO3 = 4NO2↑ + 2H2O + O2↑ Азот қышқылы күшті тотықтырғыш. Қышқылдардың барлық қасиеттеріне ие болумен қатар өзіне тән қасиеттері бар. Ол электрохимиялық кернеу қатарында алтын мен платинадан басқа барлық металдарды ерітеді. Азот қышқылы сұйылтылған күйінде де тотықтырғыш болып табылады. Сондықтан сұйылтылған азот қышқылының ерітіндісімен кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар әрекеттескенде сутек бөлінбейді. Металдармен әрекеттескенде тотықсыздану өнімдері тотықсыздандырғыштың табиғатына және азот қышқылының концентрациясына тәуелді.
7 слайд
Концентрлі азот қышқылы Сұйылтылған азот қышқылы Концентрациясы әртүрлі азот қышқылының белсенділігі әртүрлі металдармен әрекеттесуі Cu + 4HNO3 (конц.) = Cu(NO3)2 + 2NO2↑ + 2H2O 3Cu + 8HNO3 (сұйылт.) = 3Cu(NO3)2 + 2NO↑ +4H2O 4Zn + 10HNO3 (өте сұйылт.) = 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O 4Mg + 10HNO3 (сұйылт.) = 4Mg(NO3)2 + N2O ↑ + 5H2O
8 слайд
Нитраттардың ыдырауы 2 KNO3 = 2 KNO2 + O2↑ 2Pb (NO3)2 = 2 PbO + 4NO2↑ + 3O2↑ 2 AgNO3 = 2Ag + 2NO2↑ + O2↑ Li K Ba Ca Na Mg Al Mn Zn Cr Fe Co Ni Sn Pb (H) Cu Hg Ag Pt Au Металл нитриті + О2 Металл оксиді + NO2 + O2Металл + NO2 + O2
9 слайд
V. Бекіту 1 – тапсырма. «Азот және оның маңызды қосылыстары» АтауыМолек. формуласыАзоттың тотығу дәрежесіХимиялық реакцияларда ....Физикалық қасиеттері Т-т-шТ-с-шиісітүсіагрегат. күйі Азот Аммиак Азот (ІІ) оксиді Азот (ІҮ) оксиді Азот қышқылы
10 слайд
«Азот және оның маңызды қосылыстары» АтауыМолек. формуласыАзоттың тотығу дәрежесіХимиялық реакцияларда ....Физикалық қасиеттері Т-т-шТ-с-шиісітүсіагрегат. күйі Азот N20++--Газ Аммиак NH3-3-++-Газ Азот (ІІ) оксиді NO+2++--Газ Азот (ІҮ) оксиді NO2+4++++Газ Азот қышқылы HNO3+5+-+-Сұйық
11 слайд
2 – тапсырма. Дұрыс жауабын тап! HNO3(конц) + СuHNO3(10%) + Mg HNO3(сұйылт) + СuHNO3(20%) + Mg HNO3(3%) + MgHNO3(конц) + P2 O5
12 слайд
VI. Үйге тапсырма § 8.12 №2, №3 есептер Реферат «Селитралардың қоршаған ортаға әсері»
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Урок по химий для 9 класса «Азоттың оттекті қосылыстары» Мақсаты: Білімділік: Азоттың маңызды оттекті қосылыстары және олардың қосылыстары, қасиеттері, қолданылуы туралы білімдерін кеңейту, тереңдету. Тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру. Дамытушылық: - Негізгі, маңыздыларды ажырата білу дағдыларын дамыту; - Өткен материалды қорытындылауға және жүйелеуге үйрету; - Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; - Есте сақтау қабілетін дамыту; - Шығармашылық мүмкіндігін дамыту; - Есептер шығара білу , тестпен жұмыс жасай білу білігін қалыптастыру; Тәрбиелік: - Оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру; - Өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу; - Оқушының материалды меңгеруге саналы түрде жетуін қалыптастыру; - Экологиялық және экономикалық тәрбие беру. Көрнекілігі: Металдардың электрохимиялық кернеу қатары, мультимедиялық презентациялар, зертханалық құрал-жабдықтар, реактивтер: Cu , HNO3 , тест сұрақтары Пән аралық байланыс: Физика, биология, тарих, математика. Сабақтың типі: Жаңа білім беру Сабақтың түрі: Дәстүрлі Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі- иллюстративті, сұрақ-жауап, есептер шығару, зертханалық жұмыс, кестемен жұмыс,
7 364 360 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Алтынбекова Сауле Алтынбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 350 841 материал из нашего маркетплейса.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.