76146
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокИнформатикаРабочие программыIBM PC АШЫҚ ТҮРДЕГІ АРХИТЕКТУРАЛЫ КОМПЬЮТЕРІ

IBM PC АШЫҚ ТҮРДЕГІ АРХИТЕКТУРАЛЫ КОМПЬЮТЕРІ

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

IBM PC АШЫҚ ТҮРДЕГІ АРХИТЕКТУРАЛЫ КОМПЬЮТЕРІ


Қарапайым тiптi жұпыны деуге болатын "Альтаирдан" жетiлген "Эппл II" компьютерiне дейiн бар болғаны 4 жыл өтіп нарық жылдам даму үстiнде болатын. Бұл саланың дамуын қырағы қадағалап отырған үлкен компьютерлер шығарумен айналысатын "Ай-Би-Эм" компаниясы әрі-берiден соң өздерi де осы нарыққа кiруге бел байлады. Аты аңызға айналған “Ай-Би-Эм” өзiнiң алғашқы компьютерiн шығару уақытын мейлiнше қысқарту үшiн нарықта бар “Интел” компаниясының 8086 микропроцессорының негiзiнде жасауды көздедi. Ал бұған қоса өздерi жобалаған компьютерге операциялық жүйенi де сенiмдi фирмаға тапсырмақ болды. Осылайша "Майкрософт" компаниясын миллиардер компанияға айналдырған “Ай-Би-Эм” мен "Майкрософт" арасындағы келiсiмге 1980 жылы 6 қарашасында қол қойылды.

Ал бұл компьютер тәуелсіз дайындалған бөлшектерден жиналып және оның бір-бірімен қалай байланысқанын да құпия етіп ұстамаған ашық архитектуралы дербес компьютер болатын. Ал мұның ашықтығы дербес компьютерлердің дамуына орасан әсер етті.

Мұндай компьютерлерді басқа компаниялар да шығара бастады, сөйтіп өзара бәсекенің арқасында оның бағасы арзандады.

Тіпті қазір осының арқасында кез келген дербес компьютерді пайдаланушы өз компьютерін әртүрлі бөлшектермен толықтырып жетілдіре алатындай болы (апгрейд).

Келесі буындағы машиналар оптика-электрондық құрылғылармен жабдықталмақ. Мұнда информация тасушы электрондар емес, фотондар, квант сәулелері — нақты айтқанда — лазер сәулесі. Сәуленің жылдамдығы 300 000 км/сек. екендігі бәрімізге мәлім, ендеше электронды-есептеу машиналарына информация жазу жылдамдығы да сәуле жылдамдығындай болу қажет. Бұл машина да сондай жылдамдықпен амал орындай алады деген сөз. Ол ол ма, электронды-есептеу машиналарының есте сақтау құрылғысына жазылатын информацияның размері де сәуле толқынының ұзындығының размеріндей болады. Олай болса, машинада сақталатын информацияның саны туралы сөз ету артық болар еді. Яғни, сәуленің көмегімен әр информацияның размерін қалауымызша үлкейтіп немесе кішірейтіп пайдалануға болады. Бұл электронды-есептеу машиналарында керекті информация оның коды немесе шифры арқылы емес, бейнесін салыстыру арқылы табылады (мысалы, фото-сурет, т. б.). Жарық сәулелік электронды-есептеу машиналарының көлемі де шағын, әрі секундына миллиардтаған амал орындай алмақ. Иә, бұл есептеу машиналарының мүмкіндігі зор.

Молекулярлық электронды-есептеу машиналарын жасау жоспарланып отыр. Олардың элементтерінің активтік қасиеттері қазіргі машиналардың элементтеріне қарағанда миллиард есе, ал амал орындау жылдамдығы 1000 есе артық болмақ.

Молекулярлық электронды-есептеу машиналарында машина жұмысын бір жағдайдан екінші жағдайға ауыстыру үшін молекулалар пайдаланылады. Мысалы, Миссисипи университетінде молекула негізінде жасалған диодтар активтік электрондар (берілетін) мен пассивтік (жойылатын) электрондар арасындағы көпір ретінде қолданылады.

Қазіргі кезде Макс Планк атындағы Геттинген (ФРГ) институтында өте жұқа пленкалар жасау мәселесі қолға алынуда. Бұл пленкалардың көмегі арқылы бесінші буындағы электронды-есептеу машиналарының оптикалық; ауыстырғыштарын жасауға болады. Ал Массачусетс технологиялық институтында (АҚШ) электронды-есептеу машиналарының молекулярлық микросхемаларын жасау мәселесі зерттелуде. Міне, осы құрылғылар негізінде мамандар молекулярлық электронды-есептеу машиналарын жасауға болады деп санайды. Бұл жобадағы электронды-есептеу машиналары ғалымдардың айтуына қарағанда, көлемі жағынан өте кіші, әрі төзімді, ал жұмыс істеу мүмкіндігі зор болмақ.

Бесінші буындағы машиналар жасау — бүгінгі күні барлық елдердің алдында тұрған үлкен проблеманың бірі. Мысалы, Жапонияда бесінші буындағы машина жасаудың он жылға арналған жоспары жасалынған. Жоспар үш сатыдан тұрады. Онын бірінші сатысы үш, екінші сатысы төрт, ал үшінші сатысы үш жылға жоспарланған. Бұл жоспар бойынша сегіз бағытта жұмыс атқарылуы қажет. Басты бағыт—микросхемалар арқылы жұмыс атқаратын электронды-есептеу машиналарын жасау болып табылады. Мұндай машиналар 1985—1986 жылдары жасалды.

Келесі буындағы машиналарды жасауға қазіргі өндірісте пайдаланылып жүрген электронды-есептеу машиналарының кейбір принциптері мен құрылғыларының пайдаланылуы сөзсіз. Қазірдің өзінде өндірістегі машиналар негізінде есте сақтау құрылғысының сыйымдылығы 4 миллионная 16 миллионға дейін жететін 40 разрядты сөз сиятын машиналар жасала бастады. Бұған мысал ретінде 1983 жылдың ноябрь айында Жапонияның Токио университетінің жобасы бойынша «Хитачи» фирмасы жасаған еңбек өнімділігі өте жоғары «8 = 810/20» электронды-есептеу машинасын алуға болады. Бұл есептеу машинасы секундына 630 миллион арифметикалық амал орындай алады.

Біз жоғарыда сәуле, молекула және микросхемалар негізінде жасалып жатқан машиналар жөнінде қысқаша тоқталып өттік. Болашақта биологиялық машина жасау жөнінде де идея бар. Егер бұл идея іске асатын болса, онда мұндай электронды-есептеу машиналарының, информация тасушылары белоктар болатындығы сөзсіз.

Қазіргі кезде компьютерлердің дамығаны соншалықты тіпті тактилдік (қолды сезінетін) компьютерлер жасалына басталады. ал адамның даусынан сөзді естіп оны монитордан көру де дами бастады. Мүмкін таяу арада клавиатура деген не еді, тәйірі дейтін де шығармыз.




Краткое описание документа:
IBM PC АШЫҚ ТҮРДЕГІ АРХИТЕКТУРАЛЫ КОМПЬЮТЕРІ   Қарапайым тiптi жұпыны деуге болатын «Альтаирдан» жетiлген «Эппл II» компьютерiне дейiн бар болғаны 4 жыл өтіп нарық жылдам даму үстiнде болатын. Бұл  саланың дамуын қырағы қадағалап отырған үлкен компьютерлер шығарумен айналысатын «Ай-Би-Эм» компаниясы әрі-берiден соң өздерi де осы нарыққа кiруге бел байлады. Аты аңызға айналған “Ай-Би-Эм” өзiнiң алғашқы компьютерiн шығару уақытын мейлiнше қысқарту үшiн нарықта бар “Интел” компаниясының 8086 микропроцессорының негiзiнде жасауды көздедi. Ал бұған қоса өздерi жобалаған компьютерге операциялық жүйенi де сенiмдi фирмаға тапсырмақ болды. Осылайша «Майкрософт» компаниясын миллиардер компанияға айналдырған “Ай-Би-Эм” мен «Майкрософт» арасындағы келiсiмге 1980 жылы 6 қарашасында қол  қойылды. Ал бұл компьютер тәуелсіз дайындалған бөлшектерден жиналып және оның бір-бірімен қалай байланысқанын да құпия етіп ұстамаған ашық архитектуралы дербес компьютер болатын. Ал мұның ашықтығы дербес компьютерлердің дамуына орасан әсер етті. Мұндай компьютерлерді басқа компаниялар да шығара бастады, сөйтіп өзара бәсекенің арқасында оның бағасы арзандады. Тіпті қазір осының арқасында кез келген дербес компьютерді пайдаланушы өз компьютерін әртүрлі бөлшектермен толықтырып жетілдіре алатындай болы (апгрейд). Келесі буындағы машиналар оптика-электрондық құрылғылармен жабдықталмақ. Мұнда информация тасушы электрондар емес, фотондар, квант сәулелері — нақты айтқанда — лазер сәулесі. Сәуленің жылдамдығы 300 000 км/сек. екендігі бәрімізге мәлім, ендеше элек­тронды-есептеу машиналарына информация жазу жылдамдығы да сәуле жылдамдығындай болу қажет. Бұл машина да сондай жылдамдықпен амал орындай алады деген сөз. Ол ол ма, электронды-есептеу машиналарының есте сақтау құрылғысына жазылатын информацияның размері де сәуле толқынының ұзындығының размеріндей болады. Олай болса, машинада сақталатын информацияның саны туралы сөз ету артық болар еді. Яғни, сәуленің көмегімен әр информацияның размерін қалауымызша үлкейтіп немесе кішірейтіп пайдалануға болады. Бұл электронды-есептеу машиналарында керекті информация оның коды немесе шифры арқылы емес, бейнесін салыстыру арқылы табылады (мысалы, фото-сурет, т. б.). Жарық сәулелік электронды-есептеу машиналарының көлемі де шағын, әрі секундына миллиардтаған амал орындай алмақ. Иә, бұл есептеу машиналарының мүмкіндігі зор. Молекулярлық электронды-есептеу машиналарын жасау жоспарланып отыр. Олардың элементтерінің активтік қасиеттері қазіргі машиналардың элементтеріне қарағанда миллиард есе, ал амал орындау жылдамдығы 1000 есе артық болмақ. Молекулярлық электронды-есептеу машиналарында машина жұмысын бір жағдайдан екінші жағдайға ауыстыру үшін молекулалар пайдаланылады. Мысалы, Миссисипи университетінде молекула негізінде жасалған диодтар активтік электрондар (берілетін) мен пассивтік (жойылатын) электрондар арасындағы көпір ретінде қолданылады. Қазіргі кезде Макс Планк атындағы Геттинген (ФРГ) институтында өте жұқа пленкалар жасау мәселесі қолға алынуда. Бұл пленкалардың көмегі арқылы бесінші буындағы электронды-есептеу машиналарының оптикалық; ауыстырғыштарын жасауға болады. Ал Массачу­сетс технологиялық институтында (АҚШ) электронды-есептеу машиналарының молекулярлық микросхемаларын жасау мәселесі зерттелуде. Міне, осы құрылғылар негізінде мамандар молекулярлық электронды-есептеу машиналарын жасауға болады деп санайды. Бұл жобадағы электронды-есептеу машиналары ғалымдардың айтуына қарағанда, көлемі жағынан өте кіші, әрі төзімді, ал жұмыс істеу мүмкіндігі зор болмақ. Бесінші буындағы машиналар жасау — бүгінгі күні барлық елдердің алдында тұрған үлкен проблеманың бірі. Мысалы, Жапонияда бесінші буындағы машина жасаудың он жылға арналған жоспары жасалынған. Жоспар үш сатыдан тұрады. Онын бірінші сатысы үш, екінші сатысы төрт, ал үшінші сатысы үш жылға жоспарланған. Бұл жоспар бойынша сегіз бағытта жұмыс атқарылуы қажет. Басты бағыт—микросхемалар арқылы жұмыс атқаратын электронды-есептеу машиналарын жасау болып табылады. Мұндай машиналар 1985—1986 жылда­ры жасалды. Келесі буындағы машиналарды жасауға қазіргі өндірісте пайдаланылып жүрген электронды-есептеу машиналарының кейбір принциптері мен құрылғыларының пайдаланылуы сөзсіз. Қазірдің өзінде өндірістегі машиналар негізінде есте сақтау құрылғысының сыйымдылығы 4 миллионная 16 миллионға дейін жететін 40 разрядты сөз сиятын машиналар жасала бастады. Бұған мысал ретінде 1983 жылдың ноябрь айында Жапонияның Токио университетінің жобасы бойынша «Хитачи» фирмасы жасаған еңбек өнімділігі өте жоғары «8 = 810/20» электронды-есептеу машинасын алуға болады. Бұл есептеу машинасы секундына 630 миллион арифметикалық амал орындай алады. Біз жоғарыда сәуле, молекула және микросхемалар негізінде жасалып жатқан машиналар жөнінде қысқаша тоқталып өттік. Болашақта биологиялық машина жасау жөнінде де идея бар. Егер бұл идея іске асатын болса, онда мұндай электронды-есептеу машиналарының, информация тасушылары белоктар болатындығы сөзсіз.      
Общая информация

Номер материала: 125950061214

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Табличный процессор MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Облачные технологии в образовании»
Курс «Фирменный стиль» (Corel Draw, Photoshop)
Курс «Оператор персонального компьютера»
Курс «WEB-ВЕРСТКА (HTML, CSS)»
Курс профессиональной переподготовки «Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование компьютерных технологий в процессе обучения в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс профессиональной переподготовки «Управление в сфере информационных технологий в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания дисциплины «Информационные технологии» в условиях реализации ФГОС СПО по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Современные языки программирования интегрированной оболочки Microsoft Visual Studio C# NET., C++. NET, VB.NET. с использованием структурного и объектно-ориентированного методов разработки корпоративных систем»
Курс повышение квалификации «Применение интерактивных образовательных платформ на примере платформы Moodle»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.