Инфоурок Химия ПрезентацииУдивительная структурированная вода и проблема питьевой воды

Удивительная структурированная вода и проблема питьевой воды

Скачать материал
Скачать материал "Удивительная структурированная вода и проблема питьевой воды"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • ТАҚЫРЫБЫ: Таңғажайып құрылымды ауыз суы және ауыз су проблемасы Дайындаған: А...

    1 слайд

    ТАҚЫРЫБЫ: Таңғажайып құрылымды ауыз суы және ауыз су проблемасы Дайындаған: Абызбекова Г.М. Химия және экология кафедрасы

  • Су дегеніміз не? Ғалымдар судың физикалық және химиялық қасиеттерін көптен бе...

    2 слайд

    Су дегеніміз не? Ғалымдар судың физикалық және химиялық қасиеттерін көптен бері зерттеп келеді. Оның біздің планетамыздағы басқа сұйықтықтардан ерекшелігі - біруақытта үш агрегаттық күйде (сұйық, газ, қатты) бола алатын жалғыз зат. Ал тығыздығы минустық температурада ұлғайып, нөлден жоғары кезде азаюын осы күнге дейін ешбір ғалым түсіндіріп бере алған жоқ. Кез келген зат қатқанда сығылады, ал су, керісінше, ісінеді. Судың химиялық құрамы - H2O. Су - жер бетіндегі тіршіліктің негізі

  • Суды зерттеу Қарапайым адам түгілі, бүкіл саналы ғұмырын суды зерттеуге арнағ...

    3 слайд

    Суды зерттеу Қарапайым адам түгілі, бүкіл саналы ғұмырын суды зерттеуге арнаған ғалымдардың өзі су туралы әлі ештеңе білмейтіндерін мойындаған. Қаншама ғасырлар бойы судың физика-химиялық қасиеттерімен бас қатырып жүрген оқымыстылар бар гәптің судың қасиеттерінде емес, құрылымда екеніне көз жеткізіп отыр

  • Суды зерттеу тарихы 1976 жылы бір топ ғалым таңғаларлық гипотеза жасады. Олар...

    4 слайд

    Суды зерттеу тарихы 1976 жылы бір топ ғалым таңғаларлық гипотеза жасады. Олардың ойынша, судың жады (память) бар! Кәдімгі сіз бен біздің немесе компьютердің жады сияқты. Мейлі қалай елестетсеңіз де, бірақ әлемнің түкпір-түкпірінде жасалған эксперименттердің дәлелдеуінше, кез келген мөлшердегі су сол жердегі барлық ақпараттарды өз жадына сақтап отырады. Бұл процеске судың химиялық құрамы мүлде қатыспайды. Ең негізгі жұмысты судың молекулалық құрылымы атқарады.

  • Судың құрылымы Судың кішкентай ғана молекулаларынан құралған топ кластер деп...

    5 слайд

    Судың құрылымы Судың кішкентай ғана молекулаларынан құралған топ кластер деп аталады. Дәл осы кластерлер, яғни су жадының ұяшықтары, барлық «көрген», «естіген», «сезген» ақпараттарын үнтаспаға жазып алғандай сақтап қалады. Молекулалар өзара байланысып келіп құрайтын әр ұяшықта 440 мыңға жуық ақпараттық тақташалар болады екен. Өз кезегінде осы тақташалар сыртқы ортамен жеке-жеке байланысқа түсіп, онда болып жатқан әрбір өзгерісті қалт жібермей «тіркеп» отырады.

  • Судың құрылымы

    6 слайд

    Судың құрылымы

  • Пенсильвания университетнің профессоры Рустум Ройдың айтуынша, кластердегі мо...

    7 слайд

    Пенсильвания университетнің профессоры Рустум Ройдың айтуынша, кластердегі молекулалар өзара орын ауыстырып немесе біреуінің орнына жаңадан біреуі келіп, кластерді үздіксіз жаңартып отыра алады. Соның нәтижесінде судың жадындағы ақпараттар миллиондаған жылдар бойы сақталып тұрады. Молекулалар құрылымын судың әліпбиі деп қарастырса, сол әріптерді құрастыра отырып, онда жазылған ақпаратты оқуға болар еді.

  • Профессор Константин Коротковтың зертханасында жасалған тәжірибеде шыны ыдысқ...

    8 слайд

    Профессор Константин Коротковтың зертханасында жасалған тәжірибеде шыны ыдысқа құйылған суды қоршай тұрған бір топ адам сол суға тек мейірім мен махаббатын, алғыс пен шапағатын сыйлаған. Ал екінші ыдыстағы суға дәл сол адамдар қарғысын жаудырып, өшпенділік пен кекшілдік танытқан. Нәтижесінде бірінші ыдыстағы судың энергетикалық құндылығы артып, табиғи тұрақтылығы күшейе түссе, екінші ыдыстағы су керісінше күйге душар болған.

  • Тұрғындар мыңдаған жерден құбырлардан аяусыз айдалып, небір қуатты сүзгілерде...

    9 слайд

    Тұрғындар мыңдаған жерден құбырлардан аяусыз айдалып, небір қуатты сүзгілерден өткізіліп, жол ортада қаншама пәтерлерден жаман сөздер мен қатерлі ақпараттар жинап, молекулалық құрылымы шегіне дейін бұзылып, әбден «өлуге» таяп жеткен суды пайдалануға мәжбүр. Осының өзі адамның денсаулығына кері әсер етіп, ағзаларын бүлдіреді. Сонымен қатар, олардың мінез-құлқына да белгілі дәрежеде зиянын тигізеді.

  • Әр адамның жас мөлшеріне қарай денесіндегі су қатынасы 70-90%-ды құрайды. Күн...

    10 слайд

    Әр адамның жас мөлшеріне қарай денесіндегі су қатынасы 70-90%-ды құрайды. Күн сайын әр адам 2,5 литр су ішеді, тағы 1,5 литрін душ немесе ваннаға шомылу кезінде терісі арқылы қабылдайды. Енді өзіңіз ойлаңыз, жер шары су құйылған ең үлкен ыдыс, ал әртүрлі тіршілік иелері мөлшеріне қарай су толтырылған үлкенді-кішілі тостағандар. Сол судың құрылымы қандай болса, тостағанның, яғни, адамның болашағы да сондай болмақ. Өйткені ағзадағы су сырттан келген әрбір ақпаратты еріксіз түрде өз бойына қабылдап, сақтап отырады.

  • 1995 жылы Жапония ғалымы Эмото Масару жеке-жеке ыдыстағы суларға әртүрлі музы...

    11 слайд

    1995 жылы Жапония ғалымы Эмото Масару жеке-жеке ыдыстағы суларға әртүрлі музыка тыңдатқан. Іле-шала сол тостақтардағы суды қатырып, олардың әрқайсысының молекулалық құрылымдарын микроскоп арқылы көрген. Сол кезде Бах, Моцарт, Бетховен сынды классиктерді тыңдаған судың молекулалары симметриялық кристалл күйде қатқан, ал қазіргі жастардың өліп-өшіп тыңдайтын поп, рок сияқты музыкаларын естіген су молекулаларының кристалды құрылымы адам танымастай болып өзгеріп, қорқынышты форма қабылдаған.

  • 1-сурет. Ешқандай әсер берілмеген су кристалдары; 2-сурет. Бұлақ суы; 3-сурет...

    12 слайд

    1-сурет. Ешқандай әсер берілмеген су кристалдары; 2-сурет. Бұлақ суы; 3-сурет. Антарктикалық мұз кристалдары; 4-сурет. Бетховен музыкасын тыңдаған су кристалдары;

  • 5-сурет. Ауыр металл рок музыканы тыңдаған су кристалдары; 6-сурет. «Сен жынд...

    13 слайд

    5-сурет. Ауыр металл рок музыканы тыңдаған су кристалдары; 6-сурет. «Сен жынды» деген сөзбен әсер еткен су кристалдары; 7-сурет. «Сен періштесің» сөзі айтылған су кристалдары; 8-сурет. «Сен перісің» сөзі айтылған су кристалдары;

  • 9-сурет. «Мынаны жаса» деген өтініш сөзі айтылған су кристалдары; 10-сурет. «...

    14 слайд

    9-сурет. «Мынаны жаса» деген өтініш сөзі айтылған су кристалдары; 10-сурет. «Мынаны жаса» деген бұйрық сөзі айтылған су кристалдары; 11-сурет. «Сен мені жалықтырдың, мен сені өлтірем!» деген сөз айтылған су кристалдары; 12-сурет. «Махаббат пен алғыс» сөзімен электромагниттік сәуле алған су; 13-сурет. Токиодағы Шинагавадағы су құбырының суының кристалдары; 14-сурет. Дәл сол су, жақсы сөздер айтылған су; 15-сурет. Өзен су кристалдары; 16-сурет. Дұға оқылған су кристалдары;

  • 17-сурет. «Махаббат пен алғыс» сөзі ағылшын тілінде айтылған су кристалдары;...

    15 слайд

    17-сурет. «Махаббат пен алғыс» сөзі ағылшын тілінде айтылған су кристалдары; 18-сурет. «Махаббат пен алғыс» сөзі жапон тілінде айтылған су кристалдары; 19-сурет. «Махаббат пен алғыс» сөзі неміс тілінде айтылған су кристалдары;

  • 20-сурет. Сол жағында- түймедақ өсімдігі, оң жағында- сәйкес кристалдық су; 2...

    16 слайд

    20-сурет. Сол жағында- түймедақ өсімдігі, оң жағында- сәйкес кристалдық су; 21-сурет. Сол жағында- укроп өсімдігі, оң жағында- сәйкес кристалдық су;

  • Бұл эксперимент шынайы өмірде де кезігеді. Мысалы, классикалық немесе ұлттық...

    17 слайд

    Бұл эксперимент шынайы өмірде де кезігеді. Мысалы, классикалық немесе ұлттық нақыштағы концертті тамашалап шыққан адамдар неге кеудеге толы әдемі әсермен үйлеріне тыныш оралады да, жын-жыпырдың шайтани музыкасын тыңдап шыққандар қызыл кеңірдек болып төбелеспей тарқамайды. Әрине бұны жастықтың әсері деп жылы жауып қоя салуға болады, бірақ, түптеп келгенде, мұның ағзадағы су құрылымының бұзылуы екенін ғылым дәлелдеп отыр.

  • Жылдан-жылға табиғат апаттарының көбейе түсуі, сонымен қатар, жаппай қирату к...

    18 слайд

    Жылдан-жылға табиғат апаттарының көбейе түсуі, сонымен қатар, жаппай қирату күшінің де ұлғая беруі бүкіл жер бетіндегі су қорының құрылымы бұзыла бастағанын білдіретіндей. Соңғы жылдарда Гольфстрим тереңіндегі суық ағыстың температурасы бір градусқа төмендеген. 9 жылдан бері Гренландия мұздықтарының еруі үш есеге артты. Соңғы 30 жылда дауылдардың күші екі есеге ұлғайды. 1973 пен 1982 жылдар аралығында әлем бойынша мың жарым рет табиғи апат болса, 1983-1992 жылдарда бұл көрсеткіш 3500-ге жеткен. Ал 1993 жылдан 2002 жылға дейін 6 мыңнан асып түскен!

  • Дәл қазір бір миллиардтан астам адам таза ауыз суға зар болып отыр. Жыл сайын...

    19 слайд

    Дәл қазір бір миллиардтан астам адам таза ауыз суға зар болып отыр. Жыл сайын ауыз судың сапасыздығы салдарынан 5 млн. адам ауырып қаза табады, ал оның жартысынан көбі бейкүнә сәбилер. Саясаткерлердің пайымдауынша, ХХІ ғасырдың ең ірі қақтығысы мұнай үшін емес, дәл осы су мәселесі салдарынан болуы әбден мүмкін.

  • Адам өміріндегі су Адам өз тіршілігінде сумен үнемі байланыста болады. Суды е...

    20 слайд

    Адам өміріндегі су Адам өз тіршілігінде сумен үнемі байланыста болады. Суды екі үлкен топқа бөлуге болады: ішетін ауыз суы (тағамдық); техникалық су (шаруашылық-тұрмыстық).

  • Біздің қандай сападағы суды ішіп отырғандығымыз маңызды. Судың сапасына оның...

    21 слайд

    Біздің қандай сападағы суды ішіп отырғандығымыз маңызды. Судың сапасына оның минералдық құрамы, ластануы, құрылымы жатады Үнемі пайдалану және тамақ дайындау кезінде жалпы минералдығы 0,5-1 г/литр дейінгі су қажет. Бірақ емдік мақсаттармен жоғары тұзды минералды суларды шекті мөлшерде пайдаланған пайдалы.

  • Таза ауыз су проблемасы Арал өңірінде ауыз-су проблемасы, халықты таза ауыз с...

    22 слайд

    Таза ауыз су проблемасы Арал өңірінде ауыз-су проблемасы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі де қиын мәселелердің бipi  болып табылады. Үкімет, облыс тарапынан осы мәселені шешу жолында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен облыс тұрғындарының тұрмыс, өмір сүру жағдайлары, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы осы проблемаға тікелей байланысты болып отыр.

  • Ауыз су проблемасы Бәрімізге белгілі лас ауыз-су инфекциялық аурулардың нeгіз...

    23 слайд

    Ауыз су проблемасы Бәрімізге белгілі лас ауыз-су инфекциялық аурулардың нeгізгі көзі екендігі. Бүгінгі күні облыста, сары ауру (гепатит), қан қысымы ауруларының кебеюі байқалады, осының бәpi су құрамының тұздануының қалыпты шектеулі жағдайдан көбейіп кетуінен туындаған жағдай. Жүргізілген зерттеулер бойынша ауыз-су құрамында шектеулі мөлшерден темір 1,8 есе, сульфат 3 есе, фенол, гексохлоран, метанол, жер асты суы кермектігі 2-2,5 есе көп екендігі анықталған, рН=11-12-ге жетеді.

  • Kөп жағдайда ауыз-су тұтынушыларға құбырлар арқылы жеткізіледі, олардың ұзынд...

    24 слайд

    Kөп жағдайда ауыз-су тұтынушыларға құбырлар арқылы жеткізіледі, олардың ұзындығы мыңдаған шақырымды құрайды. Бұл құбырлардағы судың жылдамдығы 3-4 км/сағаттан аспайды. Нәтижесінде су көп уақыт үлкен қысымда, оттегі жеткіліксіз жағдайда металл құбырдың ішінде болады. Мұндай жағдайда судағы биоценоз - организмге кажетті микроорганизмдер өліп қалады, керісінше денсаулыққа зиянды қосындылар пайда болады, су жағымсыз иіске ие болып, ішугe жарамсызданады. Сондықтан да ұзын құбырлармен су жеткізу тиімсіз, денсаулыққа зиянды. Екінші жағынан, металл құбырларды, полиэтилен құбырлармен алмастыру қажет. Ендігі мәселе өндірісте пайдаланылған суларды сыртқа шығармай қайта пайдалану мәселесін шешу

  • Құрылымды су және оның қасиеттері Біздің организміміздегі су сапасы бойынша к...

    25 слайд

    Құрылымды су және оның қасиеттері Біздің организміміздегі су сапасы бойынша кәдімгі ішетін ауыз судан ерекшеленеді. Адам денесіндегі су қатаң құрылымдалған (структураланған). Оның қорын толтыру үшін организм ішіндегі сұйықтықтармен құрылымы жақын ұқсас су келіп түседі. Оның құрамында зиянды қоспалар: ауыр металдар тұздары, радионуклидтер, патогенді бактериялар болмауы, минералды тұздары да көп болмауы тиіс. Тек осындай суды ғана адам организмі энергияны қосымша шығындамай ақ сіңіреді. Мұндай судың адамға пайдасы көп.

  • Құрылымды су дегеніміз не? Құрылымды су дегеніміз қайнамаған, мұзға қатырылға...

    26 слайд

    Құрылымды су дегеніміз не? Құрылымды су дегеніміз қайнамаған, мұзға қатырылған және ерітілген су болып табылады. Мұндай судан барлық еритін және ерімейтін қоспаларды тазарту керек. Судың құрылымдалу дәрежесінің негізгі критериінің бірі – оның адам организмімен сіңіру дәрежесі болып табылады. Мұздың еруі нәтижесінде алынған судың пайдалы қасиеттері көп. Мұндай суды құрылымды (структураланған) су деп атаймыз. Бұлай деп аталу себебі, мұндай судың молекулалары бір-бірімен тізбектелген, хаосты орналаспаған. Мұндай судың молекулалары мұздың молекулаларына ұқсайды. Құрылымы бойынша мұндай су өсімдіктер мен тірі организмдердің клеткасындағы сұйықтыққа ұқсайды.

  • Пайдалы су көзі ретінде жаңа дайындалған жемістер мен көкөністер шырындары бо...

    27 слайд

    Пайдалы су көзі ретінде жаңа дайындалған жемістер мен көкөністер шырындары болып табылады. Сол себептен де жемістер және көкөністер пайдалы болып саналады. Адам олардан биологиялық активті суды алады. Будан конденсацияланған жаңбыр суының да құрылымы су құбырынан келетін ауыз судың құрылымынан жақсы. Құрылымды судың ең кең тараған варианты еріген тау сулары болып табылады. Адамдар ерте кезден мұндай судың ерекше қасиеттері бар екендігін білген. Еріген бұлақ суларының қасындағы өсімдіктер де керемет болып өсіп тұратындығын білеміз. Арктикалық теңіздерде еріген мұздардың айналасындағы флора мен фаунаның көптүрлілігі байқалады.

  • Егер құрылымды сумен ауыл шаруашылық дақылдарын суарса, онда олардың өсуі жед...

    28 слайд

    Егер құрылымды сумен ауыл шаруашылық дақылдарын суарса, онда олардың өсуі жеделдейді, артады. Көктемде жануарлар еріген суларды жақсы ішеді. Ал құстар мұндай суда шомылғанды ұнатады. Ғылым дәлелдегендей, еріген су зат алмасу мен қан айналымды жақсартады, қандағы зиянды холестериннің мөлшерін азайтады. Мұндай су жүректің ауруын жазады, организмді нығайтады, оның стрестерге төзімділігін арттырып, иммунитетті күшейтіп, өмірді ұзартады. Құрылымды судың сергіткіштік әсері бар. Кейбір адамдар тұрақты құрылымды суды ішіп тұрады. Олар салқын тию, тұмау ауруларымен сирек ауырады. Күнделікті мұндай судан 30 минут асқа дейін бір стакан ішу қажет екен. Күндізгі доза үш стакан. Алғашқы оң нәтижелер бір аптадан соң біліне бастайды. Адам өзін жақсы сезіне бастайды. Құрылымды су адамның сыртқы келбетіне де оң әсер етеді. Құрылымды сумен жуыну теріні жасартады. Терідегі ісіктер кетіп, тері бір тегіс, серпімді болады. Бірақ білу қажет нәрсе, құрылымды су қасиетін 12 сағатқа дейін ғана сақтайды. Бұдан кейін ол өз пайдалы қасиеттерін жоғалтады.

  • Құрылымды суды үй жағдайында дайындау құрылымды суды сүзгі арқылы тазартылға...

    29 слайд

    Құрылымды суды үй жағдайында дайындау құрылымды суды сүзгі арқылы тазартылған құбыр суын мұздатқыш камерада мұздату арқылы алуға болады. Мұндай суды дайындауға көп уақыт кетпейді. Сізге кез келген формадағы пластикалық ыдыс қажет, тағамдық контейнерлерді алуға болады. Оның көлемін өзіңіздің мұздатқыш камераңыздың көлеміне және қанша адамға қажеттілігіне байланысты болады. Есептеу былай: бір адамға күніне үш стакан құрылымды су қажет. Сондықтан, екі есе көп - алты стакан мұздатуыңыз керек. Мұны семьядағы адам санына көбейтеміз.

  • Дайындау реті Су құбырынан алған суды қарапайым көмірлі сүзгімен сүзіп, тазар...

    30 слайд

    Дайындау реті Су құбырынан алған суды қарапайым көмірлі сүзгімен сүзіп, тазартамыз; Оны контейнерлерге (1-сурет) құйып, мұздатқышта -18 градуста мұздатамыз. Шамамен 8-10 сағаттан кейін мұздатқыштан контейнерді аламыз;

  • Контейнерден мұзды алу үшін контейнер түбін ыстық сумен шаямыз (2-сурет); Қат...

    31 слайд

    Контейнерден мұзды алу үшін контейнер түбін ыстық сумен шаямыз (2-сурет); Қатқан судың ішінде сұйықтық жұқа мұз қабатының астында болуы тиіс. Бұл қабатты бұзып, ішіндегі суды – бұл суда еріген зиянды қоспаларды төгіп тастаймыз (3-сурет); Қалған мұз мөлдір таза болады. Бұдан таза құрылымды су H2O аламыз. Мұзды керамикалық, шыны немесе эмалдалған ыдысқа саласыз да, оны бөлме температурасында еруге қоямыз. Еріген соң, құрылымды су дайын. Егер контейнерде су толық қатып қалса, онда мұз ыдыстың шет жақтарында ғана мөлдір болып, ортасында лайлы, кейде сарғыш болады. Бұл лайды ыстық судың ағынымен жуып кетіру қажет (4-сурет). Тек осыдан кейін ғана мұзды ерітіп, құрылымды су алуға болады.

  • Дайындау реті

    32 слайд

    Дайындау реті

  • 33 слайд

  • Су үлгілеріне жүргізілген тәжірибе Судың сапасы оның физикалық және химиялық...

    34 слайд

    Су үлгілеріне жүргізілген тәжірибе Судың сапасы оның физикалық және химиялық сипаттамаларының жиынтығымен анықталады. Оларға: түсi, мөлдiрлiгi, иiсi, жалпы тұздылығы, кермектiгi, тотыққыштығы, реакция ортасы (рН) жатады, олар судағы түрлi қоспалардың мөлшерiне тәуелдi болады. Ауыз сулары үшiн бұл сипаттамалардың iшiнен ең маңыздысы-судың кермектiлiгi болып табылады.

  • Судың кермектілігін анықтау Кермектiлiк-судағы ерiген кальций мен магний тұзд...

    35 слайд

    Судың кермектілігін анықтау Кермектiлiк-судағы ерiген кальций мен магний тұздарының мөлшерiне байланысты болатын судың қасиетi. Бұл тұздардың жиынтық мөлшерi судың жалпы кермектiгiн құрайды да, ол: -уақытша немесе карбонаттық (Ку), -тұрақты немесе карбонаттық емес (Кт) кермектiлiк болып бөлiнедi.

  • Анализ нәтижелерін талдау Кестеден көретініміздей алынған су үлгілерінің іші...

    36 слайд

    Анализ нәтижелерін талдау Кестеден көретініміздей алынған су үлгілерінің ішінен су құбырынан алынған ауыз суы мен құдықтан алынған ауыз суының кермектілігі нормадан жоғары, өте кермек суға жатады. 1л мұндай суда 9-12 мг-экв дейін Са және Mg иондары бар деген сөз. Ал біз дайындап алған құрылымды судың кермектілігі төмен 1,5 мг-экв/л тең, бұл шама өте жұмсақ суға сәйкес келеді. Судың жалпы кермектiлiгi комплексонометриялық титрлеу әдiсi бойынша анықталды

  • Қорытынды Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Оған судың құрылымы мен қа...

    37 слайд

    Қорытынды Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Оған судың құрылымы мен қасиеттерін зерттеген әлемдік тәжірибелер дәлел бола алады; Бүгінгі күнгі ауыз-су проблемасы - халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі де қиын мәселелердің бipi. Үкімет, облыс тарапынан осы мәселені шешу жолында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, мәселенің толық шешімі әлі табылған жоқ.  Ішіп отырған ауыз суымыздың сапасын жақсарту бағытындағы және судың таңғажайып біз біле бермейтін мањызды да, пайдалы қасиеттері жөніндегі білімдерімізді кеңейту – біздің өз денсаулығымыз бен өміріміздің жақсаруының кепілі деп білемін; Құпиясы мол таңғажайып құрылымды ауыз суы және оның қандай пайдалы қасиеттері бар екендігінің бүгінгі таңдағы ғылымда зерттелген жайттар жұмыста келтірілді;

  • Құрылымды су дегеніміз қайнамаған мұзға қатырылған және ерітілген су болып та...

    38 слайд

    Құрылымды су дегеніміз қайнамаған мұзға қатырылған және ерітілген су болып табылады. Судың құрылымдалу дәрежесінің негізгі критериінің бірі – оның адам организмімен сіңіру дәрежесі болып табылады. Құрылымы бойынша мұндай су өсімдіктер мен тірі организмдердің клеткасындағы сұйықтыққа ұқсайды. Адам баласының өзінің өмірі мен денсаулығы үшін пайдалы болатын құрылымды ауыз суын үй жағдайында дайындап жєне оны тиімді пайдалануды ұсынамыз. Пайдалы су көзі ретінде жаңа дайындалған жемістер мен көкөністер шырындары. Сол себептен де пайдалы жемістер жєне көкөністер шырындарын ішу қажет. Адам олардан биологиялық активті суды алады.

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

nСу – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Оған судың құрылымы мен қасиеттерін зерттеген әлемдік тәжірибелер дәлел бола алады; nБүгінгі күнгі ауыз-су проблемасы - халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі де қиын мәселелердің бipi. Үкімет, облыс тарапынан осы мәселені шешу жолында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, мәселенің толық шешімі әлі табылған жоқ.  nІшіп отырған ауыз суымыздың сапасын жақсарту бағытындағы және судың таңғажайып біз біле бермейтін мањызды да,  пайдалы қасиеттері жөніндегі білімдерімізді кеңейту – біздің өз денсаулығымыз бен өміріміздің жақсаруының кепілі деп білемін;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 533 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.06.2014 1610
    • PPTX 2.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абызбекова Гульмира Минбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абызбекова Гульмира Минбаевна
    Абызбекова Гульмира Минбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9265
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 322 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 658 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе