Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / ХИМИЯ ПӘНІНЕН БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ «ТОПТАСТЫРУ» ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

ХИМИЯ ПӘНІНЕН БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ «ТОПТАСТЫРУ» ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ

библиотека
материалов

ХИМИЯ ПӘНІНЕН БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ «ТОПТАСТЫРУ»

ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің аға оқытушысы, т.ғ.к.


Еспенбетова Шолпан Омарқызы



Елiмiз дамудың жаңа жолына түскен кезде мектептiң ондағы мұғалiмдердiң де мiндет, борышы бұрынғыданда ауырлай түсiп жатқаны белгiлi. Қазiргi мұғалiм алдында тұрған мақсат ғылым негiзiн жақсы игерген жiгерлi, төзiмдi адамды тәрбиелеу болып табылатындықтан, ол өзiне тапсырылған мiндеттi абыройлы, нәтижелi орындау үшiн әр уақытта өз бiлiмiн заман талабына сәйкес тереңдетiп , үнемi iзденiс үстiнде болатыны сөзсiз. Осындай мiндетпен борыш жүгiн арқалаған әрбiр мұғалiмдi, қайткенде оқушыны өзiне тарта аламын, оны қалай ойландырамын, қалай жолына түсiремiн деген ойларда мазалауы анық. Үнемi бiр сарынды өткiзген сабақ оқушыларды жалықтырып, оны осы пәнге қызығушылығын, сабаққа деген ынтасын кемiтетiнi сөзсiз [1]. Оқушыларға тереңде, тиянақты бiлiм беру үшiн ең алдымен, оларды пәнге қызығушылығы мен сабаққа деген ынтасын артыра бiлуiмiз керек.

Химия пәні мектеп курсында өте көп көлемде күрделі ғылыми хабарларды, өте аз уақытта оқытылады. Оқу материаларының көбі күнделікті тәжірибемен және оқушылардың қызығушылық кабілеттерімен аз байланысқан. Оқыту процесінен сол уақытта тәжірибе, демонстрация және оқушылық оқыту барлығы теорияға тіреледі. Мектепте химиядан төмен көрсеткіш көрсеттетіні онда қызығушылықтың жоқтығы және оқушылардың білім сапасының төмендігі. Кейбір методикалық әдістер педагогикалық жұмыстар химия сабағын түрлендіріп өтуге мүмкіндік береді

«Топтастыруды»- бұл әдістің мағынасы сол білімді жүйелеу және басқа мәселелерді ашу. Бұл методика көп уақытты үнемдейді, сол тақырыпқа теорияны мазмұндауға , есептер шығаруға және жаттығуларды орындауға, практикалық жұмысқа көп уақыт бөледі. Одан басқа өткен тақырыптарды қайталау, жаңа тақырыпқа байланысты материалдар, өз ізденістерін арттыру, сабақта және үйде оқушылардың жұмысын қабілетін оятады. Егер оқушыларды топтастыруға алғашқы кезден үйретсе, келесі жылдары оқушылар өздері жұмысты орындайды , қосымша оқулықтар пайдаланылады.

«Топтастыру әдісін» ой шақыру кезінде емес, ойлану және рефлексия кезеңдерінде пайдалануға мүмкіндік бар. Дайын топтастырулар, оқыту-методикалық комплексіне жинақтауға көмек береді. Оқушыларды МАБ және ҰБТ-дан үлкен көрсеткіш көрсетуіне жетелейді.

Кластерлерді құру және дамыту теориясы мен тәжірибесі жаһандануға жауап ретінде пайда болды. Жаһандану аймақтардың жеке өзіндік ерекшеліктерін тегістеп, жойып жібереді және униполярлы әлем құруға жағдай жасап, экономикалық кеңістікті гомогендендіреді. 1990-шы жылдары жаһанданумен бәсекелесуші экономикалық белсенділіктің кластерлену үрдісі белең ала бастады, яғни, экономиканың нақтылы салаларына сүйенетін және аймақтың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланатын аймақтық белсенділікті ықшамдандыру. Кластерлердің бәсекеге қабілеттілігі мен теориясының негізгі ережелерін 1990 жылы Гарвард профессоры М.Портер жасады [2,Б.35]. Қазақстанда бүгінде әлеуметтік-экономикалық жаңарудың жаңа кезеңіне өтуде алғашқы қадамдар басталды. Президент биылғы жолдауда бәсекеге қабіетті 30 елдің қатарына кіруді межелеп отыр.

Химия пәнін оқытуда жасалған кластерлер. Әрбір тақырыпқа бір кластер жасауға болады. Кластер - сол материалды жазу-сызумен ашу."Кластер" деген сөз аудармада "шоқша, шоқжұлдыз"- дегенді білдіреді. Кластер-топтастыруды графикалық және алгоритмдік әдісімен құру арқылы тақырыпты ашу.

Сабақтың тақырыбы: Кальций және магний

Сабақтың мақсаты:

а)периодтық жүйе орны бойынша кальций және магний атомдарының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау;

ә) химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту, өмірден көрген деректерді пайдалана білуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

б) химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

Сабақтың түрі: кластер технологиясын пайдалану

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, ізденіс, ой қозғау, есептер шығару,диферанциалдау

Пән аралық байланыс: Медицина, биология, тарих, география, физика.

Көрнекілігі: Менделеевтің периодтық жүйесі, сызба – суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықты тексеру

I.кезең. Қызығушылықты ояту «Жұмбақ, әңгіме»

Біз ағайынды бес жігітпіз, бесеумізде өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық - жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін бүлдіреді, дейді. Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтін Латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал, ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспазда болды, шыны да жасады. Қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтәй мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді. Бағына жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. Мен және менің бес ағайындыларым кімдер?

(жауабы: литий, натрий, калий, рубидий, цезий)

Үй тапсырмасын тексеру

Кім жылдам?

  1. Натрий мен калийдің физикалфқ қастеттері қандай?

  2. Натрий атомының электрондық конфигурациясын жаз.

  3. Натрий мен оттектің арасындағы реакция теңдеуін жаз.

  4. Жер қыртысында болмайтын радиоактивті элемент.

  5. Натрий мен калий жер қыртысында таралуы бойынша нешінші орында?

  6. Натрий мен калиді қайда сақтайды?

  7. Ең жеңіл сілітілік металл

  8. Адам алақанында балқитын сілтілік метал (цезий)

  9. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл (Калий)

  10. Менделеев болжаған экацезий деген элементтің аты.

Химиялық диктант

  1. Натрийді ....... жылы ...... ашты.

  2. Натрий, калий қосылыстарында ....... тотығу дәрежесін көрсетеді.

  3. Натрий ядросында ....... пратон, ......... нейтрон болады.

  4. Натрийдің жер қыртысындағы массалық үлесі ....... %

  5. Калиийдің жер қыртысындағы массалық үлесі .......%

  6. Натрий мен калий катиондарының тәуліктік мөлшері ......

Атыма затым сай болсын.

(Күнделікті өмірмен өнеркәсіпте жиі қолданылып жүрген қосылыстардың аттары бойынша химиялық формулаларын табу.)





Қосылыстың аты

Сәйкестікті табу

Тұздардың химиялық формуласы


  1. Бор

  2. Сақар

  3. Ас содасы

  4. Ас тұзы

  5. Калциленген сода

  6. Чили селитрасы

  7. Бертолле тұзы

  8. Марганцовка



1

2

3

4

5

6

7

8


  1. К2СО3

  2. NaНСО3

  3. NaСL

  4. Na2 СО3

  5. Са СО3

  6. КMnO4

  7. К NО3

  8. К СLО3

6. Егер суға массасы 4,6 г натрий мен 3,9 г калийден тұратын құйманы салсақ қанша көлем сутек (қ,ж) бөлінеді?

Шешуі: 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

Бұдан: V1 (H2) = 4,6 г . 22,4 л / 2. 23 г = 2,24 л

2К + 2H2O = 2КOH + H2

Бұдан: V22) = 3,9г . 22,4л/2 . 39г = 1,12л

Жалпы: V(Н2)= 2,24л + 1,12л =3,36л

II.кезең.Мағынаны ашу

Мен кіммін?

Мен күміс түсті металмын, өмір бойы керегіңе жете алдым.

Мен ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын,

Тіршілікке қажет металл аталдым.

Қыртысында жердің менде іздесең,

Артық болмас «Жер металы» мен десем,

Ғарыштағы ракетада, ұшақтар,

Қолтаңбамды табасың сен іздесең

Жануарлардың болашағы, қаңқасы,

Жер бетінің минералды әр тасы

Сан құрлыстың сәулеті, негізі,

Қаланады менен ғана ойланшы

Жаңа тақырып: Кластер технологиясымен дайындалған сызбанұсқа



hello_html_17ba025b.jpg







hello_html_m2ed01056.gif











hello_html_m3b25364d.gifhello_html_m3578f5d1.gif















hello_html_7cba86c2.png







hello_html_33a57f2.gif

hello_html_10a3a3ea.gif









hello_html_m38fb8e75.gif






hello_html_1f964d93.gifhello_html_14b23070.gif








III.кезең. Ой толғау.

Жаздың жанға жайлы күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне демалуға келеді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанды. Бір күні қой жайып жүріп, Алмас қара тас тауып алады. Онымен сурет салып көрді де қара із қалдыратынын байқады. Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап ұйқысы келеді. Бала ұйықтап кеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде өткінші жаңбыр жауып, түтінді жерге сіңіреді. Одан ауыр әкті су ағады. Жарқырап күнде шықты. Күн сәулесінің жылуынан әр жерде әкті су, ұзақ кепкен ақ тастар шашылып жатады. Оған Алмас жаңбырдың қара тасты ақ тасқа қалай айналдырғанын көріп таң тамаша болады. Ақ тасты алып жерге жазып, сызып көреді. Оның өзіндік ізі бар қара тас не? Ақ тас қалай пайда болды?


Chello_html_10910f24.gifhello_html_10910f24.gifhello_html_10910f24.gifhello_html_10910f24.gif CO2 H2CO3 Ca (HCO3) 2 CaCO3

Жұмбақ:

Оксидіне су құйсақ, от жанбайды, қайнайды.

Түзілген затпен үйді ағартсаң, аппақ болып үйің жайнайды.

Кәне бұны кім, қай оксид деп ойлайды?

(СаО)

8. Егер өнімнің шығымы теориялық мүмкіндіктің 85% құрайтын болса, құрамында 20% қоспасы бар 200кг әктастан қанша сөндірілген әк алуға болады?

Шешуі: Әктастың құрамындағы СаСО3 массасын есептейміз

200кг -100% әктас

Х кг – 20% қоспа. Бұдан: х =40 кг қоспа.

m (СаСО3) = 200 кг әктас. -20кг бос жыныс =160кг

160 . 103- у г

Сhello_html_5e9039cb.gifhello_html_m1c197bc0.gifаСО3 СаО + СО2

100 56 Бұдан: у = 89600г = 89,6кг

Өнімнің шығымын есептейміз

89,6кг – 100%

Z кг -85% Бұдан: z =76,16 кг СаО

Әк тасты сөндіру реакциясы бойынша, сөндіріліген әктастың массасын есептейміз:

76,16кг Z кг

СаО + Н2О =Са (ОН) Бұдан: m= 76.16 кг . 74г/ 56г =100,64 кг

56г/ моль 74 г/ моль

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: § 5.5-5.6 №7 есеп



Қандай мектептің болсын басты нысаны – оқушыларға сапалы білім, саллиқалы

тәрбие беріп, оларды білімді, еңбекшіл етіп тәрбиелеу.

А. Байтұрсынов

Оқушылармен үнемі диалог құруға, білім мониторингісін жасауға, химия пәнін қызығып оқуға мүмкіндік береді. Мұғалімнің тақырыпқа байланысты қоятын мақсат міндеті топтастыру кезеңінде шешімін табады. Өйткені топтастырудың мақсаты блокқа біріктіру арқылы білім сапсын көтеру. Бұл тәсіл уақытты үнемдеп, тақырыптың теориялық мазмұнына көп уақыт бөледі. Нәтижесінде оқушылар – табиғи қабілеттеріне сәйкес, жоғарғы деңгейге котеріледі және дарындылық қасиетінің ашылуына толық жағдай жасалады [3].

  • Сабағы төмен оқушылар, өздері ізденіп, пәнеге деген қызығушылығы артып, белсенді оқушыға айналады.

Мұғалiм жұмысындағы ең басты мақсат өз пәнiне қызықтыра бiлу. Пәнге қызыққан оқушының сабаққа ынтасы, бiлiмге құштарлығы артып, сапалы, тиянақты бiлiм алуға ұмтылады. Бұл жұмыс мұғалiмнiң ерiнбей, жалықпай iзденудi, шығармашылықпен жұмыс iстеудi талап етедi. Қандай сабақты болсын оны түрлендiре, озат тәжiрибелердi, озық әдiстердi тиiмдi пайдалана отырып, өткiзгенде ғана оқушыларды өз пәнiне қызықтырып, сабақтағы белсендiлiгiн, ынтасын арттыруа болады.

Топтастыру стратегиясының ерекшеліктері:

-дарынды, талантты оқушылар өз қабілеттерімен икемділігін одан әрі бекіте түседі;

-әлсіздер оқуға ниет білдіріп өзіне деген сенімсіздіктен арылады;

-күшті топтарда оқуға деген ынта артады;

-білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді;

-ақпарат құралдары пайдаланылады,(интернет,кітабына )

Кластер(топтастыру) әдісін ұсынудағы мақсатым:

Білімге құштар ,ой-өрісі еркін дамыған ашық қоғам азаматын тәрбиелеу

Бұл әдістегі негізгі қағида:

-оқушы мен оқытудың арасындағы тепе-теңдік жағдай,екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер

-оқушы мен оқытушы арасындағы өзара сыйластық,бір-бірінің үйренудегі көмегінің маңыздылығы;

-оқушының ойлау,талдау іздену қабілеттерін арттыру;

Сабақ үстiнде оқушы үнемi мұғалiм информациясымен ғана шектелетiн болса, оқушының ерекшелiгi, мүмкiндiгi, қиындығы мен қателерi де мұғалiмнен алыстай түседi.

“Бұлақ көрсең көзiн аш” – дейдi халық даналығы. Алдымыздағы бала да бұлақ тәрiздi. Iздену көзiн ашып, сенiм бiлдiрсек бала бойындағы жасырынып жатқан әртүрлi қасиеттердiң мол екендiгiне шүбә келтiруге болмас. Ол үшiн, келешек өмiр тұтқасын ұстайтын бүгiнгi оқушыға аянбай еңбек етiп үйретуден жалықпайық дегiм келедi.


Пайдаланылған әдебиеттер


1.Сагадиев И.А. «Қазақстандағы саяси клас тердің қалыптасуы Алматы :М.А.Б. 2006-С 3-5 б.

2.Химия мектепте №5 2006 60 б.

3.Селевко Г.К. Қазіргі заманғы технологиялар оқу құралы 1998 ж.





Краткое описание документа:

       Елiмiз дамудың жаңа жолына түскен кезде мектептiң ондағы мұғалiмдердiң де мiндет, борышы бұрынғыданда ауырлай түсiп жатқаны белгiлi. Қазiргi мұғалiм алдында тұрған мақсат ғылым негiзiн жақсы игерген жiгерлi, төзiмдi адамды тәрбиелеу болып табылатындықтан, ол өзiне тапсырылған мiндеттi  абыройлы, нәтижелi  орындау үшiн әр уақытта өз бiлiмiн заман талабына сәйкес тереңдетiп , үнемi iзденiс үстiнде болатыны сөзсiз. Осындай мiндетпен  борыш  жүгiн арқалаған әрбiр мұғалiмдi, қайткенде оқушыны өзiне тарта аламын, оны қалай ойландырамын, қалай жолына түсiремiн деген ойларда мазалауы анық. Үнемi бiр сарынды өткiзген сабақ  оқушыларды  жалықтырып, оны осы пәнге қызығушылығын, сабаққа деген ынтасын  кемiтетiнi  сөзсiз [1].  Оқушыларға тереңде, тиянақты бiлiм беру үшiн ең алдымен, оларды пәнге қызығушылығы мен сабаққа деген ынтасын  артыра  бiлуiмiз  керек.         Химия пәні мектеп курсында өте көп көлемде күрделі  ғылыми хабарларды, өте аз уақытта оқытылады. Оқу материаларының көбі күнделікті тәжірибемен  және оқушылардың қызығушылық кабілеттерімен  аз байланысқан. Оқыту процесінен сол уақытта тәжірибе, демонстрация  және оқушылық  оқыту  барлығы теорияға тіреледі. Мектепте химиядан төмен көрсеткіш көрсеттетіні онда қызығушылықтың жоқтығы және оқушылардың білім сапасының төмендігі. Кейбір методикалық әдістер педагогикалық  жұмыстар  химия сабағын түрлендіріп өтуге  мүмкіндік береді
Автор
Дата добавления 15.06.2014
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров941
Номер материала 127208061516
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх