Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыБақыт деген – денсаулық.

Бақыт деген – денсаулық.

Скачать материал

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы.

М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Үйкокбаева Ғалия Рысбайқызы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Бақыт деген – денсаулық.

 

Сабақтың мақсаты: жас ұрпаққа денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру.

   Тәрбиелігі: денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң , ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

    Дамытушылығы: сын тұрғысынан ойлау , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін дамыту.

    Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, сызбалар, слайд

    Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.

                                     2.Психалогиялық дайындық.

Денсаулық –ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық – ол келуің,

Көңіл- күйің жадырай.

Денсаулық –ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

    Мұғалім:Адам денсаулығы- қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек.

     Отанымнздың келешегі, көркеюі, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің  таңдауларың –салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бақыт-деген денсаулық» деп аталады.

         Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сондықтан  3 топқа бөлейік.

         1-топ «Шымыр»

         2- топ «Денсаулық»

         3-топ «Сымбат»

         Денсаулық дегеніміз жанның, тәннің, рухани ішкі дүниенің үйлесілімділігі, бір- біріне мейірімділігі, «Денсаулық зор байлық» деген халық мақалы бар. Денсаулық табиғи заңдылық, ауру кездейсоқтық. Сондықтан да ауырғаннан гөрі денсаулықты сақтап, аурудың алдын алған жеңіл.

         Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

І бөлім «Таныстыру»

ІІ бөлім «Мақал сөздің мәйегі»

ІІІ бөлім «Кім тапқыр?»

ІV бөлім «Жарнама»

V бөлім «Салауатты өмір салты»

VI бөлім «Ойлан тап»

VІІ бөлім «Алғашқы жәрдем беру»

VІІІ бөлім «Адамның денсаулығына әсер ететін мінездер»

         «Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң, шымыр боларсың».

         «Денсаулық» тобының ұраны : «Денсаулық-ел байлығы».

         «Сымбат» тобының ұраны : «Самбатты болу өз қолыңда».

ІІ бөлім «Мақал сөздің мәйегі» Денсаулық такырыбындағы мақал мәтелдер айтып жарысу.

1-оқушы : Нұрлыбек . Сұрап алған аурудың емі табылмас.

2-оқушы : Балауса. Көзің ауырса – қолыңды тый.

                                Ішің ауырса – аузыңды тый.

3- оқушы : Ділнәз. Бірінші байлық -денсаулық

                               Екінші байлық- ақ жаулық

                               Үшінші байлық- он саулық

4-оқушы : Бектияр. Тазалық- саулық негізі,

                                 Саулық -байлық негізі.

5-оқушы : Ақбота. Жан ауырса- тән азады,

                              Қайғы басса –жан азады.

6-оқушы : Анарбек. Жалқаулық – жаман ауру

 

 ІІІ бөлім. «Кім тапқыр?»

 

Басталады «Кім тапқыр?» деген сайсың,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың, алғырлығың сыналар,

Қане шәкірт, көрінеді қай ісің?

Ал жұмбақтың жауаубын табыңдар.

 

І топ

Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді

Қадірін білген жараңдар

Байлық осы деседі. (Денсаулық)

 

Әр айда мен аламын

Он жаңа айды.

Он жаңа айды алсам да  ол жамалмайды. (Тырнақ)

 

Асқар тауда қалың орман,

Кейде оны шөптей орам  (Шаш)

 

Жанды матор сынбайды,

Күні- түні тымбайды.

Кейде оның жүрісің ,

Дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)

 

ІІ топ

 Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз. (Он саусақ)

 

Қимылдаса қос шебер,

Қыруар –қыруар іс өнер (Қол)

 

Үй ішінде отыз екі батыр

Кіргендерді отап жатыр (Тіс)

 

Қатар –қатар тас қойдым

Жирен атты бос қойдым (Тіл мен тіс)

 

ІІІ топ

Бір –біріне дос туыс

Тау түбінде қос қуыс (Мұрын)

 

Жарасы жоқ сыздайды

Өртенеді мұздайды. (Жүрек)

 

Кішкене ғана қараша,

Тұрған жері тамаша

Бір медетте жер жүзін

Алады шарлап қараса  (Көз)

 

Таудың екі жағынан

Екі қалқан жабысқан

Жақын барсаң маңына

Сезе қояр дыбысты (Екі құлақ)

 

І Vбөлім «Жарнама»

 

І топ «Құрт»

 

         Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.

 

ІІ топ «Айран»

 

         Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққы пайдасы зор. Себебі оның құрамындағы сүт –табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. өзі арзан, өзі дәмді.

 

ІІІ топ «Сабын»

 

         Бұл сабын денедегі әр түрлі микробтарды жояды. Бетті қолды шаңнан тазартады.

 

         V бөлім. «Салауатты өмір салты»

         Мұғалім : Балалар, бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім- білік, дағдыларыңды сұрақтар арқылы байқау болып табылады.

 

І топ

 

Құрт ауруынан сақтанудың жолдары қандай?

10-оқушы : Дінмұхамед. Одан сақтанудың жолдары:

- Біреудің аузындағы сағызын шайнамау:

-әр адамның жеке орамалы, сабыны тіс щеткасы болуы керек.

 

11-оқушы : Сұлушаш. Таза киім киемін,

                                     Тазалықты сүйемін,

                                      Денем таза болса да ,

                                       Түсем жиі моншаға.

 

12-оқушы : Ақниет. Дос бол сабын, сумен сен ,

                            Жиі жиі жуын сен.

                            Таң ертең де, кеште де

                            Жуан күндіз түсте де

                            Жуын тамақ алдында.

                            Жуын тамақ соңында

                            Жуын ұйықтар кезіңде,

                            Жуын тұрған мезгілде.

13-оқушы : Диас. Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тарсақ, барлық ағзамызды бұзамыз. Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады. Темекі ауауны қоршаған ортаны ластайды.

14-оқушы : Ақан. Темекіден түтін сорсаң улайсың

                            өзіңді -өзің жіпсіз  байлап шырмайсың.

«Сымбат» тобы

Мұғалім : Денсаулығымыз мықты болу үшін қалай жүруіміз керек?

15-оқушы : Бекзат. Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды.

16-оқушы: Анарбек . Спортпен айналыс

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс

Сауық пен кинодан.

17- оқушы: Балауса. Шығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай,

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сасын тыныс жай.

Ойын : «Білек күресі»

«Қайсысы артық?» ойын (Суретте спорттық заттар, тамақ түрлері, спорттық ойындар).

Көрініс : «Дұрыс тамақтану» Жалқаубек

Нұрлыбек : - Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге мен де тамақтанудың құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз чипси әкелдім. (Сөмкесінен әкелген заттарын шығарды.) Ұяалмаңдар балалар сенднргн әкелдім.

 

Ділнәз: Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?

 

Дәрігер : Газды сусынның құрамында түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар- дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы  көп мөлшердегі қант тіс құртының пайда болуына себепкер болады. Жай тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса миниралды заттар жоқ.

 

Дәрігерге қойылатын сұрақтар.

 

Мұғалім : Балалар, Жалқаубектің ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (Жоқ)

 

Бектияр : -Ал қандай тамақ пайдалы? (Құрамында миниралды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы).

 

Мұғалім: -Ал витамин  дегеніміз не екенін білесіздерме?

-Витамин адам ағзасына қажетті зат, егер витамин жетіспесе адам ауырып қалады. Витамин туралы бірнеше оқушыға тапсырма беріліп еді, соларды тыңдайық.

 

18- оқушы : Сұлушаш. Сендер, мықты болу үшін , болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сыр мен наннан алуға болады.

 

19-оқушы : Ділнәз. Егер суық тиімесін десеңдер, үнемі  сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, болғар бұрышында, капустада, шиеде көп кездеседі.

 

Мұғалім : Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс – жидек – пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.

 

VІ бөлім: «Ойлан тап»

 

Мұғалім :    Тағы да келді сыналар шақ,

                   Тереңіне білім теңіз байланып

                   Кім шешеді сол сайыста ұғып тұр,

                   Адасқан әріптер кезегін күтіп тұр.

І топ : Салауатты өмір салты

ІІ топ : Тәні саудың, жаны сау.

 

ІІІ топ: Денсаулық зор байлық.

 

VІІ бөлім : «Алғашқы жәрдем беру»

І топ: Күю

ІІ топ: Қан кету

ІІІ топ : Сүйектің сынуы.

 

Денсаулыққа әсер ететін мінездер.

 

Мұғалім : Сәлемдесіп жымиып

Жүректерге нұр құйып

Жылы сөздер сергітер

Адамдарды тұңғиық.

 

20-оқушы: Диас. «Жеқсы сөз – жарым ырыс» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Үйде, қоғамдық орындарда, көшеде, адамдардың бір-бірімен жақсы қарым –қатынаста болуының маңызы зор. Әсіресе көңілді жүру, жиі күлімсіреу денсаулықты жақсартып қана қоймайды, бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді.

 

Мұғалім : Ал балалар денсаулыққа кері әсер ететін қандай мінез?

 

21- оқушы : Бектияр. Ауруға әкеліп соқтыратын -7 әдет

22- оқушы: Ақбота. Үнемі, қайғырып, аһлап –үһілеп жүру өкпені зақымдайды.

23-оқушы : Анарбек. Ызақорлық, ашуланшақ бауырды ауыртады.

24-оқушы: Мадина. Қызғаншақтақ, біреуді көралмаушылық бауыр мен бүйрекке зиян тигізеді.

25- оқушы : Бекзат . Жылауықтық жүрек қабынуына әкеледі.

26-  нқушы : Ақниет. Шошынып, үнемі үрейленіп отыру өт жолын қабындырады.

27-оқушы:  Бекзат. Біреудің қамын жеп, үнемі шыр-пыр болып жүрек көк бауырдың ауруына алып келеді.

 

Букілетпен таныстыру.(Спорттық ойындар жеміс жидектер)

Тірек сызба: Денсаулықтың достары мен қастары.

 

-Күн тәртібі дегенді қалай түсінесіңдер?

Күн тәртібі-бұл жұмыс пен тынығу уақыттың ауысуымен дұрыс бөлуге көмектесетін кесте.

 

Күн тәртібі-

Жұмыс деген демалудың кестесі.

Пайдасыз бос жүріспен,

Бір күнің де өтпесін.

Сонымен бірге денсаулықтың тағы бір дауасы-таза ауа.

І топ

28- оқушы : Ақниет. Денсаулық дауасы-

Даланың ауасы

Көк өзен, күмбез тау,

Ну орман ағашы.

 

ІІ топ

29- оқушы : Ақан. Құт болып даланың

Жауады жаңбыры

Табиғат -анамыз,

Баласы –барлығы.

 

ІІІ топ

30-оқушы : Ақбота.  Денсаулыққа жағымды

Көңілді шақ, қуаныш,

Сенім, рахат, жұбаныш.

 

Қорытындылау:

         Егер деніңіз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрі денсаулық үшін істелетін жұмыстар екен.

 

         Сонымен «Бақыт дегеніміз – денсаулық » атты сабағымыз аяқталды.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бақыт деген – денсаулық."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: жас ұрпаққа денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру.    Тәрбиелігі: денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң , ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.     Дамытушылығы: сын тұрғысынан ойлау , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін дамыту.     Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, сызбалар, слайд     Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.                                      2.Психалогиялық дайындық. Денсаулық –ол шыныққан, Барлық дене мүшесі. Денсаулық – ол тыныққан, Жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық – ол келуің, Көңіл- күйің жадырай. Денсаулық –ол жүруің,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 836 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.06.2014 2967
    • DOCX 73 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 98698
    • Всего материалов: 60

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе