Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Методическая разработка «Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Методическая разработка «Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары»

библиотека
материалов

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданы

2 Новоишим орта мектебі







Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары





Дайындаған: Ж.Ж. Мукатова

hello_html_m49961eec.jpg






2013-2014 ж

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

- дарынды оқушымен жұмыстыңәдеуметтік қажеттілігін сезінуі;

- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

- дарынды оқушымен жұмысқа трақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;

2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар

- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

- оқушы дарындылығын моделін білуі;

- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

- дарынды оқушына анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

- дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлма құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;

- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

- дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

- оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;

- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

- баланың отбасы жағдайын зерттеу;

- шығармашылық қабілетін анықтау;

- саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

- ата-анасымен әңгімелесу;

- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;

Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

1. Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;

2. Пәндік үйірмелер;

3. Тіл мерекесі;

4. Абай оқулары;

5. Олимпиадалар;

6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;

7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);

8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);

9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);

      1. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

















Дарынды оқушылар тізімі.



ФИО

Сынып

1

Ермакова Карина

4 «В»

2

Крехова Татьяна

7 «Б»

3

Морозова Полина

7 «В»

4

Погорелец Людмила

8 «В»

5

Жакенов Темирлан

9 «В»

6

Обидник Сергей

11 «В»



































ӘР БАЛА – ЗЕРТТЕЛМЕГЕН ҚҰПИЯ,

ӘР БАЛА – БОЛАШАҚ ДАНЫШПАН.

hello_html_m41154d8.jpg








Дарынды бала



Сыныптағы өз қызметіне басшылық жасау

«Қиын» оқушыларға көмектесу

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы

Шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасауы

Сыныптағы атқарылатын өз қызметіне арнайы дәптер бастауы

Оқу үлгірімі нашар оқушыларға түсінбеген сұрағын түсіндіру

Мектептегі өтілетін апталықтарға ат салысу

Шығармашылық тақырыптарға реферат жасау

Сол дәптерді күнделікті мәліметтермен толықтырып отыру

Уақыт бөліп үй тапсырмасына бірге дайындалу

Әр түрлі үйірме жұмыстарына қатынасу

Өлең шығару

Апта сайын сынып жетекшісіне есеп беріп отыру

Мүмкіндігінше жетіспейтін оқу құралдырымен көмектесу

Мектеп және ауданаралық жарыстарға қатынасу

Өздігінен шығармалар мен көркем әдебиет оқу





















Дарынды оқушылармен жұмыс

Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін, алдымен

  1. Дарынды оқушы дегеңіміз кім?

  2. Дарындылықты қандай топтарға жіктеуге болады?

  3. Оқушыларға әсер ететін орталар

  4. Дарынды оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері

деген мәселелер төңірегінде ой қозғап, пікір бөлісейік.























Дарынды балалармен жұмыстың принциптері:

Жұмыс жүйесінің принциптері

Мазмұны

1

Субьективті принцип

Мектептегі ең басты фигура жай бала емес, күрделі, табиғаттың жаратқан қарама-қайшы сезімді, нәзік жанды, әрі ешкімге ұқсамайтын, басқалардан өзгеше мүмкіндіктері бар, өзінің субъективті іс-тәжірибесі бар адал, өзіндік дүниетанымымен өзіндік қабылдауымен.

2

Психоэлевациялық принцип

Бұл оқыту жағдайы бастапқыдан жағымды жағдайда оқушының жеке тұлғасын қолдаудан тұрады. Міндетті шарттары эмпатиялық жағдайда оқушының жеке тұлғасын басынан мақұлдау, яғни оқушы толғандырып жүрген қиындықтары мен өзекті мәселелерін түсіне білуге педагогтың ұмтылысы, бұл оқушыларға өз жылуы мен қатысуын көрсете білуіне түрткі болады.

3

Көкейкесті принцип

Оқытудың мақсаты – бұл интеллектуалды, белсенді шығармашылық тұлғаның қалыптасуы, проблемалық оқыту кезінде зерттеушілік оқу әрекеті пайда болады, онда дарынды тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі ашылады.

4

Партиклиция принципі «партия»- сөзінен шыққан – бірлесу, топтасу

Бала дарындылығының құбылысына үйлесімді, өз ерекшеліктері бар. Бұл принциптің қажеттілігі екі себепке негізделеді:

1.дарынды балалар психикасының қарапайымдылығы емес, жеке тұлғалар арасындағы коммуникациялық қатынастың күрделенуі оқу үрдісінің балалардың қазіргі әрекетін әр түрлі мақсатқа жетуге негізделінген түрін ұйымдастыруды талап етеді.

5

Байытылған мекен ететін ортаны жасау принціпі

Дарынды тұлғаны дамытудың әдістемелік жинағы психомоторлы, ақыл-ой, академиялық, әлеуметтік, шығармашылық, көркемдік дарындылықтың дамуын қарастырады.Дарынды оқушыларды іздеу, дамыту, қолдау, конференция, фестиваль, жас дарындар сайыстары және тағы басқа іс-шараларды дайындау мен өткізген үрдісте пайда болады.







Жеке тұлға дарындылығының дамытудың кешенді жинағы.

Шығармашылық дарындылық

Ғылыми – практикалық конференция, дебат тобының жұмысы, эрудит, пәндік марафондар, рефераттар қорғау, зияткерлік ойындар, т.б.

Ақадемиялық дарындылық

Арнайы курстар, факультативтер, олимпиадалар

Ақыл-ой дарындылығы

Психологиялық қызмет, сауалнамалар, проблемалық ізденіс қызметі

Көркемдік дарындылық

Жас дарындылық сайысы, ән фестивалі, ән, би т.б.

Психомоторлы дарыныдылық

Спорттық жарыстар, түрлі секция жұмыстары, спортакиядаларға белсенді түрде қатысу

Әлеуметтік дарыныдылық

Көшбасшыны дайындау













Дарындылық түрлерін айқындаудың әдіс-тәсілдері:



Дарындылық түрі

Белгілері

Оқып-үйрену әдістемесі

Шығармашылық дарындылық

Креативті, идеяның өнімділік жылдамдығы, оларды әзірлеу, қиял.

Шығармашылық ойлаудың сауалнамасы

Академиялық дарыныдылық

Оқытудың жетістігі

Стандартты жетістік сауалнамасы

Ақыл-ой дарындылығы

Ойлау операциялары, ақыл-ойлардың түрлері мен сапасының, зейіннің таным үрдістері, есте сақтау, қиялдың дамуы.

Ақыл ойды өлшейтін сауалнама: вебралды және вебралды емес

Көркемдік дарыныдылық

Шығармашылық және орындаушылық өнер

Іс - әрекет мен көркемдік шығармашылықты талдау

Психомоторлы дарындылық

Жылдамдық, нақтылық, ептілік, көру координациясы, темп, ритм, іс-әрекет координациясы, реакцияның жылдамдығы.

Перцептивті – қозғалысты дамытуға арналған стандартты сауалнамалар

Әлеуметтік дарындылық

Ұйымдастырушылық, коммуникативті, жетекшілік қабілеті

Жетекшілік қабілеті, әлеуметтік хабардар шкаласы, әлеуметтік жетілу шкаласын анықтау сауалнамасы





Дарынды балалармен жұмыс жүйесі:

Негізгі мақсаттары:

Дәстүрлі білім сайыстарын, пән олимпиадалаын ұйымдастыру

Дарынды балаларға әлеуметтік қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету.

Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін педагогикалық маман арнайы дайындық жұмыстары өткізу тиіс

Дарынды балаларды іріктеудің, тәрбиелеу, оқыту мен қолдау бойынша тәжірибелік қызметті дамыту үшін басқару жүйесін құру

Негізгі міндеттері:

Талантты балалардың әлеуметтік – мәдениеттік қалыптасуына көмектесу

Мемлекетіміздің зерделі потенциалын қалыптастыруға үлес қосу

Дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі стратегиясын белгілеу



Дарынды оқушылармен жұмыс

Мақсаты:

Оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрдде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудығы негізгі талаптарды жүзеге асыру. Халықтық тәлім- тәрбие білу.



Міндеті:

Бұл оқушылармен үнемі қосымша жұмыс жасау. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беру. Логикалық тапсырмаларды жиі ұсыну. Әр сабақта олардың ой-орістерінің өсуіне жағдай жасау. Оқуға деген белсенділіктерін дамыту, арттыру.

Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойларына сіңіріп өсулеріне ықпал жасау.

Міндеттері:

Міндеттері:

  • Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.

  • Балалардың кәсіби және  жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету.

Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.

Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.

Дарындылық анықтамасы:

  • Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады.

  • Іс-әрекеттің  жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.

  • Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті.

  • Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы.

  • Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар.

Дарынды баланың сипаттамасы:

  • Интелектуалды сферасы.

  •  Білімділік өрісі.

  • Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.

Дарындылық үш параметрмен анықталады:

Танымдық жеке дамуы.

Психологиялық жеке жамуы.

Физикалық дамуы.

Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер:

  • Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.

  • Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

  •  Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял-күйінің басым түсуі.

  •  Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы.

Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:

  •     Жас ерекшелігі

  •     Тұлғалық ерекшелігі.

  •     Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.  

Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы     жұмыс жоспары:
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу

2.     Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту

3.     Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

4.     Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Шаталовтың әдіс-тәсілін пайдалана отырып оқыту

5.     Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру

6.     Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

- пәнге терең қызығушылығын арттыру;

- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;

- білімнің бағасын арттыру;

Ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.

  

Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру

І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)

1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.

2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу.

3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау.

4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)

5. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)

ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)

1.     Бастауыш сынып мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.

2.     Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу.

3.     Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)

4.     Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау.


Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:

    Жас ерекшелігі

    Тұлғалық ерекшелігі.

    Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.  

Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерді іріктеудің негізгі принциптері

  • Ø Дарынды балаларды оқыту жүйесінде мұғалім негізгі фактор болыптабылады.

  • Ø Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге жоғары талаптар қойылады.

  • Ø Бастауыш сыныпта оқитын дарынды баламен кез келген мұғалім жұмыс істей алмайды.

  • Ø Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің өзіндік «жағымды» Мені болуы керек.                    

 (Өзін төмен бағалайтын мұғалім дарынды шәкірт алдында қорқыныш сезімінде болады.)

  • Ø Табысты педагогикалық тәжірибесі болуы керек.

  • Ø Эмоционалдық тұрақтылық.

  • Ø Мақсатқа жетуге ұмтылу.

  • Ø Шығармашылық  бастама.

  • Ø Мұғалімнің кәсіби компетенттілігі  арнаулы теориялық дайындығының тәжірибемен тығыз ұштасуына негізделеді.

  • Ø Арнаулы бағдарлама құруды өзгелердің тәжірибесіне сүйену үшін арнайы бағдарламен таныс болуы керек.

  • Ø Өзге пәндерден қажетін ала білу.

  • Ø Дарынды баламен мұғалімнің ділі бір болған дұрыс.

 

 Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің жеке басының қасиеттері:

  • Ø Мейірімді, сезімтал.

  • Ø Дарынды балалар психологиясы, ерекшелігін біледі, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін сезеді.

  • Ø Интеллектуалды даму деңгейі жоғары.

  • Ø Қызығушылығы мен икемі кең.

  • Ø Педагогикалық мамандығынан өзге де білімі бар.

  • Ø Дарынды балаларды оқытумен байланысты түрлі міндеттерді орындауға әзір.

  • Ø Белсенді.

  • Ø Әзілқой (бірақ сарказм қажет емес)

  • Ø Өзінің көзқарасын өзгертуге, үнемі өзін жетілдіруге дайын.

  • Ø Өзіндік жеке әлемтану.

  • Ø Өмірге төзімді, дені сау.

  • Ø Жоғары оқу орнынан кейін дарынды балалармен жұмыс жөнінде арнайы дайындығы болып, әлі де арнайы білімді ашуға дайын болу.

  

Дарындылық ұстанымы

  • Сен « білуге міндеттісің» дегеннің орнына, « Сенің қолыңнан келеді!» ұстанымы;

  • Белгілі жағдайдан, белгісіздікке  бетбұрыс жасау қағидасы;

  • Іс -әрекеттің нәтижесіне емес, сол нәтижеге жету барысындағы қуаныш!

  • Баланың қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету!

  • «Қателеспейтін адам болмайды» қағидасына үйрету!

  • Болашаққа бейімдеу;

  • Дамыта оқыту;

  • Жеке ғана емес, әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту!

Дарынды балаларға арналған бағдарлама талаптары:

  • Ø Дарынды оқушының коммуникативтік әрекеттерінің негізгі түрлерін қалыптастыру;

  • Ø Өз мүмкіндіктерін сезініп, өзге адамдардан жеке ерекшеліктерін түсіне білу қабілеттерінің дамуына әсер ету;

  • Ø Зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін қалыптастыру;

  • Ø Шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;

  • Ø Тілдік білім жүйесін сөйлеу әрекеттерінде қолдану т.б.

 

Дарындылықтың бірден бір белгісі

Дарынды баланың күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс-әрекеттің ерекшелігін педагогикалық бақылау әдісін қолдану  арқылы анықталады.

Дарындылық тағылымы-даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, адамгершіліктің кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.

Дарынды балалар” бағдарламасының жұмыс бағыттары:

І.  Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын, тесттапсырмаларын  және  түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.

ІІ.   Диагностика жүргізу.

ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай туғызу.

ҮІ. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Ү. Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару іс-шараларын өткізу.

ҮІ. “Дарынды балалар” мәселесі  бойынша мұғалімдермен ғылыми-әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру.




Краткое описание документа:

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Автор
Дата добавления 17.06.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1039
Номер материала 128310061757
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх