Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Қош келдің, Наурыз!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қош келдің, Наурыз!

библиотека
материалов

Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз! Міржақып Дулатов

Мақсаты:а) тәрбиелік. Наурыз мерекесі жайлы айта келе, табиғаттың сұлулығы, оның құдіреттілігі, әсемдігі жайлы түсінік беру.

ә)дамытушылық. Түсініп оқуға, еркін әсерлей сөйлеуге баулу, сөздік қорын дамыту.

б)тәрбиелік. Табиғатты қорғай, зерттей білуге, өз халқының ұлттық мерекелерін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, ата-анасын сүюге тәрбиелеу.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, әшекейлер, киіз үй, ұлттық киімдер, ыдыстар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Сонда нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер жан- жағым.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жатқа айту.Көктемде қандай өзгерістер болады екен? Балалар не істеді? Саған көктем мезгілі ұнай ма?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Оқушының үйден салған суреттеріне талдау жасау. Көктемде қандай жұмыстар істелінеді? Сенің жанұяң қандай көктемгі істер істеді? Көктем мезгіліне деген сенің көңіл күйің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Сұраұ-жауап:- Наурыз мерекесі қашан болады?

- Ол қандай мереке?

-Сенің тұратын жеріңде Наурыз мерекесі қалай тойланады?

Мұғалім: Ия, балалар, бақ пен ырыстың, молшылықтың, ынтымақ пен бірліктің белгісі Наурыз мерекесі келе жатыр! Наурыз сөзі парыс тілінен енген «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі түріктер Ұлыс күні қарсаңында жаңа киімдер киіп, сақал- мұртын түзеп, шаштарын алған.

Шығыс халқының Наурызды қалай тойлайтындығы жайлы көне деректер арқылы бізге жетіп келген.

Мұсылман халқында 21наурыз түні елді Қыдыр аралайды деген ұғым бар.

Қыдыр ата қиял ғажайып кейіпкер. Ол адамдарға құт- береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, әулие, көріпкел қарт. Ол Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа бата береді. Міне, сондықтан адамдар Қыдыр атаның жолын күтіп, ыдыс-аяқты, қора- қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құйған.

Сондықтан қазақ халқы Қыдыр атаны 22 наурыз түнгі үште қарсы алған.

Ү. Жаңа сабақ: кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.

Оқушыларға тізбектете оқыту.

Сөздік жұмыс. (байлаулы, деуге сыяды, тіршіліктің негізі, мал тойынады.) Мәтінге сүйеніп «Наурыз- ұлттық мейрам» деген тақырыпта топ алдында сөйлеуге дайындал. Ол үшін: жоспар бойынша тапсырманы орында

Тапсырма. «Тіршіліктің арқауы алдыменен- тамақ. Дүние жаратылғаннан бері, жанды- жансыздың бәрінің талас- тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін» деген жолдардағы ойды сендер қалай түсінесіңдер? Оқушыларға әңгімелету.

Ой толғау. Топтық жұмыс.

I топ. Жоспар құр. Наурыз мерекесі жайлы әңгіме жазып әңгімелеу.

II топ. Наурыз мерекесі неге наурыз айында тойланады.?

III топ. Наурыз сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

IV топ. Наурыз көже қалай дайындалады, не үшін дайындауы жайлы әңгіме жазу.

Әр топтағы оқушылар жазған әңгімесін топ ішінде бір-біріне оқып береді,соң әр топтан бір оқушы шығып тақтада оқып береді.

Сергіту сәті. Қара жорға биін билеу. Таспада Қара жорға әні орындалады.

Үлгі бойынша өлең құрастыру.

I топ. Көктем, көктем ................

Құстар келіп....................

Қуанып бір .....................

Әнмен қарсы .................

II топ Наурызда....................

Күн көзі .....................

Өзгеше бүгін ............

Қыс тауға ......................

III топ. Гүлдер, гүлдер, шоқ .......................

Қызыл гүлдер, ............. ...................

Тұра берші .....................,

Тұра берші .....................

IV топ. Наурызды ...........................

Жыл басы ......................

Көнермей .....................

Көп елге .......................

ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Ұлтық қандай мейрамдар болады?Наурыз мейрамы ше? Оны бізден басқа қандай елдер тойлайды? Қазақ малы үшін не істеген ? Қандай әрекеттерге барған? Халық тіршілігін қалай түрлендіре білген? Бүгінгі күні Наурыз мерекесін қалай мерекелейді? Наурыз мерекесінің ең негізгі тағамы не? Әңгімелеп көр.

ҮІІ. Бекіту. «Тіршіліктің арқауы алдыменен-тамақ. Дүние жаратылғаннан бері, жанды-жансыздың бәрінің талас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін» деген жолдардағы ойды әр қарай жалғастырып көр. Сенің пікірің?

VIII. Ата- анаға, бауырларға, достарыңа тілек жазу. Оқушылар өз ата-аналарын, бауырларын, достарын Наурыз мерекесімен, көктем мерекесімен, 8 наурыз мерекесімен құттықтап тілек жазып , үлкен бәйтерекке іліп қояды.

Оқушылар сабақтың соңында сабақтан білгендерін, білгісі келгендерін жазады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді






ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу,түсінгенін әңгімелеу.

Бағалау.









Краткое описание документа:

Мақсаты:а) тәрбиелік. Наурыз мерекесі жайлы айта келе, табиғаттың сұлулығы, оның құдіреттілігі, әсемдігі  жайлы түсінік беру. ә)дамытушылық. Түсініп оқуға, еркін әсерлей сөйлеуге баулу, сөздік қорын дамыту. б)тәрбиелік. Табиғатты қорғай, зерттей білуге, өз халқының ұлттық мерекелерін, әдет-ғұрпын  құрметтеуге, ата-анасын сүюге тәрбиелеу. Түрі: аралас.  Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, әшекейлер, киіз үй, ұлттық киімдер, ыдыстар. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық  жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. 
Автор
Дата добавления 18.06.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров530
Номер материала 128610061829
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх