Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Семинар-тренинг «Мен сізді түсінуге тырысамын...»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Семинар-тренинг «Мен сізді түсінуге тырысамын...»

библиотека
материалов

Семинар-тренинг
«Мен с
ізді түсінуге тырысамын...»

Мақсаты: Қазіргі кездегі мүмкіндігі шектеулі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптастыруына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. .Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-анасының парызы. Қажетті құрал жабдықттар: ақ қағаздар А4 ,қалам, фламастерлер, ватман қағаз,проектор ,интерактивті тақта. Көрнекілігі: слайд ,доп ,гүл шоғы,шар.
Тренинг ережесі: 1.Тыңдай білу. 2.Сөзді бөлмеу. 3.Белсенділік. 4.Шығармашылық. 5.Төзімділік. 6.Сыйластық. 7.Түсіністік қарым-қатынас.

Тренинг мақсатын түсіндіру. Тренингтің кіріспе сөзі . - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі семинар тренинг тақырыбы : "Мен сізді түсінуге тырысамын...". Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.

Тренинг барысы: 1. Бөлім. Танысу: Әр ата-ана өзінің есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы: мейірімді Мейіргүл, әдемі Айдан, т.б.

2. Бөлім: «Кездесу» (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың жақсы қасиетін айтады). 2. «Жанұя» (доп беру арқылы ата-ана жауап береді). 3.Қызықты сұрақтар:
1.Балаңыздың туған күні 2.Әлеуметтік маманның толық аты-жөні?
3.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4.Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5.Балаңыздың досы кім?
6.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 7. Балаңыздың дәрігері кім?
8.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9.Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
10. Балаңыз бос уақытта не істейді? Талдау:
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек
-дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға демеуші ата-ана.

3. Бөлім: Ситуациялық жағдаяттар. Әр топ берілген жағдаяттарға ой-пікірін білдіріп, сұрақтарға жауап береді
І топ. - Мен жанұяда жалғыз бала болдым, сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап, ерке өсірді. Әке-шешем ақшаны беретін болғандықтан, қымбат киімдер кидім, қасымдағы балаларға еріп, жаман әдеттерге әуес бола бастадым. Бар нәрсе оңайлықпен келетін болған соң, өмірге жеңіл қарадым.
Қаншама теріс қылықтарым үшін милицияға да түстім. Әр уақытта әкем ақшасының арқасында шығарып алатын еді. Мұның соңы жақсылыққа апармады. Сөйтіп, темір тордың ар жағынан бір-ақ шықтым. Бүгін де бар жасаған әрекетіме өкінемін, өмірімді қайтадан бастағым келеді. Кейінгілерге айтарым - теріс қылықтардан аулақ болып, өкінбейтіндей өмір сүріңдер.
Сұрақ:
1. Әңгіме мазмұны бойынша өз пікіріңіз?
2. Әңгіме кейіпкерінің теріс жолға түсуіне кім кінәлі деп санайсыз?
3. Отбасы тәрбиесінде баланы еркін өсіру қажет пе? Бала тәрбиелеу ісіндегі әкенің ролі қандай деп ойлайсыз?
ІІ топ. Біздің отбасымызда бір күн тыныштық болса шы?... Біздің үй үнемі ұрыс-керістен арылмайды. Жанжалдың өзі аяқ астынан туындай қалады. Шешем болса маған: «Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың да шамалы» деп құлақ етімді жейді. Ал, әкем болса, күні-түні ішкені ішімдік, үйдің береке-сін қашырады. Осындай жағдайлардан соң, сабақ оқу қайдан болсын?... Ата-анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады, үйден безіп кеткім келеді. Не істерімді де білмеймін...
Сұрақ:
1. Мұндай жағдайда не айтуға болады?
2. Әңгімедегі жаны жаралы кейіпкерге қандай ақыл қосуға болады?
3. Отбасында кейбір ата-аналардың өз баласының әрекетіне көңілі толмай: «Сенің қолыңнан келмейді. Сен бұны жасай алмайсың» деп жататынын да байқап қаламыз. Баланың іс-әрекетіне осындай теріс баға беруге қалай қарайсыз?
ІІІ топ. Біз үш бала тәрбиелеп отырған жанұямыз. Екеуіміз де жұмыссыздар қатарындамыз. Оқта-текте жалдамалы, жеке жұмыстар кездесіп қалып жатады. Оның өзі отбасы қажеттілігінен ауыспайды. Дегенмен де балаларымызды қатарынан қалдырмай, барымызша асырап, тәрбиелеп келеміз.
5-сыныпта оқитын қызымның қалауын жасай алмағаным жаныма қатты батады. «Сыныптағы қыздардың бәрінде ұялы телефон бар, тек қана менде жоқ» деп, күнде «әпер» деп мазамызды ала бастады. Соның кесірінен сабаққа да барғысы келмейді. Біздің жағдайымыз болса мынау. Не істеуге болады? Қызымның көңілін қалай ауласам екен? Кеңес берсеңіздер екен...
Сұрақ:
1. Сіз қандай кеңес берер едіңіз? 2. Сол ата-ананың орнында болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз? 3. Отбасында бала тәрбиелеу ісінде кездескен қиындықтар болды ма? Оны қандай жолмен шеше алдыңыз? Талдау: Ата-анаға қуаныш. Алдыны алған еркесі. Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой- өлкесі, -деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы ,гүлденген үміт-арманы тек перезент сүю,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен . Ендеше, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.

4.Бөлім: Жаттығу: «Джунглидағы жаңбыр».
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу.
Тар шеңбер болып тұрамыз. Джунгли орманындамыз деп ойлайық. Ауа-райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезгілде самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі (арқаға батыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз). Содан кейін жай жаңбыр сіркіреді (көршінің арқасын саусақтарыңмен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауып, сосын жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді жаттығуды ауысып жасайсыз.
Талдау:
-мұндай жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?
-жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?
-өз сезімдеріңіз бен көңіл-күйлеріңізді бөлісіңдер.

5. Бөлім: Психотрениг «Жанұя бақыты» Әдіс-тәсілі;сұрақ-жауап, топпен жұмыс,шығармашылық жұмыс. Қажетті құралдар;ақ қағаз А4 Фломастерлер, қалам, Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.
Ол қандай жанұя? деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Талдау: Сіздер ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе – ол балаға деген қамқорлық, баланы түсінуге, білуге тырысасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз . Сіздердің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенесіз. Жанұяның да,баланың да мерейі-әке.Өйткені ол – жанұяның қамқоршысы, мерейі . Баланың жерге шырылдап түскеннен –ақ ең бір жақыны, ең бір досы ол-ана. Балаға бәрінен қымбат, жалпақ дүниеден де үлкен ол – ана. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес. Ананың жүрегі нәзік, ананың махаббаты балаға тіл жеткісіз биік . Бүгінгі тренингке келіп отырған аналарға көптен көп рахме

6. Бөлім: «Диаграмма құрастыру» жаттығуы. Әдіс-тәсілі : Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, отбасының бір күндік диаграммасын құру. Әр бір ата-анаға ақ қағаз,қалам таратылады.
Қажетті құралдар;ақ қағаз, қалам. Ата-анаға:
1. Ұйқыға
2. Мектепке
3. Отбасымен қарым-қатынасқа
4. Үйірмеге
5. Достарына
6. Үй шаруасына
7. Жалғыз болуға

Талдау: Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

7. Бөлім: Жаднама тарату.( 10 сұрақ)

Ата-анаға арналған жаднама . .

1. Баланың дамып жетілуіне кандай тәрбие әдістерін қолданасыз? а) жазалау б)түсіндіру в) басқа да

2. Бала үшін әлеуметтік маман мен ата-ана арсында қандай қарым- қатынас болу керек

а) жақын б) алыс в) басқа да

3. Балаңызды әлеуметтік маманға сеніп тастап кете аласыз ба?

а) иә б) жоқ в) басқа да

4. Әлеуметтік маман орталықта болатың іс- шараларға шақыра ма?

а) иә б) жоқ в) басқа да

5 . Балаңыз орталықта болатың үйірмеге келе ме ?

а) иә б) жоқ в) басқа да

6 .Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?

а) иә б) жоқ в) басқа да

7. Балаңыз бір нәрсені алып бер деп жылап тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме ?

а) иә б) жоқ в) басқа да

8. Егер сіз қайырымдылық қорын басқарсаңыз мүмкіндігі шектеулі жандарға қалай көмектесер едіңіз ?

а) азық-түлік б) қаржылай в) басқа да

9. Ата-аналарға семинар-тренигтер керек пе?

а) иә б) жоқ в) басқа да

10.Сіздердің ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз?

8. Қорытындылау . «Тілек гүлі».
Мақсаты:
тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, гүлдің де үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан гүлді бір-бірімізге беріп тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына гүлді бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.

9. Бөлім: Кофе бринг.









Краткое описание документа:

Семинар-тренинг «Мен сізді түсінуге тырысамын...» Мақсаты: Қазіргі кездегі мүмкіндігі шектеулі    баланың   дамуына, жеке тұлға   болып қалыптастыруына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. .Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-анасының парызы.                                                                          Қажетті құрал жабдықттар: ақ қағаздар А4 ,қалам, фламастерлер, ватман қағаз,проектор ,интерактивті тақта.                                                                      Көрнекілігі: слайд ,доп ,гүл шоғы,шар. Тренинг ережесі:                                                                                            1.Тыңдай білу.                                                                                                                         2.Сөзді бөлмеу.                                                                                                    3.Белсенділік.                                                                                             4.Шығармашылық.                                                                                               5.Төзімділік.                                                                                                      6.Сыйластық.                                                                                                  7.Түсіністік қарым-қатынас. Тренинг мақсатын түсіндіру.                                                                          Тренингтің кіріспе сөзі .                                                                                             - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі  семинар тренинг тақырыбы : «Мен сізді түсінуге тырысамын...».                                                                                                                Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті  және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Тренинг барысы:                                                                                                        1. Бөлім. Танысу: Әр ата-ана өзінің есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы: мейірімді Мейіргүл, әдемі Айдан, т.б. 2. Бөлім: «Кездесу» (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың жақсы қасиетін айтады). 2. «Жанұя» (доп беру арқылы ата-ана жауап береді). 3.Қызықты сұрақтар: 1.Балаңыздың туған күні                                                                                2.Әлеуметтік маманның толық аты-жөні? 3.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 4.Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді? 5.Балаңыздың  досы кім? 6.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?                                                                                      7. Балаңыздың дәрігері кім? 8.Балаңыздың сүйікті асы қандай? 9.Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? 10. Балаңыз бос уақытта не істейді?                                                                               Талдау:   Баланы жастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек -дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға демеуші ата-ана.
Автор
Дата добавления 23.06.2014
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров658
Номер материала 130998062335
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх