Инфоурок Математика Рабочие программыМатематика, физика және информатика апталығы

Математика, физика және информатика апталығы

Скачать материал

«Бекітемін»                                                                                               Жоспар бірлестік

№12имназия директоры                                                               отырысында талқыланды.

Сакенова Р.Б.                                                                                   ӘБ жет. Байжанова Б.Ж.           

  _______________                                                                                  __________________   

  «____»_________ 2014 ж.                                                                  «____»_______ 2014 ж                                                                                                        

 

 

 

 

 

 

«XXI- ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»

 тақырыбындағы  математика информатика және физика пәндері апталығының

ЖОСПАРЫ         

 

                                                     

 

 

 

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:

24 ақпан-1 наурыз 2014 жыл

 

 

Алматы қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24.02  дүйсенбі Апталықтың ашылуы

 

 

Білгенге білім-байлық бағасы артық

Салмағы сан жетпейтін қорғасыннан

Үйренсең өнер білім өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай.

 

 

 

Өткізілетін іс-шара тақырыбы,

өткізу формасы

Сыныбы

Жауапты мұғалім

Өткізілетін орны

 

 

1.      «Математика – барлық ғылымдар падишасы» атты көрме

 

 

2.       «Менің сабағым- менің шығармашылық ізденісімнің жемісі»  атты үздік сабақтар көрмесі

 

 

3.      5-9 сыныптар үшін «Ең үздік сынып» және «Ең үздік оқушы»

логикалық есептерді шығарудан конкурс.

          

 

5-11 сыныптар

 

 

 

 

Барлық секция мүшелері

 

 

5-9 сыныптар

 

 

 

Байжанова Б.Ж.

 

 

 

 

Байжанова Б.Ж.

 

 

 

 

 

Смағұлова Л

Шәріп Ш

Ысқақ С

Сейітмолдина Ш

Айдарова  Г.

 

 

 

1 этаж холл

 

 

 

Кітапхана

 

 

 

 

 

1 этаж холл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25.02. сейсенбі, «Информатика- ақпараттар ғылымы» -күні

 

 

Құтқарып ауыр бейнеттен 
Техниканы үйреткен 
Роботтай – адамды 
Тіл бітіріп сөйлеткен 
Компьютер емей немене 
Білмегенді білдірген 
Өлшеп киім кигізген 
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене 

 

Өткізілетін іс-шара тақырыбы,

өткізу формасы

Сыныбы

Жауапты мұғалім

Өткізілетін орны (кабинет№ )

1.             1. «Анимация әсерін баптау» жаңа  

2.               білім игеру сабағы

3.       

 

 

       2.«Visal Basic»- тің графикалық  

              әдістері

 

 

4.      Word Pad мәтіндік редакторы

Практикалық жұмыс

 

6 «А» сыныбы

 

 

11 «Г»

сыныбы

 

 

 

5 «А» сыныбы

 

Сейітмолдина Ш

 

 

 

Сағыбекова А

 

 

 

 

Тағаева А.Д.

№ 24 кабинет

3 саб. 1010 сағ

 

 

№32 кабинет

2 саб. 920 сағ

 

 

 

Бастауыш сыныптағы

инф.кабинеті

 4 саб. 1110 сағ

 

 

 

 

 

 

                                                                              26.02. сәрсенбі

«Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» -

тақырыбында прақтикалық семинар

 

 

Өткізілетін іс-шара тақырыбы,

өткізу формасы

Сыныбы

Жауапты мұғалім

Өткізілетін орны (кабинет№ )

І.  Практикалық бөлім:

 

1.      «Қызықты математика» 

алгебра, білім бекіту- жүйелеу  сабағы,  жарыс сабақ

 

 

2.      «Рационал бөлшектерді қосу және азайту»  алгебра,  білім бекіту сабағы, танымдық- зерттеу сабағы

 

3.       «Функцияның кризистік нүктелері» алгебра,  жаңа білім игеру сабағы,топтық - танымдық сабақ

4.      «Математика – ғажайып әлем»

    ХХІ ғасыр көшбасшысы, сыныптан тыс жұмыс

 

ІІ. Әдістемелік шайхана

семинардың  теориялық- сараптама бөлімі

 

а) «Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары»              

б) сабақтарды талдау, тәжірибе алмасу

в) семинарды қорытындылау

 

 

 

7 «Д» сыныбы

 

 

 

7 «А» сыныбы

 

 

10 «Д» сыныбы

 

 

6 «В,Г» сыныптары

 

 

 

 

Барлық секция мүшелері

 

 

Мухамедиева Ж.Ә.

 

 

 

Байжанова Б.Ж.

 

 

 

Мұсабекова Ұ.М

 

 

 

Махамбетова Б.А.

 

 

 

 

 

 

Байжанова Б.Ж.

 

 

 

№ 26 кабинет

2 саб. 920 сағ

 

 

 

№ 35 кабинет

5 саб. 1210 сағ

 

 

№ 4 кабинет

4 саб. 1110 сағ

 

 

Акт. зал

  1430 сағ

 

 

 

 

№ 8 кабинет

1530 сағ

 

 

 

27.02.  бейсенбі

« Пән кабинеті – мұғалімнің  шығармашылық  шеберханасы»

 

Математика  пәні мұғалімі Аубакирова Айгүлдің  тәжірибесінен семинар

 

 

 

 

http://im7-tub-kz.yandex.net/i?id=60699620-50-72&n=21

 

 

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығы
ң

 

 

Өткізілетін іс-шара тақырыбы,

өткізу формасы

Сыныбы

Жауапты мұғалім

Өткізілетін орны (кабинет№ )

 

1.      Панорамалық сабақ

2.      «Кабинеттегі  жүйелеу және оның оқыту процесіндегі ролі» практикалық семинар

 

 

Барлық секция мүшелері,

жас мамандар

 

Аубакирова А.Д

 

№ 35кабинет

14 00сағ

 

                                               28.02.  жұма

«Жас келсе-іске»  жас мұғалімдер тәжірибесін таныстыру.

 

 

 

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
    Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
    Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
                                                               Төле би

 

 

Өткізілетін іс-шара тақырыбы,

өткізу формасы

Сыныбы

Жауапты мұғалім

Өткізілетін орны (кабинет№ )

 

І.  Практикалық бөлім:

 

1.      «Шеңбер және оның элементтері»

геометрия, білім бекіту сабағы,  топпен жұмыс

 

 

2.      «Шеңбердің теңдеуі, түзудің теңдеуі» геометрия, білім бекіту сабағы,  ойын элементтерін сабақта   қолдану

 

3.      «Қызықты физика»

            ХХІ –ші ғасыр көшбасшысы

 

 

ІІ. Сараптама-талдау бөлімі:

1.      Дөңгелек үстел басындағы пікір талас

2.      Сабақтарды талдау, тәжірибе алмасу

 

 

 

 

 

7 «Б»

Сыныбы

 

 

 

8 «В»

Сыныбы

 

 

 

10 «А»

Сыныбы

 

 

 

Барлық секция мүшелері,

жас мамандар

 

 

 

 

Шәріп Ш.Қ.

 

 

 

 

Смағұлова Л

 

 

 

 

Айдарова Г

Ташенов Қ

 

 

 

Байжанова Б.Ж

 

 

 

№ 35 кабинет

1-ші саб.830 сағ

 

 

 

№ 7 кабинет

6-шы саб.

1300 сағ

 

 

 

№ 30 кабинет

1-ші саб.

830 сағ

 

 

№ 35кабинет

1430 сағ

 

 

1.03. сенбі ,Апталықты қортындылау

http://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=508283655-48-72&n=21

 

 

 

 

1)      «Ең үздік математикалық сынып» және  «Ең үздік математик» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау

2)      Апталық жұмыстарын жүйелеп, талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназия

 

 

24 ақпан-1 наурыз 2014 жыл

  «XXI- ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»

 

 

 

http://im5-tub-kz.yandex.net/i?id=817993577-22-72&n=21

 

тақырыбындағы  математика информатика және физика пәндері апталығының

ҚОРТЫНДЫ ЕСЕБІ.

 

әдістемелік бірлестік жетекшісі Байжанова Бибісара Жолдасбекқызы

Алматы қаласы, 2014 ж

24 ақпан-1 наурыз 2014 жыл   «XXI- ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»

 тақырыбындағы  математика информатика және физика пәндері апталығының

ҚОРТЫНДЫ ЕСЕБІ.

 

     Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры»  деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы да осы үш пән-математика,физика және информатикаға бағытталған.Сондықтан да  биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да  барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын  арттыруға бағыттадық.

      Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды.Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. Атап айтсам: «Информатика- ақпараттар ғылымы» -күні деп аталған сейсенбі күні информатика пәні мұғалімдері Сағыбекова Ардақ пен Сейітмолдина Шырын өз сабақтарында әр баланың компьютерлік бағдарламаны жете меңгеруімен қатар шығармашылық ізденісінің де дамуынына жол ашудың әдіс-тәсілдерін жоғарғы дәрежеде әріптестеріне таныстырды. Ал «Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» - тақырыбында сәрсенбі күні ұйымдастырылған практикалық семинарда барлық ғылымдар падишасы – математиканың қыры мен сырын ашып, оның басқа ғылымдармен байланысын жан-жақты көрсете білген мұғалімдер Мұхамедиева Жанар, Махамбетова Бану және Мұсабекова Ұлтуаш болды.Бұл практикалық сабақтар «Әдістемелік шәйхана» түріндегі семинарда жан-жақты талқыланып, сараланды.Бейсенбі күннің ерекшелігі- ол жеке бір мұғалім тәжірибесін тарату болды. Бұл күні математика пәні мұғалімі Аубакирова Айгүлдің  тәжірибесі «Пән кабинеті – мұғалімнің  шығармашылық  шеберханасы» атты семинарда жас мамандарға таныстырылып, соңынан «Жас маманға арналған әдістемелік» жинақ әр жас маманға  табыс етіді. Жұма күні «Жас келсе-іске» деген тақырыпта жас мұғалімдер тәжірибесін таныстыру  ұйымдастырылды. «Ақыл – жастан» демей ме дана халқым. Бұл қағиданның шынайылығын жас мұғалімдер дәлелдей білді. Математика пәні мұғалімдері Смағұлова Лаззат пен Шәріп Шырын сабақтары баланың ізденісін ұйымдастыра білудің жолдарын көрсете білген  нағыз шеберлік сабақтары болды.Ал, апта бойы әр бала логикалық есептер байқауына берілген есептерге жауап тауып, өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға мүмкіндік алды. Бұл байқауда үздік шыққан алты оқушы арнайы грамоталармен марапатталды. Апталықтың маңызды бір жетістігі ретінде – апта бойы ұйымдастырылған «Менің сабағым- менің шығармашылық ізденісімнің жемісі»  атты үздік сабақтар көрмесін осы мектептің ардагер ұстазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, математика пәні мұғалімі, бүгінде зейнеткер Даниярова Дәмелі апайдың арнайы келіп көріп, бағасын беруі болды.

 

Енді апталықтың әр күніндеіг іс-шаралардың талдауы:

 

1)      24.02  дүйсенбі .Апталықтың ашылуы бұл күн

Білгенге білім-байлық бағасы артық

Салмағы сан жетпейтін қорғасыннан

                                                      Үйренсең өнер білім өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай.

деген негізгі ой бағытпен басталып, апталықтың ашылуы құрметіне «Математика-барлық ғылымдар падишасы» атты көрме  «Менің сабағым- менің шығармашылық ізденісімнің жемісі»  атты үздік сабақтар көрмесі және 5-9 сыныптар үшін «Ең үздік сынып» және «Ең үздік оқушы»  логикалық есептерді шығарудан конкурс жұмыстары басталды.

 

           

«Менің сабағым- менің шығармашылық ізденістерімнің жемісі» тақырыбындағы үздік сабақтар көрмесінде еңбек ардагері  Даниярова Дамелі Нұғыманқызы.

    

 «Менің сабағым- менің шығармашылық ізденістерімнің жемісі» тақырыбындағы үздік сабақтар көрмесінде директордың орынбасары Маликова Найла Тоқтамұратқызы.

25.02. сейсенбі, «Информатика- ақпараттар ғылымы» -күні

Құтқарып ауыр бейнеттен 
Техниканы үйреткен 
Роботтай – адамды 
Тіл бітіріп сөйлеткен 
Компьютер емей немене 
Білмегенді білдірген 
Өлшеп киім кигізген 
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене,

деген түйінді идеямен  информатика пәні мұғалімдері  ашық сабақтар  өткізді.

1.      «Анимация әсерін баптау» жаңа   білім игеру сабағы Сейітмолдина Шырын 6 «А» сыныбы, сабаққа бірлестік мұғалімдерімен қатар мектеп директорының орынбасарлары Тақабаева А, Құмарбекова Б қатысты. Сабақ өте жоғары дәрежеде өттті деп бағаланды, себебі жұмыс нәтижесін оқушылар көрсете білді, олар сабақ мақсатына сай керемет тәрбиелік мағанасы зор анимациялық мультфильмдер жасай білді.

Информатика пәні мұғалімі Сейтмолдина Шырын  сабағынан көрініс.

Балалар жұмысын қорғауда.

2.      «Visal Basic»- тің графикалық  әдістері тақырыбында Сағыбекова Ардақ 10 сыныпта сабақ өткізді. Бұл сабақ та өте жоғарғы дәрежеде өтті, бірлестік мұғалімдері және мектеп директорының орынбасары Маликова Н.Т. қатысып талдау жасады.Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті. Айтылған ескерту – білім бағалауда уақыт жетпеді.

 

Информатика пәні мұғалімі Сағыбекова Ардақтың  сабағынан көрініс.

Осы сабақтағы нәтижелі жұмыс.

 

5.      «Word Pad мәтіндік редакторы»  практикалық жұмыс сабағын Тааева Ақмаржан 5- сыныпта берді. Жас маман болғандықтан сабаққа ескертулер болды.атап айтқанда: сабақтың әр этапында оқыту материалдарының мазмұны біртекті болып қайталана берді. Тақырып оңай болғандықтан ұйымдастыру формасын қызықты етіп жоспарлау ұсынылды.Дегенімен де балалар сабақ мақсатына сай Word Pad мәтіндік редакторын қолдана білетіндерін көррсетті.

Информатика пәні мұғалімі Сағаева Ақмаржанның  сабағынан көрініс.

 

Үшінші күні 26.02. сәрсенбі  «Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» - тақырыбында прақтикалық семинар ұйымдастырылды.Бұл күні тәжірибелі математика пәні мұғалімдері сабақтар беріп, ол сабақтар «Әдістемелік шайхана»

семинардың  теориялық- сараптама бөлімінде талқыланды, Барлық төрт сабақ та  өткізу формалары жағынан дәстүрлі емес, АКТ-ны қолданудың әдіс тәсілдерін    шебер көрсете білді. «Қызықты математика»  7 сынып алгебра, білім бекіту- жүйелеу  сабағы, Мухамедиева Ж.Ә.

 жарыс сабақ түрінде өткізілді.  Жарыс балаларды жеңіске талындырып, өз білімдерін барынша көрсетуге үйрете білді.

 

Математика пәні мұғалімі Мухамедиева Жанар  сабақта

Жарыс қорытындысын әділқазылар сараптауда.

Келесі «Рационал бөлшектерді қосу және азайту»  алгебра,  білім бекіту сабағы, танымдық- зерттеу сабағын математика пәні мұғалімі Байжанова Бибісара 7 сыныпта өткізді.Жаңа технологияны, яғни ойын түрін танымдық зерттеумен ұштастырған бұл сабақта балалар алған білімдерін зерттеу арқылы жаңа білімге ұштастыра білді. Топтық жұмыста зерттеу әрине тиімді болады. Әр топ өз бағыиында нәтижелі жұмыс көрсетті.

Математика пәні мұғалімі Байжанова Бибісара сабақта

 

 Топ жетекшілері бірін- бірі бағалауда.

 

Келесі сабақты  «Функцияның кризистік нүктелері» алгебра,  жаңа білім игеру сабағы,топтық - танымдық сабақ, 10 сыныпта Мұсабекова Ұлтуаш өткізді. Сабақта балалар тиянақты теориялық білімді есептер шығаруға қолдана білді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай А,В,С деңгейлі болып өте сауатты жоспарланған. Оқушылардың математикалық тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді.

Математика пәні мұғалімі Мұсабекова Ұлтуаш сабақта

Топпен іздену  жемісін береді.

«Математика – ғажайып әлемі , ХХІ ғасыр көшбасшысы, сыныптан тыс жұмысты 6 сыныптар арасында   Махамбетова Б.А. өткізді. Интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін шебер пайдаланған ұстаз бұл шараны өте қызықты әрі мазмұнды  етіп өткізді.Көрнекіліктері эстетикалық талғаммен жасалуы да баланы қызықтыруға, талғамын тәрбиелеуге көп әсерін тигізді.

Математика пәні мұғалімі Махамбетова Бану  сабақта

Жарыс жанкүйерлері де белсенді болды.

 Осы күннің соңында  «Әдістемелік шайханада»  семинардың  теориялық- сараптама бөлімінде барлық сабақтар талданып, бірлістіктің барлық мүшелері АКТ- ны сабақта және сабақтан тыс шараларда қолданудың жолдарын талқылады.

Бірлесе шешкен жұмыс әрқашан да нәтижелі болады. Семинардан көрініс.

 

 

 

 

 

27.02.  бейсенбі

« Пән кабинеті – мұғалімнің  шығармашылық  шеберханасы»  Математика  пәні мұғалімі Аубакирова Айгүлдің  тәжірибесінен семинар

Семинардың мақсаты оқу кабинетінде тиімді жұмыс ұйымдастырып жүрген мұғалім Аубакирова Айгүлдің  тәжірибесін тарату.Бұл шара « Кабинеттегі  жүйелеу және оның оқыту процесіндегі ролі» практикалық семинар  түрінде өткізілді. Мектептің барлық жас мамандары мен директордың орынбасары Қасымжанова Фарида қатысқан осы семинарда Аубакирова Айгүл кабинет жұмысын жоспарлаудан бастап, интерактивті тақта мүміндіктерін пайдаланудың тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында жас мамандар үшін «Кабинеттегі  жүйелеу және оның оқыту процесіндегі ролі» тақырыбында жинақ таратылды.

 

Математика пәні мұғалімі Аубакирова Айгүл кабинеті жұмысымен таныстыруда

 

Семинарда директордың орынбасары Қасымжанова Фарида апай.

 

Жас маманға берері мол семинардан көрініс.

 

 28.02.  жұма   «Жас келсе-іске»  жас мұғалімдер тәжірибесін таныстыру.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
    Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
    Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

деп  Төле би даналығын негізгі түйін ретінде алған бұл күні жас мұғалімдер өз шеберліктерін танытатын күн болды. «Ақыл-жастан» деу де бекер емес. Жастар көрсеткен әр жұмыс соның дәлелі.

1.      «Шеңбер және оның элементтері» геометрия, білім бекіту сабағы,  топпен жұмыс түрінде 7 сыныпта Шәріп Шырын өткізді.Сабаққа бірлестік мұғалімдері, директордың орынбасары Қасымжанова Фарида, Құмарбекова Бағила қатысып өте жақсы деген бағасын берді.Мұғалім интерактивті тақтаны қолдануда және оны балалардың пәнге қызығушылығын арттырудағы ролін көрсетуде жақсы нәтижеге қол жеткізді. Балалар геометриядан жоғарғы теориялық білім көрсетті. Математикалық тіл байлықтарын дамытудағы мұғалім еңбегі жемісті екені байқалды.

Математика пәні мұғалімі Шәріп Шырын интерактивті тақтаны қолданып сабақ беруде.

 

Бұл сабақта балалар өте белсенді.

 

2.      «Шеңбердің теңдеуі, түзудің теңдеуі» геометрия, білім бекіту сабағы,  ойын элементтерін   қолдану сабағын 7 сыныпта Смағұлова Лаззат өткізді.Дидактикалық ойындар оқыту материалының мазмұнымен сауатты ұштастырылған осы сабақта балалар білімін бекітудің жақсы тәжірибесін ортаға салды.Әсіресе, «формулаларды сәйкестендіру», «жалғасын тап» деген ойын түрлері тақырып бойыеша оқушылар білімінің терең екенін дәлелдеді.

Математика пәні мұғалімі Смағұлова Лаззат сабақта.

Математика пәні мұғалімі Смағұлова Лаззаттың сабағындағы топпен жұмыс.

 

3.       «Қызықты физика»  ХХІ –ші ғасыр көшбасшысы сайысын еңбек өтілдері 1-2 жыл болған жас мамандар Айдарова Гүлнар мен Ташенов Қамбар 10 сыныпта өткізді. Сабақтағы көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар өте мазмұнды болды. Бірақ оқушылар  тым нашар білім деңгейін көрсетті.Балалар қойылған элементар сұрақтардың өзін білмеді. Осы сабаққа гимназия директоры Сакенова Рахима Бөлекбайқызы да қатысып оқушылар біліміне қатал сын айтты.Екі жас мұғалім де осы сыныптарда биыл ғана жұмыс жасағандықтап, алдағы уақытта білім сапасын көтеруде көп жұмыс жасауы керек.

Айдарова Гүлнар мен Ташенов Қамбардың сабағынан көрініс.

Айдарова Гүлнар мен Ташенов Қамбардың сабағынан көрініс.

Бұл күннің  нәтижесі сараптама-талдау бөлімінде «Дөңгелек үстел басындағы пікір талас»  түрінде жас мамандар мен барлық бірлестік мүшелерінің басқосуы болды. Осы пікір алмасуда барлық іс-шаралар талқыланып, жас мамандарға бағыт-бағдар берілді, олардың жұмысындағы жетістіктер аталды, кемшіліктерге кеңес берілді.  Соңында бірлестік жетекшісі Байжанова Бибісара Жолдасбекқызы әзірлеген «Жас маманға арналған»  әдістемелік жинақ таратылды.

 

4.      1.03. сенбі ,Апталықты қортындылау  Бұл күні «Ең үздік математикалық сынып» және  «Ең үздік математик» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау болды

Логикалық есептер байқауында үздік білім көрсеткен  оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды.  Олар: 9 сыныптан Мұратбек Жайна, 7 сыныптан Маралбек Бақыт,               6 сыныптан Телманова Аружан, 5 сыныптан Кани Рауан, Долқын Мерей

Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика, физика және информатика апталығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры»  деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы да осы үш пән-математика,физика және информатикаға бағытталған. Сондықтан да  биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да  барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын  арттыруға бағыттадық. Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды.Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 725 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.06.2014 43099
    • DOCX 5.7 мбайт
    • 692 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байжанова Бибісара Жолдасбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 76288
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по математике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 189 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 696 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания математики в среднем профессиональном образовании в условиях реализации ФГОС СПО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 519 человек

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 181 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 056 человек

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе