Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / План урока
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

План урока

библиотека
материалов

Астана каласы №54 мл бастауыш сынып мұғалімі Абильдина Д.К.

Пәні: математика

Сыныбы: 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:

-дөңгелек ондықтарды қосу, азайту, әріпті өрнектерді шешу білім, білік дағдыларын бекіту;

- 100 көлеміндегі дөңгелек ондықтарды ауызша қосу, азайту біліктерін автоматтандыру, аталған түрдегі есептерді шығару;

Дамытушылық:

-шығармашылық және ізденушілік дағдыларын дамыту;

-математикалық тілде сөйлеу, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

-сараптама жасау, топтастыру, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:

-өз күшіне сене білуге, ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, карточка

Сабақ түрі: қайталау

Сабақ құрылымы: ертегі сабақ

Мазмұны

Тапсырма

Міндеттері

I.Ұйымдастыру

Құралдарын дайындау, тексеру, зейіндерін сабаққа аудару

(Слайд 1)

(Слайд 2)

(Слайд 3)

Ертеде бір ата мен әже өмір сүріпті. Бірде ата әжесіне:

-Бар, әже, маған бауырсақ пісіріп берші, - дейді. Әже бауырсаққа нан илеп, майға пісіріп, терезенің алдына суытып қояды. Піскен бауырсақ жай емес, ақылды екен. Ол терезе алдында біраз жатты да, жолға түсіп, саяхатқа домалап кетті. Ол кім жақсы санай, есептей алады, мәлімет жинай алады, достарымен бірге жұмыс жасай алатынын білгісі келіпті. Бауырсақ ертегісіне барып, өз білімдеріңді көрсеткілерін келе ме?

Жеке:психологиялық жағдай тудыру, білім алуға негіздеме жасау (мотивации)

Коммуникативті: тыңдай білу

II. Білімді актуалдау

Бүгін біз бауырсаққа математикадан бар білімімізді көрсетуге тырысамыз

- Біз не білеміз? Не жасай аламыз?

-Біз санау білеміз, сандарды салыстыра аламыз, әріпті өрнекті шеше аламыз, біз бірлесе жұмыс жасай аламыз.

Ендеше, бүгінгі сабақта өткен сабақтарда алған білімдерімізді қайталап, пысықтаймыз

Жеке: кешегі және бүгінгі табыстарын салыстыра алуы.

Регулятивті: сабаққа қойған талаптарды шешу жолдарын жоспарлай алу

III. Ауызша есептеу

- (Слайд 4)

1.қалып қойған сандарды қой

(Слайд 5)

2.Қалай топтастыруға болады?

Бауырсақ нені алғаш кездестірді? (Қоян)

-Бауырсақ, сен менің тапсырмамды орындамасаң мен сені жеп қоямын.

...20,...,40,50,..,..,...90,....

100,...80,...,60,...,...,30,20,...


10+20═30 а+60

50-а 90-40═50(әріпті, санды өрнек, компоненттерін атау)

Бауырсақ сендердің көмектерімен тапсырманы орындап ары қарай домалап кетті..

Жеке: сабақ мазмұнына деген қызығушылықтың жоғарлауы.

Регулятивті: бақылау-бағалау дағдыларының қалыптасуы

Пәндік:10-нан 100-ге дейінгі сандар қатарын, өрнек түрлерін, қосу, азайту компоненттерін білу дағдыларын пысықтау

2.Әріпті өрнекті шешу:

-

(Слайд 6)

(Оқулық 181 бет,2)

- Бауырсақтың алдынан енді не кездесті? (Қасқыр)

-Қасқыр да өз тапсырмасын беріпті

-Қасқырдың тапсырмасын орындамас бұрын дәптерлеріңді ашып көркем жазуға берілген тапсырмаларды жазыңдар.

Енді бүгінгі күнді дәптерге жазып қоялық.

-қане, барлығымыз оқулықтың 181 бетін ашып, №2 тапсырмаға назар аударайық

-Бұл есепті шығару үшін не істеуіміз керек? (әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып, шешу).

Жеке: бірлесе жұмыс жасай алу

Коммуникативті: досын тыңдай білу, көмектесе алу, бір-бірінің іс әрекетін бақылау, диалог құру.

Пәндік: ондықтарды қосу, азайту

Дамытушылық: заңдылықты анықтай білу, салыстыра білу, ойлау қабілеттерін дамыту

Сергіту сәті

(Слайд 7)

Мен домалақ бауырсақ,

Терезе алдында отырдым.

Оңға қарадым, солға қарадым,

Жолға түсіп жүгірдім.

Жеке: салауатты өмір салтын сақтау

3.«Сиқырлы есептер»

(Слайд 8)

(Слайд 9)

-Бауырсақ ары қарай өз жолын жалғастырды.

-Жолда нені кезіктірді? (Аю)

Аю бауырсаққа сиқырлы есептер дайындап қойыпты:

Жарты қаздың массасы 3 кг болса, онда бір қаздың массасы қанша?

-Егер қаз 1 аяғымен тұрса салмағы 6 кг. Екі аяғымен тұрса салмағы қанша болады?

-Аулада 60 үйрек, қорада 20 үйрек. 10 үйрек тығылды, 10 жығылды, қалғаны неше үйрек?





Шығармашылық тапсырма:


40




30




20


Білімдік: шешімнің әртүрлі әдіс-тәсілдерін зерттеу

IV. Өткенді пысықтау.

1.Өздік жұмыс

Оқулық бет №4

- а,ә,б бөліктерін 3 топқа беру.

-Бауырсақтың алдынан не шықты? (Түлкі)

-Түлкі қандай аң? (қу)

-Ол дақуланып, бауырсаққа өзінің бірнеше тапсырмасын беріпті.

Ауызша есептің шартын талдау, өз беттерімен шығарту

-Әр топтан ең бірінші болып орындаған 3 оқушы есептің шешуін тақтаға жазады

Жеке: өз бетімен жұмыс жасау.

Білімдік: Оқулық бойынша жұмыс жасау, керекті мәліметті таба білу, логикалық ойлау, талдау.

Пәндік: есептеу дағдыларын бекіту.

2. Қосу мен азайтуға берілген есептер (Тренажермен жұмыс)

(Слайд 11)

-Бауырсаққа түлкінің екінші тапсырмасын орындауға көмектесейік.

-Ол үшін біз «Бауырсақ»-тренажерында жұмыс жасаймыз.

Жеке: білім алуға деген оң көзқарас қалыптастыру

Регулятивті: білімдік мақсатты түсіну, сақтау, өзін бағалау, жасаған жұмысын бақылау, қорытындылау, сараптау, салыстыру

Білімдік: ондық сандарды ауызша қосу, азайтуды бекіту.

Ертегіні қалай аяқтар едіңдер?

-Балалар, бүгінгі сабақта бізге ерекше мүмкіндік туып тұр. Біз ертегінің аяғын өз қалауымызша жасай аламыз. Ендеше, ертегінің аяғын өзгертейік. Ертегінің жақсы аяқталуына қалай қарайсыңдар?

Ендеше, қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?

(жауаптарын тыңдау)

Жеке: қоршаған ортаны позитивті қабылдау.

Регулятивті: алға қойылған мақсатты сезіне білу

Коммуникативті: өз ойын жеткізе білу.

4. Үйге тапсырма.

Оқулық 181 бет, №3

(Слайд 14)

- Бауырсақ өз атасы мен әжесіне қайта оралды. Олар бірге тату өмір сүрді, бірге еңбектенді. Әр қайсыса жақсы, пайдалы істер жасауға тырысты. Бізде үй тапсырмасын дұрыс орындап жақсы іс жасайық.

-Күнделікті ашып, үйге берілген тапсырманы жазып алыңдар

Жеке: ортақ іске өз үлесін қосу,

Коммуникативті: есептеу дағдыларын бекіту

V. Қорытынды

(Слайд 15)

-Сабақ сендерге ұнады ма?

-Несімен ұнады?

- Тағы да басқа ертегілерге саяхатқа шыққыларын келе ме?

-Қай бала сабақта сендерге ұнады? Неліктен?

-Сабақта қандай есептер шығардық?

Егер сендерге сабақ ұнаса қолдарыңды жоғары көтеріп өздеріңе және достарына қошемет көрсетіңдер.

Алдарыңдағы сендердің бүгінгі көңіл күйлеріне сай бауырсақты таңдап алып, тақтаға жапсырыңдар.

Жеке: өзін сыйлау, өзін бағалау, өз достарының жетістіктеріне баға бере алу

Регулятивті: өз ісіне сараптама жасай алу, өз жасаған ісіне қорытынды жасай алу және балау

Пәндік: дөңгелек ондықтарды қосу, азайту пысықталды.



Краткое описание документа:

"Описание материала:

1 сыныптың математика пәніне арналған сабақ. Тақырыбы «Пысықтау» (әріпті өрнектерді қосу, азайту, салыстыру).Сабақты жоспарлауда алға қойылған негізгі мақсаттар: білімдік: дөңгелек ондықтарды қосу, азайту, әріпті өрнектерді шешу білім, білік дағдыларын қалыптастыру.Дамытушылық: -шығармашылық және ізденушілік қабілеттерін дамыту.Сабақ түрі: Қайталау сабағы.Сабақ «Бауырсақ«ертегісінің желісімен құрылды.Сабақ барысында оқушылар бауырсақпен бірге қоян, аю, қасқыр, түлкінің тапсырмаларын орындап, аман есен өз үйіне оралады.

Автор
Дата добавления 26.06.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров428
Номер материала 132375062647
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх