Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыПенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде қазақ әдебиетінен шығарманың көркемдік тәсілдерін талдау үлгілері.

Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде қазақ әдебиетінен шығарманың көркемдік тәсілдерін талдау үлгілері.

Скачать материал

Құрманғалиева А.Е.

 

Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде

қазақ әдебиетінен  шығарманың  көркемдік тәсілдерін

талдау  үлгілері. 

 

Пікір жазған: Жортаров Е.Е.- №2 кешкі мектеп директоры, Өскемен қаласы

 

         Әдістемелік құралда оқыту қазақ тілді емес жалпы орта білім беретін қешкі мектептердегі 5 – сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен бағдарламалық шығармалар тілінде кездесетін көркемдік тәсілдеріне талдаулар жасалынған. Оқушы деңгейіне қарай және жеке тұлғаға бағытталған білім беруді көздей отырып, жаңа технологиялар негізінде шығарманың көркемдік ерекшеліктеріне әр түрлі сызбалық тілдік талдаулар жасаудың үлгілері берілген. Сонымен қатар, жас ұстазға әрдайым жанынан табылу үшін әдебиет теориясының жадынамалары да ескерілген. Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептердің жас ұстаздарына арналған әдістемелік көмекші құралда қазақ әдебиеті шығармалары негізінде оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру мақсаты да көзделген.

         Әдеби – теориялық бастапқы ұғымдарды ажырата білу – оқушылардың эстетикалық талғамының жетілуіне және әдеби білімінің қалыптасуына жол ашады.

         Әдістемелік құрал пенитенциарлық жүйе мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің жас мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.

         Құрал авторы – көптеген олимпиада жеңімпаздарын шығарған, күндізгі мектепте ҰБТ қорытындысы бойынша шәкірттері аудан көлемінде алдыңғы орындардан көрінген жоғары санатты, тәжірибелі ұстаз.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         КММ , «№ 2 кешкі мектеп», 2013,     20 бет.

 

 

 

 

        Бұл әдістемелік құрал пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде  жұмыс істейтін орыс сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің жас мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде жасалған.

       Аталмыш жүйенің оқушыларының өз ерекшеліктері бар екені осы салада қызмет ететін мұғалімдер қауымына мәлім. Үнемі ізденіс үстінде, жаңалыққа құмар  болып,  алдындағы оқушыға жүйелі білім берем деп талпынған мұғалім жазасын өтеуші шәкірттерге де деңгейлік тапсырмалар беріп,  олардың рухани дамуына, адамгершілік ішкі сезім-қасиеттерінің  қалыптасуына, толыққанды қоғам мүшесі ретінде қайта әлеуметтенуіне әдебиет сабақтарының мүмкіндіктерін пайдалана алады.

  Ендеше, Р.М.Баттал  айтқандай  « ...қазақ тілінің дамуына, қазақ тілінде білім алған оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына қатысты барлық тетік тек мұғалімдердің қолында ...».

                                                                                                                                             Автор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиеті

 

5-сынып

 

Әдебиет теориясынан жадынамалар

 

                                                                      1.Құбылту (троп)

 

Метафора  (грек metaphora – ауыстыру) - сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау.

 

                                                                     2.Айшықтау  (фигура)

                          

                                                                        Арнау

 


                                                                     Сұрай арнау

 

Риторикалық сұрау ( лепті сұрау) - ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екі ұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқушы іштей біліп отырады.

 

3.Лирикалық қаһарман- лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді.Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат-мақсатын, арман-аңсарын, сезім күйін жырға қосады. Әр оқырман жүрегіне жол тауып, онымен дәл өзіндей сырласатын өлең кейіпкері лирикалық қаһарман деп аталады.

 

4.Теңеу- бір затты екінші затқа ұқсастығы арқылы салыстырыла қолданылатын стилистикалық тәсіл.

 

5.Эпитет (айқындау) – (грек. epіtheton – қосымша)  заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.

 

6.Монолог (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу)  – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл

 

7.Диалог (грек.dialogos- сөйлесу, әңгімелесу)- екі адамның тіл қатысуы.

 

8.Параллелизм  (грекше parallelos – қатар жүру, қатынасу) -көркем әдебиетте автор өзінің көңіл күйіне ұқсас жайларды, сол сияқты табиғат құбылысын қатар (параллель) алып қолдану. Сол арқылы өзінің ой-сезімін көрсетуге тырысады.

 

9.Кейіпкер-шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.

 

10.Кейіптеу- жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта  суреттеу тәсілі.

 

11.Портрет  (фр. portraіt, portraіtе — бейнелеу) -көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеу.

 

12.Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) -  көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі.

 

13.Гипербола (әсірелеу)  (грек, hyperbole - күшейту)  – суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту арқылы тілдің бейнелігін, әсерлігін арттыратын көркемдік тәсіл.

 

14.  Қайталау -белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айту.

 

                                              

«Түлкі мен ешкі» ертегісі

 

Көркем шығармада кейіпкер табиғатын, болмысын ашуға маңызды көріктеуіш құралдарының бірі – диалог.

 

      Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.
   Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді.
 - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
 - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі   салқын, әрі түбінде тұп- тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
   Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
   «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

Диалог тәсілін қолданып, кейіпкерге баға беруді оқырманның өзіне ұсыну:

1.     Мұғалім  оқушыларға  ертегідегі кейіпкерлер диалогын рөлге бөліп оқытып алғаннан соң , осы диалог арқылы  ешкі мен түлкінің мінездерін, қылықтарын ашу бағытында сұрақтар қойып, жетелейді.

Мұғалімнің диалог бойынша жасайтын қорытындысы: Кейіпкер  аузына түрлі сөз орамдарын салу арқылы мінезін және қарым-қатынас арқылы  әр қырынан көрсетіп тұр.

2.     Тұп-тұнық су – эпитет.

3.     Ертегідегі нақыл сөзді тапқызу , оның мәнін  ашқызу, өмірмен байланыстыру.

«Қаңбақ шал»  ертегісі

1.     Теңеу: қазандай

2.     Эпитеттер: қара тас, Қаңбақ шал, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен

3.     Тұрақты тіркес: аспан айналып жерге түседі-ау.

4.     Ауыспалы мағынада қолданған сөз тіркестері:  ... басқа зар болыпты, жердің миын шығару.

5.     Әсірелеу (гипербола):  бір дәу екі тауды біріне-бірін шақпақ қылып, ұрып тұр екен.

6.     Кейіпкерлер мінезін ашудағы диалогтың  қызметі: дәуге және Қаңбақ шалға, түлкіге мінездеме беру.

 

 

Қожанасырдың тойға баруы

 

      Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:

-   Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

-  Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.

Үй иесі:

- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.

Сонда Қожа:

-  Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды  екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.

1.Эпитеттер:  киімі жаман, тәуір киімдерін, көп кісі.

2.  Мәтіндегі  кейіпкерлер мінез-құлқын ашу мақсатында қолданылған диалогтық тәсілді оқыту, кейіпкерлерге мінездеме бергізу.

 

 

 

Аңыз әңгіме

Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

 

1.Жиреншенің мінездемесі:

 а) бойындағы қасиеті  - асқан ақылды, сөзге ұста, шешен адам

б) қарапайымдылық, халықшылдық қасиеттері  - ханды жақтамапты, елдің сөзін сөйлепті, ханның алтындаған сарайына тұрақтамай, өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен,

2.Эпитеттер: үйі өте кішкентай, киізі қырық жамау, кең сарайым, боз үйім, еріккен хан,  желтеңдеу күн.

3. Тұрақты тіркестер: бой жазу,  мың жасау, еріккенге ермек керек.

4.Көнерген сөздер:     тақсыр, хан, нөкер.

5. Диалог тәсілінің Жиренше мен ханның  мінез-құлқын ашудағы қызметін көрсету. Мысалы: Жиреншенің тапқырлығын, сөзге шешендігін немесе ханның ақымақтығын айқындайтын диалогтық сөйлемдерді табу.

6.Ханның мінездемесі.

 

 

Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала»

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
— Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші үсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі кайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяндап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты ретиіліп, жер-ден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндін, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламьін деп бір еңкеюдің орны-на он еңкейдің. Мүнан былай есінде болсын: аз жұмыс-ты киынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қана-ғат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

1.Эпитет: ескі таға.

2. Әңгімедегі нақыл сөзді табу және оның мәнін ашу :  Аз жұмысты қиынсынсаң- көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең-көптен де құр боласың.

3. Әңгіме мәтініндегі антоним сөздер: аз-көп.

4. Ауыспалы мағынада қолданылған сөз тіркесі:Бір еңкеюдің орнына он еңкейдің, яғни еріндің, қиналдың деген мағынада.

5. Диалог тәсілінің қызметі.

6.Баланың әкесіне мінездеме.

 

А.Құнанбаев «Қыс»

1. Кейіптеу:  Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

                       Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

                       Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық.

                       Басқан жері сықырлап келіп қалды.  ...

(Ұлы Абайдың  «Қыс» өлеңі  дерлік кейіптеу  тәсілімен жазылған. Мұғалім жетекші сұрақтар арқылы кейіптеудің тағы қандай мысалдар бар екенін анықтатқызады)

2.Эпитеттер: ақ қырау, кәрі құда,  алты қанат, ақ орда,  кәрі шал.

3.Теңеулер: ұшпадай, бұлттай, бурадай.

4. Ауыспалы мағынада қолданылған сөз тіркестері: мазаңды алды, тұмсығын салды, кәрі шал, түсі суық.

5.Тұрақты тіркес: ант ұрған, қор қылма, титығы құру, бет қарауға шыдамай .

6. Параллелизмге мысал келтіру.

                                                                  «Жазғытұры»

1.Теңеу: масатыдай, ата-анадай, көрден жаңа тұрғандай,анамыздай, бейне әкеңдей, тоты құстай.

2.Эпитеттер: көк дауылпаз, жаңа пұлмен, жаңа төлмен,қара жер, қара тас, қара түн,қызыл арай, алмас күн, жылы жел, ақ көрпе.

3.Кейіптеу: ата-анадай елжірер күннің көзі,

 Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су ...

 Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер...

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай...

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп...


Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп...

Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.

4.Дыбыстық қайталаулар:

Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу, 
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.

5.Метафора:

Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді, ай, жүлдыз к... қысты.

Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
6.Ауыспалы мағынада қолданылған сөз тіркестері:


Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.

7.Өлеңдегі пейзаж.    

8.Өлеңдегі параллелизмдер.

 

А.Байтұрсынов «Балаларды оқуға шақыру»

1.Кейіптеу: Қарап тұр терезеден күн жылтырап;

тоғайлар шат.

2.Эпитеттер: кішкене қоңыз, күн ашық, ың-жың орман, тоқ-тоқ даусы,

                                            

                                          М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»

1.Тұрақты тіркестер:

 Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай; көз жасын көлдететін; бетін жуған жасымен; төбесі көкке жетсін; қайғысына күйетұғын.

 

2.Риторикалық сұрақтар:

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

 

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп,ойнатып, сергітетін?

 

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?

 

Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

3.Ауыспалы мағынадағы сөз:

құлындарын.      

4.Эпитеттер:

қамқор ана, сорлы анаңа,  шешең байғұс.

 

М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

1.Эпитеттер: жас қырандар, көк аспан,  алтын Арқа, иман күшті, қасиетті тілектер, айбынды алаш

2.Метафора: Жас қырандар — балапан.

Қажу бар ма тұлпарға, 
Талу бар ма сұңкарға?! 

3. Теңеулер:

Жұмсақ мінез жібектер, 
Сүттей таза жүректер;

тау суындай

4.Риторикалық сұрақтар:  

Қажу бар ма тұлпарға, 
Талу бар ма сұңқарға?!
 

5.Өлеңдегі лирикалық кейіпкер (қаһарман).

6.Соңғы қайталаулар:

Жас қырандар — балапан, 
Жайып қанат, ұмтылған. 
Көздегені көк аспан, 
Мен жастарға сенемін! 

Жұмсақ мінез жібектер, 
Суттей таза жүректер, 
Қасиетті тілектер — 
Мен жастарга сенемін! 

Б.Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»


1. Мәтінде диалогтың құрылымдық қызметінің тиімді пайдаланылуы,   жазушының   кейіпкер аузына түрлі сөз орамдарын салу арқылы мінезін танытуы , яғни жазушы кейіпкер келбетін ашуда портреттік мінездеме бермейді, ол диалог тәсілін қолданып, кейіпкерге баға беруді оқырманның өзіне ұсынады. ( мысалы: әңгімедегі әженің бейнесі)

 

2.Мінездеме: Ақылы асқан, жер бетінде де, су астында да, аспан әлемінде де әділдігімен әйгілі екен. Патша барлық жан-жануардың, құрт-құмырсқа, бақа-шаянның, балықтың тілін біліпті.

3. Тұрақты тіркестер: баға жетпес, ұшарға қанат жоқ, жүрерге аяқ жоқ, қусам жете алмай, қашсам құтыла алмай, екі айтылмаған, уәдесін қайтып ала алмайды, , дүниенің төрт бұрышына, қара біткеннің, қайсысының басына орнарын білмей, жандарын қоярға жер таппапты, ашу шақырады.

4.Эпитеттер: ең тәтті қанды, жексұрын бейбақпын, қауыз-қауыз алапес денемді, әділетті Сүлеймен,

азапты өлімнің, бақытсыз күн, үрейлі уақытта, айбарлы жылан, ақжарқын кейпімен.

5.Теңеулер: тастай, ине тұмсық шаққыш жәндіктерді.

6.Кейіптеу: күн сәулесінің өзі менен қашып, тайғанақтап тұрмайды.

7.Көнерген сөздер:  хан, патша.

                                                             М.Мақатаев «Үш бақытым»

1.Эпитеттер: алтын кенін, қасиетті тілімнен

2.Ауыспалы мағыналы сөз тіркестері: тас жүректі, от ал менен, көгере бер

3.Кейіптеу: тіліммен тілімдедім. 

4.Метафора: Үш күн нұрын төгеді аспанымнан...

5. Өлеңдегі лирикалық қаһарман.

 

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

1. Балалар әдебиеті кейіпкерлеріне тән лақап аттардың лингвосемиотикалық ерекшеліктері

Балалар әдебиетіндегі Б.Соқпақбаевтың кейіпкерлеріне тән лақап аттардың ішінде адамның сыртқы келбетіне орай берілген лақап аттарды байқауға болады. Мысалы, «Менің атым Қожа» әңгімесіндегі: Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа. Оқушылар екеумізді шатастырып алмас үшін өңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды [Б.С.] т.б. мысалдардан балалар өз арасында жанама ат қоюдың өзіндік себептерін дәл таба қоятынын байқаймыз. Болмаса, шығармадағы Қожаның шын аты – Қожаберген. Оған әлеуметтік ортасы сыртқы келбетіне орай лақап ат бергенде оның азан шақырып қойған есімінің мазмұны мен құрылымын сәтті пайдаланған. Мұндай құбылыс балалар әдебиетіндегі лақап есімдердің табиғатына да тән. Себебі лақап аттардың өзі кейіпкердің әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты. Лақап есімдерді жайдан-жай қоя салмайды. Ол жоғарыда айтып өткеніміздей, адамның мінез-құлқы, кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, тіпті мамандығына байланысты берілуі мүмкін.

2.Тұрақты тіркестер: тілім таңдайыма жабысып қалады, мойныңа іліп жүре бересің, құлағың үйреніп,  жүрегім қарс айырыла жаздайды,  кірпігі жасқа шыланады, қаның қайнау, от тастау, зығырданы қайнау, бойын тез жиып алу,  сыр бермеу, тұяқ серіппей қатып ұйықтау,  мұрнын көкке шүйіру,  жаны қалу, жаны тырнағының ұшына келу, жай түскендей,  көз байлану, жүрегі алқымына тығылу, тірі аруақ,  ұстарамен тіліп жібергендей, жүрген жеріне шөп шықпау, ел бетіне қарағысыз қылу, қуаныштың оты маздап жанды, отқа қою, қой аузынан шөп алмас, түсі өрт сөндіргендей,  қақпан құрулы тұрғандай,  найзағайдай түйреп қадалу, бармағын тістеу, отқа да, суға да түсу, жүйкені жүн ету, көңілі босау, өңменінен өту,  қол жұмсау, қолтығына қанат бітіру,

3.Эпитеттер: көтеріңкі дауыс, қолайсыз есім, әдемі аттардың,  қызу жұрт, жақсы ат, тәуелді аты, үлгілі, тәртіпті оқушыларды, көкшіл көзі, жаңа оқулықтар, сұр кепкалы бала, тақыр бас қара бала, зілді дауыс, пасық қулық,  сүйкімді сары жез қоңырау, бақытты минуттар, қаңылтыр қобдиша, кішкентай, ұсақ бақалар, қызық ой, қара сұр бақа, секемшіл бақа, қоңыр көздер,  жұмыр жер, күнәһар дүние, бақытты кеуде,  қатыгез күн, ақымақ иттер, көкшіл аспан, жіңішке аяқтары, тақтай орындық, қатал үн, жорға күрең аты, үйреншікті орын, суық голлен пеш, сарғыш шашы, сұсы қатал

 да сұрапыл, тату ұжым, қас дұшпан, көк теңіз, ақжал толқындар, үлкен айна, құпия кеңес, тұрпайы сөз, ұлы сын, мөп-мөлдір ғажап дүние.

 

4.Ауыспалы мағына: алтын адам,  суық тер,  мәңгілік мекендеріне сапар шегу, қатал тағдыр, қайғының қара суығы, оты бар, аспанның тұп-тұнық көк жібек шатыры, мөп-мөлдір дүние, жігер оты.

5.Теңеу: сақшыдай,  үйректей, қолдың саласындай , маймылша, жаңқадай, жұдырықтай,

4.Риторикалық сұрақ: Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Ақталудың тіпті қисыны бар ма?

5.  Мақал-мәтелдер: Мысыққа-ойын, тышқанға-өлім.

6.Метафора: ай нұрынан орнаған күміс көпір.

7.Қожаның монологы.

8. Кейіпкерлер мінездемесі, портреті.

Н.Оразақынованың технологиясы бойынша

сатылай кешенді талдау  үлгісі:

                                                1. «Қаңбақ шал»  ертегісі   

 

                                                                                                      «Қаңбақ шал»                                                                                       

 

                                                                                                  Халық ауыз әдебиеті                                                                                                                                            

                                                                                       шығармасы

                                      

                                                                ертегі

                                                    кейіпкерлері ...

                                                                      теңеулер ...

                                                     эпитеттер...

                                   тұрақты тіркестер ...

                      ауыспалы мағына ...

             әсірелеу ....

  диалог қызметі ...               

                                              

 

2.  Ы.Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесі

Организационная диаграмма

 

Тест-интервью:

                                                                       М.Мақатаев «Үш бақытым»

Алтын кенін -эпитет

иә

Тас жүрек-  кейіптеу

жоқ

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан...-теңеу

жоқ

Өлеңнің лирикалық қаһарманы-ақынның өзі

иә

Көгере бер-ауыспалы мағыналы тіркес

иә

Қасиетті тіліммен- мінездеме

жоқ

Тілмен тілімдеу- метафора

жоқ

 

 

Семантикалық карта:

          Мысалдар

Риторикалық       сұрақ

Кейіпкері-     жылан

Лақап ат

Ирония

 ... Мен және менің ұрпақтарым жер бетінде ең тәтті қанды сорып өтсе деп тілеймін...

 

 

 

             +

 

 

... Қажу бар ма тұлпарға, 
Талу бар ма сұңқарға?! ...

 

       +

 

 

 

-  Же, шапаным, же!...

 

 

 

 

         +

... мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды. ...

 

 

 

        +

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

СТО технологиясының  «Мағынаны тану»  кезеңі:  Джиксо

Кім туралы

Үзінді

Көркемдегіш сөздер

Көрінетін қыры

 

Жылан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүлеймен патша

  ... - О, ұлы патшам, - деп шағыныпты жылан, - кімнің қаны тәтті екенін мен қайдан білем. Мен бір құдайдың сүйкімсіз жаратылған жәндігі емеспін бе. Көргеннің бәрі жиіркене жиырылады, бар денем тастай, өн бойымда жылу жоқ, ешкімнің мейірімін көре алмай, ешкімнің құшағына ене

алмай қалған жексұрын бейбақпын ғой. Қауыз-қауыз алапес денемді көргенде, тірі жанның бәрі тітіркеніп теріс айналады.

 

 ...  Әділетті Сүлеймен әбден ойланыпты. Тірі жанның қай- қайсысын болса да азапты өлімнің аузына апарып беру оңай дейсің бе. Сүлеймен патша соны ойлап көп кідіреді. Амал қанша, уәденің аты уәде. Патша жарлығы екі айтылмаған. Уәдесін қайтып ала алмайды. Не де болса орындау керек. ...

Қаны тәтті, денем тастай, жексұрын бейбақпын, қауыз-қауыз алапес денемді

 

 

 

 

 

 

 

 

Әділетті, екі айтпау,уәдесін қайтып алмау

 

 

 

 

Қарар көзге сүйкімсіз,

қорқынышты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөзінде тұра білетін адам.  Қаншалықты қиын болса да патша болғанына қарамастан уәдесінде тұруға бел байлайды.

 

Өлең құрылысын талдау:

                                           Жадынамалар:

Шумақ – өлең сөзде бірнеше тармақтың белгілі ретпен топтасуы.

Тармақ- өлең жолдары.

Бунақ- тармақтардың ырғаққа қарай бөлінуі.

Бунақты буын жасайды.

Ұйқас-әр тармақтың аяғындағы буындар үндестігі.

 

Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер, 
Алтын Арқа жерім дер,                         шумақ         
Мен жастарға сенемін! 

Қажу бар ма тұлпарға,                          1-ші  тармақ    
Талу бар ма сұңкарға?!                         2-ші  тармақ    
Иман күшті оларда,                               3-ші  тармақ    
Мен жастарға сенемін!..                        4-ші тармақ

Алаш //— айбынды ұраны, 
Қасиетті// құраны. 
Алаштың олар //құрбаны,                                              бунақтар
Мен жастарға //сенемін! 

4                  3
Мен сенемін// жастарға:
                                                  7 буынды

4               3
Алаш атын //аспанға
                                                         7  буынды

5                   3                                                          
Шығарар олар //бір таңда,
                                                8  буынды
                                    

4                    3                    

Мен жастарға// сенемін!                                                   7 буынды

 

 

Қара өлең ұйқасы

 

 

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,                        а
Соған берем ойымның алтын кенін.                           а  
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,             б   
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.                       а

 

                          

 

 

                                    

СТО технологиясының  «Кубизм»  әдісі арқылы  шығарманың  көркемдік тәсілдеріне талдау                 

үлгісі:

 

Абай «Қыс».

Куб: суретте
 


                                            1.   Абай жазған қысты суреттеп айт.

 

 

Куб: салыстыр                                          

                                            2.Абайдың  «Қыс» өлеңі мен Н.Некрасовтың

                                    «Мороз-воевода («Мороз, Красный нос» поэмасынан үзінді)

                                            өлеңіндегі қыстың кейіптеу тәсілдерін салыстыр.

 

 

  Куб: қолдан                                          

4.                                                     3. Қолдан: «Қыс» өлеңіндегі кездескен ауыспалы мағынадағы

                                            сөздерді тура мағынасында  қолдан.

 

                                

 

 

Куб:     зертте                                           4 .Зертте: «Қыс» өлеңінде қандай көркемдік тәсілдердің     қолданылғанын анықта

 

           

Куб:     дәлелде                     

                            5.  Дәлелде: Абай өлеңіндегі қыс келбетін суреттеуде кейіптеу тәсілі бар  екенін мысалдар арқылы дәлелде.

 

Куб:     қиялда                                              6. Қиялда:   Сіз ақын болсаңыз қысты қалай сипаттап жазар едіңіз?




 

СТО технологиясының «Топтастыру» әдісі арқылы көркемдік тәсілдерді жинақтау:

 

Взрыв: 8 точек: эпитет
Взрыв: 8 точек: теңеу
Взрыв: 8 точек: мінездеме
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Менің атым Қожа»  повесінің бас кейіпкерінің мінездемесі

                                               

                                                         Шыншыл бала                  сезімтал

Звезда: 8 точек:
 


         қателіктерін мойындай

              алады                                                                                                Өз ісіне есеп береді, ойланады

 

бұзақылық істерінде

арамдық жоқ                                                                                                                                               

                                                                                                                                                       

                                                                                       ақылды                 

                          қиялшыл                                             

                                                       зейінді                         жанашыр

 

 

                                                                  Салыстыр:

               

            Жиренше

 

               Хан

            

 Ақылды, тапқыр,   қарапайым, барды қанағат қылатын адам, сөзге шешен.                                                                        

 

Еріккеннен не істерін білмеген адам,ақылды , тауып айтылған сөзге жауап қайтара алмайды,  ойланбаған сөзінен опық жейді.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы. (5-9 сыныптар)

2. Қазақ әдебиеті оқулықтары . Алматы. Атамұра.

3. Қазақ тілі.  Энциклопедия. Алматы, 1998ж. Арын Е.М.

4. Көркемдік өрнектер. Қ.Сыдиқов. Алматы «Рауан» 1992ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

,

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде қазақ әдебиетінен шығарманың көркемдік тәсілдерін талдау үлгілері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

""Әдістемелік құралда оқыту қазақ тілді емес жалпы орта білім беретін қешкі мектептердегі 5 – сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен бағдарламалық шығармалар тілінде кездесетін көркемдік тәсілдеріне талдаулар жасалынған.
"
"Оқушы деңгейіне қарай және жеке тұлғаға бағытталған білім беруді көздей отырып, жаңа технологиялар негізінде шығарманың көркемдік ерекшеліктеріне әр түрлі сызбалық тілдік талдаулар жасаудың үлгілері берілген.
"
" Сонымен қатар, жас ұстазға әрдайым жанынан табылу үшін әдебиет теориясының жадынамалары да ескерілген.
"
"Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептердің жас ұстаздарына арналған әдістемелік көмекші құралда қазақ әдебиеті шығармалары негізінде оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру мақсаты да көзделген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.07.2014 4494
    • DOCX 162.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмангалиева Айкен Ергазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3812
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 405 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 536 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек