Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Конспект классного часа "Бауыржантану. Бағдарлама"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Конспект классного часа "Бауыржантану. Бағдарлама"

библиотека
материалов


Алматы облысы Жамбыл ауданы

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы

2 гимназиясы






Бауыржантану


9 – 10-шы сыныптарға арналған бағдарлама




Жилжаксынова Гульмира Жолдасбаевна,

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы

дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын

арнаулы №2 гимназиясының

орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Абдуманапов Газимхан Сапакович,

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы

1 Қарғалы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі






Пікір жазған: Шардарбеков Д.Ш., п.ғ.к.










Алматы 2013



Түсініктеме хат

Кез келген халықтың тәуелсіздігі үш негізге сүйенеді: 1) саяси тәуелсіздік; 2) экономикалық тәуелсіздік; 3) рухани-идеологиялық. Қазіргі кезде бізде рухани идеологиялық тәрбие әлі де қажетті деңгейге көтерілген жоқ.

Жаhандану дәуірінде мектептің басты мақсаты ұлтжанды, жан-жақты білімді, отанын, елін сүйетін жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ халқында жастарға үлгі болар саясаткерлер, батырлар, ақындар, жазушылар, спорт жұлдыздары, әншілер, кәсіпкерлер және т.с.с. бар. Солардың ішіндегі бірегей универсалы – Бауыржан Момышұлы – қазақ әдебиетіндегі әскери прозаның негізін қалаушы, ҰОС қаһарманы, ержүрек командирі, қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат.

Бар қазақтың қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлының өмірі қазіргі жастарға үлгі-өнеге тұтар тарихи тұлға.

Д.Снегин: «Бауыржанның байлығы мен бақыты өзін туған қазақ халқын кімнен болса да артық сүйетіндігінде».

Ол 1941 жылы ҰОС басталғанда генерал-майор И.В.Панфилов басшылығымен жасақталған 316 – атқыштар дивизиясы құрамында батальон командирі болып қан майданға кірді. Б.Момышұлы 200-ден астам ұрысқа қатысып, Отан соғысын полковник шеніндегі дивизия командирі болып аяқтады. Сонда жүріп әрі қаламмен, әрі қарумен айқасты. Шығармалары өз өмірінен алынған, басынан өткен дүниелер. Естеліктері, күнделіктері, жазған баяндамалары болсын, бәрін шежіре етіп жинаған. Бүкіл архивін Мекемтас Мырзахметовқа (қазір филология ғылымдарының докторы, профессор, «Бауыржан Момышұлы мұрасы XXI ғасыр көгінде» орталығының бас ғылыми қызметкері, бауыржантанушы ғалым) акт жасап өткізген. Б.Момышұлы «адамға сену деген – үлкен өнер. Бірақ сенемін деп көп жағдайда өкінесің. Мен Мекемтасқа қатты сенемін. Бүкіл архивімді түгелдей соған тапсырамын. Кейінгі үкімет, тағы басқалар Мекемтаспен санасуы керек» деген. Б.Момышұлының тасада қалып келе жатқан қырлары мен сырлары көп. «Менің мақсатым, - дейді М.Мырзахметов, - батырдың қалдырған аманатын түгел жарыққа шығару».

Батыр туралы А.Бек «Арпалыс» («Волоколамское шоссе») атты кітап (1943-1944ж. Мәскеуде, 1946ж. Алматыда басылып шығарылды) жазды. Б.Момышұлының алғашқы соғысқа кірген сәтінен бастап, 1941 жылдың желтоқсан айына дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақ тіліне бұл кітапты аударған Б.Момышұлының бала кезінен бірге өскен досы – Құрманбек Сағындықов.

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының және А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогында ҰОС даңқты қаhарманы Бауыржан Момышұлының сонау балауса шағынан бастап, аты аңызға айналған қолбасшы, атақты жазушы, аты алты алашқа ардақты ұлы перзент боп тұлғалануына дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.

Баукең жазған хаттар легі – замана шындығын, қанды майдан үстіндегі жауынгердің ішкі рухын таныту арқылы жастарды елін, жерін сүюге деген махаббат сезімін оятуда – таптырмайтын өмір оқулығы.

Ауған соғысының батыры, Хара шайқасында тұтас ротадан тірі қалған Бақытбек Смағұл «Қаhарман» атты кітабы Кеңес Одағының Батыры, халқымыздың аяулы ұлы, ұлттық батырымыз Бауыржан Момышұлы туралы. Қазіргі тәуелсіздік заманында біз Б.Момышұлын қалай тануымыз және қай қырынан көбірек танытуымыз керек деген аса маңызды мәселені қамтиды.

Осы шығармаларды оқып-үйрену мақсатында бағдарлама құрастырылып отыр.

Біздің ойымызша Бауыржан Момышұлының өмірі мен өнегесі, тағылымы мен ілімі жастарымызға мектеп қабырғасынан бастап оқытылуы тиісті.

Бағдарламаның мақсаты: Бауыржан Момышұлының бейнесін жан-жақты ашып, білімді, ұлтжанды, өз Отанын жанындай сүйетін жас патриоттарды тәрбиелеу.

Міндеті: * А.Бектің «Арпалыс», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Б.Момышұлының өз шығармаларын оқып үйрену;

* қанатты сөздерін ұрпақтың санасына сіңіру;

* патриоттық мұрасын зерттеу жұмысына баулу.

Жұмыс түрлері: мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу, тест, викторина, реферат, дебат, сценалық көрініс, зерттеу.

Әдістер: топтық, ұжымдық.

Бағдарламаның құрылымы және негізгі мазмұны

Кіріспе. 1 сағат.

Бауыржан Момышұлы туралы мұғалімнің кіріспе сөзі. Бағдарламаның мақсаты, міндетімен таныстыру. Бауыржан Момышұлының жазған хаттары мен өлеңдерінен әдеби монтаж. «Батыр Бауыржан» кітап көрмесі. Әдебиеттерге қысқаша шолу.

Александр Бек. «Арпалыс». 25 сағат. Москваны қорғаушыларды ерлік рухта тәрбиелеу, жауынгерлік шеберліктерін дамыту тақырыбы.

Түнгі шабуыл. Жол бойындағы ұрыс. Келесі күні. Тағы бір ұрыс.

Сын сағатта. Орманшының үйінде. Сексен жеті. Таңертең. Жол торабында. Жан серігім – қаруым! Ар-ұждан азғыны деген не? Үшеудің әңгімесі. Жиырма сегізінші октябрьде. Жоғары дәрігерлік білім. Дивизия командирінің лұғатты сөздері мен өнегелі істері. Бағдарымыз – бесінші маршрут! Ұрымтал жерде. Жыртқышты торға осылай түсіреді. Соңғы кездесу. Он сегізінші ноябрьге қараған түні. Тағы да үш күн. Жаңашыл генерал бейнесі.

Бауыржан Момышұлы. «Москва үшін шайқас». 3 сағат. Панфиловшылардың Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі.

Сенім. Крюковода. Генерал Чистяков. Орман ішінде. Бұйрық. Адам қайраты.

Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз». 2 сағат.

Мен қалай дивизия командирі болдым? Қарулас серіктерінің Бауыржан туралы естеліктері мен өлеңдері.

Бауыржан өлеңдері, мақал-мәтелдері. 1 сағат.

Қорыту. 2 сағат.

Сценалық көрініс «Бір сәттік мегзеулік үрей салдары». Дебат, реферат қорғау, викторина.






Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Мазмұны


Жұмыс түрлері

Сағаты

1

Кіріспе.

Әдеби монтаж, кітап көрмесі, әдебиеттерге шолу.

1

2

А.Бек. Арпалыс.

Түнгі шабуыл.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

3

Жол бойындағы ұрыс.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

4

Келесі күні.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

5

Тағы бір ұрыс.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

6

Сын сағатта.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

7

Орманшының үйінде.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

8

Сексен жеті.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

9

Таңертең.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

10

Жол торабында.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

11

Жан серігім – қаруым!

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1





12

Ар-ұждан азғыны деген не?

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

13

Үшеудің әңгімесі.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

14

Жиырма сегізінші октябрьде.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

15

Жиырма сегізінші октябрьде.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

16

Жоғары дәрігерлік білім.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

17

Дивизия командирінің лұғатты

сөздері мен өнегелі істері.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

18

Бағдарымыз бесінші маршрут!

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

19

Ұрымтал жерде.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

20

Жыртқышты торға осылай түсіреді.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

21

Жыртқышты торға осылай түсіреді.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

22

Соңғы кездесу.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

23

Он сегізінші ноябрьге қараған түні.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.


1

24

Тағы да үш күн.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

25

Тағы да үш күн.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

26

Жаңашыл генерал бейнесі.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

27

Бауыржан Момышұлы. Москва

үшін шайқас.

Сенім. Крюковода.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

28

Генерал Чистяков. Орман ішінде.

Бұйрық.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

29

Адам қайраты.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

30

Әзілхан Нұршайықов. Ақиқат

пен аңыз.

Мен қалай дивизия командирі

болдым?

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

31

Қарулас серіктерінің Бауыржан

туралы естеліктері мен өлеңдері.

Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

32

Бауыржан өлеңдері, мақал-мәтелдері.

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, пікір алысу.

1

33

Сценалық көрініс «Бір сәттік

мегзеулік үрей салдары»

Рольге бөліп ойнау


1

34

Реферат қорғау, дебат, викторина.



1


Реферат тақырыптары:

  1. Бауыржан Момышұлының ҰОС-да қолданған тактикалық жаңалықтары (АӘД пәніне байланысты).

  2. Бауыржан Момышұлы мен генерал Панфилов арасындағы сыйластық.

  3. Бауыржан Момышұлының қарулас серіктерімен өзара қарым-қатынасы.


Дебат тақырыбы:

  1. Бауыржан Момышұлының мінезінің қай қыры сізге ұнайды? Қай жағы ұнамайды?

  2. Бауыржан Момышұлы қазіргі қазақстандық сарбаздарға үлгі бола ала ма?


Викториналық сұрақтар:

  1. Москва түбінде генерал Панфилов қандай қорғаныс тактикасын қолданды?

  2. «Өлімнен тек шайтан ғана қорықпайды». Солдаттарға өлім алдындағы қорқынышты жеңуге мүмкіндік беретін қандай рухани күштер?

  3. Қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалаушы кім?

  4. Бауыржан Момышұлының балалық шағын суреттейтін автобиографиялық шығармасы?

  5. 1941 жылы 23 қарашада аға лейтенант Бауыржан Момышұлын полк командирі етіп бекіткен 16 армия командашысы?

  6. 1945 жылдың қаңтарында Бауыржан Момышұлын дивизия командирлігіне тағайындаған майдан командашысы?

  7. Бауыржан Момышұлы «Серігім» деген өлеңін кімге арнады?

  8. Бауыржан Момышұлының ұсынуымен 1942 жылы қазақтан бірінші болып, Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар?

  9. «Мен күнде Бауыржанның портретіне честь беремін»- деген қаһарман партизан?

10. Бауыржан Момышұлының есімін әлемге әйгілі қылған А.Бектің «Арпалыс» кітабының орысша нұсқасы қалай аталады?


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Бек А. Арпалыс. Көптомдық шығармалар жинағы. 27, 28, 29, 30 – томдар. – Алматы: «Өнер», 2010.

2. Бауыржан батыр. Алматы: «Жалын», 1991.

3. Момышұлы Бауыржан. Москва үшін шайқас: Роман. – Алматы: «Жазушы», 2009. – «Қазақтың жүз романы» сериясы.

4. Нұршайықов Әзілхан. Ақиқат пен аңыз: Роман - диалог. – Алматы: «Жазушы», 2009. – «Қазақтың жүз романы» сериясы.

5. Смағұл Бақытбек. Қаһарман: патриоттік деректі эссе. – Алматы, 2010.


Сабақ үлгісі

1 – сабақ

КІРІСПЕ САБАҚ: «БАТЫР БАУЫРЖАН»

Сабақтың жоспары:

1. Бауыржан Момышұлының ғұмырнамасымен таныстыру.

2. Бағдарламаның мақсаты, міндетімен таныстыру.

3. Кітап көрмесімен таныстыру.

4. Бауыржан Момышұлының жазған хаттары мен өлеңдерінен әдеби монтаж.

1 – ші оқушы: Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде

Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде...

(Бауыржан Момышұлы. 1947 жыл)

2 – ші оқушы: Мен де адаммын жаралған сүйек-еттен,

Менде ар бар, ұят бар жан тебіренткен.

Қазақтың қарапайым бір ұлымын,

Арымды жаным үшін құрбан еткен.

3 – ші оқушы: Сыр айтам саған халқым ұға білсең,

Дайынмын өрт пен суға маған сенсең.

Арыңды ақ тілекпен ақтамасам,

Ризамын теріс қолмен бата берсең.

4 – ші және 5- ші оқушы кезек-кезек:

- Не керек маған

- Махаббат?

- Жоқ!

- Жәрдем, сүйеу.

- Жоқ!

- Рахым, мейірім.

- Жоқ!

- Не керек?

- Маған керек

Айтыс пен тартыс.

Айқас пен арпалыс қана емес,

Ойнас емес, ойлас.

Сиқыр емес, сырлас,

Құрдас емес, мұңдас.

Телі емес, тілектес,

Кем емес, тең.

Бірге қуанар, бірге қуарар.

Маған дос керек!!!


6 – шы оқушы: «Личная гордость, национальная гордость – основа содружества, братства, уважения и любви народов» деген теманы айналдырып жүрмін. Түсігінім интернационализм шеңберінен тысқары көрінбейді, өз басын, өз ұлтын қадірлемеген азамат елге тұлға болмас та, жат ұлт елдің қадірін адамгершілікпен тани да алмас, оны сыйлап, ізетпен, құрметтеп те ала алмас деген ойдан, тәжірибеден шыққан тема ғой. Менің түсінігімнің дәнегі, қысқасын айтқанда осы.

7 – ші оқушы: Осында, майданда жүргелі бірнеше тәжірибелер ойлар түсірді, халықтың міні, сыны, қасиеттері, анығынан айқын көрінетін жер қысылтаяң майданда екендігі сөзсіз болған жоқ па, олай болса, оларды көре-біле тұрып, ол туралы сөйлеп, жазбауға кімнің дәті шыдап тұрмақ?!

Кейбір азаматтар менің хаттарымның мазмұнынан гөрі, қатты айтылған сөздеріне көңіл бөліп, «солдаттың мәдениетте қандай еншісі бар, сенсіз-ақ күн көреміз» деген сияқты қысқа ойлармен шолпығанға ұқсайды.

Кемеңгер жігіттерге ақыл айтудан мен аулақ, бірақ ойдағы нәрсе халық ісі болған соң жазғаным еді.

8 – ші оқушы: Біздің кейбір әжептеуір адамсынған жігіттеріміз баспа бетінде, көптің алдында: «Біз қараңғы, жабайы, надан, сорлы едік... Біздің бабаларымыздың көзі ашылмаған соқыр, пайымсыз, жарық дүниені танымаған, даланы жайлаған айуан қатары едік...», тағы сол сияқты бірнеше жала, өтірік, өсек, қиянат «жалпанышты» сөздер айтып, ел еңсесін селге салып, жер етіп жүргендерді аз емес, ондай жігіттердің ел сорына біткені сөзсіз емес пе?

9 – шы оқушы: Біздің бабамыз кімнен кем, кімнен сорлы еді? Мың жыл жасаған қазақтың ішінен ақылды, пайымды адамдар бүгінгі таңда ғана шығып па? Кемеңгерлік, данышпандық, ел қасиетін, бабамыздың аруағын тепкен тентектердің аузына қашан тыйым салынады? Бабамыздың адамгершілігі, ерлігі, ақылы, сипат, салтанаты көп алдында әділ баға алып, немере-шөберелеріне қашан мақтаныш, мысал болып, жұрт алдында еңсемізді қашан көтереді? Басқалар бабаларының аруағына сыйынып, бас ұрғанда, ондай міндетті борышымызды басымыздан атқаруға біздің ұялуымызға жол болсын.

10 – шы оқушы: Басқалар бабаларының мінез-құлқына, өсиет, ақылына, әдет, әдеп-ғұрпына жаңа өспірім балаларды тәрбиелегенде, біз халық қасиетін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін елден жасырып, архив пен филиалға тығып, сүр еткеніміздің жөні қайдан шыққан әдепсіздік?

Ұялмай-қызармай консервировать ету – жастарға қара перде емес пе?

11 – ші оқушы: «Тағы осы қалыпта 10-20 жыл өмір сүрсек, қазақты – қазақ тарихы, әдебиеті, тағы басқа жақсы халық қасиеттеріне түсіндіру үшін тілмаш, переводшіктер керек болып, барлық тіл байлығынан айырылып, жап-жалаңаш боп шыға келмейміз бе?» деген ойды не себепті осы уақытқа дейін түсінбейді?

12 – ші оқушы: «Бұндай қазақ майданда бар екеніне мен сеніңкіремеймін. Сізге тумағанды ойдан шығарудың қажеті не?» - депті бір профессор Александр Бекке «Арпалысты» оқып отырып.

«Қателесесіз, ақсақал, сенбесеңіз, мына дәптерлер Бауыржанның өз қолымен жазылған, айғағым – осы» деп айттым, - дейді бір хатында Бек.

13 – ші оқушы: «2007 жылдан бастап «Сауап» қоғамдық қорының қаржылай көмегімен «Бауыржан Момышұлы» атындағы нөмірленген Құрмет белгі беріле бастады. Біз Суворовтың, Ломоносовтың, Кутузовтың медальдарына, ордендеріне құрметпен қараймыз. Ал ол Қазақстанның патриотизмін дамытпайды. Өз батырларымызды өзіміз дәріптемесек, басқа кім дәріптейді?»- дейді Ауған соғысының ардагері, «Сауап» қоғамдық қорының төрағасы, Бауыржан Момышұлына арналған «Қаһарман» атты шығарманың авторы Бақытбек Смағұл.

14 – ші оқушы: Бауыржан Момышұлы қоғамға қол үзбей араласа білген. Күнделігінде: «Мен он сегіз мың адамды жұмсадым. Он сегіз мың адамды аяған жоқпын, өзімді де аяған жоқпын. Бірақ, ей, оқырман, мен сені аясын деп отырған жоқпын. Менің көзімді ойып алсаң, қан ағады, бірақ жас шықпайды» дейді. Баукең – қатыгез емес, өмірді көрген, антын бұзбаған азамат. Орыстардың «ов» деген қосымшалығын алып тастап, «ұлы» деген анықтамалықты алғанының өзі тәуелсіздікті аңсауы емес пе?

15 – ші оқушы: 1944 жылы тіл туралы былай жазған: «Мемлекетке жұмыс істеп жатқан басшылардың арасында өзге тілде қызмет істеп жүргендердің аты-жөнін жазып, жариялау керек. Тілінен безіп жатқан, тіліне жиіркенішпен қарайтын адамдарды ұрпағы білсін. Халықтың алдында әкесінің кім екенін балалары білсін».

16 – шы оқушы: Бауыржан Момышұлының атағын Кеңес Одағына танытқан Александр Кривицкий болды. Ол «Красная звезда» газетінде «Батальон командирі Момышұлының көк дәптері» деген мақала жариялады. Ол мақаланы оқығаннан кейін Александр Бек Бауыржанды Холмда тұрған жерінде іздеп барып, «Волоколамск тасжолы» деген атақты кітабын жазды. Ол кітап бүкіл дүниежүзіне тарап, Баукең есімі барша әлемге аян болды.





Краткое описание документа:

Бауыржан Момышұлы – қазақ әдебиетіндегі әскери прозаның негізін қалаушы, ҰОС қаһарманы, ержүрек командирі, қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат. Бар қазақтың қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлының өмірі қазіргі жастарға үлгі-өнеге тұтар тарихи тұлға. Қазіргі тәуелсіздік заманында біз Б.Момышұлын қалай тануымыз және қай қырынан көбірек танытуымыз керек деген аса маңызды мәселе. Б.Момышұлының бейнесін дәрістейтін шығармаларды оқып-үйрену мақсатында осы бағдарлама, бағдарламаға қоса хрестоматиялық оқулық та құрастырылып, ұсынылып отыр. А.Бектің «Арпалыс», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармалары ықшамдалып беріліп отыр. Сонымен қатар Б.Момышұлының өз өлеңдері мен мақал-мәтелдері алынды. Күтілетін нөтиже: өмірде кездесетін қай болмасын мәселені шешер кезінде үнемі ойларында Б.Момышұлының бейнесі тұратындай жағдай. Әдебиет, тарих, алғашқы әскери дайындық пәндері және тәрбие сағаттарын жүргізуде көп көмегі тиеді деген ойдамыз. "

Автор
Дата добавления 19.07.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров659
Номер материала 138708071919
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх