Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Конспект концерта, посвященного Дню Независимости Республики Казахстан «Тәуелсіз елім, жасай бер!»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Конспект концерта, посвященного Дню Независимости Республики Казахстан «Тәуелсіз елім, жасай бер!»

библиотека
материалов

Мадиева Бақытгүл Советханқызы

ШҚО, Тарбағатай ауданы,

Тұғыл ауылы,

Ш. Уәлиханов орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі


Тәуелсіз елім, жасай бер” атты концерттің бағдарламасы.

Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,өз ұлтының намысын берік ту етіп ұстаған қаһармандардың есімдерін, ерліктерін құрметтеуге, ұмытпауға, халық жадында алтындай сақтауға баулу. Өз ұлтының тарихын сүюге, қорғауға үндеу.Тәуелсіздігімізді ұлықтау, халықтар достастығын насихаттау,оқушыларды өнерге баулу.


1-жүргізуші: Армысыңдар, айналайын адамдар,

Айналаңа шын қуанып қараңдар.

21 жыл болды, Тәуелсіздік алдық біз,

Келді кезек болашақты бағамдар, дей келе “Тәуелсіз елім, жасай бер” атты концертімізге қош келіпсіздер.


2- жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім, Қазақстан-Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі деп балғын болашағының өнерін сіздерге паш етеміз.


1-жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек,қазақ-нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып,көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

2-жүргізуші: Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуңрдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

1-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Туғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.


Тәуелсіздік-ел тірегі” монтаж.

1-оқушы:6”аБекетов Ә.

Сол күндерді есіме көп аламын,

Желтоқсанның он жетісі. Топ. Алаң.

Тоғышардың түсіне де кірмеген,

Басталды бір сұмдық у-шу, зобалаң,

Тұтқиылдан түскен суық мәлімет,

Тарап елге, дейді күштеп “қабыл ет”.

Жаңа алаңға қалың жастар қаптады,

Қайда, қайда жариялылығым, әділет.”

2-оқушы:11”а” Нұрахметова А.

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болды деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік аттан атты,

Алаңның шеру емес салтанатты

Қытымыр қыстың басы сол бір айда

Желтоқсан” жеті әлемді жалт қаратты.

3-оқушы:Құмарбекова А.10”б”

Басшы келсе, естімеген есімін,

Қабылдамай бас тартудың несі мін.

Қайран жастар қайдан білсін, күштілер

Үйренген өзгертпей өз шешімін.

Тоқмойындар болжамайтын алысты,

Менмендікпен таптап кетті намысты,

Санаспастан қонақжай кең қазақтың,

Қайтпас қайсар мінезімен жалысты.


4-оқушы:Әділғазина Б.

Жас арудың жанарында желтоқсан,

Қалды ғасыр табанында желтоқсан.

Қаралы өмір қалыстырған халқының,

Қара тұман қабағында желтоқсан,

Жауыздықтан жасқаған да желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да желтоқсан,

Жазықсыздың көз жасына жуынып

Абақтыға тастаған да желтоқсан.


5-оқушы:11”а” Нұрахметова А.

Жиналуда тұрған қандай бар айып.

Ойлары жоқ дейтін “оңай тараймын”.

Қоршап алған қалың әскер түленіп,

Күтті кештің түскенін қас қарайып.

Аяз қысып, төкті қыс та қаһарын,

Сиретпеді бірақ жастар қатарын,

Қайдан білсін милиция – қорғаны,

Ұрып-соғып, суық сумен атарын.


6-оқушы: Қасымбекова А.6”а”.

Қайдан білсін аңғал, албырт жастарым,

Сойыл, күрек жаратынын бастарын.

Шаштан сүйреп, әскер қорлап қыздарды,

Қойдай қамап, айдалаға тастарын.

Тегеурінді соққыларды жайратқан,

Ақша қарға судай ақты қайнап қан.

Қайдан білсін қызбаланған ерлерім,

Айрыларын Ләззат, Ербол, Қайраттан.


7-оқушы:6”а” Серғазин Ә.

Жалған емес, бұл жылдық дастан әнім,

Бодандықтың ол бұзды тас қамалын,

Қайрат, Ербол, Сабира, Ләззаттардың,

Қыршынынан кім қиды жас қанатын.


8-оқушы: 8-орыс сынып оқушысы Урмат қызы М.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтыннан,

Айналайын алтын әнін, жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың,

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.


9-оқушы:6”а” Серғазин Ә.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.


10-оқушы: Зейнелбекова А.6”а”

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.

Ақ түйенің қарны міне жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.


1-жүргізуші: Тәуелсіз жыл.

Туыңды биік ұстадық,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса Тәуелсіз Қазақстаным.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым.

Әр ұрпақтың құрбандығы жетерлік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.

Тура келіп тарихы бір орайға,

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

Жолында оның “шұбырынды ақтабан”

Болған қазақ еліміз біз соны ойла.

Желтоқсан ызғары” көрініс. 10”а”сынып оқушыларының қойылымы.


Интерактивті тақтада “Желтоқсан желі”атты видео клип ұсынылады.

2-жүргізуші: 1920-1921, 1931-1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық – зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған – туысқанын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.

1-жүргізуші: Сіздерге елімізден пана таба алмай шетелге кетіп бара жатқан қандастарымыздың көшінен көріністі ұсынамыз.

Көрініс

2-жүргізуші: Көш келе жатыр. Әбден арып-шаршаған адамдар. (“Елім-ай” әуені естіліп тұрады).

Көштің басшысы: Біраз тынығып алайық, жол жүргенімізге қанша күн болса да асқанымыз бір-ақ асу.

1-жүргізуші: “Уһілеп” біреулері қос тігуде, біреулері көрінген жерге қисая кетуде. Ақсақал күңірене сөз бастайды:

- О, қасірет, қасірет! Шынымен-ақ, сорлағанымыз ба? Қорланғанымыз ба? Өз жерімізден өзіміз безініп. Әлде сұм тағдырымыздың жазғаны ма еді? Көрсетпеген нең қалып еді, тағы да?

Бәйбіше: Отағасы-ау, “басқа түссе баспақшыл” деген, тағдырдың салғанына көнеміз. Артта аяулы күндеріміздің келмеске кеткені рас. Әбден азып-тозған мына қаралы көштің бар үміті сенде.

Жасыма! Жігерлен!

Қыз: Самал жел сонша неге ызғарлысың? Нәресте кезімде де сен емес пе едің осы ызыңмен уатқан? Шынары биік қара тау, неге үндемейсің? Әлде мына менен шошынып тұрмысың? Жасаған, кешіре көр, сені тастап кетіп барам….

Шешесі: Құлыным-ау, неге сонша көп жылайсың? Сенің не күнәң бар еді? Ең ақыры кіндік қаның тамған жеріңе де сыймай кетіп барасың ғой! Туған жер, сен де бүгін қаралысың, перзентің біз де қаралымыз, не деген қасірет! …

1-жүргізуші: Кешегі көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіздік алған соң Отанына қайта оралды. Бүгінде қазақтар өз елінде 2004 жылғы санақ бойынша 57.5 пайызға жетті.

2-жүргізуші: “Елім-ай” әуенімен 8 орыс сыныбының көрінісі

1-жүргізуші: Ән “Желтоқсан құрбандары” Орындайтын Қабдолданов Арлан.

III “Тәуелсіздік - сан ғасырлық арман, қол жеткізген ақиқат.”

5а, б оқушылары: 1-оқушы: Тәуелсіздік сенің абыройың, намысың, иығыңдағы қалқаның маңдайыңдағы жұлдызың, төбеңдегі айдарың, қабағыңа біткен айбарың. Ендеше халқым, тәуелсіздігіңнің ғұмыры ұзақ болсын!

2-оқушы: Атыңнан айналайын, Егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.


3-оқушы: Тәуелсіздік!

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен елдігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де.


4-оқушы: Өзіңді-өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төрінде!

Қанатыңнан қайырылып,

Қыр-арқаңнан майырылып.

Қонақ –

Тәуелсіздіктен,

Қала көрме, айырылып!


5-оқушы: Жаның қамауда болғанда, арың талауға түскенде араша болған – Тәуелсіздік! /хормен/

7-оқушы: Барың тоналғанда, асылың жоғалғанда қайтарып берген – Тәуелсіздік! /хормен/

8-оқушы: Ақиқатыңды айтқызбай тіліңді тістеткенде, бойыңнан рухани күш кеткенде, есіңді жиғызып, еңсеңді көтерткен - Тәуелсіздік! /хормен/


9-оқушы: Өз қолыңды өз аузыңа жеткізбей, айтқанын екі еткізбей, шырмауықтай шырмап алған, қоғамда ғазиз басың боданда жүргенде бостандыққа жол ашқан - Тәуелсіздік! /хормен/


10-оқушы: Елін сүйреп арайлы атар таңға, ортаңнан орда бұзған қаһарманға, тізгініңді бергізбей, соңынан жұртты ергізбей, жазықсыз “халық жауы” атанғанда, ақтап алған қаралаған ұлыңды - Тәуелсіздік! /хормен/


2-жүргізуші: Ән: “Қазақ елі осындай”. Орындайтын: Бақытжанқызы Еңлік.

1-жүргізуші: Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен күн де келді еліме,

Мың бұралған би шашу болсын бүгін де,

Би – 5б сыныбы

IV “Қазақстан – достық мекені”

1-жүргізуші: “Қазіргі таңда біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар бір-бірімен достықта, бірлікте және бір аспан астында тату-тәтті өмір сүруде”, - деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та өз сөзінде еліміздің татулығын, қонақжайлығын атап көрсетеді.

2-жүргізуші: Сол халықтар өзімізбен бірге еліміздің өркендеуіне, Қазақстанның жарқын болашағын биіктен көруге өз үлестерін қосуда. Атап айтатын болсақ, орыстар, немістер, татарлар, ұйғырлар және кәрістер, тәжіктер, өзбектер т.б. ұлт өкілдері. Ендеше, осы тату-тәттілігімізді сипаттайтын келесі нөмірімізді қабыл алыңыздар!

Ән “Алтын бесік” орындайтын Бақытжанқызы Еңлік


V “Үш бидің өсиеті” (көрініс)

2-жүргізуші: - Жеткіншек ұрпақты ізгілікке, инабаттылыққа, ана тілін қадірлей білуге тәрбиелейтін, елдің елдігін, халықтың бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң-мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмарлардың өсиеттерінен көріністі тамашалайық.

Көрініс 8а “Қарлығаш би”

ӘнТуған жерОрындайтын Қабдолданов Арлан

VI Өз шығармашылығынан туған өлеңдер оқу

1-жүргізуші: Біз тәуелсіздікке аңсап жеттік. Енді сол Тәуелсіздіктің белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек деген терең тебіреніске толы арнау сөзін қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түпкірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл – баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

2-жүргізуші: - Біздің тіліміз, Отанымыз, Тәуелсіздік туралы өз шығармашылығымыздан туған жүрекжарды өлеңдеімізді ұсынамыз.

  1. Қасымбекова Аяулым 6а

  2. Серғазин Али 6а

  3. Сағындықова Назерке 6а

  4. Бекетов Әкежан 6а

  5. Зейнелбекова Айғаным 6а

  6. Арманқызы Аружан 6а

  7. Урматқызы Маржан 8орыс


9 қазақ сыныбының оқушыларының орындауында “Шашу” биі

Бақытжанқызы Еңліктің орындауында “Жастар жырлайды” әні

VII “Біз Тәуелсіз елдің жарқын болашағымыз!”

1-жүргізуші: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек.

2-жүргізуші: Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлемді таң қалдырып, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ – біз екенімізді сезінейік.

1- жүргізуші: Шарамызды елбасының даналық сөздерімен қорытындылайық.

VIII “Нұрлы ғұмыр тағылымы: елбасы және біз”

1-оқушы: Мен біздің жастарға сенемін. Сендердің білімдерің, күш-жігерлерің мен еңбектерің күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенімдімін. Сапалы білім мен ғылымсыз Қазақстанның келешегі жоқ! Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятып, жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интеллектуалдық төңкетіс қажет. Ең алдымен, жастардың білімге және парасаттылыққа көзқарасын өзгертетін уақыт жетті. Бізге халықаралық деңгейде бәсекелесуге қабілетті, жан-жақты мамандар керек.

2-оқушы: “дауға салса алмастай қиған, сезімге салса, қырандай қалқыған, өмрдің кез-келген орайында әрі қару әрі қалқан болған, әрі байырғы әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен? Әрине, одан қымбат ештеңе жоқ. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі”

3-оқушы: Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!

4-оқушы: Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын еттік, қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік. Тәуелсіздіктің тар жол, тайғак кешуінен,беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.

5-оқушы: Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған , егеменді елімізге аянбай қызмет ететін , ой өрісі кең, алғыр да жүректі сауатты да салауатты азаматтар қажет.

6-оқушы: Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл – азаттық үшін ұласқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл – бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы.

1-жүргізуші: Бүгін біздер еліміздің тарихы жайлы, тәуелсіздік жолындағы қүресі жайлы көп нәрсені ортаға салдық. Ендеше Қазақстан қандай мемлекет? – деген сұраққа жауап берейік.

Бәсекеге қабілетті ел

Экономикасы тұрақты өркендеген ел

Инновацияларды жүзеге асыратын ел

Татулығы мен бірлігі жарасқан ел

Табиғаты өте сұлу, бай өлке

Білімді, саналы азаматтары бар ел

Әлемдік саясатта белсенділік танытқан ел

Қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайтқан ел

2-жүргізуші: Осындай Қазақстан атты, бейбіт, тәуелсіз елдің азаматтары екенімізді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан етіп жүрейік. Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. 21 ғасырдың азаматтарымыз. Алға, Қазақстан!

1-жүргізуші: Қазіргі Қазақстанның стратегиялық дамуына қажетті бірлік, ұлт татулығы, тыныштық. “Бірлік бар жерде, тірлік бар” деп халық тегін айтпаған. Президентімізбен бірге Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!

Хормен

Ертеңге сенген ел жасы

Қолдайды түгел Елбасын!


Хормен:

Біз – қазақпыз! Мың өліп, мың тірілген,

Біз – қазақпыз! Туы биік тігілген.

Біз – қазақпыз! Елімізді, жерімізді сатпайтын,

Біз – қазақпыз! Тілімізді мәңгілікке сақтайтын!

1-жүргізуші: - Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған “Тәуелсіз елім, жасай бер” атты концертіміз өз мәресіне жетті.

Ән “Көк тудың желбірегені” орындайтын Әбілқасымов Әмір


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Я предлагаю свой конспект внутри школьного концерта на тему «Тәуелсіз елім, жасай бер!». приуроченный ко дню Независимости Республики Казахстан. На концерте участвовали учащиеся с первого по одиннадцатый класс. мною были использованы материалы истории Казахстана,фольклорные, лироэпические произведения устного народного творчества, а также произведения жырау, поэтов и писателей XIX и XX века.

На концерте были использованы танцевальные номера, в том числе танцы различных народов мира. Учащиеся принимали активное участие в концерте.
Автор
Дата добавления 20.07.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров608
Номер материала 139031072049
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх