Инфоурок Биология Другие методич. материалыСтатья "Жаңа бағыт,жаңа көзқарас"

Статья "Жаңа бағыт,жаңа көзқарас"

Скачать материал

Жаңа бағыт,жаңа көзқарас

http://content.foto.my.mail.ru/mail/dariga.andreevna65/_myphoto/h-59.jpg

Картбаева Дарига  Андреевна

   ІІІ деңгей  тренері

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Алматы облысы бойынша  ПҚБАИ 

 

  . Әлемдегі өзгерістер әрбір ұстазға өз көзқарасын  өзгертуі қажеттігін дәлелдеп отыр. Мен елбасымыздың келешекке деген көрегендігіне шын мәнінде риза болдым. Әрбір ұстаз еңбегінің нәтижесін көргісі келсе өзгеретін уақыттың әлдеқашан келгенін мойындау керек деп ойладым. Ағылшын әріптестеріме көптеген сұрақтар қойдым. Олардың қарапайымдылығының өзі бізге сабақ болуы керек сияқты. Астанадағы курстан көп тәжірибе жинап қайттым десем болады. Біздің курсты бітіруіміз өзіміз  жүргізетін курстың басталып кетуіне тура келгендіктен екінші аптаның бірінші күні сабақ өттім. Топ жаңа тренер келеді деп күтіп отырса, мен тобым қандай ұстаздардан жиналған екен деп ойладым. Әрине, алдын ала не айтамын, қалай айтамын деп бағдарламадағы жоспар бойынша дайындық жасадым. Маған мектептегі мұғалімдердің проблемасы таныс болғандықтан тіл табысып кететініме сенімді болдым. Танысу тренингін социаметрия алудан бастадым. Мұғалімдерге сіздер бір аптадан бері бір біріңізбен таныс болдыңыздар, енді маған көмектесулеріңізді сұраймын дедім. Мұғалімдер өзін және группадағы өзі таныстырғысы келетін басқа  әріптестері жайлы бір-екі ауыз сөзбен таныстырып кетулері керек деп айттым.Тізім бойынша кім жайлы кім айтты белгілеп отырдым, бұл әдіспен топ қаншалықты бірін бірі тани бастады, қандай ерекшеліктері бар, бүгінгі күні топтың лидерлеры кім, ұжымға кім қосыла алмай жатқандығын анықтадым. Аты аталмай қалған бір ғана салмақты әріптес болды мен оған «сізбен танысқаныма қуныштымын сыпайылығыңыз, білімді екендігіңіз көрініп тұр»деп ілтипат білдірдім. Қазір сол әрекетіме өте ризамын себебі сол әріптес бүкіл курс бойы белсенділік танытты. Дегенмен, сол кезде ақ топтың баршасымен тығыз қарым қатынас орнатып тіл табысып кете алдым деп айта алмаймын. Тақырып  жоспарға сай болсада мұғалімдер белсенділік таныта қоймағандарын байқадым. Не сәтсіз болып жатыр деп ойладым. Олар менің сабақты дәстүрлі түсіндіргенімді қалаған сияқты көрінді. Келесі сабақта топқа сергіту сәтін жасатып, мектептегі сабақ өту әдістері, оқушылары туралы қысқаша айтып берулерін сұрадым. Өткен  аптада өздері сипаттаған Дейв, Ханна, Сэм, Салли, Альмалардан өз оқушыларыңызды көре аласыздарма  дедім. Бүгінгі  тақырып «Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету» болғандықтан инклюзивті оқытуды бірге талдадық. Рөлдік көріністер арқылы дәстүрлі сабақтың эпизодтары талқыланды. Әріптестеріме қызықты бола бастағанын байқадым. Себебі әр мұғалім өз оқушыларымен жүргізетін жұмыстары жайлы қызу талқылап жатты. Мен оларға Дейв, Ханна, Сэм, Салли, Альмаларға қатысты жұмыс жасау туралы жазған өздерінің ұсыныстарын қайта оқуларын ұсындым. Ең бастысы, әрбір оқушыны жақын танып білу керек екен, сосын ғана олармен қандай әдіс-тәсілдермен жұмыстар жүргізуге болатындығын жоспарлауға болады деп айтқандары болды. Әріптестер әр бір оқушыны ести білу маңыздылығын түсінді.

Бұл іс әрекеттер арқылы мұғалімдер әрқайсысының ой пікірі құнды екендігін байқата отырып ойларын ортаға салуға, айтылғандарды сыни талдауға мүмкіндік жасалатынын байқады.

Не себепті бес топ бес түрлі топ ережесін жасап бөлек бөлек ілдіріп қойғандықтары жайлы айтуларын сұрадым. «Біз бір топпыз ба, әлде бес топпыз ба» деген сұрағыма әріптестер күліп жіберді.Сосын бірігіп сол бес ережеден бір топ ережесін шығарып әрқайсысы өз қолдарын қойды.«Суреттер сөйлеп тұру керек» деген сол сәттегі ұсынысым әріптестеріме ұнағаны соншалықты курс біткенше ұмытылмады. Мен өзімнің өте қатты жылдамдықпен мұғалімдерді өзгерткім келетіндігін байқадым. Мүмкін, бұл менің тренерым Саймон Браунхиллдан алған әсерім болар.

«Сана түбінде хабардар болу сатысы саналы хабардар болмау сатысына өтеді, ол өз кезегінде саналы хабардар болуға ауысады. Біз осы үш күйді өзімізден де, өз курстарымызға қатысушылардан да сезіне аламыз. Өзің бірдеңені білмейтініңді ұғыну, әсіресе үлкен тәжірибесі бар мұғалімдер үшін ауыр тиеді»( Мери Джейн Драммонд және Коллин Мак Лафлин1994:39) -деп  өте дұрыс айтылғандығын тиімді  тәжірибе кезінде  байқадым.  Мен алдымда келешекте өзгеруге бейім, бірақ оған уақыт қажет ететіндігін қалайтын ұстаздар отырғандығын мойындадым.

Бірақ, үйренуге уақыт өте аз болғандықтан әріптестерімнің өздерінің көмегімен

жағдайдан шығып отыруға бейімделдім.Алғашқыда топқа бөлініп орындарын алмастырып отыруға құлықтары болмады.Топқа бөлуді ойын түрлерімен ұйымдастыра бастадым. «Сандар бірін бірі табады», «картадан өз елімізді табамыз», «жануарлар әлемі», «қиындылар қосылады» деген сияқты ойындар мұғалімдерді  сергітіп, әрі орындарымен тез ауысып отыруға бейімдеді. Мұғалімдер әр топта әртүрлі өзгеше ой пікірлер болатындығын, әріптестерін әр қырынан тани бастағандықтарын айтты. Осылай топ ішінде ынтымақтастық  пайда болып, топқа бөліну жеңіл қалыптаса бастады.

 Сессия барысында тапсырмаларды топтық талқылаулар барысын «бағдаршам» әдісі бойынша бақылау тиімді болды. Қызыл түс көрсеткен топ мүшелерімен бірге  талқылауларға қатысып, бағыттап отырдым. Сары түс көрсеткен  топқа жасыл түс көрсеткен топтардың бағыт беруін ұйымдастырдым. Бастапқыда мен көбіне тыңдаушы, сұрақтарына сұрақпен жауап беруші болуым әріптестерімді мазасыздандырғанын байқадым. Есіме Астанадағы өзімнің қандай жағдайда болғаным түсті. Мұғалімдердің де өздерінің түсініктерімен сол жағдайдан шығуға жол тапқандарын қаладым. Әріптестерім «күртеше» бейнежазбасын көріп болғасын біраз үнсіз отырды. Біраз үнсіздіктен соң, таңданыстарын жасырмады.  

Бағдарлама идеясын осы көрсетілімнен ақ байқауға болады, шындығында да  біз дайын білім береміз, оқушымызды іздендірмейміз, өзіміз де ізденбейміз дегендері маған ұнады. Бұл мұғалімдердің өзгере бастағаны деп ойладым. Соңғы сабақтарда мұғалімдер мені өздерінің шығармашылықтарымен, ізденімпаздықтарымен таң қалдырып отырды. Тренердың «неге, неліктен, не себепті олай ойлайсыз?» деген сұрақтарының жиелілігіне ашуланатын кейбір әріптестерім мектептегі тәжірибе кезінде  «сізді енді түсіндік апай» деп хабарласты. Бірінші бетпе бет кезеңіндегі «екі жұлдыз,бір тілек», «дананың кілттері», де Бононың «алты қалпағы» әдіс тәсілдерімен жасалған бағалаулар  нақты болмағандығын әріптестер мектептегі

тәжірибе  кезінде қойған сұрақтарына қарап білдім. Келесі екінші бетпе бет кезеңінде нақты көңіл бөлетін әдіс тәсілдерді ойластырдым. Әр сессияда әріптестердің портфолиосын жинақтау барысында өзара бағалауға көңіл бөлдім. «Екі  жұлдыз бір тілек» айтуда  орындалған жұмыстың ең керемет, тиімді болған екі тұсын, бір тиімсіз тұсын көрсетіп ұсыныс айтуға бейімделдік. Мұғалімдер «Жәрмеңке» ұйымдастыруда де Бононың «алты қалпағын» тиімді қолданғаны байқалды. «Оқытуды бағалау мен оқуды бағалау» модулін таңдаған Е.Ш.әріптес «мен бағалауды әлі түсінбегенімді енді түсіндім»- деді.Әр сабақтағы кері байланыс

бастапқы кездерде тек қана  «сабақ ұнады,қызықты болды» деп жазылатын, енді екінші бетпе бет кезеңінде  «не пайдалы болды, не алды, қандай әдістер тиімсіз болғаны туралы» жазыла бастады.

 Ең бастысы ,мұғалімдер командалық жұмыстың тиімділігін лессон стади және көшбасшылық  тақырыбын талдау барысында  түсіне алды. Мектепке барған кезде олар қоғамдастық құруға көңіл бөледі деп  ойлаймын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Жаңа бағыт,жаңа көзқарас""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

кембридж бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында тәжірибедегі ой пікірлер,ұсыныстар. Жалпы заман талабына сай білімді болу,оқушы жеке тұлға ретінде өз ойын талдай,тыңдай және де өзінің қажеттіліктерін түсіне алуына әсер ету әдіс тәсілдері туралы ойлар айтылады. мектеп табалдырығынан шығып үлкен өмірде өз орнын табу үшін қандай қасиеттер мен түсініктерді қалыптастыру қажеттілігі туралы айтылады. ұстаз шығармашылықпен жұмыс жасай алуы,үнемі ізденісте болуы өз ойын талдап білдіріп дәлелдей алатын,басқа пікірледі тыңдау қабілетіне ие болудың маңызы туралы ой салады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 663 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.07.2014 1156
    • DOCX 264.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Картбаева Дарига Андреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Картбаева Дарига Андреевна
    Картбаева Дарига Андреевна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3823
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе