Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Конспект занятия "Мәңгілікке тағзым"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Конспект занятия "Мәңгілікке тағзым"

библиотека
материалов

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар!

2- жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді соғыс ардагерлері, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! «Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ! » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

3-жүргізуші - Ия, жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.

Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

2-жүргізуш. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұл Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 69 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 69 жылдығы.
3- Жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

2-жүргізуші: Шырқа дала шырқайтығын күн бүгін

Серпіп тастап тіршіліктің түндігін

Ұлы Жеңіс арқасында ұлдарын,

Мойындатты казағымның ерлігін

ӘН: « Сарбаздар»

3-жүргізуші: Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,

Абзал досым, мүгедекті жүр демей!

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

Адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс тіршіліктің рахатына кенелуінің бақыты үшін миллиондар жанын пида етті, қане барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.Рахмет, отырыңыздар!

1- жүргізуші: Біз майдан мен тыл ерлерінің қаһармандығы мен ержүректігін, партизандар мен астыртын әрекет етушілердің, концлагерьлер тұтқындарының табандылығы мен мұқалмас ерік-жігерін зор құрметпен еске алып, алапат майдан даласында қаза тапқандардың, соғыс салған жара мен қасірет салдарынан о дүниелік болғандардың бүгінгі күні арамызда жоқ жандардың жарқын бейнелері алдында бас иеміз.

2- Туран: Жеңіскерлер, ер елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары әлемдегі

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,

Мерей тапты солармен ел еңбегі.

3- Ақсауле: 1941-1945 жылдардағы Мәскеу үшін шайқас ірі соғыс оқиғаларының бірі болды. Кеңес Армиясының бұл соғыстағы Жеңісі гитлершіл соғыс жоспарының және неміс армиясының жеңілмейтіндігі туралы аңызды жоққа шығарады.

Хақназар: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міні!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

Асылтас: Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

Балалардың тілеймін күлгендерін,

Күн бетінде ешбір дақ тұрмасын деп.

Планета ең ғажап гүлдеп жерім,

Мәңгі үстінде Бейбіт орнасын деп.

Ән:

1-ж. Раушан: Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты басып алуға ұмтылды. Қала тұрғындары тәулігіне 150-200 грамм нанды талғау етті.

2 – ж. Туран: Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті. Ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн қоршауда аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінен сақтап қалды. Бұл шайқаста А. Матросовтың ерлігін қайталаған батыр ұлымыз С. Баймағанбатов пен жалынды мерген қызымыз Әлия Молдағұлова да бар еді.

3- Жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулыкүштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкең, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес.

Сахнада Ана мен немересі әңгімелесіп отырады. Немересі орнынан тұрып.

Немересі- Марсель: Айтшы ана, сонда сезіп пе ең,

Қара бұлттың төнгенін?

Ұйтқи соққан дауылдан

Бақыт шамы сөнгенін.

Естідің бе сонда сен,

Нөсер үшін селдеткен,

Үрейді алып өрекпіп,

Сұрапыл соғыс көлдеткен,

Сан мың адам қан төккен...

Ана жесір, бала жас,

Жетімдіктен көрді өктем.

Анасы немересіне мейірлене құшағын жайып Жер- Анаға табынғандай.

Ана-Асем: Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,

Әлсіреді ел күшті дауыл тезінен...

Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда,

Бейбіт өмір болатынын болжадым.

Сахнаға әскери киімді Мәншүк пен Әлия шығады.


Сахна сыртынан 3 – ж- Ақсауле: 18 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін.

Әлия:

Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан-ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк: Отан ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия: «Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып,

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін тақпадық..

Мәншүк: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

Екеуі қосылып: Жетсек деген арманымыз көп еді,

Айтылған жоқ махабаттың өлеңі.

Бізді туған күнімізбен құттықтап.

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

Жанымызды құрбан еттік осылай.

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

Монологтан кейін Бекбусинова Әсем: «Әлия» әнін орындайды.

Ән айтып болған соң: Асем: Шығысымның қос шынары,

Қос алауы, өздерің өмірден ерте кеткендеріңмен, ерліктерің қалды. Біз сендерді ұмытпаймыз. Жер Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.

1-жүргізуші: «Ер есімі- ел есінде».Кір жуып,кіндік кескен жері үшін аялап,әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар, « Бәрі де майдан үшін,бәрі де жеңіс үшін» деп аянбай тылда еңбек еткен ардагерлер есімі ұмытылмақ емес. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Мектебімізде осы ұлы жеңісті , бейбіт өмірді жырға қосып,өз жандарынан өлең өрбітіп жүрген жас ақындарымыз бар. Умарова Жұлдыз, Гибадатова Ақбала шығармасынан

2-жүргізуші: Кұрметті ата-әжелер, ата-аналар !Сіздерді Ұлы Женістің 69 жылдық мерекесімен құттықтаймыз .Сіздердің ерен еңбектеріңізің арқасында бүгін, міне, осындай кең байтақ, тыныштық орнаған,бірлігі мен берекесі ұйыған,шаттығы мен қуанышы толы бейбіт ,азат, еңсесі биік еркін ел Қазақстан күн санап өсіп келеді.Осындай гүл жайнаған елімізге қарап отырып, «Қайран біздің аталар мен әжелер арды ойлаған»деп қуанамыз. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!Біз бейбітшілік жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты қалайтын елміз.Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық сақталсын! Әдемі әнмен кездесу кешімімізді аяқтаймыз.


Краткое описание документа:

"Мәңгілікке тағзым" атты ашық тәрбиелік іс - шара 9 мамыр күні қарсаныңда Бөрлі ауданы, Қызылтал орта мектебінде 8а және 9а сыныптардың оқушыларымен бірлесе ұйымдастырылды, Соғыс уақытында болған ата - әжелеріміздің немерелері,ұл- қыздары қатысып, хаттарын оқып, фотоларын немесе газет беттеріне шыққан мақалаларын музейге тапсырды.Мектебімізде бейбіт өмірді жырға қосып,өз жандарынан өлең өрбітіп жүрген жас ақындарымыз бар. Умарова Жұлдыз, Гибадатова Ақбала, Бекбусинова әсем өз өлеңдерімен бөлісті.

Автор
Дата добавления 06.08.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров287
Номер материала 149359080639
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх