Инфоурок / Математика / Конспекты / Конспект урока по математике "Статистикалық мәліметтерді топтау және талда"

Конспект урока по математике "Статистикалық мәліметтерді топтау және талда"

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау.

тақырыбына қысқа мерзімді жоспар


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Утегенова Айнур Туреахметқызы

8 сынып, 20 оқушы

Күні: 13.04.13

Сабақтың тақырыбы

Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау.

Мақсаты


Ықтималдық, медиана, арифметикалық орта, мода, ауытқу ұғымдары бойынша білімдерін толықтырып, статистикалық мәліметтерді топтау, талдау жүргізу туралы білім беру.

Күтілетін нәтижелер

А)Ықтималдық, арифметикалық орта, мода, медиана, ауытқу ұғымдары бойынша білімдері толығады.

В)Жоғарыда аталған түсініктер бойынша есептер шығарады.

С) Статистикалық мәліметтерге топтау жүргізіп талдайды;

Сабақтың әдіс тәсілдері

Түсіндіру, сұрақ-жауап,

Оқытудағы жаңа тәсілдер: постер құру, топтық, жұптық әңгіме.

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары: «БББ» кестесі,«Ойлан, бірік, бөліс», «жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар»

АКТ: Power Point, сергіту сәтін ұйымдастыруда видеоролик, ғаламтор және оқулықпен жұмыс.

Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

Жұмағұлова З, Тулеубаева С. Алгебра-8: Дидактикалық материалдар.

АКТ, проектор, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, түрлі түсті қарындаш, сызғыш.

Кіріспе

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен ортаға дөңгеленіп тұрамыз, қызыл түсті қолды бір-бірімізге тілек айта отырып беріп шығамыз. Оқушыларды топқа бөлу үшін үстел үстінен теріс қарап жатқан фигуралар арқылы бөлдім. Әр топтың басшысы, хатшысы және баяндамашысы бар. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау негізінде оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын және бағалау парағын әр топтың басшысына беремін.

Бағалау парағы:

р/с

Оқушының тегі-аты

Миға шабуыл (сұрақ-жауап)

Деңгейлік тапсырмалар

Қосымша тапсырма

Топпен жұмыс


Бекіту

Қорытынды баға

1








2








2 мин

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тұсаукесер:

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін қолдану.

Миға шабуыл 6 мин

1. Кездейсоқ оқиғалар дегеніміз не?

2. Ақиқат оқиға дегеніміз не?

3. Мүмкін емес оқиға дегеніміз не?

4. Математикалық статистика қай мақсатта қолданылады?

5. Санды мәліметтер қандай мақсатпен реттеледі?

6. Математикалық статистиканы қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?





Оқушылар алдымен өздері, одан жұпта, топта бір-бірін тексеру арқылы жауап береді.

Негізгі бөлім

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Деңгейлік тапсырмалар 20мин

А деңгейінің есебі

308, №311

В деңгейінің есебі

314, 317

С деңгейінің есебі

322, №323

Сыныптағы дарынды және талантты балаларды оқытуды қолдану.

Қосымша тапсырма

А: Адамдар бір күнде қанша шай ішетіні туралы сұрау жүргізілді: Қанат -5; Айша – 4; Дулат -6; Жүсіп -8; Фарида -6; Самат-7; Шынар -6. Айжан бір күнде өзі ішетін шайдың кесе саны жоғарыда көрсетілген сандардың модасына тең екенін айтты. Ол күніне қанша шай ішеді?


В: Дүкенге бірнеше адамның сатып алған тауарларының саны тіркелген: 5;4;3;7;4;8;6;3;3;12;1;3. Сандарды өсу ретімен орналастырып, неше топқа бөлінетінін анықтаңдар. Модасы мен арифметикалық ортасын есептеңдер. Жауабы: 8 топ; мода -3, мединана – 4, арифметикалық орта – 5.

С: Жеке шаруашылық 9 егістік жерге бидай екті. Бір егістік жердің әр гектарына 21 центнерден өнім алынды. Басқа егістік жерлеріндегі егін өнімділігі: 24, 18, 28, 18, 24, 24, 21, 22, 19. Осы сандардың арифметикалық ортасын, медианасын, модасын табыңдар.



Оқушылар өз деңйгелерін таңдап есептер шығарады.













Дарынды оқушыға арналған қосымша тапсырма. Жоғары деңгейлі оқушылардың барлығы деңгей есептерін және қосымша тапсырманы да орындайды.

Сыни тұрғыдан ойлауды қолдану.

Топпен жұмыс 7 мин

Топтағы оқушылар аяқ киімінің өлшемінің арифметикалық ортасын, модасын, медианасын анықтаңдар. Аяқ киім дүкенінің басшысы осы өлшемдердің қайсысын жақсы білуі тиіс?

«Ойлан, бірік, бөліс»:

Ақиқат, мүмкін емес, мүмкін сөздерін қолданып, ықтималдыққа мысал келтіріңдер:

Оқушылар топ болып жұмыс жасайды. Басшылар басқарып, хатшылар толтырып, баяндамашылар презентацияларын қорғайды.



Әр топ келесі топтың жұмысына талдау жасап, сын айтады.



«Сіз шын мәнінде мақтан тұтатын бір мысалды табыңыз да оны дөңгелетіп сызыңыз. Бұл неге ұнайтыны туралы көршіңізге және тобыңызға айтыңыз».

Қорытынды бөлім

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыни 5 минуттық эссе жазу

Тақырыбы: Оқиға, ықтималдық

Оқушылар 5-минуттық эссе жазады. Басшының шешімімен әр топтан бір эссе тыңдалады.

Бағалау 3 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Басшылардың бағаларын тыңдау

Әр топ басшысы топ мүшелеріне қойған бағаларын айтады.

Үйге тапсырма 1 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

328. Қосымша тапсырмалар



Рефлексия 1 мин

Оқушыларға смайликтер таратамын.

Әр оқушы өзінің көңіл-күйіне байланысты смайликті жапсырып кетеді.

Сабақтың өзіндік талдауы:









Краткое описание документа:

Сабақ Блум таксономиясы бойынша құрылды. Сабақты бастамас бұрын алдын - ала сыныптағы оқушыларды геометриялық фигураларды таңдау арқылы бөлдім. Диалог негізінде оқыту және оқу белсенді жүзеге асатындықтан, сабақтарымды сыныпты төрт топқа бөліп, психологиялық ахуал тудыру мақсатында интерактивті тақта арқылы би жаттығуын жасатып, «Сен ғажайыпсың» тренингін өткіздім. Түрткі, қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жаңа тақырып ашылды. Топтар өзара бірін - бірі көңіл - күй смайликтері апрұылы бағалады.

Общая информация

Номер материала: 149409080619

Похожие материалы