Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Статья "Кембридж - университетінің ғылымдарының ұсынған бағдарламасы бойынша өтілген негізгі үшінші деңгейлік курстар туралы ойлар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

Статья "Кембридж - университетінің ғылымдарының ұсынған бағдарламасы бойынша өтілген негізгі үшінші деңгейлік курстар туралы ойлар"

библиотека
материалов

Кембридж университетінің ғылымдарының ұсынған бағдарламасы бойынша өтілген негізгі үшінші деңгейлік курстар туралы ойлар

Қазақстандық білім жүйесіне еніп жатқан жаңашыл жобаның тыңдаушыларының арасында болғаным - мен үшін үлкен дәреже деп есептеймін.

Қазақ халқының киелі 7,9,12,40 сандарын ұлттық салт-дәстүрлерде кездестіреміз. Ата-бабамыз сандардың өзін де кие тұтып, қадірлеуі тегін емес. Мен үшін жеті саны - ол киелі сан. Ойткені әлемде жеті ата, жеті күн, жеті керемет, жеті қазына, жеті ғашық, жеті жұт, жеті жоқ деген ұғымдар бар. Қазіргі білім саласында жаңа өзгерістер болып жатқанда Кембридж университетінің ғалымдарының ұсынып отырған жеті модуль бағдарламасы да біздің ойымыздан шығып отыр. Себебі, жеті модульді сабақта қолдансақ, білім сапасы жаңа бір деңгейге көтерілуі сөзсіс. Мамыр айында бір ай бойы оқығанымды, білгенімді, көргенімді, түсінгенімді, жеті модульдегі қарастырылған идеяларды, сабақта пайдаланатын жаңа әдіс тәсілдер мен стратегияларды практикада тиімді қолдануды негізгі мақсатым ретінде алдыма қойдым. Бұрын өткізген дәстүрлі сабақтарымды осы теориялық курста үйренгеніммен салыстырып, үлкен айырмашылықтар бар екеніне көзім жетті.

Осы бағдарламаның негізгі міндеті қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін молайту, жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми материалдармен танысып, сабақ беруде кеңінен қолданады. Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Жаңа әдіс-тәсілдердің бір модулінде біз «Диалог негізінде оқыту», «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог арқылы оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім сұхбаттасып, пікір алмаса алады. «Қалай оқу керектігін үйрету» оқушыларға өз бетінше жалғастыра алатын білім жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаның он бойында екі мағынада қарастырылады: оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімнің сын тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыға қатысты сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайлылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды қамтиды. Оқудың және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім мен оқытудағы жаңа тәсілдермен тығыз байланысты.

Бағдарлама аясында мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақта тиімді пайдалануды білетін болады. Оқушылар жұмыс, демалыс, және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді пайдаланушыларға айналады. Себебі, көп ақпаратты балалар қазір интернет желісінен алып отыр. Берілген тапсырма бойынша балалар интернеттен қосымша мәліметтер жинап бір бірімен бөлісуді ұнатады. Бұл тапсырмаларды көбінесе сыныптағы талантты және дарынды балалар орындайды.

Мектепте мұғалімдерге қойылып отырған талаптың бірі – дарынды балаларды анықтау. Талантты да қабілетті баланы, оқушыны анықтап, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Дарынды балаларды анықтайтын бірқатар ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар бар. Бірақ олар азшылық етіп отыр. Осы бағдарламаның аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін инклюзивті тәсіл пайдаланылтын болады. Сабақ барысында дарынды балаларға еркін ойлауға, өздігінен ізденуге мүмкіндіктерді жасауға тырыстым.

Дарынды талантты балаларға әр сабақта:

  • жеке тапсырма бердім

  • күрделірек тапсырма бердім

  • сыни тұрғадан ойлауға бағытталған тапсырмалар бердім

  • проблемалық сұрақтар қойып отырдым.

Нәтижесі, шағын топта сурет салып отырғанда, оларға сол суреттеріне әңгіме құрастыруға тапсырма бердім, олар әңгімені құрастырумен бірге топтағы балаларға түсіндіріп айтқаны болды.

Оқушылардың жас екрекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу модулі талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланыстырамын. Себебі, екі модульде оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқуға қатысты болып отыр. Бұл модульде тапсырмалар жас ерекшеліктеріне қарай берілуі тиіс.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық модулі білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан еңгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптағы мұғалімдердің тәжірибесімен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алдым. Бұл модуль «Сын тұрғысынан ойлауды оқыту» модулімен тығыз байланысты. Тек сыни тұрғыдан ойлаудың арқасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, саналы, үздіксіз әрі өнімді бола бастайды. Оны сабақ үстінде берілген тапсырмаларды орындауларынан байқадым. Балалар бір өлең жолдарын оқып, сол туралы өз ойларын айтқанда, салған суреттеріне бес жолды өлең құрастырғанда, көрген бейнеклиптен алған әсерлері туралы айтқанда, болған жағдайларды балалар тиімді шешіп үйренгендігін көрдім. Сабақтардың үстінде сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі, әрі шыдамдылық, басқаны тыңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапалы өңдеулер жүріледі.

Осы кезеңде өзіме көп тәжірибе жинақтап, шыңдалған сайын, сыни көзқарасым өзгере түсті. Мен оқытудың жаңа формасын еңгізу арқылы тиімді жұмыс жасау жолдарын таптым. Курста алған біліммен мектепте жүргізілген тәжірибемді ұштастырған сәтте, бүгінгі оқушының сұранысын қанағаттандыратын, мұғалімді жаңашаландыратын жобаның білім жүйесіне еңгізілуінің орынды екенін түсіндім. Оқушылар топпен жұмыс істегенде, өзін өзі немесе топтағы сыныптастарын бағалағанда, аз уақыттың ішінде көптеген өзгерістерді байқадым. Бұрынғы сабақта үндемейтін, сурет салуды ұнатпайтын оқушылар белсенділік танытты. Оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениеттері жоғарылай бастады. Балалар сурет салуға немесе пікірді талқылауға қанша адам қатысса, соған сәйкес әртүрлі пікірлердің болатындағы және ол пікірлердің белгілі бір дәрежеде мойындайтындығын, бірлескен іс-әрекет негізінде топта қолайлы психологиялық ахуалдың қалыптасқанын байқап, пікірлерін айтты. Өздерінің пікірлерінің құндылықтарын бағалады. Формативті бағалауды қолданған кезде балалар ол тек қана баға қою емес, сонымен қатар бірін бірі мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, бір топ екінші топқа қолдау көрсету, ынталандыру іс-шараларын пйдаланған тиімді екенін түсінді. Қойылған бағалары объективті болуда. Менің байқауым бойынша бұндай бағалауларда бифуркация дамуы анық көрініп, оқушылар өздерінің бұрынғы білімдерін жаңа алған біліммен ұштастырады және оны тиімді пайдалана алады. Ең бастысы қойылған мақсаттарыма жету болып табылады.

Оқыған күндерімді талдай отырып, мен бағдарламаны толық игердім деп айтпасам да, нақты жұмысты қалай істеуім керек екенін білемін. Мінсіз оқушы жасау менің қолымда, ол үшін жеті модульді толық меңгерумен қатар көп жұмыс істеу керектігіне көзім жетті. Осы курстан көп жаңалық алып, өзгергенімді байқадым. Әрине қиыншылықтар өте көп, дегенмен қиындықтарды жеңе білуге үйрендім, балаларға сенімділік артып олардың қолдарынан барлық нәрсе келетіндігіне, қиындықтарды жеңу өздеріне байланысты екенін түсіндіріп, балалардың да жақсы жаққа өзгерулеріне ықпал жасадым.

Басында болған түсінбеушілік пен күмән барлығы іс жүзінде жойылды деп сенімділікпен айта аламын. Менің ойымша бұған әсер еткен топтың жылы, достық атмосферасы және тренеріміз Мәдениет Хабатұлыныңың өзінің жұмысын жақсы білуі мен өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, бізге шын ниетімен білімін бөлісуге даяр болғаны, әрқашан қолдау көрсетіп отыратындығы, жұмыс жасаған кезде дұрыс бағыт беріп отырғаны болды. Сонымен қатар, практиканы өткен кездегі әріптестерім мен мектеп әкімшілігінің көрсеткен қолдауы, жаңаша сабақ беруіме жасаған жағдайлары, түсініспеншілікпен қарауы, кабинеттермен, АКТ мен қамтамасыз еткендері жұмысымның алға басуына ықпал етті.

Қорыта келе, әріптестеріме курс бағдарламасымен танысып, жеті модульді меңгеріп, сабақ беру процессін өзгертсе үлкен жетістіктерге жететіндерін ескерткім келеді. Мектептегі балалардың барлығын осы жаңа әдіспен оқытсақ, өте үлкен нәтижелерге жететініміз анық. Балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы да өзгеретін еді. Жалпы оқушылар мен мұғалімдер заман талабына сай өзгереді. Бұл келешек өмірде өте маңызды! Курс бағдарламасын меңгеру тек қана көп жетістіктерге жетудің тиімді жолдарының бірі емес, сонымен қатар үлгі мен өнеге.

Курсқа баратын әріптестеріме сәттілік тілеймін!


Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Ж.О. Аманбаева

C:\Users\User\Desktop\IMG_0069.JPGC:\Users\User\Desktop\IMG_0196.JPG












Суреттерін қорғау уүстінде

Жақын арадағы даму аймағы.




Топпен жұмыс жасау барысы

Салынған суретке әңгіме құрастыру сәті

hello_html_m460438eb.png

Сабақтағы көшбасшылық

C:\Users\User\Desktop\Портфолио\2 сабақ\фото\IMG_0024.JPGC:\Users\User\Desktop\Портфолио\5 сабақ\фото\IMG_0020.JPG

Краткое описание документа:

Қазақстандық білім жүйесіне еніп жатқан жаңашыл жобаның тыңдаушыларының арасында болғаным - мен үшін үлкен дәреже деп есептеймін. Қазақ халқының киелі 7,9,12,40 сандарын ұлттық салт-дәстүрлерде кездестіреміз. Ата-бабамыз сандардың өзін де кие тұтып, қадірлеуі тегін емес. Мен үшін жеті саны - ол киелі сан. Ойткені әлемде жеті ата, жеті күн, жеті керемет, жеті қазына, жеті ғашық, жеті жұт, жеті жоқ деген ұғымдар бар. Қазіргі білім саласында жаңа өзгерістер болып жатқанда Кембридж университетінің ғалымдарының ұсынып отырған жеті модуль бағдарламасы да біздің ойымыздан шығып отыр. Себебі, жеті модульді сабақта қолдансақ, білім сапасы жаңа бір деңгейге көтерілуі сөзсіс. Мамыр айында бір ай бойы оқығанымды, білгенімді, көргенімді, түсінгенімді, жеті модульдегі қарастырылған идеяларды, сабақта пайдаланатын жаңа әдіс тәсілдер мен стратегияларды практикада тиімді қолдануды негізгі мақсатым ретінде алдыма қойдым. Бұрын өткізген дәстүрлі сабақтарымды осы теориялық курста үйренгеніммен салыстырып, үлкен айырмашылықтар бар екеніне көзім жетті.

Автор
Дата добавления 08.08.2014
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1526
Номер материала 150900080855
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх