Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Биология / Конспекты / Ашық тұқымды өсімдіктер.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Ашық тұқымды өсімдіктер.

библиотека
материалов

hello_html_73d12578.gifhello_html_6a099dc7.gifhello_html_5160660d.gifhello_html_7aa35f16.gifhello_html_m61d8d61b.gifhello_html_771f6ff0.gifhello_html_382da21.gifhello_html_292abe76.gifhello_html_m695a1a57.gifhello_html_m345efdfe.gifhello_html_55f911ae.gifhello_html_6cf74e95.gif

http://sabak.ucoz.org/load/8-1-0-214





Апаханова Акманат Мендыгалиевна

Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ

Биология пәнінің мұғалімі



Тақырыбы:Ашық тұқымды өсімдіктер.

Білімділік мақсаты:Оқушыларды ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысы, ерекшеліктерімен таныстыру.Споралы өсімдіктермен салыстырғанда ашықтұқымдылардың айырмашылығы, және олардың қылқандары, көбею мүшелерінің құрылысын анықтау.Ашық тұқымды өсімдіктерді үйрету, адам өміріндегі, табиғаттағы маңызын білдіру.

Дамытушылық мақсаты:Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге,экологиялық мәдениеттің қалыптасуына тәрбиелеу. . Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс

І.Ұйымдастыру кезеңі: Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақтардағы мағлұматтарды еске түсірейік.

ІІ.Ой қозғау.(өтілген тақырыпты пысықтау) . 1.Кестені толтыру Тақтаға көкек мүгі, шымтезек мүгі, плаун сүреттері слайдпен шығады,(№1-4 слайдттар) және тапсырмалар оқушыларға үлестіріледі.Жауабының дұрыстығы слайд арқылы тексеріледі













Споралы өсімдіктер

Көкек мүгі

Шымтезек мүгі

Плаун

1.сабағы бұтақталмаған

2.Жапырағы жіңішке

3.ризоиды бар

4.суды көп сіңіреді

5.екі үйлі, аталығы көпжылдық, аналығы біржылдық

6.жынысты-жыныссыз

1.Сабағы бұтақталған

2.жапырағы бар

3.тамыры, ризоиды жоқ

4.Өлі жасуша суды көп сіңіреді

5.бір үйлі, қосжынысты

6.Қауашақта спора /жыныссыз,спора-өскінше,бүршік,мүк; жынысты,спорадан-өскінше/

1.Сабағы төсемік

2.жапырағы ұсақ

3.тамыры бар

4.топырақ түзу үдерісі

5.қосжынысты

6.Өсімді үзінділер /жынысты, жыныссыз/.

1. Көкек мүгі,п Шымтезек мүгі,лаундардың сабақтарының құрылыстары қандай?

2. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі,плаундардың жапырағының құрылыстары қандай?

3. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі,плаундардың тамырының құрылыстары қандай?

4 . Көкек мүгі, Шымтезек мүгі, плаундардың маңыздары неде? 5. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі,плаундар қандай өсімдікке жатады? (қосжынысты,даражынысты,бірүйлі, екіүйлі). 6. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі,плаундар қандай жолмен көбейеді? 2. Сұрақ-жауап. 1.Тамыры болғанымен, не себептен көкек мүгі сабағын тік ұстайды? /тірек ұлпасы бар,сабағы бұтақтанбайды/ 2. Көкек мүгі қандай ұлпалардан тұрады? /өткізгіш,тірек,қор жинаушы,жабын/ 3.Не себептен қалың қалың қардың астындағы мүктердің түсі жасыл ? /-14С фотосинтез жүреді/ 4.Көкек мүгінің қай өсімдігінде аталық,аналық жыныс жасушалары жетіледі /аналық жыныс жасушасында аналық, аталық жыныс жасушасында аталықжыныс жасушалары дамиды/ 5.Мүктердің жапырақтарының басқа өс імдіктерден айырмашылығы неде? 6.Гаметофитпен спорофиттің айырмашылығы неде? /жыныстық көбею –гаметофит,жыныссыз-спорофит,мүктер көбінесе жыныссыз жолмен көбейеді/. 7.Шымтезек мүгі қандай жасушалардан тұрады? /өлі, тірі/ 7.Қырықжапырақтылардың жапырақтары әдемі, ал гүлдері қандай болады? /гүлдері болмайды/

ІІІ.Жаңа сабақ:Мұғалімнің тақырыпты түсіндіруі. Спора мен тұқымның айырмашылығы: спора – біржасушалы түзіліс, ал тұқым – көпжасушадан тұрады. Тұқымда қоректік заттар көп болады. Тұқым түзіліп, өсімдіктердің түрлері жер бетінде тұқым арқылы таралады. Сондықтан ашық тұқымды өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз. Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар.Ашық тұқымдылардың өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімге ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақты класына жатады. Қылқан жапырақты дейтін себебі – жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кейтүрде ұшы үшкір боладыАшық тұқымды өсімдіктер сүректі өсімдіктер, өзектері нашар дамыған.Қабығында шайырлы өзекшелер болады.Осыдан 220 млн. жыл бұрын өркендеген өсімдіктер бүгінгі күні 600-700 жуық түрі сақталған.Оларда шөптесін өсімдіктер,көбі мәңгі жасыл ағаштар.Жалпы Қазақстанда 6000жуық өсімдіктер өседі, соның ішінде ашықтұқымдыларға 26 өсімдік жатады, оның 2 Қазақстанның Қызыл Кітабына енген біздің елімізде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Іле Алатауында Жатаған шырша,Талас Алатауында Зеравшан шыршасы. Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік. Ол жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Қылқан жапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діннің сүрегі, өзегі қабығы болады. Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі – тұқымды деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бір-бірімен тұтасып кетеді. Тұқымды қабыршақта 2 тұқымбастама түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтасып орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлері болады. Бұлар аталық бүрлер

Ашықтұқымдылардың ерекшеліктері

Атаулары

Қылқандарын алмастыруы

Өмір ұзақтығы

Қылқандарының орну саны

Жарыққа әсері

Қарағай /сосна/

2-3 жыл

350-400 жыл

Екеуден

Жарықсүйгіш өсімдік

Шырша

5-7 жыл

250 жыл

Біреуден

Көлеңкесүйгіш

Зеравшан аршасы

50 жылда жеміс береді

1000 жыл

Біреуден бұтақталады

Жарықсүйгіш өсімдік

Ашықтұқымдыларға жататын Қытайда Гинкго ағашы 2000 жыл өседі,Африкада Намиб даласында

Вельвичия Ғажайыбы,Өңтүстік Америкада мыңжылдық секвоийя, туя ағаштары өседі.


Зертханалық жұмыс №20

Тақырыбы: Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы..

Мақсаты: Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысымен танысу.

Қажетті құрал жабдықтар: электронды оқулық, кестелер


Орындалатын тапсырмалар:

        1. Электронды оқулықты пайдалана отырып ашықтұқымдылардың ерекшелгімен танысыңыз қарағай, шырша.

Қарағай Шырша


2.Тіршілік сипатын анықтаңыз.

3. Оқулықтағы мәтінді қолдана отырып кестені толтырыңыз:


Түрі

Тіршілік сипаты

Өмір сүру ұзақтығы

Бүр пішіні

Инесі

Ерекшелігі

Сиапттамасы


Қорытынды: Зертханалық жұмыс барысында ашықтұқымдылардың сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен танысты. .


ІҮ.Бекіту бөлімі:

1.Қандай өсімдіктерді ашықтұқымды өсімдіктерге жатқызады? 2.Қарағайдыңаталық және аналық бүрлері қалай құралған? 3.Споралы өсімдіктердің ашықтұқымды өсімдіктерден айырмашылығы неде? 4.Фитонцид дегеніміз не? 5.Не себептен ашықтұқымдыларды сүректі өсімдіктерге жатқызады? 6.Қазақстанда қандай қызыл кітапқа неген ашықтұқымдыларды білесіңдер? 7.Шайырлы өзектер дегеніміз не? Ағаштың қай бөлігінен бөлініп шығады?

Ү.Үйге тапсырма:п.38 сұрақтарғажауап беру, кесте толтыру.

ҮІ.Бағалау.







Краткое описание документа:

Апаханова Акманат Мендыгалиевна Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ Биология пәнінің мұғалімі Тақырыбы:Ашық тұқымды өсімдіктер. Білімділік мақсаты:Оқушыларды ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысы, ерекшеліктерімен таныстыру.Споралы өсімдіктермен салыстырғанда ашықтұқымдылардың айырмашылығы, және олардың қылқандары, көбею мүшелерінің құрылысын анықтау.Ашық тұқымды өсімдіктерді үйрету, адам өміріндегі, табиғаттағы маңызын білдіру. Дамытушылық мақсаты:Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. тұрақты түрдегі ерікті қалыптасуына тәрбиелеу.
Автор
Дата добавления 20.08.2014
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров4941
Номер материала 158622082008
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх