Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Әдебиеттік оқу. 3-сынып. Өтебай Тұрманжанов "Жетісудың көлдері. Балқаш көлге барайық"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдебиеттік оқу. 3-сынып. Өтебай Тұрманжанов "Жетісудың көлдері. Балқаш көлге барайық"

библиотека
материалов

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\IMG_6838.jpg





БҚО. Орал қаласы.

46 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Ахметова Гульфайруз Гайнуллиновна





Сабақтың тақырыбы: Өтебай Тұрманжанов Жетісудың көлдері.

«Балқаш көлге барайық»

Сабақтың мақсаты: а\ Оқушыларға жалпы табиғат жайлы түсінік беру.

Авторға шолу жасау. Балқаш өлеңін оқып, мазмұны

түсіндіру.

ә\ Жаңа технологияларды пайдалана

отырып,оқушылардың сабаққа деген

қызығушылықтарын арттыру,байланыстыра сөйлеу

қабілеттерін, шығармашылық деңгейлерін дамыту.

б\ Экологиялық тәрбие беру, табиғатты

сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, слайд.

Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту.

\Оқушылармен амандасып,назарларын сабаққа аудару.\



  • Оқушылыр бүгінгі күн басқа күнімізден де ерекше күн болмақ.Сондықтан да мен сіздерге сабағымызды жақсы өткізуге сәттілік тілеймін.



  • Өткенді пысықтау. \Оқушыларға сұрақтар арқылы бекіту\

Ал,қазір мен сендердің алдарыңызға қима қағаздардан сөздер тастадым.Барлығыңыз бір топ болып құрастырсаңыздар өз топтарыңыздың атауы шығады. \Қай топ жылдам\

  • Ендеше, топтарыңыздың аттары: «Балқаш», «Алакөл», «Зайсан».

  • Өте жақсы.

  • Оқушылар бәріміз мына бір қызықты тамашалайық.Мұнда бір әдемі дыбыстар естіледі.Сол дыбыстардың әуендерін үлкен бір атаумен не деп аталады ?

  • Табиғат.Табиғатқа басқа қандай нәрселерді жатқызуға болады?

  • Ендеше,бүгінгі күнде барлық атау табиғат сөзіне сыйып кететін болса,осы табиғатымыздың бір көз айнасы,мөлдір бұлағы, түп – тұнығы деп ойлайсыңдар?

  • Су,көлдер,өзендер,мұхиттар,теңіздер.

II. Мағынаны тану.

Бүгінгі күнде Ө.Тұрманжанов атамыздың Жетісудың көлдері. «Балқаш көлге барайық» атты өлеңімен танысамыз.

ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВ (1905–1978) Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғыз ағаш деген ауылда туған. Ташкентте №4 жетім балалар үйінде тәрбиеленген. 1925 жылы Мәскеуде КУТВ (Шығыс еңбекшілері Коммунистік университеті) бітірген соң, Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік университетінде оқыған. Елуге тарта кітап шығарды. «Қошан кедей» атты әңгімелер жинағы 1927 жылы жарық көрген. «Қарлығаш» (1932) ертегі-кітапшасынан бастап, балаларға арналған көптеген өлең-тақпақ, ертегі, әңгіме, повесть, мысал, дастандар жазды. Олардың ішінде «Пулемет», «Сұңқар түлектер», «Жауқазын», «Құралай», «Ұршық», т.б. бар. «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» аталатын мысал-дастаны көптеген туысқан республика тілдеріне аударылды. «Карл», «Қыран қыз», «Байғыз» секілді поэмалар ұсынды.Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

- Осы ақынымыздың Жетісу көлдері оңтүстік шығысында орналасқан. \картадан көрсету\ Жетісу деп аталу себебі, жетісудың үлкен жеті өзендері бар екен.

- Ол өзендер қалай аталады? \ Іле, Қаратал, Сарқант, Биент т.б.\ өзендері мен көлдерімізде аз емес.Жетісудың оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан көлдеріміз: Балқаш, Алакөл,Зайсан.

-Өз жеріміздің көлдеріміз жайлы қысқаша сұрау.



- Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.
Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мыңды айдаған бір байдың ай мен күндей сұлу, ақылы асқан, келбеті жарасқан қызы болыпты. Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл аймағы еркелетіп, оны Балқияжан, Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш деп атап кетіпті.

III. Оқулықпен жұмыс.

- Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

- Өлең мазмұнынын мән мағынасын түсіндіру.

- Оқушылармен бірге ой бөлісу.

IV. Сөздікпен жұмыс.

Күбідей күп- күп піскен-

Барабар-

V. Топпен жұмыс.



1.тапсырма- Жетісу көлдерін картадан көрсету. Бес жолды өлең құрастыру.



2.тапсырма- Өлеңді құрылысына қарай талдау.



3.тапсырма- Тірек сөздерді пайдаланып,өлең құрастыру.



VII.Сергіту сәті.

VIII.Шығармашылық тапсырма.



1.тапсырма - Еліміздегі көлдердің атын жаз.

Жер - қазына, Су – алтын. Мақалының мән - мағынасын түсіндір.

2.тапсырма - Өз жеріміздегі бір көлді сипаттап жаз.

Білім –елге ,Су – жерге. Мақалының мән -мағынасын түсіндір.

3.тапсырма - Адам - елінде, қоға - көлінде көгерер. Мақалының мән – мағынасын

түсіндір. Көлдердің ластануы туралы эссе жазу.

IX. Мен түйген ой. \топтастыру\

1. Балқаш өлеңін жазған ақынымыз?

2. Жетісу көлдерін атаңдар?

3. Балқаш көлінің байлықтарын атаңдар?

4. Болашақта көлдерімізді не істеуіміз керек?

5. Ертеректе Балқашты қалай атап келген?

X.Үйге тапсырма:

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Жетісудың көлдерінің біріне реферат жазу.

XI.Қорытынды. бағалау.

Оқушыларды бағалауда топ басшыларына бағалату.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!






Краткое описание документа:

2013-2014 оқу жылында қалалық бастауыш сынып семинарында 3-сынып бойынша «Жетісудың көлдері. Балқаш көлге барайық» атты өткізілген ашық сабағы мақсатына жетіп нәтижелі болды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында көптеген жұмыстардың атқарылатындығы. Әртүрлі технологияларды пайдаланып, оқушылардың білім алуға деген ынталарын арттырып, сабағын қызықты да тартымды ұйымдастыра білді. Басты нысанасы әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, болашағына жол көрсету, оның бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерімен қатар білімге деген құштарлығын арттыру болып табылады. Сондықтан да өткізілген ашық сабағын әдістемелік бірлестік отырысында талқыланып, жас мұғалімдерге үлгі боларлықтай баспа беттеріне жариялануға ұсынылды.
Автор
Дата добавления 26.08.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2716
Номер материала 162634082652
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх