Жандильдинова Салтанат Жұмағалымқызы
Тарих пәнінің
мұғалімі
Алматы облысы
Ескелді ауданы
«Жаңалық негізгі
орта мектебі
мектепке дейінгі
шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың
тақырыбы: Абылай хан
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, Қазақ мемлекетінің іргетасын
қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның Қазақ
тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың
жүргізген саясатының сырын түсіндіру.
Дамытушылық:
Абылай ханның қазақ тарихындағы еңбегіне баға беру арқылы тарихи
тұлғалардың еңбегін бағалай білуге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:
Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра,
оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету, ерлікке,
отансүйгіштікке, ұлтжандылықка тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас сабақ
Әдісі:
түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, кестемен жұмыс
Пәнаралық
байланыс: география, әдебиет
Сабақтың
көрнекілігі: Абылай
ханның суреті, Қазақстанның саяси картасы, теледидар, «Көшпенділер» фильмінін
бейнекассетасы.
Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушылармен
амандасу, түгендеу. Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру.
2) Сыныпты 3 топқа
бөлу
II.
Үй тапсырмасын сұрау.
Сұраққа
жауап алу.
1.
Қазақстанның Ресей құрамына кіру мәселесін бастаған хан кім?
2.
Кіші жүздегі Ресей елшілігін басқарған адам
3.
1726 жылы қазақтар бас қосқан құрылтай өткен жер.
4.
Тәуке хан өлгеннен кейін ел билеген хан
5.
1726 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасында болған ірі шайқас өткен
өзен.
Оқушылардың
жауабын тыңдаған соң, үй тапсырмасын қорытындылаймын.
ІІІ.
Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын
хабарлау
ІҮ.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың
жоспары.
1.
Абылайдың ата - тегі, жастық шағы.
2.
Абылайдың жүргізген саясаты.
3.
Абылай - қазақтың Ұлы ханы.
Қызығушылықтарын
ояту
«Көшпенділер»
фильмінен үзінді көрсетемін. Осы фильмдегі Әбілмансұр, Ораз бейнесіне назар
аудару тапсырылады.
-
Осы кинодағы Әбілмансұр туралы не білесіңдер?
-
Әбілмансұр кинода қандай кейіпкер ретінде көрінеді?
-
Әбілмансұр жастайынан жетім қалып, кімнің көмегімен аман қалады?
Мұғалім
сөзі (негізгі мәліметтерге тоқталу)
«Әбілмансұр
– Сабалақ – Абылай». Карта және қосымша деректердің
көмегімен оқушыларды Абылай ханның өмірбаянымен, жүргізген саясатымен
таныстыру.
1711
жылы - ӘбілмансұрУәлидің шаңырағында дүниеге келді
1730
жылдары – қалмақ батыры Шарышты жекпе – жекте жеңіп шығып Абылай атанады.
1771
ж – Үш жүздің ханы болып сайланды
1778
ж – Ресей империясы Орта жүздің ханы деп тағайындады
1781
ж – Түркістанда қайтыс болады. Оның денесі қасиетті Қожа Ахмет Иассауи
кесенесінде жерленген.
Абылай билігі
Ішкі
саясаты Сыртқы
саясаты
-
бір орталықтан басқаратын - Ресей,
Қытай, Орта Азия
мемлекет
құрды; елдерімен
экономикалық
-
сот билігін күшейтті; және
сауда байланысын
-
қазақ рулары мен тайпаларының реттеді;
арасындағы
қақтығысты тоқтатты. - ел тұтастығын
қамтамассыз
етті.
Абылайдың төңірегіндегі тұлғалар Бұқар жырау, Үмбетей жырау,
Тәтіқара акын т.б. Бұқар жыраудың Абылайдың өмірін жырлаған жыр жолдарынан
үзінді келтіремін.
Ей,
Абылай, Абылай,
Сені
мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай
үл едің,
Үйсін
Төле бидің
Түйесін
баққан құл едің,
Абылай
атың жоқ еді
Сабалақ
атпен жүр едің.
Ассоциация
құру
Ал енді,
«Абылай кім?» деген сұраққа жауап берейік.

хан батыр

қолбасшы
дипломат
мәмілегер реформатор
Топпен
жұмыс
І – топ: Абылай – реформатор
ІІ – топ: Абылай – дипломат
ІІІ –
топ: Абылай - қолбасшы
Әр топ Абылайдың реформатор ма, жоқ, дипломат, әлде қолбасшы болды
ма деген сұраққа жауап береді, өз көзқарасын қорғайды, проблемалық сұрақтар
қойылады, пікір таластырады. Картамен жұмыс жүргізіледі.
Венн
диаграмасын толтыру
Абылай жүргізген
саясат
|
|
Бүгінгі күні жүргізіліп
жатқан саясат
|
Ерекшелігі
|
Ұқсастығы
|
Ерекшелігі
|
|
|
|
Ү.
Сабақты бекіту
1. Ой-толғау
Абылай ханның тарихта алатын орны
2. БҮҮ кестесі
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім
келеді
|
|
|
|
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
§33 оқу, мазмұндау. Абылай туралы деректер жинап келу.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.