Наурыз тойы

Предпросмотр материала:

 

№ 48 лицей –мектебі

Іс-шара сабағы: «Наурыз тойы»

4 «а» сынып

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:Саитова М.Г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы

Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз тойының ерекшелігін,табиғат пен адамныңбайланысын,салт-дәстүрін,өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Тәрбиелік:Қазақтың әдет-ғұрпын,тіліміз бен дінімізді құрметтеуге,имандылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекі-құралдар:гүлдер,шарлар,плакаттар,суреттер,тапсырма парақтары,көрініске байланысты керекті құралдар.

Оқушылар қолдарына гүл,шарларды ұстап  Д.Нұрпейісованың «Той бастар»Әні арқылы сыныпқа кіреді.

Мұғалім:

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен-кіші,жасымыз,кәрімізде

Төрлетіңдер,қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап біздің,мына,төрімізге.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз тойымен құттықтаймыз.Дендеріңізге саулық,бастарыңызға байлық тілейміз.

 Оқушылар Наурыз мейрамына арналған тақпақтар айтады.

1-оқушы.

Қош келдің,Наурыз!

                 Наурыз мерекесі құтты болсын!

           Наурыз,наурыз –жыл басы,

     Наурыз-бақыт жалғасы.

2-оқушы:

Дорогие гости!

Мы поздравляем вас с праздником наурыз!

Спешите все!Спешите все!

Наурыз ждет во всей красе!

Поверьте нашим всем словам

Наурыз зовет всех гостей к нам.

3-оқушы:

Көкке күнің өрлетіп,

Ешкі қойын төлдетіп

Қаймақ сүтін көлдетіп

Қарсы алайық Наурызды!

(басқа  оқушыларда тапақтар айтады)

  1-оқушы Шашуға арнап тақпақ айтып,шашу шашады.

Мұғалім:

Уа,халайық,халайық.

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың,

Наурыз тойын бастайық

Наурыз тойға арналған

Сайысты біз бастайық.

Оқушыларды «Тапқыр», «Жалын» деп 2 командаға бөлінеді.

-Ал,балалар,сайысқа түсуге дайынсыңдар ма?

-йә, дайынбыз.

-олай болса,бірінші тапсырма:

Қауыммен өздеріңнің командаларыңды таныстыру.

 «Тапқыр» командасы.

Біз тапқырлар әрдайым

Білім алмай қоймаймыз

Келешекке мақсатымыз,

Мейіріміз мол біздің.

«Жалын» командасы.

Жалындаған жалынбыз,

Келешегіміз көп біздің.

Алға қойған мақсатқа

Жетпей оған қоймаймыз.

ІІ-тапсырма: «Мақал-мәтел айту сайысы»

 Халқымызда «Сегіз қырлы,бір сырлы»деген мәтел бар.Енді сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.Мақал-мәтелдің басын айтамын,ал сендер жалғасын табасыңдар.

1.Шешен сөз бастар,........(батыр қол бастар).

2.көп ішіндегі сөйлеген,...........(ойға салмай сөйлеген).

3.Өткір тіл-дарын,........(ұзын тіл жауың).

4.Көп сөз-күміс,......(аз сөз –алтын).

ІІІ-тапсырма:Тақпақ айту жарысы.

Оқушылар білетін тақпақтарын айтады.

ІҮ-тапсырма: «Ырымдар мен тыйым сөздер» сайысы.

Қазақтың тыйым сөзі-тәрбие көзі дейді.Ал,қане онда қандай ырымдар мен тыйым сөздерді біледі екенсіңдер көрейік.

І.Жеті атаны ата?

1.Әке    2.бала.   3.Немере     4.Шөбере. 5.Шөпшек    6.Немене   7.Туажат

ІІ.үш арсызды ата.

1.Ұйқы арсыз               2.Күлкі арсыз          3.Тамақ арсыз

ІІІ.Үш мақсат:

1Жол мақсаты –жету          2.Дау мақсаты-біту                        3.Сауда мақсаты-ұту

ІҮ.Қандай қонақтың түрлері бар?

1.Арнайы қонақ   2.Құдайы қонақ   3.Қыдырма қонақ   4.Қылғыма қонақ

Ү .Тыйым сөздерді аташы?

1.Бас киімді лақтырма,теппе,басың ауырады.

2.Нанды шашпа,баспа,нан-өмір нәрі.

3.Жұма күні кір жума.

4.Түнде өзенге суға түспе,су алуға барма.

5.Өсек,өтірік айтып,жағымпаз,мақтаншақ болма.

ҮІ-тапсырма.Сауатты тексеру сайысы.

Екі командаға сөздерді беріп,көп нүктенің орнына керекті және дұрыс әріпті қою қажет.Оқушылардың сөздерді дұрыс жазуын және сауаттылығын тексеру.

ҮІІ-тапсырма. «Ас- адамның арқауы»дейді.Ал ондай болса,балалар Наурыз тойын-да бұл наурыз көжесіз қалай той болмақ.Сондықтан наурыз көже дайындау үшін бізге қандай тағамдар қажет.

Тақтаға іленген тағамдарды оқушылар танып айту қажет.

1.Май                                4.айран,қымыз,құрт          7.Тұз,су.

2.ет                                   5.кеспе

3.бидай,күріш                 6.пияз,картоп

ҮІІІ-тапсырма. «Тез ойлан»сайысы.

Бұл сайыста екі команда жұмбақтар шешу қажет.

ІХ-тапсырма. «Керекті сөзді тап»ойыны.

 Бұл ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Екі командаға «Қ», «Ә» әріпін беріп,осы әріптерге байланысты сөздерді тауып жазады.

Мұғалім:жақсы,балалар бәріміз атсалысып барлық тапсырмаларға өте жақсы жауап бердіңдер.ал,енді екі команда дайындаған көрінісімізді тамашаласақ.бұл көрінісі-міздің аты «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісі.

(екі команда дайындаған ертегіні көрсетеді)

1-оқушы .«Бата»береді.

Мұғалім:

Барына риза болсын көрермендер

                                          Үйреттік білмегенін.

                        Осымен бұл Наурыз тойы сайысын тәмамдасақ.

                                           Тағыда үйретеміз аман болсақ.

Ал,енді біздің «Наурыз тойы»сайысымыз аяқталды.

Қош,сау болыңыздар!

 

 

Краткое описание материала

Наурыз тойы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 1273
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 1
  • 1273
    просмотров
  • 1
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Саитова Махигул Гожалимовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: