Выбранный для просмотра документ нартай гылыми.ppt
Скачать материал "Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі"
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
2 слайд
3 слайд
4 слайд
1890 жылы 26 наурызда Қызылорда облысы , Шиелі ауданы (бұрынғы Атбайлар) Нартай Бекежанов аулында дүниеге келген. Арқаның атақты ақын-әншісі Тайжаннан бата алған. 1934 жылы маусым айында Алматыда өткен халық өнерпаздарының өлкелік слетіне қатысты. 1939 жылы Алматыда өткен жас ақындар мен халық ақындарының слетіне қатысты. 1939 жылы Москвада болған ауыл шаруашылық көрмесінің концертінде үздік өнер көрсетті. 1934-54 жылдары Қазақстан жазушыларының сьездеріне делегат болды. 1949 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігін ашты.
5 слайд
Ә Тәжібаев “Батыр мен ақын” пьесасы О Сәрсенбаев “Нартуған ” романы Ш Әбдібаев “Ән еркесі ” жинақ А Достияроа “Нарекең –нағыз Нар екен” өмірнама М Рүстемов “Нартай” повесі О Бодықов “Бұлбұл” повесі
6 слайд
7 слайд
Музейдің сыртқы көрінісі Музейдің ішкі көрінісі Музыкалық аспаптар Нартай ата сырнайы Нартай атаның мадақтаулары
8 слайд
9 слайд
10 слайд
11 слайд
12 слайд
13 слайд
14 слайд
15 слайд
Нартай: “Көңіл шіркін көк дөнен”
16 слайд
17 слайд
Қазақтың халық поэзиясындағы суырыпсалма, төкпе ақындық пен композиторлық, орындаушылық (әншілік, жыршылық) өнердің үздік шебері Нартай Бекежановтың (1890–1954) шығармашылығы – ұлттық рухани құндылықтар қатарындағы қазынамыз. Нартайдың өзіне дейінгі қазақ поэзиясындағы ақындық дәстүрге тән белгілерді қолдануы мен шығармашылығындағы қоғамдық-әлеуметтік мазмұнды игерген жаңашылдығы, өзіндік стилі – дәстүрлі жалғастықтың көрінісі. Нартай Бекежанов – қазақтың халық поэзиясының тарихында өзіндік дара шығармашылық ерекшелігімен мәңгілік ақындық екінші өмірін жасап кеткен үлкен тұлға. Оның шығармашылығы – қазақтың халық поэзиясы тарихындағы суырыпсалма, төкпе (импровизаторлық) ақындық, әншілік, жыршылық, композиторлық қасиеттерді толық, тұтастай сіңірген қыры мол сан салалы мұра. Осыған байланысты қазақтың халық поэзиясындағы Ж.Жабаев, Н.Байғанин, К.Әзірбаев, А.Тәжібаева, Н.Баймұратов, Р.Мәзхожаев және жазба поэзиядағы А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, С.Мәуленов, М.Әлімбаев, т.б. аға буын ақындар Нартайдың ақындық өнері мен азаматтық тұлғасы туралы жақсы пікірлер жазды. Сонымен бірге Қазақстанның барлық атыраптарындағы ақын-жыраулар да Нартайды ұстаз тұтып, оның суырыпсалма, төкпе ақындықты, орындаушылық (әншілік, жыршылық), композиторлықты тұтас меңгерген дәстүрін жалғастырды. Мысалы, қазақ поэзиясының алыбы ұлы Жамбыл: О, Нартай, шешен таңдай, қасқа маңдай, Сөзің тәтті, дәмді екен шекер балдай. Жүректі сілкіндіріп бір ояттың, Сарғайып Күншығыстан атқан таңдай», – деп, Нартай жырларының эстетикалық қуатына баға берген.
18 слайд
Сазды аға , сырбаз аға сыр елінде, Қалдың сен жастың өлмес жүрегінде. Тулаған тұлпар дауыс күмбірлетіп, Нартай жоқ, әні бізбен жүр өмірде
19 слайд
Бір күні Сыр бойының басымен алысқан бір болысы ақынға: «Сенің өлеңіңнен басқа дымың жоқ, сонда да саған жүрт үйіріле түседі, менде бәрі де бар, сонда да меннен жұрт жиырыла түседі, осының мәнісін айтшы»,-дегенде, Нартай бөгелместен былай депті: Жақсы көрсе жүрт мені, Сайрап салған әнім ғой. Әнімнің жайы қашаннан , Ағайынға мәлім ғой. Ән деген әлсіз жүрекке Қуат құяр дәрі ғой. Жек көргізген сені елге Жыланша жайған зәрің ғой.
20 слайд
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
О,Нартай, шешен таңдай,қасқа маңдай, Сөзің тәтті дәмді екен шекер балдай Жүректі сілкіндіріп бір ояттың, Сарғайып күншығыстан атқан таңдай Ж.Жабаев Қорқыт баба қобызы әдемі әуенімен тербеткен киелі өлке - Сыр топырағы өзгеден өнер оздырған таланттарға кенде емес. Қазақ даласында сазгерлік, жыраулық сынды дәстүрлі өнердің ұлттық өрнегі мен бояуы бұзылмай сақталған өңір де осы Сыр өлкесі. Сол киелі өнердің көшін талай – талай талантты толқын жалғастырып, желісін үзбей бүгінге жеткізді. Қазірде үлкенді - кішілі өнер додаларында Сыр бойының мерейін асқақтатып жүрген таланттарымыз осы өлкеде ежелден қалыптасқан өнердің бұрынғыдан да биіктей түскенін үнемі дэлелдеп жүр.Сонысымен де Сырдың өркенді өнерінің өрісті екеніне сендіреді. Қай заманда да өнер иелері, ақындар, әншілер, жыршылар халықтың ең сыйлы, ең абзал, ең ардақты азаматтары болған. Олар ел басына күн туғанда күңгірт тартқан көңілге шуақ орнатып, жылағанын жүбатқан, егілгенді қуантқан. Сондықтан да халық мүлдай эншілер мен жыршыларды, ақындар мен жазушыларды жанындай жақсы көріп, керемет қү-рметтеген.Айтыста жеңіп шыққан, ән салса озып шыққан шашасына шаң жұқпаған жүйрік, Сыр бойының топ жарған саңлағы Нартай Бекежановты да туған халқы дәл осылай сыйлаған.Сыр бойының дарынды ақыны, бұлбұл үнді әншісі Нартайға деген ыстық ықылас бұдан былайғы уақытта да ешқашан бәсеңсімек емес.
6 610 755 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Алимбетова Индира Амангелдикызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.