Алтын Орда (ХІІІ ғ. ортасы-ХVортасы).
Предпросмотр материала:
Выберите файл для просмотра:
Всего файлов: 2
№205 қазақ орта мектебі

Тақырыбы: Ақ Орда
Сыныбы: 7 «А»
Пән мұғалімі: Әлібеков Бақытжан
2013-2014 оқу жылы
Пәні: Қазақстан тарихы
Өтетін күні: 18. 12. 2013
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ ғ. ортасы-ХVортасы).
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алтын Орда мемлекетінің құрылуы күшейіп, саяси және экономикалық дамуы, әлсіреуц барысын жан-жақты талдап, түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, күшею, ыдырау кезендерінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.Ізденіске дағдыландыру.
Тәрбиелік: АдамгершіліккеОқушыларды елінің тарихына құрметпеумен қарауға,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу, тірек –сызба, зымыран сұрақтар
Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасы
3. Өткен сабақты қорытындылау
4. Жаңа материалды түсіндіру
Үй тапсырмасын тексеру
1.Моңғол империясының құрылуы туралы айтыңдар.
2.Қазақстанды моңғолдар қай кезде жаулап ала бастады?
3.Қандай қалалар қарсылық көрсетті?
4.Шапқыншылықтың қандай зардаптарын білесіңдер?
5.Қазақстан жері қандай моңғол ұлыстарына кірді?
6.Тест жұмысы
Сабақтың жоспары:
1. Алтын Орданың құрылуы
2. Алтын Орданың күшеюі
3. Алтын Орданың әлсіреуі
4. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы
Шыңғысханның жаулап алушылық саясаты туралы не білеміз? Еске түсірейік. Картадан Батый ханның кезіндегі Орда аумағын, астанасының қай жерде орналасқанын көрсетеміз. «Алтын Орда» деген атаудың қалай пайда болғанын білу үшін оқушылар оқулық мәтінімен жұмыс істейді.
|
Алтын Орданың билеушілері |
Негізгі оқиғалары |
|
Батый хан (1227-1255) |
Батысқа жорық жасап (1236-1242), көптеген елдерді жаулап алды. Алтын Орда шекарасы батысқа қарай кеңейіп, күшейе түсті. Солтүстік Кавказ, Қырым мойы, орыс княздіктері, шығыс Еуропа елдері Алтын Ордаға алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды. |
|
Берке хан (1256-1266) |
Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкіл монғолдық құрылтайға қатысудан бас тартты. Саяси және экономикалық жағынан дамырп, Египет сұлтаны Бейбарыс пен байланыс күшейе түсті. Мұсылман дінін қабылдады. Ислам дінін мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту мақсатында қолданды. |
|
Мөңке Темір (1266-1280) |
1271 ж. Алтын Орданың Египетпен байланысына кедергі келтіруіне тырысқан Византияға жорық ұйымдастырып, бейбіт келісімгі келген. Сауда қатынасы жақсарған. |
|
Тоқты хан (1290-1312) |
Иран, Кавказ елдерімен сауда қатынасы дамыды. Египет мәмлүктерімен тығыз қарым-қатынаста болған. |
|
Өзбек хан (1312-1342) |
Қалалық өмірдің дамуына көп қөңіл бөлген. Бұл кезеңде мұсылман діні мемлекеттік дін деп жарияланды. |
|
Жәнібек хан (1342-1357) |
Ғимараттар, мешіттер, медреселер салынып, сауда дамыды. |
|
1357-1380 ж.ж. 20 астам адам хан болып, тақ үшін таластан бірін-бірі өлтірген. |
1380 ж. Алтын Орданы Мамай қолбасшылық еткен әскері Куликова даласында Д. Донской бастаға орыс әскерлерінен жеңіледі. Алтын Орда мүлдем әлсірейді. |
|
Тоқтамыс хан |
Әмір Темір көмегімен Алтын Орда тағына отырған Тоқтамыс 1382 ж. Мәскеуге басып кіріп қаланы өртеп жібереді. Мауреннахрмен Кавказ елдеріне бірнеше рет жорық жасайды. |
Сабақты қорытындылау: Сен-маған, мен- саған ойыны (оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.)
Үйге тапсырма: 22-параграфты оқу. Кестені жаттау
Профессия: Учитель истории
В каталоге 7 738 курсов по разным направлениям