Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Суда еритін витаминдер, маңызы. 10 кл.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Суда еритін витаминдер, маңызы. 10 кл.

библиотека
материалов

Алмасова Гүлнар Бектайқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы

38 орта мектептің биология пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Суда еритін витаминдер, маңызы. 10 кл.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Оқушыларға суда еритін витаминдер, олардың маңызы,

адам ағзасындағы атқаратын ролі жайлы білім беру.

ә) Тәрбиелік Оқушыларға санитарлық – гигиеналық тәрбие беру.

б) Дамытушылық Оқушылардың біліктіліктерін, ойлау қабілеттерін

дамыту.

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , әңгіме, ойын

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Пән аралық байланыс: Химия

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып бөлмесінің санитарлық – гигиеналық

ережелерді сақтау әрекетін бақылау.

б) Оқушылардың зейіні мен ынтасын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау

1. Витаминдер деген не?

2. Авитаминоз деген не ?

3. Гиповитаминоз деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ

Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин кышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий кышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В,, В2, В3, В5, В6, В12, В15, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.

В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин).

Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде жүйкелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан - ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.

Азия және Оңтүстік Америка материктерінде тұратын халықтардың арасында "бери-бери" ауруы ерте заманнан ақ кең етек алып келгені белгілі. Бүл нерв жүйесінің ауруы әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары, Оңтүстік Америка сиякты күріш дакылын көп пайдаланатын елдерде жиі тараған. Европа елдерінде "бери-бери" ауруы, керісінше, өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, қара нан, әр түрлі тағамдар мен көкөністерді жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізген зерттеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда "бери-бери" ауруының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі тағам қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында "бери-бери" ауруының негізгі себебі күріштің кебегінде көп кездесетін В1 витаминінің /тиаминнін/ жетіспеушілігінен екені анықталған.

Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының мәні - бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиаминпирофосфатдеген зат түзеді. Тиамин /В1 витамині/ тиаминпирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуынан пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылын ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде ферменттің активтілігі азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды — тиамин — пирофосфат және кокарбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен белініп алынды.




В1 витамині зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттердің құрамына кіреді.

В1 витаминінін, организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылган "бери-бери" ауруының негізгі себебі де осында.

В2 витамині (рибофлавин)

В2 витаминінің жалпы формуласы — Cl7H20N4O6. Taмақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиктің күнгірттенуіне (катаракта) әсерін тигізеді.

Пантотен қышқылы (В3 витамині)

Бұл витамин 1933 жылдан белгілі бола тұрса да, ол тек бірнеше жыл өткеннен кейін барып кристалдык, түрде алынды. В3 витаминінің жалпы формуласы - C9H17N05


РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы)

РР витаминінің аты "Pellagrapreventing" (пеллагра ауруына қарсы) - деген ағылшын сөздерінің бас әріптерінен құралған. Тағамда В5 витамині немесе никотинамид болмаса, адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Бұл кезде адамның терісі (дерматит), ауыз қуысының кілегейлі қабаты (стоматит), ал тіл глоссит сияқты дертпен ауырады. Бұл ауруға тән қасиет қолдардың терісі мен бетте жақсы байқалады. Терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді. Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына келтіру процестеріне қатысады. Қарындағы сөлдің бөлінуін реттеуге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, эритроциттердің түзілуіне және т.б. толып жатқан функцияларға әсер тигізеді. Пеллагра ауру, әсіресе қорегі тек жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алып тараған. Оның себебі жүгері белоктарында триптофан амин қышқылы өте аз кездесетіндіктен адам ағзасында никотинамид немесе РР витамині аз түзіледі. РР витаминінің негізгі провитамині никотин қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырау -құлақта, түрлі жармаларда көп кездеседі.

В6 витамипі (пиридоксин, адермин)

1926 жылы Гольдбергер қолдан жасалған диеталык қорекпен тышқандарды азықтандырғанда, олардың дерматит аурына шалдыққанын байқаған. Бұған қарсы В1 В2 витаминдерімен әсер еткенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл витаминнің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетті екені дәлелденді.

В12 витаминінің химиялық құрылымын Дороти Ходжкин /1956ж/ рентген сәулелерімен дифракция жасау әдісі арқылы анықтады.

Пангам қышқылы (ВІ5 витамині)

1950 жылы Томияма деген оқымысты ірі қараның бауырынан В15 витамииін бөліп алды. Бір жыл өткен соң Кребс бұл затты жылқының бауырынан, күріштің кебегінен, ашытқыдан және өрік сүйегінің құрамынан анықтады.

Р витамині (флавон, цитрин, рутші)

1936 жылы венгр оқымыстысы Сент—Дьердьи зерттеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялык қасиеті жағынан аскорбин қышқылына ұқсас заттар бар екендігін анықтап, оны Р витамині деп атады Н витаминіне бауыр, бүйрек, ет, сүт, қызан, соя, бұршақ әсіресе жұмыртқа сары уызы бай келеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

а) Суда еритін витаминдерге нелер жатады?

ә) Суда еритін витаминдер адам ағзасында жетіспесе қандай аурулар пайда болады?






V. Өздігінен жұмыс.

Төмендегі кестеде санмен берілген сұрақтарға бас әріптермен берілген дұрыс жауаптарды табыңдар.

Витаминдер түрі

Ауру түрлері

1. В1

2. С

3. В2

4. РР (В5)

5. В12

А. құрқұлақ

Б. пеллагра

В. бери – бери

Г. катаракта

Д. анемия


Жауаптары: 1 – В, 2 – А, 3 – Г, 4 – Б, 5 – Д.

VІ.Үйге тапсырма: Суда еритін витаминдер



























Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Суда еритін витаминдер, маңызы. 10 кл. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік Оқушыларға суда еритін витаминдер, олардың маңызы, адам ағзасындағы атқаратын ролі жайлы білім беру. ә) Тәрбиелік Оқушыларға санитарлық – гигиеналық тәрбие беру. б) Дамытушылық Оқушылардың біліктіліктерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы. Сабақтың түрі: Дәстүрлі Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , әңгіме, ойын Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық. Пән аралық байланыс: Химия Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) Сынып бөлмесінің санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтау әрекетін бақылау. б) Оқушылардың зейіні мен ынтасын сабаққа аудару. ІІ. Өткен тақырыпты қайталау 1. Витаминдер деген не? 2. Авитаминоз деген не ? 3. Гиповитаминоз деген не?
Автор
Дата добавления 05.09.2014
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров863
Номер материала 170349090557
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх