264670
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыКонституция -ата занымыз

Конституция -ата занымыз

библиотека
материалов
Байқоңыр қаласы, жалпы білім беретін Ю. А. Гагарин атындағы №8 орта мектептің...
1.   Ұйымдастыру. - Қымбатты оқушылар мен ата-аналар! Бүгінгі Білім күні құтт...
Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім? Шәмші Қалдаяқов.- ә...

Описание презентации по отдельным слайдам:

1 слайд Байқоңыр қаласы, жалпы білім беретін Ю. А. Гагарин атындағы №8 орта мектептің
Описание слайда:

Байқоңыр қаласы, жалпы білім беретін Ю. А. Гагарин атындағы №8 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Агибаева Айгуль Абдиалимовна Тақырыбы: Білімді ұрпақ – ата заңымыздың алтын қазығы   Мақсаты: Оқушыларға ҚР Конститутциясы туралы білім беру; жеке адамның конститутциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету.  Білім күніне орай ата заңымыздың қалыптасқан тәлім-тәрбиелік, құқықтық заңнамалармен таныстыру.     Формасы: Тәрбие сағаты                                   Барысы: Ұйымдастыру. Білім күнімен құттықтау сөз. Мектеп ережелері туралы түсіндіру. Мемлекеттік рәміздерді жеткізу. «Конституция - мемлекеттік биліктің қайнар көзі» Конституция туралы сұрақтар. Қорытынды.

2 слайд 1.   Ұйымдастыру. - Қымбатты оқушылар мен ата-аналар! Бүгінгі Білім күні құтт
Описание слайда:

1.   Ұйымдастыру. - Қымбатты оқушылар мен ата-аналар! Бүгінгі Білім күні құтты болсын! №11 мектептен бастауыш сыныбын жақсы ойдағыдай бітіріп, біздің №8 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебімізге қош келдіңіздер! 2. Білім күнімен құттықтау сөз. Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемелары ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субьектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр. З. Мектеп ережелері туралы түсіндіру. Білімді, оқу біліктері мен дағдыларын табандылықпен игеру. Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектену мен өнімді еңбек етуге қамдану. Болашақтағы мамандығын таңдай білу. Мектеп пен сынып оқушыларының өзін – өзі басқару жұмысына белсене араласу. Туған өлке табиғатын сақтау, мектеп мүлкі мен халық мүлкін қорғау. Оқуды, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, үйірмелерге қатысып жүру. Тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл бол! Көшеде жүру, өрттен сақтану және тәртіп туралы ережелерін қатаң ұста! 4. Мемлекеттік рәміздерді жеткізу. Мұғалім:  Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім? Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының саулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас саулетшісі, қазір Астанада тұрады. Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға нңбегі сіңген саулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.  

3 слайд Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім? Шәмші Қалдаяқов.- ә
Описание слайда:

Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім? Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады. Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған. 1960 жылдардын бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге днйн ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған. Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері  ҚР Президенті болып келеді. «Конституция - мемлекеттік биліктің қайнар көзі» Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез келген жағдайда дербес шешім қабылдай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс – қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісінің тікелей қатысты негізгі құқықтар ҚР Конституциясында бекітілген. ҚР Конституциясында (12,27,28,29,30 баптарда), «ҚР бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында және т.б маңызды құжаттарда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан – жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт – дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру – білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады. Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы-Конституция.     Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан  өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.     Қастерлі  құндылығымыздың қағидаттарын  бұлжытпай  орындаудың  нәтижесінде  біз қысқа мерзімде  мызғымас мемлекетімізді   орнатып,  Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болды.     Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі  халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа   Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі  межеге биыл 19 жыл толып отыр. Конституция ең алдымен мемлекеттің қандай жолмен дамитынын, басты құндылықтарын айқындап береді. Ата заңның 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан өзін ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деген. Ендеше мемлекетіміздің Ата заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, әлемге, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен заңнамалық құжат болып табылады. 1993 жылы қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Еліміздің Президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажет болды. 1995 жылы 30- тамызда Бүкілхалықтық рефендум өткізіліп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Биыл Ата Заңның қабылданғанына 19 жыл толып отыр. Конституция 9 бөлім. 98 баптан тұрады. Қазіргі таңда заңға бірнеше мәрте толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.Кез-келген азамат еліміздің негізгі заңы – Конституцияны міндетті түрде оқып- танысып, керек баптарын жатқа білуі тиіс.

Краткое описание документа:
        - Қымбатты оқушылар мен ата-аналар! Бүгінгі Білім күні құтты болсын! №11 мектептен бастауыш сыныбын жақсы ойдағыдай бітіріп, біздің №8 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебімізге қош келдіңіздер! 2. Білім күнімен құттықтау сөз.  Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемелары ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субьектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.  З. Мектеп ережелері туралы түсіндіру. 1.     Білімді, оқу біліктері мен дағдыларын табандылықпен игеру. 2.     Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектену мен өнімді еңбек етуге қамдану. Болашақтағы мамандығын таңдай білу. 3.     Мектеп пен сынып оқушыларының өзін – өзі басқару жұмысына белсене араласу. 4.     Туған өлке табиғатын сақтау, мектеп мүлкі мен халық мүлкін қорғау. 5.     Оқуды, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, үйірмелерге қатысып жүру. 6.     Тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл бол! 7.     Көшеде жүру, өрттен сақтану және тәртіп туралы ережелерін қатаң ұста! 4.  Мемлекеттік рәміздерді жеткізу. Мұғалім:  Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?   Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының саулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас саулетшісі, қазір Астанада тұрады.   Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға нңбегі сіңген саулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері. Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?          Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.          Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған. 1960 жылдардын бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге днйн ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.         Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған. Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері  ҚР Президенті болып келеді. Қорытынды Мұғалім: Биыл Конститутцияға 18 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы  түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.
Общая информация

Номер материала: 172782090855

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.