Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТАҒДЫР ҚАСІРЕТІ

ТАҒДЫР ҚАСІРЕТІ

Скачать материал

                      156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

                    Тақырыбы :    «ТАҒДЫР  ҚАСІРЕТІ»

                                                               (  ғылыми жоба)

 

 

 

 

 

                  Өткізген: Баукенова  Айгүл  Абайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Шиелі  ауданы 2013 жыл

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

 

                            №156 Н.Бекежанов  атындағы  қазақ  орта  мектебі

 

 

 

Тақырыбы: « Тағдыр  қасіреті»

 

Бағыты:  Атадан  балаға  мирас  болған  тағылымдар

 

Авторы:   Төлес  Нариман

                  3 А       сынып  оқушысы

 

Ғылыми  жетекшісі:  «  Қорқыт  Ата»  университетінің

аға  оқытушысы  тарих

ғылымының  кандидаты

 Айдарова  Ш. А.

 

Жетекшісі:                 Бастауыш  сынып  мұғалімі

                                    Баукенова  Айгүл  Абайқызы             

 

 

                                      Шиелі  ауданы  2013 жыл


                                                          №156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта

мектебінің 3 сынып оқушысы  Төлес                                

Нариманның « Тағдыр  қасіреті»      тақырыбындағығылыми  жұмысына

 

 

 

                                                    Сын пікір     

           Қазақ жерінде жетім- тастанды балалар, жетім қарттар үйі деген ұғымдар мүлде болмаған. Ал қазіргі кезде қарттар үйі- бізге дендеп еніп келе жатқан үлкен дерт. Өкінішке қарай елімізде өз балаларынан тірідей айырылған жетім- қарияларымыз күннен – күнге көбейіп келеді.

         Ғылыми жобаның мақсаты- Қарттарымыздың өмірінің соңы аянышты аяқталмауы үшін, қазірден баста бастап балаларымыздың тәрбиесіне  қатаң мән бере отырып, оларды имандылыққа, адамгершілікке баулу, ата- анасының алдында борышкер екенін ұғындыру.

         Ғылыми жобаның құндылығы- ата- ананың бар арманы – бала сүйіп, немере, шөберенің қызығын көру екенін ұғыну, қартайған шағында өзгелердің қамқорлығында емес, өз балаларының ортасында болу екенін түсіну.

         « Тағдыр тәлкегіне түскен жандар» атты ғылыми зерттеу жұмысын қорғауға лайық деп есептеймін.

 

 

 

Ғылыми  жетекшісі:  «  Қорқыт  Ата»  университетінің

                                      аға  оқытушысы  тарих

                                     ғылымының  кандидаты

                                     Айдарова  Ш. А.

 

 

                                                           №156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта

                                                          мектебінің 3 сынып оқушысы  Төлес                                

                                                          Нариманның « Тағдыр  қасіреті»  

                                                          тақырыбындағы   ғылыми  жұмысына  

 

 

 

 

                                                           Пікір

 

Нариманның  бұл  ғылыми  жұмысы  кіріспе,  негізгі,  қорытынды  бөлімдерінен  тұрады.

Әрбір  адамға  өз әке-шешесінен асқан  жақын  адам  жоқ! Жарық  дүниеге әкеліп,  ақ  сүтін  беріп,  әлпештеп өсірген  анасын,  баласының  игілігі  үшін  бар  күш-  қуатын  арнаған  әкесін,  шешесін  ұмытып  қартайған  шағында  қарттар  үйіге  тастап кеткен  қатыгез  балалар  бар  екен.

Негізгі  бөлімде,  тағдыр  тәлкегіне  түсіп  қариялар  баласының емес, басқа жандардың қарауында  қалғаны жайлы  айтылған.  Еліміздегі  қарттар  үйлері  жайлы  мәлімет  берген. Қаламыздың  қарттар  үйіне барып,  тағдыр  тәлкегіне түскен  қаракөз  қарияларымыз  бен  бірінің  көңілінен  шығып  отбасын  құрған  қариялармен  жүздесті,  еңбек  ардагері  атанған  қариямен  кездесіп, оның өмірі  жайлы білді.

Қарттар  үйінен  орын  тапқан  осы  қариялардың балалары,  туған- туыстары  бар екенін  білді.

Жұмыстың  қорытынды  бөлімінде  ізденуші  оқушы өзінің « Қарттар үйінде»  атты  өлеңін  шашу  етті. Ғылыми жұмысын мәні  өте жоғары  деп ойлаймын. Әрбір адамзат  өзінің  ата- анасына  қамқор, борышкер екенін білу  жұмыс  барысында  көрсетілген.

Төлес  Нариманның  осы  жоба бойынша  жұмыс жасау барысында  өзінің ізденімпаздығымен, ұқыптылығымен , мейірімді, еңбекқор екендігімен көзге түсті.

 

 

 

 

 

                                  Сынып  жетекшісі:  Нысанбаева  Райхан

Аннотация

 

№156 Н. Бекежанов атындағы қазақ  орта  мектебінің  3«А»  сынып  оқушысы Төлес  Нариманның  «Тағдыр  қасіреті» тақырыбындағы  ғылыми  жобасында алдына қойған мақсатын толығымен орындаған.

Қазіргі кездегі ата- аналар мен бала арасындағы мейірімнің, жылудың жоқ болып бара жатқандығы көңілді қынжылтады. Бір- біріне деген  жүрек  жылуының жоқтығынан облыс көлеміндегі « Қарттар үйіндегі» хал- жағдайды көпшілікке жеткізе отырып, кейінгі ұрпақтың, ата- анаға деген жылулықтың, ата- ананың балаға деген мейірімінің өшпеуіне жол ашсам деймін « Қарттар үйіне» барып, ондағы қарттардың сөзін естіп, көңіл күйін көрген, жүректердің жылуын сезген әрбір адам баласы  өзінің   ата- анасына деген  құрметін, парызы мен борышын мәңгі сақтап қалады деген сенімдемін.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      І. Кіріспе

« Қартын  ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік»

                                                        Н. Ә. Назарбаев

Бұл ұлағатты сөз болашақ ұрпақ бойында ата- анаға деген, қарт кісілерге деген сүйіспеншілігін арттыру қажет екенін аңғартады.

         Атасы тұрғанда асып- тасып сөйлеуден тартынып, ақсақалын ардақтап, аталы сөзге тоқтайтын қазаққта да қариясын  « Қарттар үйі» деген  мекенге қалдырып кететін « мерез қылық» қалыптасып бара жатқан сияқты. « қарттар үйінде қара көз қариялар көбейіп барады» деген жиі айтылып келеді. Немере сүйіп, баланың бар қызығын көрер қарттық шақта олар неге мұнда тұрақтады екен деген ой келеді. Қазақ « Үйдегі қарияң- жазып қойған хатпен тең» деуші еді. Басқа басқа, ата- ананы бақпай, қарттар үйіне тапсыру үрдіске айналды. Неге?

         Өзінің әкесі немесе шешесін үйіне, балдай тәтті немерелерінен алыстатып қарттар үйіне тапсыруға қалай ғана дәті барады екен? Әлде басқа да себептері бар ма?

         Осы сауалдарға жауап іздеу барысында қарттар үйіне барып қариялармен жүздесіп, қайтуға бел будым.

         Жұмысты зерттеу барысында қаламыздағы Ғ. Мұратбаев көшесінің бойында орналасқан қарттар үйіне бардым. Онда тұрып жатқан қария ата, әжелермен сұхбаттасып, олардың өмір жолдарымен танысып не себептен осы үйді мекен етіп тұрып жатқандарын білдім.

         Ғылыми жобаның өзектілігі- еліміздің жастары қарт ата- аналарын сыйлап, олардың ақ сүтін ақтап, ардақтай білу болып табылды.

         Ғылыми жобаның мақсаты – қарт кісілерді құрметтеп, сыйлап, мейірім мен шапағат көрсету. Жастарға қарт кісілер алдында борышкер екендігін ұғындыру, ұлтжандылық сезімге, мейірімділікпен ізгілікке, адамгершілікке, қамқор болуға, ата- ана алдындағы жауап кершілікті сезіне білуді ұғындыру.

 

 

 

 

                                             ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Тағдыр қасіреті.

Өз балаңа керек болмай қалу- қандай қасірет.

Жас адам қартаяды,

Жаңа нәресте ескіреді.

Шадыман шақ ескен желдей тез өтер,

Жас қартайып, жаңа ескеріп, күш қайтып,

Қуатты бел бүгілетін кез жетер.

(Ю. Баласағұни)

Балалық жастық шақтан соң, іле шала қарттық шақ келеді. Тал бесіктен бас көтеріп зымыраған уақытпен қатар  шабатын  жастық  шақтың  да  тынысы  тарылып,  демігетін  шағы  келеді.  Қарттық  әдемі  қартаю. Ғұмыр  бойы  жиғанның  рақатын  көрер  шақ  бұл. Әттең, ұры  уақыт кейде мұрша бермейді оған. Тағдырдың қатал сыны  бірін  далаға, бірін қалаға қамайды.

         Бұрындары қарттар  үйінде  тек  бағатын  ешкімі  жоқтар  ғана  жататын.  « Біреуді  қарттар  үйінде  екен» дегенді  естігенде  шошынып, көңілің  құлазитын. Олар  амалсыздан  ғана  қарттар  үйіне орналастырылатын.- Ал қазір  ше?  « Әкесіне  балалары  күн  бермегенсін  ағайындары  қарттар үйіне апарып  тастапты» дегенді естігенде селт ете қоймайтын күйге  жеттік.

         Қазақ « Үйдегі қарияң- жазып қойған  хатпен  тең» деуші еді.Кешегі  өткен тарих  пен  жүріп өткен жолын айтар, ақыл  мен  парасатқа  толы  сөзін  саптайтын  ақ  әже  мен  аталар  тағдыр  тәлкегіне  неге  түсті?  Олар  олашақтың  жарқын  және  бейбіт  өмір  болғанын  армандады. Жас  ұрпаққа  амандық тіледі.

         Біле  білсек  қарттарымыз  асыл  қазынамыз. Олардың  әрбір  әңгімесі  тарих  шежіре. Өткен  жолдары- өмір мектебі.

         Ақылшы, парасатты  қарияларымыз  сарқылмас  қазынамыз, отбасы, ауыл- аймақ, көпшіліктің үлгі тұтар  тұлғасы,  тәрбие  мектебі. Жас- кәрінің көзі,  кәрі- жастың езі  деген  атамыз қазақ. Өмірде түйгені  мол  қарияларымыз тентектерін  тияр,  әділдік  сақшысы  болған  елдігіміздің  нышаны  емес  пе ?

         Қазақ қарттарын сыйлаған, алдынан кесе өтпеуді  парыз  тұтқан.

Мұсылманның туын тіккен, имандылықтың гүлін еккен Иран елінің бір ғұламасы « Қариясы  жоқ елдің  жастары диуана болады» - деген екен. Осы сөздердің астарында   көп  мән  бар. Қай  қоғамда да  кейінгі  ұрпақ  алдынғы  буынға,  соның  іс- әрекеттеріне  еліктей  өскен.  Сондықтан  қоғам өмірінде  қарттардың  орны  ерекше  оларға  деген  қамқорлықтың қайтарымы  осы  кейінгі  толқынның  дұрыс  қалыптасуымен  өтеледі.

 

 

                                                   2.2  Жылы  ұя

           

Еліміз бойынша 72 қарттар үйі бар екен. Онда 12  мың қариямыз тұрып жатыр. Жыл сайын 500-дей қарт қаңғырып қалады екен. Бұл әлі кейінгі үш жылда шамамен 1,5 мыңдай әжелер мен аталар   осы үйлердің босағасын мекен қылуы мүмкін дегенді білдіретін сияқты, немесе біз бір күнде 1-2  атаны  немесе әжені осы үйге апарып тастайды екенбіз.

         Немере сүйіп,  баланың  бар  қызығын  көрер  қарттық шақта олар  неге мұнда келді  екен деген ой келеді.

         Қызылорда облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі 1967 жылы құрылған. 1989 жылы жаңа үлгідегі интернат  үйі 240 адамға  арналған  бес қабатты   ғимаратқа көшкен.     Интернат үйі 2 блоктан құрылған, 1-ші  блокта өздігінен жүре алмайтын     кісілер жатады, 2-ші блок өздігінен жүре   алатын   адамдар үшін арналған.

        

Қазіргі уақытта 177 қызмет алушы  бар, 11 ұлттан құралған, оның -111-і қазақ ұлтын құрайды.

         Ер  кісілер-116, әйел кісілер-61. Интернаттағы  ең  қарт  қызмет алушы Әлібекова  Үржамал- 87 жаста. Соғыс ардагері- біреу Дербисов Шыныбай. Тыл ардагері – Елемесов  Дастанбек,   Каримова Рауза, Гончаренко Анна, Валостнова Зианаида.

         Атасы     тұрғанда  асып- тасып сөйлесуден  тартынатын, ақсақалын  қазақтарда қариясын « Қарттар үйі»  деген мекенге   қалдырып кететіндер  бар екен.

         Алдымен « қазіргі қазақ  қариясы кім?» деген сауалға жауап ізделік. Жазушы    Шерхан Мұртазаның       « Дүйім жұрт сөзін тыңдап,» пікіріне құлақ асқанды « абыз» дейді. Ауыл- аймаққа әмірі жүретінді « ақсақал» атайды. Ал елдік сананы    қалыптастыра  алмай, ауыл- аймақ күйбеңінің шырғалаңында    жүргенді « шал» дейді,- деген сөз бар.   Қазір арамызда осылардың үшеуі де кездеседі.

         Ертеректе қарттар   үйінде тек бағатын ешкімі жоқтар    ғана    жататын.      Олар амалсыздан   ғана қарттар үйіне орналастырылатын.

 

                                        2.3 Шерменде көңілдер шері.

Сәбиліктен соң жастық, іле-шала қарттық есік қағады. Тал     бесіктен бас көтеріп, зымыраған уақытпен қатар жастық шақтың  да  тынысы  тарылып,  демігетін  шағы келеді. Қарттық    әдемі   қартаю. Бұл ғұмыр  бойы  жиғанның , еңбегіңнің    рақатын  көрер  шақ. Тағдырдың        қатал  сыны кейде әдемі  қартаюға мұрша  бермейді  екен.

Қаланың  Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында  орналасқан  бес  қабатты зәулім  үй – қарттар үйі. Біз  барғанда         түс мезгілі     қарттардың көбісі демалып,  кейбіреуі дәлізде  әңгімелесіп отыр. Сырттан келген адамды  ешкім  жатырқамайды,  бірінің  баласы,  не    туысы    деп  ойлаған  болар.

Қызылорда қарттар үйінің директоры  Сапура  Қожантайқызынан  келісім  алып, медбике Гүлжамал Асылбекқызының   бастауымен  қарттар үйінің   әр   қабатын   аралап көрдік.   Интернат 2 қанаттан құрылған, 1-ші қанатта өздігінен жүре  алмайтын  кісілер,2-ші  қанатта өздігінен жүретін кісілер үшін   арналған.

Гүлжамал  Асылбекқызы « Біздің кез келген тұрғынымызбен     сөйлесуге  болады,  өздері  жағдайларын  айтсын»- деді.

Менің  мақсатым  олардың  тұрмыстық жағдайынан  бұрын- қарттар  үйінде  қаракөз  қариялар  неге  көбейіп  барады,  бұл  жерже  не  себепті  жатқанын  білу  еді.

Әрине  бұл  жердегі  қарттардан,  қарттар  үйіне  қалай келдіңіз  деп  сұраудың  өзі  ауыр екен.

Жанын  жаралап  аламын  ба,  деп  ойлайсың.

Дегенмен, Тұрсынкүл  Қасанқызы    әжейдің бөлмесіне   бардық, әжей бізді   қуана  қарсы   алды,мен өзімді  таныстырып, келген  шаруамды    айттым.      Тұсынкүл әжей 72     жаста, Жалағаш  ауданында дүниеге  келген. « Тұрмыс  құрған соң  мал бағумен   айналыстым,атаңмен      тату-тәтті  тұрдық,  бірақ  бізге  бала сүюді жазбапты, атаң қайтқан соң,  осы  үйге  келдім, биыл екі жылдан төрт   ай      асып  бара    жатыр»- деп  сөзін аяқтады. Әжей  бұл  үйіндегі  қызмет  көрсетушілерге  риза екенін айтты.

Келесі Зейнеш Орынтайқызы  әжейдің     бөлмесіне  бардық,  әжей теледидар    көріп   отыр  екен,  бізді  көріп  қуанып  қалды.  Зейнеш   әжей  71  жаста Қазалы   ауданында дүниеге    келген  бір   қызы бар Атырауда  тұрыд. Қызымның  куйеуі   бала-   шағасы бар. Бұл     үйге   өзімнің   қалауым бойынша  келдім. Өмір бойы  құрылыста сылақшы болып істедім. Күш- қуат кеткен соң , осы  үйге  келдім,Мұндағылар  жақсы  қарайды,  жақсы  тамақтандырады  деп  ризалығын  білдірді.

Енді лифтпен    көтеріліп  төртінші  қабатта  тұратын Ақбергеновтар  отбасына  бардық. Асылхан  атай  мен  Ырзаш  әжейдің  отбасын  құрып,  тұрып жатқандарына  биыл  бір  жыл  сегіз  ай  болыпты.  Асылхан  атайдың  бір  ұлы  бар  екен,  алыста  тұрады  деп  сөзін  жалғастырмады,  ал  әжей  туған  туыстарым  жоқ,  қартайған  соң осында  келдім. Атаңмен  бірге  тату-  тәтті  тұрып жатырмыз  деді. Бұл үйдегі  қыздар  жақсы  қарайды, бөлмемізді  тазартып, ауырсаң  дәрі- дәрмектерін  беріп  тұрады,- деп ризалығын  білдіреді.

Әжей  мен  атаймен қоштастық. Әжей батасын беріп,  бізді қимастай қоштасып  қалды.

Келесі бөлме Елемесов Дастанбек атайдың бөлмесі екен. Дастанбек  атаймен сәлемдесіп, өзі туралы айтуды сұрадым. Дастанбек атай 73 жаста екен, ол  Қызылорда  облысы  Қармақшы  ауданы  Жаңажол  ауылында  дүниеге  келген . Атай еңбек ардагері, әкесі   соғысқа  қатысқан, қиын қыстау соғыс уақытында     ол еңбек еткен. Дастанбек атай Жаңажол ауылында   қара жұмысшыдан бастап, бас инженер  механикке  дейін  қызмет  атқарған.

Дастанбек   Атайдың      Жаңажол ауылында өз отбасымен тұратын     қызы бар. Осы қалада тұратын туған- туыстары,  бауырлары бар екенін айтты. Кемпірі қайтыс болғаннан  кейін  өзінің  қалауы  бойынша  қарттар үйіне келген. Биыл қарттар үйінде тұрып  жатқанына  12  жыл  болыпты.

Дастанбек атай қарттар үйінде қызмет көрсетіп жатқан кісілерге ризалығын айтты. Дәлізде  кішкене  көнелеу  кітапшаға  үңіліп,  қызыға  оқып  отырған  атайды  көрдім.

 

 

 

 

 

 

Қасына  жақындай  келіп  сәлемдесіп  өзімді  таныстырып  жағдайын  сұрадым. Ол өзін Сүлеймен  Қадырбекұлы  деп  таныстырды  Атай:

  Өмір  бойы мал бақтым, кемпірімнің қайтқанына бес жыл болды, жалғыз жалғыз қалғасын, осы үйге келдім-деді. Сәл үнсіз қалып әңгімесін  әрі  қарай  жалғастырды.

«Менің туған- туыстарым жоқ, баламызда болған жоқ. Осы үйге келгеніме екі айдан асып бара жатыр, байқағаным бұл  үйде  жалғыз  туғаны  жоқ  кісі  де  жатыр,  тума-  туыстары,  балалары  бар  кісілер  де  жатыр.

         Дүниеге әкеліп, өмір сыйлаған әке- шешесін бақпаған бала бала ма ?

Ата- ананың алдындағы перзенттік  парыз  қайда ? Бір айтатыны, сонда да олар  балаларына  шаң  жуытпайды. Аман болып жүргенін қалайды. Тіпті немерелері үшін зейнетақыларына түрлі  тәттілермен ойыншықтар  сатып  алып  беріп  жібереді»- деп күлімсірей әңгімесін аяқтады.

         Қарттар үйінде жатқандардың  тағдыры  сан  қилы. Олардың  арасында  отбасы,  ешқандай  туысы  жоқтар  да  бар, бірақ мұндай  адамдар  аз. Былай қарағанда, қарттар  үйі  осы санаттағы  жастарға арналған  секілді.  Бірақ  қарттар  үйінде  жатқандардың  деніннің  тума- туыстары, балалары  бар.

 

                                  

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келесі Маханбетова  Кенжегүл  Бануқызының  бөлмесіне бардық. Тәте теледидар көріп отыр екен, бізді көріп қуанып қалды.Тәте 43 жаста екен, ол кісі өмірбаянын және  түрлі жетістіктерін баян етті.

Маханбетова  Кенжегүл  Бануқызы 1969 жылы Қызылорда облысы,  Жалағаш  ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Ата –анасының  қайтыс болуына байланысты 1996 жылы қазан айында « Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне» келіп орналасады.

Интернат үйіне келгеннен кейін алғаш рет сахнаға шығып ән айтып, өнер жолына түседі. Міне, содан бері 16 жыл ән айтумен, өлең шығарумен  айналысып  келеді.

1998 жылы «Өнер жан азығы» атты фестивальға қатысып ІІ орынға   ие болса, 2008 жылы интернат үйіне ұйымдастырылған  байқауда « Ең үздік  әнші » атты фестивальінде « Үздік шығармашы» номинациясы бойынша І орынға ие болды.2013 жылы « Бәріміз бірдейміз- кемсітуді білмейміз»  атты мүмкіндігі шектеулі  азаматтар арасында өткізілген қалалық  байқауға қатысып, « Ең үздік орындаушы » номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі орынға ие болды.

Сонымен қатар бірнеше өлең шығармалары түрлі кітап, журналдарда  жарық көрді. Атап айтсақ, « жалағаш жері    жыр кені» атты әншілерге арналған кітапта  бірнеше өлеңдері жарық көрді.

Алматы баспасынан шығатын « Таңшолпан» журналына 7 өлеңі шықты. Жалпы өзінің 100 –ге жуық өлең шығармалары бар.

Одан соң келесі  бөлмеге  ендік, ол бөлмеде  ерлі  зайыпты  кісілер  тұрады  екен.Өтегенов Керменбай  және Илиясова  Жұмакүл . Ол кісілермен біраз сұхбаттасып шахмат ойнап, әжейдің тоқыма тоқығанын біраз қызықтадым.

         Ол кісілер мені басымнан сипап, бетімнен сүйіп шығарып салды.

 

                                       

 

 

                    

 

 

 

                             Қарттарым  асыл- қазынам

 

Ұрпағына жол ашқан, мұқалмаған қаншама қиындықтан,

 

Жасымаған қарттарым, өмірінің сан-сала сырын ұққан.

 

Табиғаты керемет, таудай мүсін байсалды қариялар,

 

Шежірелі жүрегі, баталы ауыз жаралған жылылықтан.

 

Асқарындай таулардың, күмістей боп ақ кірсе де басыңа,

 

Заңғар ойлы қарттарым, мұқалмағын, қартайсаң да жасыма.

 

Ұлы көштің сынығысың із тастаған, қарттығыңды ұмытып,

 

Бір жасарып қалғандай бір шөбереңіз келген кезде қасыңа.

 

Ақылыңа ақ саусақпен жас кекілді сипап қана айтатын,

 

Арға балар, алтынменен сатып алмас байлығымдай байқадым.

 

Болашағың өскен сайын қауанасың, шүкірлікпен жас алып,

 

Көкірегіңде қуаныш бар көздеріңнен көрсем дағы қанша мұң.

 

 

        

                                                          Қорытынды.

 

Дүниеге  келген  әрбір  адамзат  өзінің  кіндік  қаны  тамған  жерін- алтын  бесіктей  өз  Отаны   деп  санайды.  Туған  жерім  сыр елі- жыр елінде   өсіп,  білім  алып келемін. Ата , әжемнің, ата- анамның тәрбиесінде үлгі, өнеге жақсы тәлім, тәрбие алудамын. Үйдегі ата-  әжемнің  « Е, Алла   әлі  де  ғұмыр  бере гөр, немере- шөберемнің  қызығын  көруге  жаз»   деп  жалбарынып  отыратынын  естігенде, қарттар  үйіндегі  қариялар  азапқа  толы  өмірден  ертерек  кетуден  басқа  нені  тілейді  деп  ойлаймын.

         « Тағдыр  тәлкегіне  түскен жандар»  атты жүргізген  жұмысымда  қарттар  үйінде  қаракөз  қариялар  не  себепті көбейіп  қарттық  шағында  не  себепті  бұл  үйде  тұрақтағанын  өздерімен  жүздесу  барысында  байғандай  болдым.

         Қартын  төрінен  кетірмеген  қазақ  халқы  « қазына» есептеген  қариларымыз  қалған  аз  ғана  өмірін  қарттар  үйінде  өткізуде.

         Қартайды,  бәрі  жарасымды,  бірақ  жылуы  жоқ  төсек  орынмен  жат  мекенде  жатыр. Құшақта иіскелеп,  айналатын  немересі  жоқ.

Туған  баласы  ата- анасынан  бас  тартты.

         Ана- ананың  арманы- бала сүйіп,  немере,  шөберенің  қызығын көру емес  пе ?  Тағдырдың тәлкегі  мен  өзінің  үйінен  алыстап,  « жетімдіктің» күйін кешіп,  қарттар  үйінен  орын  тапқан,  осындағы  бейтаныс адамдардың  қамқорлығына  кенелген  қариялар  балаларына  қалай  өкпелесе де  құқылы  деп  ойлаймын.

         Қарттар  үйін  мекен  деген  қариялардың  көкірегінде  қатқан  шерменде  көңіл  жұбана  ма,  қатқан  мұз  ери  ме ?

         Тағдырдың  қатал  сыны әр  адамды  өзінше  сынайды  екен. Кез  келген  қария  қартайған  шағында  беделді  де, байлықты  да  керек  етпейді. Артынан  тұяғының  қызығын  көруді,  тәтті  немересін  сүйіп,  әдемі  қартаюды  аңсайды  деп ойлаймын. Зерттеу  жұмысымды-  қорытындылай  келе,  әрбір  адамзат  баласының  мына  қорқынышты  да  әрі  ащы  шындықты  есте  сақтасы  екен  деймін.

« Атаңа  не  қылсаң,  алдыңа  сол  келеді»  демей  ме. Сондықтан  да  ата-  анамызды  қадірлейік. « Жұмақ – ананың  табанының  астында»  деп  текке айтылмаса  керек  деймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Ұсынысым:

 

1.     Келешекте  қарттар  үйіндегі  қарттар  бөлмелері ( пәтерлері) кеңдеу  болса.

2.     « Қарттар  үйі» деген  атау  қатты,  суық естіледі,  оны « Мейірімділік  үйі»  немесе  « Жылы  ұя» « Абыздар үйі» деген атау  берілсе.

 

 

 

 

 

 

 


 

Күнделік

Жұмыстың  мазмұны

Жұмыстың  түрі

Орындалу  уақыты

Жауапты

Жетекші-

нің қолы

1

Тақырыпты  таңдау

Пікірлесу

Наурыз, 2013 жыл

Жетекші,  оқушы

 

2

Аудандық  мұрағатқа  бару

Іздестіру

сәуір

Зерттеуші,

жетекші

 

3

Кітапханаға  бару

Іздену

сәуір

Зерттеуші, жетекші

 

4

Жұмыстың  жобасын  дайындау

Өзіндік  жұмыс

мамыр

Зерттеуші, жетекші

 

 

5

Ғаламтордан  мәліметтер іздеу

Ғаламтормен  жұмыс

Маусым

Зерттеуші, жетекші

 

6

Зерттелетін  түлектің   туған  жері  туралы мәлімет  жинау

Саяхат

Шілде

Зерттеуші, жетекші

 

7

Жұмыстың  нақты  жоспарын жасау

Пікірлесу

Тамыз

Зерттеуші, жетекші

 

8

Жоспар  бойынша  мәліметтер,суреттер  жинақтау 

Іздену

Қыркүйек, қазан

Зерттеуші, жетекші

 

9

Жобаның  толық  емес  нұсқасын   тексерту

Тексеру

Қазан

 

Жетекші

 

 

10

Қорытынды  жасап, басуға  беру

Қорытындылау

Қазан

Зерттеуші, жетекші

 

11

Қарттар үйіне бару

кездесу

Қараша

2013 жыл

Зерттеуші,жетекші

 

12

Нәтиже

Қорытынды

 

Қараша

2013 жыл

 

Жетекші, ғылыми  қоғам мүшелері

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

 

1.« Жас  алаш-2010 жыл»

2. « Сыр ардагері-2011»

3. Ғаламтор  беттерінен.

4. Қарттар  үйі. (  Қызылорда  қаласы )

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ТАҒДЫР ҚАСІРЕТІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

           Қазақ жерінде жетім- тастанды балалар, жетім қарттар үйі деген ұғымдар мүлде болмаған. Ал қазіргі кезде қарттар үйі- бізге дендеп еніп келе жатқан үлкен дерт. Өкінішке қарай елімізде өз балаларынан тірідей айырылған жетім- қарияларымыз күннен – күнге көбейіп келеді.          Ғылыми жобаның мақсаты- Қарттарымыздың өмірінің соңы аянышты аяқталмауы үшін, қазірден баста бастап балаларымыздың тәрбиесіне  қатаң мән бере отырып, оларды имандылыққа, адамгершілікке баулу, ата- анасының алдында борышкер екенін ұғындыру.          Ғылыми жобаның құндылығы- ата- ананың бар арманы – бала сүйіп, немере, шөберенің қызығын көру екенін ұғыну, қартайған шағында өзгелердің қамқорлығында емес, өз балаларының ортасында болу екенін түсіну.          « Тағдыр тәлкегіне түскен жандар» атты ғылыми зерттеу жұмысын қорғауға лайық деп есептеймін.       Ғылыми  жетекшісі:  «  Қорқыт  Ата»  университетінің                                       аға  оқытушысы  тарих                                      ғылымының  кандидаты                                      Айдарова  Ш. А.    

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.09.2014 1661
    • DOCX 1.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимбетова Индира Амангелдикызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 167385
    • Всего материалов: 52

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2675 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 483 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 12 регионов

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек