Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Бүгінгі экологиялық тәрбиені халық педагогикасымен ұштастыру тәсілдері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

Бүгінгі экологиялық тәрбиені халық педагогикасымен ұштастыру тәсілдері

библиотека
материалов

Бүгінгі экологиялық тәрбиені халық педагогикасымен

ұштастыру тәсілдері


Алмасова Гүлнар Бектайқызы

Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы

Алдаберген Бисенов атындағы №38

орта мектептің жоғары санатты

биология пәнінің мұғалімі


Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғаумен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр,

Табиғат-бар байлықтың көзі,адам өмірінің негізі,адамның өзіде-сол табиғаттың туындысы.Адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, егер сол байланысқа кішкене зақым түссе, бұл адамзаттың жер бетінде биологиялық түр ретінде өмір сүруіне қауіпті зардаптар туғызады.Табиғатта басы артық заттар жоқ.Табиғат сырын білмей оған қалай болса солай қарым-қатынас жасау үлкен апатка әкеп соқтыратынын тарих дәлелдеп отыр.

Айналадағы ортада болып жатқан өзгерістердің нәтижесі алдағы уақытта орны толмас өкінішке әкелмес үшін,болашақ ұрпақтың құнарсыз жерден ешқандай өнім ала алмай, алуан түрлі ауру зардабын шекпес үшін ендігі жерде табиғат тазалығын сақтап қалатындай деңгейдегі экологиялық сауат баршаға қажет.Келешек қоғам егесі жастар деп қарайтын болсақ,сол жастардың сауатын ашу, тәрбие беру әрбір саналы адамзаттардың міндеті деуге болады.Табиғатқа жанашыр болу - адамзат қоғамына,оның келешегіне жанашыр болу деген сөз.

Халыққа экологиялық білім берудегі негізгі орындардың бірі-мектеп болып саналады.Мектепте жас ұрпақ өзін қоршаған табиғаттың сыр-сипатын оқып-біліп қана қоймай,табиғатты қорғау жолына үйрететін экологиялық тәлім-тәрбие де алу керек.Мектепте оқушыларға экологиялық білім берудің мәні зор.Өйткені орта мектепті бітіретін әр жеткіншек табиғат пен адам арасындағы алуан қарым-қатынастың мәнісін нақты пайымдай алатын сатыға көтерілуі тиіс.

Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиған мол тәжірибесі бар.Баланы ерте бастан әдептілікке,имандылыққа,еңбек сүйгіштікке,мейірім, қайырымдылыққа табиғатты сүюге тербиеледі.

Бүгінгі танда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік мәселеге айналған шақта жасөспірімге өзі мекен ететін қоршаған ортаның ауыр халін тереңірек түсіндіруде халқымыздың тәрбиелік мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлуіміз қажет.Экологиялық тәрбиені халықтық педагогикамен ұштастыра жүргізер болсақ қазақтың ауыз әдебиетінің асылдары: мақал-метел, ырымдар мен тыйым сөздер өлең- жырлар және ауыз - ертегілеріне мән бере қарағанымыз жөн.

Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп- қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді.Ерте заманнан қазақта табиғатты сүюге, табиғат байлықтарын қорғауға тәрбиелейтін көптеген сөз айтылады.Мысалы: «көкті жұлма»,«тал кескенше қолынды кес», «жалғыз ағашты жұлма» деп өсіп тұрған ағашқа тигізбеген . Қазақ халқының жер,су туралы ұғым түсініктерінде «Обал болады» деп егінді шалғынды жерді беталды бастырмаған.Ағын судың арамдығы жоқ деп, суға түкірткізбеген,«судыңда сұрауы бар» ағын суды бұрғызбаған. « Сиырдың, қойдың желіні ісіп кетеді» деп төгілген сүтті аяқпен басқызбаған.

Құстар мен аңдарға жасалған рақымшылығын мынадай ұғымдардан көреміз: «бетіне сепкіл түседі» деп құс жұмыртқасын жарғызбаған; «Құс төресі байғыз» деп санағандықтан,оны ұстай қалса, босатып жіберген; «аққу қүсы киелі» деп оны атуға тыйым салған; егер қарлығаш киіз үйдің босағасына ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған.

Ата-бабаларымыз малды тепкізбеген; « Құты қашады »деп,малды басқа ұрғызбаған.

Жәндіктерге де тигізбеген,« Бақаны өлтірсе жаңбыр жауады » деп өлтіртпеген.Абайсызда жылан үйге кіріп кетсе,оны өлтірмей басына ақ құйып ептеп шығарып жіберген.

Міне, осындай қазақтың тыйым сөздері арқылы біздің ата-бабаларымыздың ежелден-ақ жан-жануарлар мен жәндіктердің белгілі бір түрлерін қалай қастерлеп,қорғағандыңтарын білеміз.Ал осы айтылғандай ырым,тиым сөздер бала тәрбиесінде күнделікті қолданылып отырса,баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің арта түсетіндігі сөзсіз.

« Сәулең болса кеуденде,мына сөзге көңіл бөл» деп Абай атамыз айтқандай жас ұрпаққа экологиялық білім беруде қазақтың тәрбиелік мәні жоғары мақал-мәтелдерін орнымен қолданып отырсақ ,біраз нәрсе күтуге болады.

Халық сөзі-қысқа болса да-нұсқа.Ол талқылауға да,делелдеуге де мұқтаж емес.Демек,халық сөзі-кең сөз,үлкен кішіге-тең сөз. Міне, осының өзінен-ақ халық педагогикасының қаншалықты терең мазмұнды екендігі көрінеді.Халық даналығы бала тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың имандылық пен мейірімділікке толы ой-пікірлерін шоғырландырып,бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін кейінгілерге мирас есебінде қалдырып отырды.

Қазақ халқының ежелгі мақалы-« Су бар жерде өмір бар »дейді. Бұл мақал өзен,көл,жылға,бұлақ,қайнар су көздерін адам өзі ұдайы қамқорлыққа алып,қорғап отыруы қажет екендігін еске салады.Атам заманнан судың табиғаттағы,адам өміріндегі маңызы зор екендігін, сусыз тіршілік болмайтындығын,судың орнын басқа ешқандай затпен алмастыруға келмейтіндігін білген бабаларымыз көптеген нақыл сөздер қалдырған.Мысалы: «Сулы жер-нулы жер» «Су ішкен қүдығыңа түкірме».Табиғаттың басқада байлықтарына қамқорлықпен қарап кеткендігін байқауға болады.«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын»,«Бір тал кессең он тал ек»,«Жер-байлықтың көзі»,

«Орман-ел дәулеті-жер сәулеті», «Туған жердің топырағы ыстық».Міне осындай даналық сөздерді көптеп келтіруге болады.Ежелден мал өсірумен айналысқан қазақ төрт түліктің қасиетін айта келіп,малды қастерлеп ,қорғауғада біраз нақыл сөздер айтып қалдырған.Осындай даналық сөздер ,ойлы пікірлерді экологиялық тәрбие беруде қолданса жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін көтеруде таптырмайтын бірден-бір құрал.

Мектептегі жас ұрпақ келешек ауыл шаруашылығын суландыруда құрылыстарда кең байлықтарын игеруде т.б.экологиялық ортаны өзгертуге байланысты жұмыстармен шұғылданатын болады.Осындай халық шаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстар жүргізгенде экологиялық жағдайды сақтауда ұмытпаулары керек.Тек осы жағдайда ғана еліміздің табиғатын және табиғи байлығын сақтап қаламыз.

Қазақ халқының ежелден құстарды,жан-жануарларды,жер,суды қадірлеп,аялай білгендігін мынадан көруге болады.Қазақстанда Құндызды, Құланды,Арқарлы,Аюлы т.б. жер аттарының қойылуы аңдарды қасиет тұтудың белгісі.

Ардақты азаматың, асқар тауым,шалқар көлім,қара орманым деп қастерлеген.Сұлулықты,нәзіктікті-аққуға, мөлдір бұлаққа,батылдықты ,батырлықты-қыранға балаған.Сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке,шынарға,құралайға теңеген.Міне ұлан байтақ кең далада мал бағып ұзақ күндері табиғат құшағында мал күзетінде өткізген қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін қазіргі жас ұрпақтың санасына жеткізе алсақ алдағы уақытта табиғатымыз күйзеліске көп ұшырай қоймас деп тұжырымдауға болар еді,

Бүгінгі экологиялық тәрбиені халықтық педагогикамен ұштастырған кезде өткен ғасырда өмір сүрген бабаларымыздың педагогикалық көзқарастағы идеяларын пайдалануға болады.

Мысалы:ХI ғасырда өмір сүрген ұлы бабамыз Жүсіп Баласағүнидің әйгілі «Құтты білік» дастанында табиғатты ардақтау меселесіне тоқталған. Ұшы қиырсыз сайын даланың шалғынды көлі мен өзен-суын еркін жайлап,табиғаттың тылсым тынысын тындап,одан өз ырысын тауып,өзін сол табиғаттың ерекше бөлігіндей сезінген,көне түріктер аспанды,жер бетіндегі тіршілікке нұрын дарытқан-Ата,ал жерді сол тіршілікті тербетіп өсірген-Ана ретінде қасиет тұтып сиынған-дейді.

Табиғат-сұлулықтың өмір-бақи таусылмас қайнар көзі.Сондықтан да ол эстетикалық тәрбие берудід ең маңызды құралдардың бірі.Ал бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасатын табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қазір жас ұрпаққа табиғатты қорғау жайлы әңгіме айтылғанда жергілікті жерде,өздері күнде кездестіріп жүрген өсімдіктерімен жан-жануарларының емдік

қасиеттері айтылса,оларда көзқарас басқаша қалыптасады, Мысалы:

адыраспан шөбін ревматизм,сал,ми қабыну ауруына,аскөкті іш ауру-

лары,бүйрек бауыр,тыныс жолдарының қабынуына,бақ-бақты көз

ауруына,тамақ,асқазан,өкпе ауруына т.б.пайдалануға болады.Сол

сияқты торғай,сауысқан,қара құмырсқа,жауын құрты,кірпі,т.б.емдік

қасиеттерін айтып түсіндіруге болады.

Экологиялық білімді жаратылыстану пәндерінде өсімдіктану, жануартану, география-химия сабақтарында беруге болады.Сабақтан тыс уақытта тақырыптық кештер,апталықтар,ата-ана мен бірлескен сайыстар,халықтық мерекелерді экологиялық тақырыпты халықтық педагогикамен байланыстыра жүргізсе нөтижелі болмақ .

Экологиялық проблемалардың қалыптасу кезінде,оқушылардың өз

бетінше жұмыс істеуіне ынталандыратын әдістер ерекше орын алады .

Әрбір сабақта экологиялық тәрбиені жүйелі түрде жүргізіп отыру

нәтижесінде оқушылардың табиғат қорғаудың мәні жайлы түсініктері

молая түседі,азаматтық жауапкершіліктері,борышы қалыптасадыабиғатты ластану мен құрып кетуден қорғаудың әдістерін үйренеді.Қазіргі жас ұрпаққа экологиялық білім үздіксіз беріліп отыруға тиіс.Өйткені ол қоғамды дамытудың қажеттілігі.Ұлттық психология бала санасына сіңіре білгенде ғана табиғаттың қадір қасиетін бағалайтын,

жер,су,ауаны ластауға,қиянат жасауға жол бермейтін,өз халқының

болашағын ойлайтын адамгершілігі мол азамат тәрбиеленеді.Кіндік кескен жер әрбір саналы,зиялы адамға қымбат.Ендеше ата-бабамыздың аялап қорғап кеткен табиғатын жерін,суын атадан балаға,ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде қаз-қалпында жеткізіп отыру-баршамыздың абзал борышымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Даналардан шыққан сөз» Құрастырған:Ұ.Асылов» Алматы «Мектеп»1991

2.Дулатов Міржақып Шығармалары. Алматы, «Жазушы»1991

3.Педагогика тағылымдары. Алматы,«Рауан» 1993

4.Педагогика.Мағжан Жұмабаев,Алматы, «Ана-тілі» 1992

5.Қазақ халқының салт дәстүрлері, Алматы. «Рауан» 1992

6.Алтынсариң Ы.Таңдамалы шығармалары.

7.Қазақтың халық емі Алматы. «Өнер»1995жыл

8.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.Г.Орынбаева.

Алматы, «Рауан» 1993.




Краткое описание документа:

  Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғаумен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр,Табиғат-бар байлықтың көзі,адам өмірінің негізі,адамның өзіде-сол табиғаттың туындысы.Адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, егер сол байланысқа кішкене зақым түссе, бұл адамзаттың жер бетінде биологиялық түр ретінде өмір сүруіне қауіпті зардаптар туғызады.Табиғатта басы артық заттар жоқ.Табиғат сырын білмей оған қалай болса солай қарым-қатынас жасау үлкен апатка әкеп соқтыратынын тарих дәлелдеп отыр. Айналадағы ортада болып жатқан өзгерістердің нәтижесі алдағы уақытта орны толмас өкінішке әкелмес үшін,болашақ ұрпақтың құнарсыз жерден ешқандай өнім ала алмай, алуан түрлі ауру зардабын шекпес үшін ендігі жерде табиғат тазалығын сақтап қалатындай деңгейдегі экологиялық сауат баршаға қажет.Келешек қоғам егесі жастар деп қарайтын болсақ,сол жастардың сауатын ашу, тәрбие беру әрбір саналы адамзаттардың міндеті деуге болады.Табиғатқа жанашыр болу - адамзат қоғамына,оның келешегіне жанашыр болу деген сөз.
Автор
Дата добавления 11.09.2014
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров633
Номер материала 175269091108
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх