Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбиенің ең тамаша мектебі
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Тәрбиенің ең тамаша мектебі

библиотека
материалов

hello_html_m498830ec.gifТәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы



Ата-бабамыз: «Адам ұрпағымен мыңжасайды» деп ұлағатты көрегенділік таныта отырып, ұрпақ тәрбиесі мен болашағына қажетті рухани байлық қажет еткен. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеуді керек етеді. «Жас бала – жаңа өркенжайған жасыл ағаш тәрізді» -дейді қазақ халқы. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей күтімді  керек етеді. Адам да сол тәрізді.

Қазақстан Республикасы Ата Занының 27 бап, 2-ші тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың тәбиғи құқығы, әрі парызы» делінсе, «Қазақстан-2050» бағдарламасында «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелерінің алдындағы  жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» делініп, ұрпақ тағдыры айтылады.  
Әрбір ата-ана — өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейрімді, еңбеқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкініщке ұрынатынын ешбір дәлеледеп жатуды қажет етпейтін ақиқат.
Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» — деген  халық даналығын ұмытуға хақымыз жоқ.  Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені  білмейді, өсе келе бәрін түсінеді» — деп қарау – барып тұрған қателік.
Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасы – ең  үлкен, мықты, тәрбие ошағы, шағын мемелекет. Отбасының негізі – баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени-әлеуметтік  ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.  
Отбасы – болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан, отбасы тәрбиесі бірінші орында турады. Осыған орай, бала тәрбиесінде әрбір ата-ана баланың жас кезіндегі тәрбиесіне ұқыпты аса жауапты қарауы ауадай қажет. Бала тәрбиесіндегі саналуан жәйттерге мән беріп, солардың әрқайсын бірауыздықпен, біріңғай талаппен, ақылмен, уақыт оздырмай, мезгілінде шешіп отыру –  әрбір  бала  тәрбиелеген, оның болашағынан үміт еткен ата-ананың басты парызы.
Дәулеттің ең қымбаттысы – жақсы болып өскен, ойлы, парасатты ұл мен қыз. Бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше екендігін көрсету мақсатында
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбындағы пікірталаста осы отбасы тәрбиесі туралы ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Пікірталас.
Мақсаты:  
1. Тәрбие бесігі отбасынан бастау алатындығын ата-анаға түсіндіру, яғни бала тәрбиесінде отбасының алар орны ерекше екендігін ұғындыру.
2. Ата-ананың отбасы тәрбиесінде баланың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлуге, бала бойындағы психологиялық өзгеріске дер уақытында байқауға баулу.
3. Отбасында басқа да қандай тәрбие жолдары болуы мүмкін деген ой салу.

Жоспар:
1. Отбасының бала тәрбиесіндегі алар орны.
2. Отбасында балалар тәрбиесінде кездесетін қиындықтар.
3. Әкенің балалар тәрбиесіндегі орны.

Ортаға пікірталас тақырыбынан туындаған сұрақтарды экраннан шығару:
1. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы » — деген сұраққа келісесіз бе?
2. Ана көп жағдайда баласының жаман қылықтырын әкесінен жасырады, сіз оған қалай қарайсыз?
3. «Баламның мен білмейтін жақтары бар» деп ойлап, өзіңіз соны білу үшін қандай амал қолданасыз?
4. Балаңыз үй тапсырмаларын орындаған кезде қадағалап көмек көрсетесіз бе, әлде балаңыз өз бетінше орындай ма?
5. Адамның бойындағы физикалық өзгерістер болатыны жайлы балаңызға алдын-ала айтып, ақыл-кеңесіңізді бересіз бе?
6. Отбасында балаңызды тәрбиелеу кезінде қиындықтар туса, басқа біреуден көмек күтесіз бе?
7. Баланы өсіріп тәрбиелеу, тек қана ананың тікелей міндеті деген пікірге қалай қарайсыз?


Құрметті ата-аналар! 

Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Сізге ұсынылып отырған көмекші құралда ата-аналармен жұмыс жүйесі көрсетілген. Ата - аналардың міндеті, ақыл-кеңестер, сауалнамалар, сұрақ-жауаптар, тесттер ұсынылды. Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.

«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған.

 

Сіз қандай ата-анасыз?

Сауалнама

 

1.         Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?

2.         Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3.         Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4.         Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.         Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.         Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.         Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

8.         Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.         Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.       Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

11.       Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.       Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

13.       Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

1.         Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай

2.         Кейде ғана келісемін - 2 ұпай

3.         Келіспеймін - 1 ұпай

 

  • 0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру

үшін педагог немесе  психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

  • 17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда

тәрбиелік қабілет бар,  тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен

әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

  • 31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек

түсініп қана қоймай,  әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

 











Ата-анаға айтылар ұсыныс

«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,

15-ке дейін құлындай жұмса,

15-тен кейін досыңдай сыйла»

 

1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.

2. Таңертен  сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.

3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз.  Мектептен келген  балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.

7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудін сәтті кезі.

8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.

11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

13.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.

14.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгімен айтпаңыз.

15.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.

16.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.

17.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды  үйретіңіз.


 













«Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі.


Мақсаты:отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.

Орындау ережесі.Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз.Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз.Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.

Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:

«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А-З балл

«Иә,бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл

«Жоқ,бұлай істей алмаймын» Б-1 балл

 

Тапсырмалар

Сіз:

1.Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

2.Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?

4.Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?

5.Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба,салқынқандық сақтай білесіз бе?

6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?

7.Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?

8.Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?

9.Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?

10.Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп,тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?

11.Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса,негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?

12.Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?

 

Бағалау шкаласы

1. «А» жауапқа -3 балл

2. «Б» жауапқа - 2 балл

3. «В» жауапқа -1 балл

Нәтижесін талдау.

30-39 балл жинасаңыз,бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам.Сіз оны тек түсініп қана қоймай,оған құрметпен қарайсыз.Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз.Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.

16-30 балл жиналса,балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс,сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.



Ата-ананың мектептегі алатын орны:

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.







Ата-ананың міндеті: 

1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;



Ата-аналарға арналған этикалық кодекс 

1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, ауыл көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.

13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.



$$$ 1 Тұлға қатегориясына әр түрлі анықтама кімдер берді?

А) философтар, педагогтар, филологтар

В)*философтар, педагогтар, тарихшылар

С) социологтар, педагогтар, тарихшылар

D) педагогтар, психологтар, музыканттар

Е) психологтар, музыканттар, экологтар

$$$2 Музыка мұғалімінің қасиетіне жатпайтыны

А) музыкалығы, өзін музыкант деп санауы

В)*музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтермеу

С) балаларға деген махаббаты, эмпатийлығы

D) музыкалық педагогикалық сезгіштілігі

Е) мұғалімнің әртістілігі

$$$ 3 Музыкалық педагогикалық құрылысында келесі элементтер көрінеді

А) мазмұны, мотивациясы, шеберлігі

В)*мотивациясы, мазмұнды-мағыналығы, коммуникативті-орындаушылығы

С) орындаушылығы, эстетикалығы, мотивациясы, мазмұнды — мағыналығы

D) көркем — интеллектуалдығы, мотивациясы, мазмұнды — мағыналығыц

Е) коммуникативті — орындаушылығы, көркем — интелектуалдығы, мазмұнды – мағыналығы

$$$ 4 Мазмұнды-мағыналығы қандай мақсат ретінде қаралады

А) музыкалық-педагогикалық

В)*көркем — коммуникативтік

С) мотивациялық

D) мазмұнды — мағыналы

Е) орындаушылық

$$$ 5 Музыкалық-педагогикалық қатынасына қандай элементтер  жатады

А) орындаушылық

В)*музыкалық – орындаушылық

С) әртістілік

D)  музыкалық — педагогикалық

Е) музыкалық — психологиялық

$$$ 6 «Интелегент» — тұлғаның қандай бөлігі болып табылады

А) қарапайым бөлігі

В)*негізгі бөлігі

С) музыка бөлігі

D)  орындаушылық бөлігі

Е) әртістік бөлігі

$$$ 7 Музыкалық-педагогикалық қатынас педагог-музыканттың кәсіби шығармашылығының бір бөлігі ретінде қаралады да, ол қандай жүйе ретінде қалыптасады

А) материал жүйесінде

В)*функция жүйесінде

С) мағыналы жүйе

D) қарапайым жүйе

Е) күрделі жүйе

$$$ 8 Мотивация элементі бұл …

А) педагогиканың қатынастың негізі

В)*музыкалық — педагогиканың қатынасы

С) музыкалық қатынастың негізі

D) психологиялық қатынастың негізі

Е) педагогика — психологиялық қатынастың негізі

$$$ 9 Адамның өз мақсатына жету жолындағы кездесетін қиыншылықтар мен бөгетшіліктерді өтуін білуді қалай атайды?

А) еркіндік

В)*еріктік

С) еріксіз

D) психологиялық

Е) педагогикалық

$$$ 10 Еріктік импульсі деген не?

А) адамның психологиялық әрекетінен

В)*адамның сана сезімінің келеуі, не сана сезімінің ішіндегі

С) адамның педагогикалық әрекеті

D) адамның психологиялық мақсаты

Е) сана сезімі

$$$ 11 Музыкалық-педагогикалық қатынасына қандай элемент жатады

А) орындаушылық

В)*музыкалық орындаушылық

С) әртістілік

D) музыкалық-педагогикалық

Е) музыкалық ерік

$$$ 12 Тұлғаға өмірлік қажеттілікті, мақсатты, маңыздылықты не қажет етеді

А) қарапайым ерік

В)*ерікті бағыттайды және өнімдейді

С) жай ерік

D) әртістік ерік

Е) музыкалық ерік

$$$ 13 Ерік интелектіні ақиқаттауға қажет, ал интелект …

А) өнімдейді

В)*ерікті бағыттайды және өнімдейді

С) еріктейді

D) музыкалық ерікті бағыттайды

Е) күрделі ерік

$$$ 14 Мақсатқа жету, шешу барысында көрінеді, кәсіби қиыншылықтарды жеңе білуде байқалады, осының бәрі адамның интелектінің дамуында

А) қиқарлық

В)*ерктік пен өжеттілік

С) ерік

D) ерік пен қиқарлық

Е) интелект

$$$ 15 Классикалық музыканың басқадай музыкадан кейін қалуы ол кімге байланысты?

А) дәрігерлерге

В)*өзімізге

С) композиторларға

D) өзгелерге

Е) барлығы дұрыс

$$$ 16 Музыка сүйер адамды бала бастан тәрбиелеу кімнің міндеті?

А) ел басының

В)*қоғамның

С) мұғалімдердің

D) ата — аналардың

Е) депутаттардың

$$$ 17 Музыкалық тіл, жанр, стиль және рухани құндылық мәдениет принципі ол:

А) жеке қабылдау

В)*парапар қабылдау

С) түгелдей қабылдау

D) бөліп — бөліп қабылдау

Е) барлығы дұрыс

$$$ 18 Музыкалық қабылдау адамның алдына бір-бірімен байланыстылық мақсатты қойып отыр. Олар қандай?

А) парапар қабылдауның шарты бойынша музыкалық тіл жетіктігін меңгеру

В) түрлі музыкалық сауаттылығын меңгеру кезінде есту қаблетіне биіктік-ырғақтық қатынасының ұйымдастыруы

С) музыканың тақырыптың дамуын байқауы, дамушы нұсқауы және қорытынды бөлімдерін экспозициядан айыруы

D)*музыкадағы өзгерістерді білу, тақырыптылық мақсаттығы, айырмашылығы, бағыттылығы және өзінің санасына қабылданған музыканың бейнесі

Е) барлық жауап дұрыс

$$$ 19 Ағылшын психолог Вернон Ли музыканы қабылдайалатыны адамдардың неше түрі болады деді?

А) бір түрі

В)*екі түрі

С) үш түрі

D) төрт түрі

Е) бес түрі

$$$ 20 Баланың музыка қабылдау зейіні толық жағына көп көңіл бөлінеді

А) Музыкалық дамуының олшың, көрнекті бейнеге, тақырыпқа, динамикалық және бояу кезеңдеріне

В)*еркініне, динамикасына, бояуына, артикуляцияларға, фразаларға

С) бейнелерге, динамикасына, артикуляцияларына

D) музыкалық тақырыпқа, фразаларға

Е) болуына, оның көрнекті бейнесіне

$$$ 21 Ал үлкен кісілердің қабылдау зейіне неге көп көңіл бөлінеді, толық жауабын бер?

А) екпініне, динамикасына, бояуына, артикуляцияларға, фразаларға

В)*музыкалық дамуының олшық, көрнекті бейнеге, тақырыпқа, динамикалық және болу кезеңдеріне

С) тақырыпқа, динамикалық және болу кезеңдеріне

D) артикуляцияларға, фразаларға

Е) музыкалық тақырыпқа, динамикасына

$$$ 22 Неменеге байланысты музыка мұғалімі балаларды музыканы қабылдауды үйретеді, тәрбиелейді?

А) психологиясына байланысты

В)*жол ерекшелігіне

С) отбасының тәрбиесіне

D) мінезіне

Е) келбетіне

$$$ 23 Оқудың дамулығы мен тәрбиесі баланың қандай дамуына бағытталады?

А) жас ерекшелігіне

В)*психологиясына

С) келбетіне

D) мінезіне

Е) отбасына

$$$ 24 Музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты:

А) мұғалім музыканың қадірін жеткізе білуі керек

В)*мұғалім музыканың суреттеу — бейнелеу мүмкіншілігін балаға жеткізе білуі керек

С) ата — аналары музыканың әдемілігін түсіндірулері қажет

D) қоғам музыка туралы плакаттар көшелерге ілу керек

Е) баланың достары музыканың бейнесін көрсете білуі керек

$$$ 25 Музыка сабағындағы іс-әрекеттер түрлі, кезектігін ауыстырып отырған жөн. Осылардың ішіндегі ең негізгісі қайсысы?

А) музыка тыңдауда кіріспе сөзбен

В)*көркем-бейнелік ойлауына, эмоциялық атмосфераға, қызығуына, эстетикалық талаптарға т.б. оқушыға жан-жақты өсуіне, дамуына жағдай жасауы

С) ән орындау, үйрету, қайталау, еске алу т.с.с.

D) аудиотаспа, бейне таспаны қолдану

Е) теориялық негіздері т.б.

$$$ 26 Музыкалық қабылдаудың даму жолындағы әдіс-тәсілдерінің негізгі  жолы:

А) өлең айтуы

В)*өзіне музыка жазуы (шығары)

С) күйді тартуы

D) би билеуі

Е) шығарма жазуы

$$$ 27 Композитор, ол:

А)*жоғары деңгейдегі музыкант

В) төмен деңгейдегі музыкант

С) орташа деңгейдегі музыкант

D) мүлдем музыкант емес

Е) ешқандай жауабы дұрыс емес

$$$ 28 «Мен музыкалық шығарманы біртұтастай, бір көріністен байқаймын. Шығарманың музыкалық идеясы болу керек, оның негізгі түйіні, ортасы, сол ортада өзінің ойын, шығармашылығын сол ортаға әкелуі». Бұл кімнің айтқан сөзі?

А) Лазурский

В)*Моцарт

С) А.Фулье

D) В.Мендушевский

Е) Д.Кабалевский

$$$ 29 Музыка сабағында дәлелденді …

А) музыка сабағы керек екені

В) композициялық, шығармашылық кезеңдер ойын ретінде ашылады

С) музыка сабағының мұғалімі актер екені

D) музыка сабағына қызығушылықпен келеді

Е)*барлығы дұрыс

$$$ 30 Адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері қалаай аталады?

А) педагогикалық қаблет

В)*музыкалық қаблет

С) психологиялық қаблет

D) есту қаблеті

Е) орындаушылық қаблет

$$$ 31 «Амузия» деген ұғым нені білдіреді?

А) музыкаға деген қабілеті жататын адамдарды

В)*музыкаға деген ешқандай қаблеті жатпайтын адамдарды

С) музыкаға деген сүйіспеншілік

D) музыкалық қаблеті бар адамдарды

Е) музыкалық-педагогикалық қаблеті бар адамдарды

$$$ 32 Психологтар музыкалық қаблетті неше жыл зерттеп келеді?

А) 100 жылдай

В)*150 жылдай

С) 155 жылдай

D) 160 жылдай

Е) 130 жылдай

$$$ 33 … музыкалық қаблет … ырғақтық және гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі, тональдікті сезінуі т.с.с. кімнің сөзі

А) Б.М.Теплов

В)*Н.А.Римский — Корсаков

С) Г.Ревеш

D) Чайковский

Е) К.Сишор

$$$ 34 … сазды сезінуі, есту сезімінің қаблеттілігі, ырғақ сезімі т.с. кімнің сөзі

А) Н.А.Римский — Корсаков

В)*Б.М.Теплов

С) Г.Ревеш

D) Чайковский

Е) К.Сишор

$$$ 35 Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді?

А) дирижер

В)*скрипкашы

С) сыбысшы

D) пианист

Е) домбырашы

$$$ 36 Музыкалық қабылдауды, орындаушылықты, әндетудің мүмкіншілігін қалай атайды?

А) күрделі музыкалық қаблет

В)*қарпайым музыкалық қаблет

С) музыкалық қаблет

D) музыкалық — педагогикалық қабілет

Е) музыкалық — психологиялық қаблет

$$$ 37 Кәсіби музыкалық іс-әректінде, музыкалық форманы сезінуі, стилді байқауы, музыкалық дарындылығын қалай айтады

А) қарапайым музыкалық қаблет

В)*күрделі музыкалық қаблет

С) музыкалық қабілет

D) музыкалық — педагогикалық қаблет

Е) музыкалық — психологиялық қаблет

$$$ 38 Адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігін қалай атайды?

А) би

В)*музыка

С) ән

D) бейнелеу

Е) гармония

$$$ 39 Не арқылы музыкалық ырғақ сезімі дамиды және қалыптасады

А) ырғақтық үлгілер арқылы

В)*музыкалық — ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы

С) музыкалық үлгілер  арқылы

D) орындаушылық үлгісі арқылы

Е) барлық жауап дұрыс

$$$ 40 Музыкалық қаблетінің негізі болып не  табылады

А) есту сезімі

В)*музыкалық есту сезімі

С) тыңдау сезімі

D) музыкалық сүйіспеншілік

Е) тыңдау сүйіспеншілігі

$$$ 41 Дыбыс биіктікігінің есту сезімі бір дауысты әуен болса, оны не дейміз?

А) музыкалық дейміз

В)*әуенді дейміз

С) тыңдау дейміз

D) есту дейміз

Е) би дейміз

$$$ 42 Жинақтаған сезімдік қорды, оның сақталуы және де оны іс-әрекетте қолдануы не болып табылады

А) жай есте сақтау

В)*музыкалық есте сақтау

С) педагогикалық есте сақтау

D) психологиялық есте сақтау

Е) музыкалық — педагогикалық есте сақтау

$$$ 43 Музыкалық есте сақтау үрдісіндегі маңызды ерекшеліктері қандай?

А) сипаты, ерекшелігі, орындау тәсілдері

В)*мазмұны, сипаты, осы әрекетті орындау тәсілдері

С) сипаты, шығармашылығы, ерекшелігі

D) шығармашылығы, ерекшелігі, орындау тәсілдері

Е) шығармашылығы, интелктуалдығы, ерекшелігі

$$$ 44 Автоматикалық есте сақтау деген не?

А) мазмұнын түсінбеу

В)*қайта — қайта қайталау

С) музыкалық түсінік

D) бір рет қайталау

Е) жаттау

$$$ 45 Сапалық арқылы музыканың тууын, өзгеруін, музыканың дамуын т.б. қалай айтамыз

А) музыкаға қаблеттілік

В)*шығармашылыққа қаблеттілік

С) өнер қаблеттілігі

D) музыкалық түсінік

Е) қайта-қайта қайталау

$$$ 46 Әрбір баланың өз бойында қандай потенциалы бар? – деп, психологтар мен педагогтар санайды

А) музыкалық

В)*шығармашылық

С) мазмұндық

D) өнер

Е) қайта — қайта қайталау

$$$ 47 «Адамның психологиялық қасиеті оның қандай да болсын іс-әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс-әрекет процесін меңгеруі» – деп кім айтты?

А) К.Сишор

В)*Б.М.Теплов

С) Г.Ревеш

D) Н.А.Римский — Корсаков

Е) М.Жұмабаев

$$$ 48 Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді

А)*скрипкашы

В) дирижер

С) сыбысшы

D) домбырашы

Е) пианист

$$$ 49 Скрипкашы нені жақсы сезеді?

А) музыканы

В)*дыбыстың биіктігін

С) шығарманы

D) қате ойнағанды

Е) музыкалық түсінікті

$$$ 50 Музыкалық импровизация денегіміз не?

А) музыкалық тіл

В)*одан жаңа туындылар

С) музыкалық шығармашылық

D) грамматикалық форма

Е) ақпаратты жеткізеді, сақтайды

$$$ 51 Музыкалық тіл деген не?

А) шығармашылық қаблет

В)*бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық «ақпаратты» жеткізеді және сақтайды

С) грамматикалық форма

D) қолдану ереже

Е) музыкалық шығармашылық

$$$ 52 4 жасында бала музыкалық-шығармашылық қаблеті бастапқы жағдайда және де музыкалық ойлаудың өнімі ретінде қалыптасады. Бұл кезеңді қалай атайды?

А) ойын кезеңі

В)*байқау, сынау

С) бозбалалық кезең

D) ойлау кезең

Е) жасөспірім кезең

$$$ 53 5 жасында бала өзінің музыкалық импровизациясында кең мағынадағы мазмұнын қолдана біледі. Бұл кезеңді қалай атаймыз?

А) грамматикалық кезең

В)*ырғақтық кезең

С) байқау кезең

D) ойлау кезең

Е) балалық кезең

$$$ 54 Баланың қандай жасында музыкалық импровизациялық мазмұнды бейнені толықтырады?

А) 5 – 7 жаста

В)*7 жаста

С) 6 жаста

D) 8 жаста

Е) 10 жаста

$$$ 55 Балалардың музыкалық шығармашылығының қалыптасуы

дегеніміз не?

А) музыкалық ойлаудың қалыптасуы

В)*баланың музыкада өз-өзінің әсерлігі, қызығушылығы, ақтуалдығы, музыкалық аспаптарда ойнауы

С) әуендік кезеңнің дамуы

D) үлкен кісілердің  бала шығармашылығына қатынасы

Е) музыкалық — көркемдік әсемділігінің пайда болуы

$$$ 56 Әлеуметтік қоршаған ортада қалыптасады, музыкалық бейненің түрлі тәсілдерінің айырмашылығы, музыкалық ойлаудың ерекшелігі, бұл не?

А) жүйке жүйесі

В)*музыкалық ойлау жүйесі

С) әлеуметтік мәдениет категориясы

D) музыкалық шығармашылық жүйесі

Е) музыкалық импровизация

$$$ 57 Музыкалық тілді меңгеру, музыкалық әрекеттілігі, икемділік пен дағдысы, бұл сөздер кім жайлы?

А) кәсіби музыкант

В)*ұстаз-музыкант

С) оқушы

D) музыкант-орындаушы

Е) композитор

$$$ 58 «Өмірлік сезімді жүзеге асыру» бұл сөздер кім жайлы?

А) кәсіби музыкант

В) оқушы

С) музыкант орындаушы

D) ұстаз-музыкант

Е)*композитор

$$$ 59 Музыкалық ойлаудың мәні-маңызы неде?

А) музыкалық материал туралы түсінігі мен ойы

В)*өз табиғатында, құрылысында, эволюция принципінде, дамуында

С) музыкалық мәдениеттің дамуында

D) музыкалық шығармашылық ойдың қалыптасуында

Е) музыкалық ойлаудың ерекшелігінде

$$$ 60 Интонация дегенеіміз

А) сабырлық

В)*күшейту, күш салу, жігерлік

С) орташа күш салу

D) күш салу және сабырлық

Е) барлығы дұрыс

$$$ 61 Аксиология қандай ғылым?

А) жай ғылым

В)*бастапқы ғылым

С) елеңбейтін ғылым

D) «мен» деген ғылым

Е) «өз-өзін» құтқару ғылымы

$$$ 62 Гуманитарлық білім беру бағытында мамандар кәзіргі кезде теориялық негізінде білім берудің неше түрі бар?

А)  1-еу

В) 2-еу

С)*3-еу

D) 5-еу

Е) 6-ау

$$$ 63 Қоғамның музыкалық сана-құбылы, көптүрлігі, анықтаусыз болса, ол тұлғалық санада нақты көрсеткіші бар, ол тұлғалығын не арқылы білеміз?

А) сыртқы ажары

В)*ішкі, сыртқы ажары

С) ішкі ажары

D) ішкі жан дүниесі

Е) сыртқы жан дүниесі

$$$ 64 Тұлғалық музыкалық сана

А) адамның музыканы қиын түсінуі

В)*адамның музыканы қабылдауы, музыкалық тілін түсінуі

С) адамның тілін бұрмалап түсінуі

D) адамның музыкамен айналысуы, бірін түсінбеуі

Е) барлық жауабы дұрыс

$$$ 65 Дыбыс бейнесі ол: толық жауабын бер

А) құрылымының ортасы

В)*музыкалық сананың ең негізгі және құрылымының ортасы

С)музыкалық сананың ең негізі

D) оқушының сана сезіміндегі сәулесі

Е) бұл психологиялық «құдай»

$$$ 66 Музыкалық бейне ол:

А) оқушының сана сезіміндегі сәулесі

В)*«сезім ой» және «идеялық-мазмұнының дәні»

С) бұл психологиялық «құдай»

D) музыкалық сананың ең негізі

Е) құрылымының ортасы

$$$ 67 Эмоция дегенді қалай түсінесің?

А) құрылымының ортасы

В) оқушының сана сезімінің сәулесі

С) бұл психологиялық «құдай»

D) ол «сезім ой»

Е)*музыкалық сананың ең негізі

$$$ 68 Қиял мен елесі – бұл:

А) ол «сезім ой»

В)*бұл психологиялық «құдай»

С) оқушының сана сезіміндегі сәулесі

D) құрылымының ортасы

Е) музыкалық сананың ең негізі

$$$ 69 Өнер түрлерін қарастырғанды абсалюттік идеяның қырын, көркем бейнесін байқаған кім?

А) Моцарт

В)*Гегель

С) Сухомлинский

D) Лазурский

Е) Бах

$$$ 70 Логикалық түсінушілік неге байланысты?

А) мұғалімге байланысты

В)*өнерге байланысты

С) ата-анаға байланысты

D) оқушыға байланысты

Е) қоғамға байланысты

$$$ 71 Музыкалық санада не маңызды роль атқарады?

А) мұғалім

В)*білім

С) кітап

D) компьютер

Е) музыкант

$$$ 72 Педагог әрекетінде не маңызды орын алады?

А) ми

В)*факт

С) актерлік

D) интонация

Е) мінезі

$$$ 73 «Ми мәдениеті қана сезім мәдениетін қамтамасыз етеді» деп кім айтты

А) Гегель

В)*В.Брюсьев

С) Бах

D) Мазурский

Е) Моцарт

$$$ 74 Музыкалық уайымдауды ғалымдар :

А) «музыканың қалыптасуы» дейді

В)* «музыкалық тану қалыптасуы» дейді

С) «музыкалық дамудын қалыптасуы» дейді

D) «өмірдің жүрісінің қалыптасуы» дейді

Е) дұрыс жауап жоқ

$$$ 75 Музыка – ол: толық жауап бер

А) адам өмірінің мәні

В* адам рухының ішкі өмірінің қалпы мен белсенділігі

С) күй

D) би, күй, ән

Е) адам өмірінің қызметі

$$$ 76 Музыкалық сана дегенеміз:

А) ол адамның сезімінің ерекше, арнайы түрі, ең төменгі психикалық деңгейі

В)*ол адамның сезімінің ерекше, арнайы түрі, ең жоғары психикалық деңгейі

С) ол адамның сезімінің ерекше түрі, ең орташа психикалық деңгейі

D) музыкалық сезімі

Е) музыкалық өнердің бір түрі

$$$ 77 Музыкалық сана, ол кімде бола алады?

А) жануарда не жеке адамда

В)*жеке адамда не қоғамда

С) мұғалімде не оқушыда

D) мұғалімде не жеке адамда

Е) қоғамда не аңдарда

$$$ 78 «Музыкалық сезім» термині неге байланысты

А) ғылымға байланысты

В)*кәсіби контекстігіне байланысты

С) өнерге байланысты

D) адамның көңіліне байланысты

Е) музыкалық санаға байланысты

$$$ 79 Қоғамдық музыкалық санасы ол:

А) әр түрлі кейде бірдей

В)*әр түрлі, әр құбылы

С) бүкілі бірдей

D) әр құбылы, бірдей

Е) мүлдем бірдей

$$$ 80 Өнер шығарманы түсіну …

А) ол өзіндік сыртқы қабылдауы

В)*ол өзіндік ішкі жаңа қабылдауы

С) ол өзіндік санасы

D) ол өзіндік сезімі

Е) жаңа қабылдауы және өмірдің шындығы

$$$ 81 Интерпретация болмаса;

А) адамның сезімі өлі

В)*музыка өлі

С) сана өлі

D) адамның бейнесі өлі

Е) дамуы болмайды

$$$ 82 Композитор, орындаушы, тыңдаушы санасындағы бейне:

А) бір-біріне ұқсамайды

В)*бір-біріне ұқсайды

С) бір-бірімен мүлдем ұқасамайды

D) екі жеке бөлек сезім

Е) барлық жауабы дұрыс

$$$ 83 Шығарманың құрылысын кім шығарады?

А) ақын

В)*музыкант

С) педагог

D) оқушы

Е) студент

$$$ 84 Біреуі орындайды, ал екіншісі

А) билейді

В)*тыңдайды

С) көреді

D) қызығады

Е) жай отырады

$$$ 85 Қазіргі музыкалық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі, ол:

А) ұлттық музыканың негізі

В)*музыка мен халықтық, классикалық музыкасындағы интонациялық кедергілердің пайда болуы

С) ұлттық музыка шығармаларына мәнерлеушілік құралдарын меңгере алмауы

D) халық музыкасын, күйін тыңдаушыға жеткізу

Е) дұрыс жауабы жоқ

$$$ 86 Қазақстанның әншілік дәстүрлері, күй мектептерінің түрі өзінің ерекше қасиеттері қандай

А) ерекшелігі

В)*стилистика тәртібін сынауы

С) көркем өнерінде

D) дыбыс бояында

Е) ырғағында

$$$ 87 Қазіргі халық музыкасының осы заманға электроқуат аспаптарын қолдану, дыбыс бояын табу, ол:

А) оның тембрі

В)*ырғақты қолдану және бейімдеуі

С) көркем-мәнерлеушілік

D) көп дауысты әндету

Е) жаттығу жұмысын жүргізу

$$$ 88 Қазақ халқының дәстүрлі музыкасымен танысу, ол

А) мұғалім жай ғана әңгімелеуі

В)*халық әні халық арасында орындалу барысында өзгереді, түрленеді

С) түсіндіру және көрсете білуі

D) ұлттық үйрету дәстүрін қолдануы

Е) орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлуі

$$$ 89 Халықтық музыкалық шығармашылықпен танысу, ол

А) ұйымдастыру арқылы

В)*есту сезімін дамыту арқылы

С) орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлуі

D) түсіндіру және тыңдата білуі

Е) музыканың поэзиялық мәтініне көңіл бөлуі

$$$ 90 Әншілік кезінде әншіліктің негізін меңгеру, ол

А) жақсы түсінуге бейімделуі

В)*таза интонация, дұрыс дем алу, дауыс аппаратын дамыту

С) музыканың көпқырлығын байқауы

D) өзін-өзі дамыта білуі

Е) музыканы түрлі жағынан қабылдауы

$$$ 91 Музыкаға баулу – оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті ол:

А) жай үгіттеу жұмысын жүргізу

В)*кәсіби психологиялық дайындығын қалыптастыру

С) білімді беруді қайта құру

D) қосымша сабақ өткізу

Е) жан — жақты қалыптастыруы

$$$ 92 Оқу-тәрбие процесінің сапалық деңгейін көрсету

А) оқытушы мен студенттің қатысы

В)*білім деңгейінің тереңдігі

С) өзінің білімділігін сезінуі

D) қалай және қайта дайындалуы

Е) өзінің білмегенін үйренуі

$$$ 93 Білім беру және оның проблемалары жеке болмысы неден болмайды

А) ізденістен

В)*әлемнен, адамнан, өмірден

С) жақсы жұмыстан

D) мәдениеттен

Е) әлеуметтіктен

$$$ 94 Акмеология дегеніміз не?

А) тұлғаның психологиялық дамуы

В)*тұлға құндылығының ғылымы, оны жетілдіруі

С) ізденіс жұмыстары

D) жақсы жұмыс

Е) қарама-қайшылық әрекеті

$$$ 95 Акмеология психологияның дамуымен жақындай келе, даму принциптерін анықтайды, олар:

А) сапалық

В)*дамушылық, жетілдіруі, даму сипатының субьктілерін тану

С) мәдениеттілік

D) бейімдеушілік

Е) жекелік даму сипаты

$$$ 96 Кәсіби өзін-өзі анықтау дегеніміз:

А) мақсат пен міндет

В)*кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі

С) қоғам өзгерістері

D) кәсібилік мотив

Е) мінез қасиеті

$$$ 97 Композитор, орындаушы, тыңдаушы санасындағы бейне:

А) бір-біріне ұқсамайды

В)*бір-біріне ұқсайды

С) бір-бірімен мүлдем ұқасамайды

D) екі жеке бөлек сезім

Е) барлық жауабы дұрыс

$$$ 98 Музыканттың даму-қалыптасуы мақсат бағытында, жоспармен, психология-педагогикалық кезінде олар:

А) үлгі ретінде

В)*ұйымдастыру, мазмұны, формасы, әдіс — тәсілдері

С) тәрбиесіне көңіл аудару

D) бір-бірімен байланысы

Е) өзіндік әдістемелік әрекеті

$$$ 99 Аспапта ойнау, оқытудағы икемділік пен дағды, кей уақытта тығыз арнайлығы нде?

А) өзіндік әрекетінде

В)*оның әрекет диапазоны әсер ететігінде

С) кәсіби қалыптасуында

D)  тұлғалық кәсібилігінде

Е) музыкалық ырғақ сезімінде

$$$ 100 Оқу процесінде, оны ұйымдастыра білу кезінде даму нәтижесінің көрінісі, жетістігі болып саналады, ол

А) музыкалық дамуының принципі

В)*оқу барысындағы дамушылық нәтижесі

С) жалпымузыкалық

D) музыкалық есту сезімі

Е) көркем стильдіктің көптігі

$$$ 101 Жас музыкантты тереңдете оқыту ол

А) музыкалық теориялық жағынан оқыту

В)*музыкантты жан — жақты оқыту

С) музыкалық шығарманы тыңдау

D)  өзін-өзі дамыту

Е) музыкалық шығарманы орындау

$$$ 102 Музыкалық-орындаушылық сыныбының жұмысы туралы айтатын болсақ, кәсіби — дамушылық түрлері мен формаларының бірі, ол

А) кітаптан оқу

В)*парақтан оқу

С) жан-жақты оқу

D) түрлі сипатта оқу

Е) бір бағытта

$$$ 103 Парақтан оқу барысында музыкамен танысу

А) музыкалық ойлау

В)*процесс, ерекше жорық, эмоциялық бояуды қатыстыруы

С) сапалығын көтеру

D) жалпы музыкалық барысы

Е) кең түрде танысу

$$$ 104 Өзбетімен деген ұғым ол:

А) керекті әдіс-тәсілдерді табу

В)*музыкалық аспапта ойнау

С) белсенділік

D) шығармашылық ойлауы

Е) зейін қойып тыңдау

$$$ 105 Ең негізгі жаратылыс, шығармашылықпен айналысу

А) жаттығусыз өнер болмайды

В)*жұмысты шығармашылықпен істеуге үйрету

С) өз бетімен білу

D) бағалау

Е) кәсібилік талдау

$$$ 106 Музыкалық — орындаушылық сыныбының жұмысы туралы айтатын болсақ, кәсіби дамушылық түрлері мен формаларының бірі

А) ән айту

В)*парақтан оқу

С) дыбысты сезінуі

D) бейімдеуі

Е) музыкалық әдебиет

$$$ 107 Парақтан оқу ….

А) ән айту

В)*оқушылардың жалпы музыкалық дамуына, болашақ барысындағы қысқа жол

С) музыканы ойнау

D) графикалық оқу

Е) бейімдеу

$$$ 108 «Өзбетімен» деген ұғым

А) музыкалық — орындаушылық сыныбындағы оқыту

В)*музыкалық аспапта ойнауы, оқушының басқадай көмексіз танымайтын музыкалық шығармада хабардар болу, авторлық мәтінді дұрыс ұғу

С) оқушының жан — жақты музыкалық ақпарат алу сапасы

D) кәсіби музыкалық саналылығының қалыптасуы

Е) өз-өзін тыңдай білуі, музыкадағы болып жатқан процестерге уайымдауы

$$$ 109 Музыкаға үйрену барысында, оның ішінде музыкалық-орындаушылық өзбетімен, белсенді шығармашылық ойлау неше аспектіге бөлінеді

А) 5-ке

В)*2-ге

С) 3-ке

D) 1-ге

Е) 4-ке

$$$ 110 «Өнер жаттығусыз болмайды, жаттығусыз өнер болмайды» деп кім айтқан?

А) Кабалевский

В)*Пратогер

С) Суслова

D) Школяр

Е) Пифагор

$$$ 111 Мұғалімнің мақсаты

А) көркем бейнені өзбетімен білу, талдау

В)*жалпылама осындай сапаны қолдау, ынталандыру

С) жұмысты шығармашылықпен атқаруға үйрету

D) іс-әрекетінің нақты нәтижесі

Е) оқушының кәсіби музыкалық санасының қалыптасуына көмектесу

$$$ 112 Ерік интелектіні ақиқаттауға қажет, ал интелект …

А) өнімдейді

В)*ерікті бағыттайды және өнімдейді

С) еріктейді

D) музыкалық ерікті бағыттайды

Е) күрделі ерік

$$$ 113 Музыкалық қабылдаудың даму жолындағы әдіс-тәсілдерінің негізгі жолы:

А) өлең айтуы

В)*өзіне музыка жазуы (шығару)

С) күйді тартуы

D) би билеуі

Е) шығарма жазуы

$$$ 114 Кімді дайындағанда психологиялық процесс өте қажет

А) педагогты

В) орындаушыны

С) ізденушіні

D) тыңдарманды

Е)*барлық жауаптар дұрыс

$$$ 115 «Таптырмайтын адам болмайды» сөздер қандай салаға жатпайды

А)*өнерге

В) дәрігерге

С) жұмыскерге

D) мұғалімге

Е) суретшіге

$$$ 116 «Қиқарлық» мінез қай кезде кездеседі

А)*бала кезінде

В) ер жігіт болғанда

С) ер адам болғанда

D) сәби кезінде

Е) бой жеткен кезінде





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Қымбатты: әріптестер  және  жас ұстаздар!  менің  бұл тәрбие  сағатым  сіздерге   көмектесер  деген үміттемін.  өздеріңізге қажет  деп тапсаңыздар,  пайдаланарсыздар! Тәрбие  сағаты  негізінен  отбасы туралы айтылады.  ата  аналарға  арналған  әр түрлі  сауалнамалар,  тест сұрақтары  бар.  Отбасындағы  бала  тәрбиесіне   басты назар аударылады.  Негізінен  жоғары  класс оқушыларына  арналған.Әрбір ата-ана — өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейрімді, еңбеқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты.

Общая информация

Номер материала: 179433091708

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"