Инфоурок Начальные классы КонспектыРазработки уроков по казахской литературе в 11 классе

Разработки уроков по казахской литературе в 11 классе

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру.
Тәрбиелілік: Ахмет Байтұрсыновтың адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой - өрісін, таным қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: ізденіс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, кесте толтыру, мәтінмен жұмыс
Көрнекіліктер: Ахмет Байтұрсыновтың суреті, шығармалар жинағы, кестелер, схемалар, интерактивті тақта, түрлі карточкалар, т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру, үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар қою.
1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы тарихи - әлеуметтік жағдай қандай болды?
2. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан өкілдер кімдер? Оларға қысқаша сипаттама беріңдер.
3. Әдебиеттің жанрларының жаңа түрлерін атаңдар, негізін салушылар кімдер?
III. Жаңа сабақ түсіндіру.(тиісті жауап алғаннан кейін жаңа сабақ бастаймыз.) Оқушыларға Ахметтің өмірі мен шығармашылығын слайд бойынша түсіндіру.
IV. Іздендіру кезеңі (Жаңа сабақты оқушыларға мынадай кестенің үлгісін бере отырып, кітаппен жұмыс істете отырып, толтыртамын.)

Ахметтің туған жері Әділетсіз өмірдің бала жүрегін жаралауы Бойындағы ерекше қабілеті Білім алған жерлері Атқарған қызметі Әдебиетке қосқан жаңалығы Көрген азабы
Торғай облысы, Торғай уезі, Тосын болысы, Сарытүбек қыстағы Әділетсіз өмірдің ұлы зары бала жүрегін 13 - де жаралады. Табиғатынан дарынды, талантты, ойлы, қабілетті, өз бетімен ізденеді Ауыл мектебінен сауат ашады. Торғай қаласындағы орысша - қазақша училищеде оқыды. Орынборда мұғалім даярлайтын мектепте оқыды. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыда мұғалім болды. «Қазақ» газетінің бас редакторы болды. 1913ж 2 - ақпанда Қазақ газетін ашады. Абайдың тарихи қызметі жайлы Қазақтың бас ақыны атты мақала жазды. 1909ж губернатор Тройницкийдің жарлығымен 8 ай нақақтан - нақақ Семей абақтысына қамалды.

V. Дамыту кезеңі.
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман - тілегін, мұң - мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім - ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық - отаршылдық саясатын, шенді - шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой - санасын оятуға бар жігер - қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс - тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған - терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.

Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу - ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911 - 1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912 - 1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп - бидің» жаңа түрін жазды.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып - танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл - құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып - білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

VI. Сабақты бекіту. «Мен кіммін?» Оқушылардың кестені қалай толтырғандарын тексере отырып, негізгі айтылатын ойларды былай жинақтаймын.
Ахмет Байтұрсынов - газет редакторы, ұстаз, шебер аудармашы, қоғам қайраткері, ақын, әдебиет зерттеушісі

VII. Үйге тапсырма.
1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны жайында толықтай оқып келу.
2. Сұрақтар мен тапсырмалардағы 2 - 3 сұраққа жауап беру.
VIII. Оқушы білімін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы: МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ.

Сабақтың  мақсаты:

  1. Білімділік: XX ғасырдың басында  қазақ халқының  отаршылдық  езгіден құтылып, рухани  оянуына  үлес  қосқан тұлғалардың  бірі – саяси-қоғам  қайраткері, ақын, жазушы,  публицист,  ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі  мен  қызметі  туралы білімдерін  кеңейту, тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» туындысының тақырыбын,мәнін түсіндіру.
  2. Дамытушылық.: білімгерлердің ойлау,  сөйлеу  қабілеттерін байыту.
  3. Тәрбиелік: Шығарманы талдау  арқылы білімгерлердің бойында  танымдық  тәрбиені  қалыптастыру.

Сабақтың  түрі: аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау

Сабақтың  құрал-жабдықтары: М.Дулатов  портреті, тақырыпқа  қажетті  кітаптар, бүктемелер, интерактивті  тақта.

Күтілетін  нәтиже: сабақты  толық  меңгерту.

        Сабақ тың  барысы:

  1. Ұйымдастыру  кезеңі: Білімгерлермен  сәлемдесу, кезекші  мәлімдемесі.
  2. Үй  тапсырмасын  сұрау: Алдыңғы  өтілген тақырып  бойынша  алған  білімдерін  еске  түсіру. Эпикалық жанрдың  роман деп  аталатын түрін  еске  түсіреміз.
  3. Жаңа  сабақты  түсіндіру:

А) Міржақып Дулатовтың өмір жолы,  қоғамдық қызметі: Ұлтына  «Оян қазақ!» деп  ұран  салған қайраткер қазіргі  Қостанай облысы, Жанкелдин  ауданында дүниеге  келген. 1897ж екі  сыныптқ  орыс-қазақ  мектебіне  оқуға  түседі. 1905ж Қарқаралыда патшаның  ортарлау  саясатына  қарсы  ереуілді  көреді. «Серке» газетінің бірінші  санына  «Жастарға» деген  өлеңін жариялайды. Екінші  санында  басылған «Біздің  мақсатымыз» мақаласы «Қазақ халқын жергілікті  және  отарлық  өкіметке  қарсы  қою» рухында  жазылған деп  бағаланады. Қазақ халқының  жаңа  өмір құруы ісіне  араласып жүрген  кезінде елімізде  демократиялық   принциптердің бұзылуы  тұсында жазықсыз жазаға  тартылады. 1928ж қазақстанда  ірі байларды  тәркілеу  тұсында «соларға  іш тартты,  саясатты  қолдамады» деген  айып  тағылып түрмеге жабылады. Балтық теңізіндегі Соловки тұтқын лагеріне  жер  аударылып, сол жерде  1935ж қайтыс  болады.

Ә)Шығармалары:  «Қазақ жерлері», «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдерінде ақын өзінің  азаттық,  еркіндік идеяларын дамыта  түскен.  М.  Дулатовтың даңқын  қазақ даласына ғана  емес, Ресейдегі  түрік  әлеміне тұтас жайған «Оян, қазақ!» кітабы. Бұл шығармасы 1909ж Уфа қаласында  шығып, 1911ж  Орынборда екінші  рет  басылды. Бұл- қазақ  әдебиеті  тарихындағы  көп  қудаланған шығармалардың бірі.

Б) «Бақытсыз Жамал» романы – қазақ  әдебиеті  тарихындағы  тұңғыш роман. Бұл – ұлттық  әдебиетте роман деген  атпен  басылған тұңғыш  кітап. "Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. … Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз.

 

4.Сабақты  бекіту:

1- топқа.  Шығармадан автордың  Жамал  мен Ғаниға  берген мінездемелері  мен  портреттерін  тауып  жазыңыз (тақтамен жұмыс).

 

 

Жамал бейнесі                                                                                     Ғани бейнесі

 

 

 

 

 

 

 


Кестені  толтыру

 

Тақырыбы

«Бақытсыз Жамал» романы

Идеясы

 

Кейіпкерлері

 

Кейіпкерге мінездеме

 

Кейіпкерлердің іс-әрекеті

 

 

Шығармаға  талдау  жасау: (дәптермен жұмыс)

Романдағы  оқиға құрылысын табыңыз.

ü  оқиғаның басталуы;

ü  дамуы;

ü  шарықтау шегі;

ü  шиеленісуі;

ü  шешімі.

 

5.Сабақты  қорытындылау:

 Сұрақтар:

  1. «Бақытсыз Жамал» неліктен  қазақтың  тұңғыш романы  саналады?
  2. Жамал бейнесі  арқылы  жазушы  нені  көрсетуді көздейді?

 

6.Үйге  тапсырма: «Міржақып – азаттық жолындағы  күрескер» деген тақырыпта  шығарма жазу.

7.Білімгерлерді  бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:Сұлтанмахмұт Торайғыров 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: С.Торайғыровтың өмірі және шығармашылығымен танысу, «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін талдап, негізгі идеясын ашу. 
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеудің, шығырмашылық қабілеттерін дамыту,оқушылардың іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру 
Тәрбиелік:Қазақ әдебиетіндегі шығармаларына мақтаныш сезім тәрбиелеу; оқушыларды өз ойын ашық айтуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. 
Сабақтың көрнектілігі: С.Торайғыровтың портреті, сызба кесте. 
Пәнаралық байланыс:тарих,қазақ тілі 
Сабақтың типі: жаңа білім беру 
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ 
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап талдау, түсіндіру, іздендеру, ой толғау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау. 
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ Үй жұмысын тексеру. 
Тест жұмыс 


1.М.Дулатовтың туған жылы 
А)1893 
Б)1867 
В)1885 
2.М.Дулатовты қалай атаған? 
А)ауыл мұғалімі 
Б)сүйікті мұғалім 
В)ауыл мектебі 
3.М.Дулатовтың өлеңі? 
А) «Жастарға» 
Б) «Анама хат» 
В) «Жұртыма» 
4. «Бақытсыз Жамал» романының басты кейіпкері 
А)Оспан 
Б)Ғали 
В)Асқар 
5. «Біздің мақсатымыз» мақаласында: 
А)Ресейге тәуелдігі 
Б)қазақ әйелдерінің тағдыры 
В)жастар үміті 
6.М.Дулатовтың өлеңі 
А) «Аққу, шортан һәм шаян» 
Б) «Оян қазақ» 
В) «Кел,балалар оқылық» 
7. «Найзамен түртсе де, 
Жатарсың,қазақ, оянбай. 
Мұнша қалың ұйқыны 
Бердің бізге,ой Аллай»- 
өлең жолдары қай шығармадан алынған? 
А) «Оян қазақ» 
Б) «Жастарға» 
В) «Кедей» 
8. «Оян қазақ»- 
А)роман 
Б)әңгіме 
В)өлең 
9. «Қазақ тілінің мұңы» мақаласында ... 
А)мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілмеуі, іс қағаздарында қолданылмауы туралы 
Б)шаруашылық, жер мәселесі туралы 
В)тарихи тұлғалар туралы 
10.М.Дулатов оқулықтың авторы 
А) «Қазақ хрестоматиясы» 
Б) «Тіл туралы» 
В) «Есеп құралы» 



 

ІІІ Жаңа білім беру кезеңі 
1)Сабақтың мақсатымен таныстыру: 
Бүгінгі сабақта қазақтың жазушысы, С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алып, оның «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңімен танысамыз. 
2)Ой туғызу.Кітаппен жұмыс. 
Қазір сабақта оқулықтармен жұмыс істеп оқып талдаймыз 
а)Жаңа сөздерді меңгерту 



зардап-страдание 
құптау-одобрять 
надан,пасық- глупый,гнусный 
құштарлық,ғашықтық-влюбленность 
қаражат,ақша-деньги 
әлді-сильный 
әлсіз-слабый 
ойқазық,түйін-идея,главная мысль 
біртуар,қайталанбас-неповторимый 
қайшылық-противоречие 
нақты-конкретный 
түп тамырын іздеу-искать корень 
кезең-этап 



ә) Тірек сызбамен жұмыс 
Оқушылар интерактивті тақтағы тірек-сызба арқылы мәтінге сүйене отырып С.Торайғыровтың өмірбаянын айтып береді 

3) «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңімен таныстыру 
а)Мұғалім мәнерлеп оқиды 
ә)Не түсіндіңдер? 
б)Мұғалім оқушыларды қысқаша өлеңнің шығу тарихымен таныстырады 

Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арналған. Өзінің досы, туысы, Шайбай Аймановқа хат арқылы жолданған. Өлең 1913 жылы жазылып,1922 жылы Қазан қаласында «Адасқан өмір» кітабында жарияланған. 
С.Торайғыров халық көзін ашуды арман еткен. Ол- халқымыздың ой тілегін білдіруші. С.Торайғыров – ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізде ерекше орны бар, аса көрнекті ақын.Шығармаларында қазақ ауылындағы жағымсыз көріністерді сынады, халықты мәдениетке шақырып,надандықпен күресті. 
Ақын өз атынан сөйлей отырып сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат-мақсатын, арман-аңсарын жырға қосады. Лирикалық кейіпкер арқылы білдіреді. 

в) «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңімен танысу. 
Сөздік жұмыс 
көр-могила 
қолғабыс-помощь 
надан-неуч 
сәуле қуған-стремиться к свету 
толған айдай-как полная луна 
серт етіп-дать клятву 
егес-спор 
Оқушыларға өлеңді шумақтар бойынша бөліп оқыту.Әр шумақтағы ойды қара сөзбен айтуға дағдыландыруға болады.ол үшін өлең ішінде орны ауысқан сөздерді қалыпты сөйлем құрамында келтіріп алу керек. 
Мысалы: 
«Шығамын тірі болсам,адам болып» деген тармақты 
Тірі болсам адам болып шығамын. 
«Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып» деген тармақты 
Бұл жиһанда жаман болып жүрмеймін. 
«Жанақаным көрде тыныш жақсы емес пе 
Жүргенше өмір сүріп, надан болып» деген тармақты 
Надан болып жүргенше 
Көрде тыныш жатқаным тыныш емес пе. 

Интерактивті тақтадағы таблицаны толтыру. 

Өлең 3 шумаққа бөлініп, жұмыс жүргізіледі. 
Оқушылар өздері құрастырған сөз тіркестерін жазады, кейін түсіну үшін тақтадағы өлеңге түсінік ашылады. 

Шұмақтар 



Сөз тіркестерін теріп жазу Өлеңге түсінік 
1 
Мысалы: 
Адам болып шығамын, 
Жаман болып жүрмеймін,көрде жатқаным, 
Надан болып жүргенше Адам болып-оқимын,білім аламын; 
Жиһанда-өмірде; 
Жаман болып-оқымаған адам; 
Надан болып-білімсіз болып; 
2 
Сәуле қуған, күнді алуға, белді буған Сәуле қуған-білім іздеген; 
Белді туған-тәуекел еткен; 
Алуға күнді барып-қанша қиын болса да,білім аламын; 

3 Бұл сезім,асылық емес,тебем надандықта Елдің бетін-білімсіз елге оралмаймын; 
Толған айдай-елге жарық беру; 
Асылық емес-артық емес 


Ойында оты барлар-түсінігі бар адамдар; 
Серт етіп-уәде беріп; 
Еткен егес-сөз бергенмін; 

IV Қорытынды 
Біз бүгін кімммен таныстық? 
С.Торайғыров қашан,қайда туды? Не жазды? 
Қандай шығармасымен таныстық? 
V Бағалау 
VI Үй тапсырмасы 
а) Деңгейлік тапсырманы орындау 
ә)Өлеңді мәнерлеп оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін
мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.
2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,
шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін
қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын,
сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.
3.Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге
тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды
өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке,
қайсарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, талдау, кітап-дәптермен
жұмыс, топтастыру.

Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару.
2. Өтілген материалдарды еске түсіру. Үйге І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келуге және «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін жаттауға берілген болатын. Мағжан Жұмабаев жайлы біліп келуге берілген.
Үй тапсырмасын сұраймын.
3. Жаңа сабақ.
С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
Ж. Аймауытов: « Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәндә жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызадыв. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.
Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т.б.
Поэмалары: “Қойлыбайдың қобызы”, “Батыр Баян”, “Қорқыт”, «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік», Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі», Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары», Педагогикалық еңбектері: “Педагогика”кітабы, “Сауатты бол” оқулығы
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. (анимациялық слайдтар арқылы көрсету)
А) Топтастыру

І топ ІІ топ ІІІ топ
Ата-ана Жар Туған ел, жер
Жанұя-шағын мемлекет
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Ата-ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса, айттың-тойың не керек. Жақсы әйел жолдасың,, жоқтан құрап тойғызар. Туған жердің жуасы да тәтті Туған жердей жер болмас.
/ Екі жақты түсіндірмелі күнделік/
Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы Неліктен ол маған әсер етті?
«Жаттап ала қояйық» ойыны


І топ
Күлдей—————- шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің ——————көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
———— ауыр күрсінер.

ІІ топ.
Көзінде көк ——————-жоқ,
Аузында —————жыры жоқ,
Жалынсыз, ——- құшағы,
Иілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай.
Білгені———— ошағы


ІІІ топ.
Сағымы ————–құрады,
Бораны ————– тұрады,
Қыс-ақ кебін, жаз-сары.
Орманы жоқ,———- жоқ,
Тауы да жоқ, ———жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы.

Сабақты бекіту
1. М.Жұмабаевтың өлеңі.
2. М.Жұмабаев қай ақынның дәстүрінен үлгі алды?
3. М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?
4. Ақын білім алған қала.
5. М.Жұмабаевтың поэмасын тап.
6. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы.
7. Ақын кімдерді, нелерді сүйеді?
8.Ақынның өлі сахара дегені қай жер?
9. Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
10. Ақынның қандай сезімін байқауға болады?
11. Ақын туған жер қай жер?
12. Табиғаты қандай?
13.Ақынның өмірі жайлы не білесіңдер?

ҮІІ. Бағалау.Сабақта білімдерін көрсетіп, белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. . «Сүйемін» атты өлеңін хаттап келу

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Сабақтың мақсаты: бірлескен жұмыс негізінде жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру; берілген тапсырмаларды бір - бірімен ынтымақтастықта орындау, өзгеге қарап өзін - өзі реттей білуге үйрену, сыни ойлауға дағдылану.
Күтілетін нәтиже:
- Жаңа тақырыпты меңгереді, қосымша мәліметтер алады;
- Сыни ойлау дағдысы қалыптасады;
- Өзін - өзі реттейді.

Психологиялық тренинг
«Сәлемдесу» Оқушылар жұптасып, бір - бірімен әр елдің салты бойынша амандасады.
Мәселен: ағылшын, неміс, эскимос, үнді, қытай және қазақ.

Кластер
Абай – ақын, аудармашы, сазгер, прозашы

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
Баспасөз тобы: ХХ ғасыр басындағы баспасөздің дамуы;
Оқу - ағарту тобы: ХХ ғасыр басындағы оқу ағарту туралы;
Шығармашылық тобы: ХХ ғасыр басындағы шығармашылықтың дамуы.
/ топтар берілген уақытта дайындалып, жұмыстарын ортада қорғайды/.
СЕРГІТУ СӘТІ
«Авторын тап».
Әр топқа үлестірме қағаздар таратылады.
Топтар авторын жасырып, тек шығармаларын ғана атайды.
Өзге топ шығарманың авторын табуы керек.
Тест жұмысы
1


. Мамания мектебі қай жылы ашылды?
А) 1899
Ә) 1999
Б) 1998
2. Осы мектепте қолөнерінен сабақ берген кім?
а) Майра Уәлиқызы
Ә) М. Дулатов
Б) А. Байтұрсынұлы
3. 1914 жылы сахнада қойылған «Бақытсыз Жамал» кімнің шығармасы?
А) М. Дулатов
Ә) М. Көпеев
Б) М. Сералин
4. «Айқап» журналын шығарған кім?
А) М. Сералин
Ә) М. Дулатов
Б) С. Дөнентаев

 

Бағалау. Сабақта білімдерін көрсетіп, белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау.

 

5.«Қазақ» газеті кімдердің басшылығымен шықты?
А) А. Байтұрсынов
Ә) С. Көбеев
Б) А. Байтұрсынов, М. Дулатов
6. Абай салған реалистік бағытты жалғастырушы ретінде танылған?
А) М. Көпеев
Ә) Шәкәрім
Б) Н. Наушабаев
7. Әлемдік Физулидің, Пушкиннің шығармаларын өлең түрінде аударған ақын?
А) Шәкәрім
Ә) Абай
Б) Ахмет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Сабақтың  мақсаты: Ж.Аймауытов туралы кеңірек түсінік беру

Міндеттері:

Білімділік.Оқушыларға әңгіменің тақырыптық,мазмұндық,көркемдік ерекшеліктері туралы білімдік мағлұматтар беру.

Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу тілін,қабылдау,қабылдағанды түйсіну,есте ұзақ сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету,  өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу,мәтінді арқау ете отырып,рухани-адамгершілік бағытында тәрбие беру.

Сабақ түрі-аралас сабақ

Сабақ формасы-сыныппен жұмыс

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндірмелі,сұрақ-жауап,ізденіс,талдау-жинақтау,мәнерлеп оқу,

СТО технологиясынан: «Кластер», «РАФТ», «Бес жолды өлең», «Автор орындығы»

Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызба, түсіндірме кестелер, слайдтар.

Пәнаралық байланыс :тарих,қазақ тілі ,саз өнері

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру.

2.      Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

3.      1.     «Артымда қыруар елім бар,өлсе де денем мен өлмен» (Ж.Аймауытов)Ж.Аймауытов өмірінен мәліметтер

4.      2.     «Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны бұрын-соңды көрген емеспін» (Б.Майлин) Ж.Аймауытов шығармашылығы.

5.      3.     Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

 

 «Кластер»арқылы топтастыру

1.      Жаңа білімді қабылдауға сапалы белсенділікке даярлау кезеңі.Сабақ мақсаты айтылып,тақырыбы жазылады.

2.      5.     Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

 

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.

 

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

 

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.

 

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

 

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар

-«Түртіп алу»әдісі арқылы мәтінді бөлімдерге бөліп тоқталу.

 

 6.Алған білімді тиянақтау кезеңі.Бір сөзбен тиянақтау «Әнші» қандай шығарма?

-Мәтін бөлімдеріне ат қою: 1.Жетішатыр-жақсы қала

2.Әнші Әмірқан осы.

3.Ақтамақ хикаясы

7.Білімді бекіту кезеңі.

-Мәтінге кешенді мазмұндық талдау.

Тақырыбы

Идеясы

Жанрлық түрі

Бөлімдер саны

 

«Әнші»

Әншілік өнерді дәріптеу,өнерді құрметтеу.

Прозалық,әңгіме түрінде

3

 

  

-Шығармаға тілдік талдау

Қос сөздер І-бөлім бойынша

Қыс-жаз,көлең-көлең,сырнай-керней,ығы-жығы,мең-зең,ескі-құсқы,төсек-орын,шап-шақ,бұрап-бұрап,

Қаратпа сөздер І-бөлім бойынша

Ағай,балалар,

Сұраулы сөйлемдер саны ІІІ-бөлім бойынша

 

 Лепті сөйлемдерге 2 мысал ІІ-бөлім бойынша

 

 

 -Әңгімедегі көркемдегіш тәсілдер:

-теңеулер: -Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей

-Градация:

-Көркемдік қиял:

 

     Кейіпкер бейнесін ашу

1.      Автор Әміқанның түр-түсін қалай суреттейді?

2.      Әмірқанның мінез-құлқы мәтіндегі қандай жолдардан байқалады?

3. Әмірқан әнді қалай орындайды?

 

Әмірқан – үлкен жүрек иесі. Жұрт оны еш уайымсыз, қайғыру жоқ, «Қашан көрсең де жайраңдап, арсалаңдап жүрген жан» екен деп білген. Расында солай ма екен?

 

          Нақ сұрақ – дәл жауап

 

1.      Әмірақынның өмірдегі бейнесі кім,прототипін ата ?

2.      Автор әншімен қайда кездесті?

3.      Әнші ән айтуды кімнен үйренді?

4.      Әмірақынның тұрмыс- тіршілігі қандай?

5.      Жастар не ұйымдастырды?

-         «РАФТ»әдісі  , «Бес жолды өлең» әдістері арқылы сабақты қорытындылайды.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі,орындалу жолын түсіндіру. «Ақтамақ хикаясын» аяқтап, «Автор орындығында» оқу.

 

9.Бағалау кезеңі.

 

Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасы 
Мақсаты: 
а) білімділік: Поэманың мазмұнын қайталай отырып, жазылу тарихына, көтерген проблемасына тоқталу. Кейіпкерлеріне мінездеме беру, іс-әрекеттерін талдау 
ә) дамытушылық: сана –сезімдерін,ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, оқушыларды ой еркіндігіне баулу. 
б) тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адалдыққа тәрбиелеу. 
Түрі:тарих, география пәндерімен кіріктірілген, аралас сабақ. 
Әдісі: Сұрақ-жауап, салыстырмалы-зерттеу әдісі. 
Көрнекілігі интерактивті тақта, слайдтар, Сәкеннің портреті, карточкалар, Қазақстанның картасы, қамшы. 
Барысы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты алдан- ала төрт топқа бөліп отырғызамын. Түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру. 

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақ бастамас бұрын С. Сейфуллиннің « Тау ішінде» әнін тыңдатқызамын. Ән тыңдап болған соң балалардан қандай тақырыпта айтылғандығын сұраймын. Сәкен тек реалист ақын ғана емес, ол- лирик ақын. Махаббат, табиғат тақырыбына да арнаған туындылары жетерлік. Сәкенді жан- жақты ақын, жазушы, зерттеуші еткен сол заман, сол кездегі қоғам. Ендеше Сәкенді ойшыл ақын еткен дәуір қандай болды екен? Көкшетау поемасы дүниеге келіп жатқан кез қандай кез? Тарихта ол кезеңдер қандай оқиғасымен қалды? Бұл сұрақтарға тарих пәнінің мұғалімі Төлеуқоңыр Алмас Жеңісбекұлы жауап береді. 
Алмас Жеңісбекұлы: Сәкеннің өмір сүрген кезеңі Қазақстан тарихының қиын да, күрделі уақытына тап келді. Балалық шағы қазақ елінің патшалық Ресейдің отары болуымен тұспа- тұс уақытта өтті. 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясы, одан кейін Қазан төңкерісі яғни Қос өкіметтің орнауы, Сәкеннің саясатқа араласуы, Кеңес өкіметін қолдап, түпкілікті жеңуіне ат салысуы, осы кездегі тарихи оқиғалар өзінің « Тар жол тайғақ кешу» романында жақсы көрсетілген. 
1918 -1920 ж.ж Азамат соғысы Кеңес үкіметінің ұжымдастыру, индустрияландыру саясатын жүргізуі, 1931-33 ж.ж ашаршылық, 1937-38 ж.ж Кеңестік жаппай лаңкестік жазалау- осының бәрін басынан кешірді 
Міне, балалар, өткен сабақта өмірінен мәлімет алғанда тарихи кезеңдерінен біраз мағлұмат алғанбыз. Енді Сәкен өзінің ең үздік шығармаларының біріне тақырып етіп алған Көқшетау елді мекені турулы географмя пәнінің мұғалімі Арынова Динара Қасымханқызы мәлімет береді. 
Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы, республикамыздағы өнеркәсіпті орталықтардың бірі. Өнеркәсіптің басты орындары машина жасау , тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарын шығаруға маманданған. 
Ірі кәсіпорындардан таразы шығаратынмеханикалық зауыт, Көкшетау автомабиль жөндеу зауыты, үй құрылысы комбинаты, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін ет комбинаты, сүт, балық зауыттары, тігін және кереует фабрикалары бар. 
Қала 1824 ж. құрылған . бүгінгі таңда қалаада тоқыма және өнеркәсіптік бірқатар басқа да салалары жұмыс істейді. Жеке бизнес пен кәсіпкерлік ісі қарқынды дамуда. Қала халқының саны 2006 жылдың 1 қаңтарында шамамен , 140 мың адам болды. 
Көкшетау қаласы облыстың мәдени орталығы болыптабылады., онда орыс драмалық театры, Ш. Құсайынов атындағы музыка- драма театры жұмыс істейді. Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин мұражайы және т.б. бар. 
Әдебиет пәнінің мұғалімі: 
. Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл кезең советтік өмірдің ең бір белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма ҚазААП-тың сынағына көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың,өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды.Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді. 
Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады. 
Поэманың ең негізгі арқауы- қалмақ қызы мен Адақ батыр арасындағы сюжет.жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір- қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды. Поэманың мазмұнын өздеріңе оқып, танысып келу тапсырылған, оқып келсеңдер қысқаша шолу жасап шығайық. 
1-тапсырма. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. 
І топ тапсырмасы: Сәкен- табиғатты суреттеуші. Ақын неге «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» аңызыдарын поэманың негізгі арқауы етіп алды? Ақынның мақсаты не? 
ІІ топ тапсырмасы: поэмада басқыншылық саясатының әшкереленуі. Қара күшке қарсы сұлулық, адамдық, ақыл, тапқырлық, таза махаббат, шынайы ерліктің жырлануы қалай суреттеледі?. 
ІІІ топ тапсырмасы: поэманың бас кейіпкері қалмақ қызы. Ол- махаббат, шынайы достық, адамгершілік символы. Адақ- халықтың жиынтық образы. Әділдіктің, адалдықтың , ер жүректіліктің, нағыз батырлықтың символы екенін дәлелдеңдер. 
.ІV топ тапсырмасы: Көкше өңірінің сал- серілері, әнші- ақындары қалай жырланады? Ақынның туған жерге деген махаббаты қалай көрінеді? 
2- тапсырма.Шығармашылық тапсырма: «Сәкенмен сырласу» әр топ Сәкенге өз наздарын, бүгінгі күн мәселелерін айтып шағым жасайды. 
Қорытындылау: біз бүгін қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы, қазақтың сөз өнерінің асау тұлпары, сыршылдығымен, сымбаттылығымен алаш жұртының жүрегінен орын алған Сәкен Сейфоллаұлының ең үздік шығармасы «Көкшетау» поэмасымен таныстық. Тақырыбы, идеясына, басты кейіпкерлерге мінездеме жасадық. Поэманың құндылығы неде? Сәкеннің ең үздік шығармасы дегенге келісесіңдер ме? Сұрақтар қоя отырып өздеріне қорытындылату. 
Үйге тапсырма: Поэмадан көркемдегіш құралдарды табу, талдау. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ «КҮЙШІ»ПОЭМАСЫ 

Сабақтың мақсаты: білімділік -Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы толық мағлұмат беру; дамытушылық- өз бетінше іздену,талдау машықтарын қалыптастыру; тәрбиелік- өнерді құрметтеуге,оны түсіне,түйсіне білуге тәрбиелеу; 
Сабақ типі: жаңа білім меңгерту; Сабақ әдісі:іздену,ой қорыту,баяндау Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд,сызбалар; Пәнаралық байланыс: ән-күй өнері 

Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу Сабақтың мақсатын анықтау
«Қызығушылықты ояту»кезеңі Ілияс Жансүгіров 1894 жылы қазіргіТалдықорған облысы,Ақсу ауданында (бұрынғы Қапал уезі,Ақсу болысы) дүниеге келген. Қызметі: ақын,жазушы,драматург,публицист,аудармашы,өнер зерттеушісі,«Сөз Құлагері»,«Өнер жаршысы»,«Күй жаршысы»атанған қоғам қайраткері. (Слайд көрсету) 

Сабақтың эпиграфы: «Ілияс Жансүгіров -қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп күні бүгінге дейін үлгі шашып дәстүр жасаған қайраткер» Тұрсынбек Кәкішов 


«Мағынаны тану» кезеңі Үй тапсырмасына ақын өмірі мен шығармашылық қызметін қосымша оқып келу берілген болатын. (Сынып оқушылары 8 ж
ұпқа бөлініп жұмыс жасайды) «Ізденуші» тобы ақын өмірбаянына қысқаша тоқталады. «Баяндаушы» тобы ақын «Күйші»поэмасы мазмұнын баяндайды. «Сілтеме табушы» тобы поэма бойынша ең қызық жерін әңгімелейді. «Із қуушы» тобы кейіпкерлерге мінездеме береді. «Сөзтапқыш» тобы поэмадан көркемдегіш құралдарды табады. «Дәнекер» тобы шығарманы өмірмен байланыстырып,талдайды. «Сұрақ қоюшы» тобы шығарма негізінде сұрақтар қояды. «Бейнелеуші- суретші» тобы оқиға желісі бойынша сурет салып,қорғайды. 

«Ойтолғаныс» кезеңі
 
Оқушыларға Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»күйін тыңдату. 
«Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй...»тақырыбында эссе жазғызу.
Сабақты бекіту.Семантикалық карта арқылы бекітіліп,жаңа сабақ бойынша пікірлерін білу. 

Ілияс поэмасы 
Поэманың негізгі тақырыбы Поэма туралы пікірің Сенің сабақтан алған әсерің 

Бағалау кезеңі

Әр оқушыға бағалау парағы сабақ басында таратылып,сол бойынша бағаланып,қорытындысы шығарылады. 
№ Оқушының аты-жөні 
Тапсырманы 
орындауы

 Сыныптағы белсенділігі

Қойылған баға

Қорытынды баға 

Үй тапсырмасы: Ілияс Жансүгіровтың «Күйші»поэмасынан үзінді жаттау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработки уроков по казахской литературе в 11 классе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру. Тәрбиелілік: Ахмет Байтұрсыновтың адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу. Дамытушылық: Ой - өрісін, таным қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Түрі: ізденіс сабақ Әдісі: сұрақ - жауап, кесте толтыру, мәтінмен жұмыс Көрнекіліктер: Ахмет Байтұрсыновтың суреті, шығармалар жинағы, кестелер, схемалар, интерактивті тақта, түрлі карточкалар, т. б. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру II. Үй тапсырмасын тексеру, үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар қою. 1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы тарихи - әлеуметтік жағдай қандай болды? 2. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан өкілдер кімдер? Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. 3. Әдебиеттің жанрларының жаңа түрлерін атаңдар, негізін салушылар кімдер? III. Жаңа сабақ түсіндіру.(тиісті жауап алғаннан кейін жаңа сабақ бастаймыз.) Оқушыларға Ахметтің өмірі мен шығармашылығын слайд бойынша түсіндіру. IV. Іздендіру кезеңі (Жаңа сабақты оқушыларға мынадай кестенің үлгісін бере отырып, кітаппен жұмыс істете отырып, толтыртамын.)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.09.2014 1629
    • DOCX 54.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Раймбекова Гульжахан Боранбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72464
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 689 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек