Тіл дамыту для даярлық тобы.

Найдено 67 материалов по теме

Даярлық тобы тіл дамыту

    DOCX

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы:Балалардың аты- жөні,мекен- жайы,отбасы туралы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Баланың өзінің аты-жөні, мекен-жайы, отбасы,туған жерітуралы айтуға үйрету.

Дамытушылық: ойларын тиянақты жеткізуді, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Үлкендерді құрметтеуге, бірін бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың Түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап,әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:сурет

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен мандасу,сабаққа дайындығын тексеру;

Психологиялық ахуал:

-Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.

 Қайырлы таң деп айтамыз,

Бір болып қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

-Жарайсыңдар,осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызды бастаймыз.  Орнымызға отырайық.

Жаңа сабақ

-Балалар, сендер қызыл телпекті білесіңдер ме?

Ол қызыл телпек ертегісінің кейіпкері.

-Балалар, бүгін бізге қонаққа Қызыл телпек келіп отыр. Қызыл телпек бірінші сендермен танысып алғысы келеді.

-Балалар танысамыз ба?

 -Сенің атын кім?(барлық бала жауап береді)

Балалардың сұрақтарға толық жауап беруін қадағалау.

-Қызыл телпек енді сендердің неше жаста екендерінді сұрағысы келеді.                                 

-Ал,қанеки кім нешеде екенін айтқысы келеді?

-Сен нешедесің?

-Туған күнің қашан?

­-Қай айда туған күнің?

   Жақсы балалар,бәрін біледі екенсіндер!

-Балалар,ал сендер кімдермен бірге тұрасыңдар?

 Әке –шешелеріңмен тұрасындар.

-Әкеннің аты кім?

-Анаңның аты кім?

-Ата –анаң қайда жұмыс істейді?

-Кім болып істейді?

Балалар,қызыл телпек сендердің жастарыңды, аттарыңды, кімдермен тұратындарыңды  біліп алды. Жақсы.

-Еңді бәріміз тақтадағы суретке қарайық. Суретте кімдердің суреті берілген?

-Иә,дұрыс отбасының суреті берілген.

 

-Бұл отбасында неше адам бар?

-Отбасына кімдер кіреді?

-Дұрыс,ата,апа,әке,ана және балалары.

-Ал,сендердің отбасыларында неше адам бар?

-Сенің аған бар ма? –әпкен ше?

 -Балалар,енді кім Қызыл телпекке өз отбасы жайлы әңгімелеп  беремін   дейді?

-Жарайсыңдар,балалар сеңдердің отбасы жайлы әңгімелерін Қызыл телпекке ұнап қалды..

Сергіту сәті

-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық

-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

-Жақсы, балалар, отырыңдар. Балдырғандар, Қызыл телпек сендердің де үйлеріңе қонаққа барып қалуы мүмкін. Ол үшін сендердің мекен- жайларыңды біліп алғысы келеді. Сондықтан оны ренжітпей сұрақтарына толықтай жауап береміз.

-Қонағымызға қайда тұратынымызды айтамыз ба?

-Сен қайда тұрасың?

-Сен қай көшеде тұратыныңды білесің бе? Көшенің аты қалай?

-Сен тұратын үй қандай? Көп қабатты ма, әлде жер үй ме?

(Балалардың жауабы тыңдалады.)

-Жақсы, тамаша балақайлар. Енді Қызыл телпек сендер жайлы бәрін білетін болды. Ол бізге  жиі қонаққа келіп тұрады.

Ойын ойнату

-Қане, барлығымыз ойын ойнайықшы.

«Бірдей түсті қолғаптар мен бас киімдерді сызықша арқылы қосу»

-Ал, кім тақтаға шығып қосамын дейді? Керемет, жарайсыңдар!ойынды бәріміз жақсы ойнадық.

Қорытынды

-Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік? Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Балақайлар бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға да тамаша жауап бердіңдер. Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

 

 

Краткое описание материала

Сабақтың тақырыбы:Балалардың аты- жөні,мекен- жайы,отбасы туралы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Баланың өзінің аты-жөні, мекен-жайы, отбасы,туған жерітуралы айтуға үйрету. Дамытушылық: ойларын тиянақты жеткізуді, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:Үлкендерді құрметтеуге, бірін бірі тыңдай білуге тәрбиелеу. Сабақтың Түрі: дәстүрлі емес Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап,әңгімелеу, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі:сурет Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі, Психологиялық ахуал,  Жаңа сабақ, Сергіту сәті,  Ойын ойнату, қорытындыдыан тұрады.  

Даярлық тобы тіл дамыту

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Есимова Маржан Орымбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 139141
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 25
  • 139141
    просмотров
  • 25
    материалов
  • 0
    подписчиков

Об авторе

Мен 1990 жылы 17-желтоқсанда Жакайбаевтар отбасында дүниеге келдім. Балаларды тіркеу тізімінде жүзінші болып кезекте тіркеліппін. Балалық шағым Қымызынай ауылында өтті. Мен Орта буынға ауысқан уақытымда Бурабай кентіне қоныс аудардым.Оныншы сыныпты бітіргеннен кейін Щучье қаласынның педагогикалық колледжіне оқуға түстім. Оқуды үздік оқуға және колледж қабырғасында белсенді,үлгілі студент болуға тырыстым. Бар алдыма қойған мақсатым сол болған еді. Соңғы курсты аяқтар кезде дипломалды іс-тәжірибемді Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде өткіздім. Практикадан кейін колледжге оралғанымда портфолио тапсыру талап етілді. Мен өз жұмысым бойынша портфолиомды тапсырдым. Сөйтіп "Ең үздік жыл іс-тәжірибеші" деген атаққа ие болып, гран при жүлдесін алдым. Содаң соң мемлекеттік емтихандарды кілең үздікке тапсырып, колледжді қызыл, яғни үздікке тәмамдадым. Дипломымды ала салып,Осы мектепке жұмысқа орналастым.Сырттай жоғары оқу орнына түсіп, оны да бітірдім. Сөйтіп ұстаздық еңбек жолымды бастап кеттім.Қазір екінші санатты ұстазбын және үшінші сынып жетекшісімін.

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Есимова Маржан Орымбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: