334706
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокШкольному психологуКонспектыОрында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің.

Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің.

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

http://sabak.ucoz.org/load/2-1-0-223


Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының психологиялық - педагогикалық

түзеу кабинеті. Мұғалім-тәрбиеші Кубаева Айкерім Жеңісқызы

Тақырыбы: Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің.

Мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс жүзінде

асыра білуге үйрету. Ситуациялық сұрақтар арқылы ойларын

дамыту.

Көрнекілігі: Бағдаршам макеті, нақыл сөздер.

Барысы:

а) Кіріспе:

Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат – арба, пәуеске кезінде – ақ талпыныс жасалған еді. Ат айдаушы жақсы көрінуі үшін салт мінуі керек болды. 1730 жылы жаңа указ болып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды. «Кімде – кім тәртіп бұзатын болса, жазаланады» делінді.

1812 жылы жаңа ережеде оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, нөмірлік белгілер қойылды.

1968 жылы Венада өткен жолда жүру туралы халықаралық конференцияда «Жолда жүру туралы конвенция» қабылданды. Осы құжат негізінде «Жолда жүру ережесі» жасалды. 1973 жылы күшіне енді.

б) Сұрақ – жауап:

1.Өмірімізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? (Бағдаршам)

2.Көше қиылыстарынан қалай өту керек? (Мысал келтіру)

3.Қанша жасқа дейін көшеде велосипедпен жүруге болмайды? (14 жасқа дейін)

4.Көше қиылысы деген не. Ол не себептен қауіпті?

5.Бағдаршам болмаса көшенің екінші бетіне қалай өтеміз? (Алдымен сол жағымызға 6.қараймыз, жолдың ортасына жеткенде оң жағымызға қараймыз)

7.Балалар қай жерлерде ойнау керек? (Арнайы алаңдарда)

8.Көлік күткенде қай жерде тұру керек? (Арнайы аялдамада)

9.Тротуар деген не? (Жаяу жүргіншінің жолы)

10.Біздің адал досымыз не? Оның әрбір түсін түсіндір.

11.«STOP» белгісі нені білдіреді?

в) Жұмбақтар.

а) Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)

Үзеңгісін тептім

б) Зымырап кеттім (Велосипед)

Төрт аяғы дөңгелек,

в) Адамсыз ол жүрмейді (Машина)

Өзі тым күшті

г) Аяғы тісті

Ілезде тындырады

Қыруар істі (Трактор)

г) Өлеңдер

1. Ұмытпа жүру тәртібін,

Ойыншық көрмей сен оны.

Құриетпен қара, жарқыным,

Қызыл шам жанса от болып.

Өтуге жолдың жоқтығы,

Егер ол жанса көк болып,

Өтесің сонда, ұқ мұны.

2. «Чайка», «Волга», «Жигули»,

Ертемен «Автомашина».

Жұмыстан елді бөгемей,

Тасиды тауар асыға.

3.Қамтып балабақшасын,

Магазинге жеткізу.

Нан, май, жеміс, басқасын,

Тың астығын тасиды,

Терезеден жол соғып Элеваторға тасиды.

4. Құмырсқадай құжынап ,

Зулап жатсын машина.

Жол тәртібін біл бірақ,

Білмесе, үйрет досыңа.

5. Тротуармен өтерде,

Оңға, солға қарағын.

Далаң қақпай бекерге,

Тап қауіпсіз аралын.

6. Алды – артыңды мұқият,

Байқап алып, сосын өт.

Асығам деп шұқырап,

Тартып жүрме қасірет.

7. Ысқырықты тыңдамай,

Мұса шапты доп қуып.

Машинаға жазған – ай,

Ұшып түсті соқтығып.

8. Мейлі автобус, трамвай,

Жетем деме қуалай.

Жүр есіңнен шығармай,

Жасама іс ойланбай.

9. Тентектігін қоймаған,

Жаман әдет бас тігіп.

Жол үстінде ойнаған,

Әпермейді жақсылық.

10.Бағдаршам жанса қызыл боп,

Өтуге жолдан болмайды.

Егер ол жанса көк болып,

«Өт» деп сені қолдайды.

д) Қорытынды.

  1. Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін алатын орны қандай?

Бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.

  1. Бағдаршамның неше түрі болады?

Бағдаршам бір немесе екі - үш бөліктен құралған қосымша көрсеткіштермен беріледі. Олар тік немесе көлденең қалыпта орналасады.

  1. Бағдаршам жарықтығының қызметін айтып бере аласың ба?

- Бағдаршамның жасыл жарығы жанса, жүруге рұқсат етіледі, сары жарығы жанса, жүруге дайындалу керек, қызыл жарық жүруге тыйым салады.

  1. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгімен реттеледі?

- Арнайы бағанаға орнатылған жасыл – қызыл түсті «жүріңіз»,

«тұрыңыз» дегенді білдіретін адам кейпіндегі көрнекі белгілермен реттеледі.


Өмір – сыйлық. Өмір – жарық. Өмір – сәуле. Осы нұрлы әлемді әсем гүлді баққа айналдырып, жан дүниесін қуанышқа бөлеу - әрбір азаматтың парызы. Жол тәртібін әрдайым орындап жүрсеңіз, қиыншылыққа тап келмейсіз.

Ендеше, үнемі жолдарыңыз болсын! – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.









Краткое описание документа:
Батыс Қазақстан облысы  Жәнібек ауданының психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті.            Мұғалім-тәрбиеші  Кубаева  Айкерім  Жеңісқызы Тақырыбы: Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің. Мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс жүзінде                    асыра білуге үйрету. Ситуациялық сұрақтар арқылы ойларын                    дамыту. Көрнекілігі: Бағдаршам макеті, нақыл сөздер.                    Барысы: а) Кіріспе:             Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат – арба, пәуеске кезінде – ақ талпыныс жасалған еді. Ат айдаушы жақсы көрінуі үшін салт мінуі керек болды. 1730 жылы жаңа указ болып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды. «Кімде – кім тәртіп бұзатын болса, жазаланады» делінді.             1812 жылы жаңа ережеде оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, нөмірлік белгілер қойылды.             1968 жылы Венада өткен жолда жүру туралы халықаралық конференцияда «Жолда жүру туралы конвенция» қабылданды. Осы құжат негізінде «Жолда жүру ережесі» жасалды. 1973 жылы күшіне енді.
Общая информация

Номер материала: 180468091946

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-психолога в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Организация работы по профилактике суицидального поведения подростков»
Курс повышения квалификации «Профессиональная этика в психолого-педагогической деятельности»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическое сопровождение при подготовке к конкурсам профмастерства WorldSkills Russia»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Обучение без стресса. Психосоматика»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическое сопровождение детей с синдромом дефицита внимания и гиперактивности (СДВГ)»
Курс повышения квалификации «Способы психокоррекции и профилактики в реалиях современного мира»
Курс повышения квалификации «Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.