Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Конспекты / Таным белестері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Таным белестері

библиотека
материалов

Өзін-өзі тану сабағының жоспары 
Мектебі: Талшық орта мектебі Мерзімі: Сабақ 1
Тақырыбы: Таным белестері
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер:  өзіне-өзі сенімділік, ұстамдылық, өзін-өзі құрметтеу
Педагог: Кажмуратова Айжан Бахытжановна
Сынып: 10 «А» Оқушылар саны: 12

Мақсаты: оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы, ішкі тыныштық сақтауды қалыптастыру отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.

Міндеттері: 

- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін ұғындыру.

- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін дамыту

- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін екендігін ұғындыру.

Ресурстар: (инструментарии, мағлұматтар)

оқулық, инт.тақта, «Өміріңе немқұрайлы қарама» әні

Сабақ барысы:

Ұйымдастырушылық кезең

1.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзді ашуға болады.

2. Үй жұмысын тексеру

«Жаз» тақырыбына әңгімелесу

Сабақ барысын талдау:



3. Дәйексөз

Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың.

Иоганн Гете

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Өзін-өзі қалай тануға болады?

4.Әңгімелесу Н.Р.Күнхожаевтың «Өмірлік бағыт» атты мақаласы

Адамда саналы түрде қалыптасқан өмірлік бағыт оның әлемді, өмірді, өзін-өзі тұтас түсінуіне байланысты. Өмірлік бағыт адамның іс-әрекетінен, өмірге берген бағасынан көрінеді. Адамның өмірлік бағытының негізгі сипаты – оның белсенділік дәрежесі. Өзін-өзі тануда, өзін-өзін жетілдіруде, өмірде және қоғамда өзорныңды табуда әркімнің белсенділігі алға шығады. Жақсылық үшін, адам игілігі үшін жасалған белсенділік маңызды деп саналады.

Адамның өмірлік бағыты оның өмір бейнесінен көрінеді. Адамдардың өмір бейнесі, салты олар өмір сүріп отырған қоғамның материалдық, рухани және мәдени дәрежесімен анықталады. Сондықтан аадм өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты. Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа алсаңдар дұрыс болады:

  • Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре біліңдер;

  • Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;

  • Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;

  • Адамның әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз;

  • Ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;

  • Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз, алыңыз, ал жамандығына ренжімеңіз.

Сөйтіп, өмірлік бағыт дегеніміз әркімнің өз өмірлік жолын таңдауға әкеледі.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Мәтін не туралы?

  2. Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  3. Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?



5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс

Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар.

  • Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді.



6. Топтық ән айту.

«Өміріңе немқұрайлы қарама» Дәрібаевтар


7. Үй жұмысы. №2 сабақ

Б.Әлжақсыұлының «Тоғыз жауың тағы бар...» өлеңін оқу


8. Соңғы тыныштық сәті. ♪ 
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.




Краткое описание документа:

Мақсаты: оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы, ішкі тыныштық сақтауды қалыптастыру  отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру. Міндеттері:  - оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін ұғындыру. - оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін дамыту - оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін екендігін ұғындыру.
Автор
Дата добавления 21.09.2014
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Конспекты
Просмотров4942
Номер материала 182366092102
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх