Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Lesson study
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Lesson study

библиотека
материалов

Lesson Study бойынша рефлексия





Біз қазақ тілі пәні бойынша «Зат есімнің түрлері» тақырыбына сабақты жоспарлағанда міндетті түрде оның мақсаты мен оған жету жолдарын көрсеттік. Менің ойымша,сабақтың мақсатынсыз іс-әрекет нәтижелі бола алмайды. Осы сабақты өткізген кезде ең өзекті мәселесі барлық сынып оқушыларының сабаққа ынтамен қатысып ,білім ,білік, дағдыларын жетілдіре білді. Оқушылардың білім деңгейінің өсуіне, дамуына берілген тапсырмалар сай болды. Ынталандыру тәсілдері сабақты топпен, жұппен бірлесе құрғанда ескеріліп ,жүзеге асты деп ойлаймын. Себебі, зерттеуге алынған оқушылар, сабақта өзінің нәтижелерін көрсете алды. Сабақтың үстінде баланың әр түрлі топта өзін ұстауы, еркін сезінуі зерттелді. Сынып оқушыларының картасын сынып жетекшілері жасады. Соған сәйкес А В С деңгей оқушылары таңдалды. Сол оқушылардың деңгейі сәйкес күтілетін нәтижелер белгіленді. Сабаққа қажетті көрнекіліктерді топ мұғалімдері бірлесе отырып дайындады. Зерттеу барысында әр мұғалімнің атқаратын функциясы белгіленді. Сыныптың өзінің іс-әрекеті алдын-ала болжаулар жасалып талданды.

3 «А» сыныбында өткен сабақта оқушыларға жұппен, топпен, жеке жұмыс түрлері ұсынылды. Оқушылардың әсіресе жұппен жақсы жұмыс жасайтыны анықталды. Тапсырмалар жас ерекшіліктеріне сай таңдалды. А және В деңгей оқушылары алдын-ала бақылаушылар белгіленген күтілетін нәтижені толық көрсете алды. Яғни күтілетін нәтиже дұрыс жоспарланды. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы артты. Топта бір-бірімен пікір алмасып, толықтырылды. Қателерін тауып түзетті. Бағалау кезеңінде оқушылар топ мүшелерін, өздеріне нақты бағалап, өз ойларын еркін жеткізді. Сабақтың жағымсыз сәттері жайлы айтсам сабақ толық мақсатына жетпеді. Себебі кейбір тапсырмалар қиындау болды. С деңгей оқушыларына тапсырма дұрыс құрылмады. Тапсырмалардың берілуі нақты болмады. 3 «А» сыныбын да өткізілген сабаққа топ мұғалімдері талдау жасап өз ойларын ортаға салды. Келесі сыныпқа арнап сабақ жоспарлағанда сабақ барысында қойылатын сұрақтарды дұрыс құрастыру, сынып оқушыларының картасын жасау, С деңгей оқушыларының тапсырмасын өзгерту, уақытты тиімді қолдануды жоспарлау көзделді.

Екінші сабақта өткен сабақтың кемшіліктері жақсы толықтырылды. АКТ тиімді қолданылды, көрнекіліктер сабаққа сай болды. Кемшілігі АВС деңгей оқушылары дұрыс анықталып таңдалмаған. Кейбір оқушылар өздерін тым жоғары бағалады, ал кейбір балалар өздеріне нақты баға бере алды.Сонымен бірге «неге осындай баға бердің?» деп сұрағанда өз ойларын жете түсіндіре алды. Тапсырмалар уақыты шектеулі болғандықтан, топпен жұмыс жарыс сабағы сияқты,сондықтан балалар өздерін жауапкершілікпен ұстап бір-біріне көмек көрсете алды. С деңгейдегі оқушыға басқа А,В деңгейдегі оқушылар көмек қолын созып оған тапсырманы уақытымен бітіруіне мүмкіндік жасады.Тапсырма сұрақтары әлі де дұрыс құрылмағандығын байқадық. Келесі сабақтарды топ ережелерін балаларға нақты құру керек. Сабақтың әр кезеңінде оқушыларды бағалап отыру қажет.

Білімді көтерудің ең тиімді жолы сабақты әр түрлі жұмыс түрлерімен жүргізу. Жеке жұмыс әр баланы қадағалауға мүмкіндік береді, ал топтық жұмыс кейбір балалардың лидерлік қабілеттерін шыңдайды және алуан түрлі жұмысты орындауға жағдай туғызады.Жұптық жұмыс балалардың бірлесе ,ақылдаса ,бірін-бірі толықтыра әрекет қылуына әсер етеді деп ойлаймын.Оқытудың жеті модулін қолдану әрине, оқушылардың терең ойлануына, жан-жақты білім алуына әсерін тигізеді.Жұмыстың әр түрлі формасы да оқушылардың ойлануына мүмкіндік береді. Сабақты өткізгеннен кейін талдап , талқылап әр мұғалім өз ой елегінен өткізіп кеткен қателіктерді келесі сабақтарда ескере отырып, сабақ жоспарын жетілдіріп, барынша жан-жақты талқылау үлкен жетістіктерге алып келеді деген ойдамын. Жүргізілген сабақтарда бағалаудың екі түрі де ескерілді. Әр топ өз жұмыстарына сабақтың әр кезеңінде баға беріп отырды. Сонымен қатар, сабақ соңында да өз жұмысын бағалады. Бұл жұмыс оқушыларды өзіне баға қоюға, басқалардың жұмысымен салыстыру жүргізуге, өзінің жетістігін көруге, кемшілігін жоюға көмектеседі.





Бастауыш сынып мұғалімі: Батталова А.С.































Краткое описание документа:

Біз қазақ тілі пәні бойынша «Зат есімнің түрлері» тақырыбына сабақты жоспарлағанда міндетті түрде оның мақсаты мен оған жету жолдарын көрсеттік. Менің ойымша,сабақтың  мақсатынсыз іс-әрекет нәтижелі бола алмайды.  Осы сабақты өткізген кезде ең өзекті мәселесі барлық  сынып  оқушыларының сабаққа ынтамен қатысып ,білім ,білік, дағдыларын жетілдіре білді. Оқушылардың білім деңгейінің өсуіне, дамуына берілген тапсырмалар сай болды. Ынталандыру тәсілдері сабақты топпен, жұппен бірлесе құрғанда ескеріліп ,жүзеге асты деп ойлаймын. Себебі, зерттеуге алынған оқушылар, сабақта өзінің нәтижелерін көрсете алды. Сабақтың үстінде баланың әр түрлі топта өзін ұстауы, еркін сезінуі зерттелді. Сынып оқушыларының картасын сынып жетекшілері жасады. Соған сәйкес А В С деңгей оқушылары таңдалды.
Автор
Дата добавления 26.09.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров465
Номер материала 185511092636
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх