Инфоурок Музыка Другие методич. материалыМектептегі дарындылықты дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және іске асыру жолдары.

Мектептегі дарындылықты дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және іске асыру жолдары.

Скачать материал

                                            

Мектептегі дарындылықты дамыту жұмыстарын ұйымдастыру

және іске асыру жолдары.

          Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелері енгізіліп отыр. Жас жеткіншектің бойындағы ерекше қабілетті, дарындылықты анықтау, оқыту, дамуына бағыт-бағдар беріп қолдау-ерекше қиын іс, ұстаз парызы. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеуде мынадай кезеңдерді анықтады:

·        Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;

·        Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;

·        Игерілген нәтижелерді бақылау.

         Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған бағыттарында көрсетілгендей:  

·        Ғылыми - зерттеушілікті қамтамасыз ету;

·        Білім мазмұны: стандарттар, оқу жоспарлары, бағдарламалар

·        Білім беру үдерісіндегі оқу – әдістемелік қамтамасыз ету;

·        Оқушылардың білім сапасын бағалау мен мониторинг жүйесі;

·        Қосымша білім беру жүйесін ұйымдастыру мен мектептің материалдық – техникалық базасын нығайту;

Осыған орай мектебімізде дарынды оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынадай жұмыстар атқарылуда: Осындай жағдайда маңызды шара – оқушылардың ғылыми қоғамын (ОҒҚ) ұйымдастыру. Оқушылардың ғылыми қоғамы «Жаңа ғасыр дарыны» – бұл ғылыми зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге арналған өз интеллектісін дамытуға талаптанған оқушы жастардың ерікті шығармашылық бірлестігі.

   Оқушылардың ғылыми қоғамы өз құрамына жеке секциялар, ғылыми үйірмелер, клубтар және ғылымның әр түрлі бағытындағы қоғамдарды енгізе алады.

Қабілеттерін дамыту үшін интеллектуалды ойындарға, пән олимпиадаларына, ғылыми жоба жарыстарына, әдеби салонға, спорттық жарыстарға, оқу-танымдық, өнер сайыстарына  қатыстыру, экология клубына, кітапхана қызметіне, «өзін-өзі басқару» жұмыстарына  ақпараттық технология арқылы олимпиада, байқауларда белсенділік танытып жүр. Мұндай жетістікке жетудің тағы да бір оңтайлы жағы ол -  ЖОО орындарымен, колледждермен байланыс жасау, көрмелер, мұражайға жорықтар, дөңгелек үстел, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру, БАҚ-да мақала жариялау.

         Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін азамат қалыптастыру. Оларға  бәсекелестік пен көшбасшылық сияқты қасиеттер тән, сондықтан да олар түрлі байқаулар, олимпиадалар, ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтсақ: қалалық пән олимпиадасына 45 оқушы қатысып, 38 оқушы 1,2,3-орындарға ие болып, 9 оқушы облыстық олимпиадаға жолдама алып, 2,3-орындарға қол жеткізді. Облыстық ғылыми жоба жарысында 6 оқушы жүлделі орындар иеленсе, 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» IX республикалық конкурсы (облыстық кезең) 13 оқушы 1,2,3-орындар алса, республикада «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен жарыста  экология бағыты бойынша 3Б, 5Ә сынып оқушылары Есенғалды Әліби мен Есенғалды Ақерке (сертификат), математика бағыты бойынша 6В сынып оқушысы Несипбаева Алуа ІV орын иеленді. Облыстық кіші ғылым академиясына 7Ә сынып оқушысы Орынбасарова Шұғыла қазақ тілі секциясы бойынша шығармашылық жұмысын қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен, Мурзабекова Лаура орыс тілі бағытында қорғаған жұмысы «үздік» деп танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп оқушылары бұдан басқа жаз айында «Innovation» халықаралық ғылыми-оқу орталығы ұйымдастырған «Маралсай» оқу-сауықтыру лагерінде әрі демалып әрі математикалық олимпиадаға қатысып жүлделі орындар алды. 2013-2014 оқу жылында «Шексіз математика»  халықаралық олимпиадаға  әр мезгіл сайын 100-ден астам оқушы қатысып, жүлделі орындар иеленуде:      Кенжеғалым Бақытжан 3-орын, Жолдасбай Жандар 3-орын, Темиров Манас 3-орын, Кенжетаева Аяулым 3-орын, Болатов Әділ 2-орын, Сейтжанов Мәди 3-орын, Мажикен Алихан 2-орын, Бимак Арман 2-орын, 3Б сынып оқушысы Айдархан Қобыланды (І орын), 3Ә сынып оқушысы Әлібаева Мадина (Іорын), 3қола медаль иеленген 4Ә сынып оқушысы Макажанова Камила, 7В сынып оқушысы Үкібай Мейіржан Орынбасарова Шұғыла 3-орын, республикалық ғылыми жоба жарысында 11 А сынып оқушысы Саулеханова Карина 3-орын, 9Ә сынып оқушысы Мақсым Әліби 4-орын иеленсе, сонымен қатар 9-11 сынып оқушылары Х Халықаралық «URFODU-2014» олимпиадасына 2 айналымына қатысып дәрежелі дипломмен марапатталғандар: 9Ә сынып оқушысы Тлеулес Мәди ІІІ дәрежелі диплом (информатика), 10А сынып оқушысы  Абдрахманов Нұрасылжан І дәрежелі диплом (химия), 11А сынып оқушысы Өмірбек Мерей І дәрежелі диплом (математика). Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты Х халықаралық ғылыми жарысына қатысқан  11А сынып оқушылары Саулеханова Карина, Джаханова Жамиля жоба қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы білім беретін №15 орта мектепте дәстүрге айналған «Зияткерлер – ұлт болашағы» атты 6 - форум өтті. Форумның мақсаты: барлық пәндерден үздік шығып, әр түрлі пән олимпиадалары, ғылыми жарыстарда, байқауларда оза шыққан оқушыларды анықтау. Бұл іс-шараға мектептің ұстаздар қауымы, оқушылары және «Таңшуақ» шағын орталығының тәрбиеленуші бүлдіршіндері қатысты. Өйткені Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламсын іске асыруда баланы 3 жастан бастап мектеп қабырғасындағы балаларға дейін қарым-қабілетін шыңдап, еңбектерін бағалап, басқаларға үлгі ету.

Форумды мектеп басшысы Қарлығаш Шәкәрімқызы Дүбірбекова оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, сондай-ақ, жыл бойы пән олимпиадалары, ғылыми жарыстар, әртүрлі байқауларда үлкен жетістікке жеткендіктерін мақтанышпен атап өтті. Сөзінің дәлелі ретінде сол күні келіп жеткен «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми – практикалық орталығының  басшысы А.Әбішевтің: «Оқушылардың ғылыми білімін анықтау, ғылыми-зерттеу және оқу – танымдылығын арттыруға қосқан үлесі үшін»  № 15 орта мектебі марапатталғанын үлкен қуаныш сезіммен жеткізді.

Жас ұрпақтың бойына ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіре отырып, өз кәсіби білімін жетілдіруде оқу семинарлары, форум, байқауларға қатысып жүрген жас мамандарымыз «Жаңа есім» номинациясымен мектеп директорының дипломымен марапатталды. Форумның келесі кезеңінде облыстық, республикалық ғылыми жарыстарда, пән олимпиадаларында, интеллектуалды ойындарда, мәнерлеп оқу сайыстарында  үздік шыққан оқушыларға мақтау қағазы мен сыйлықтар тапсырылды. Ендігі кезекте әр түрлі деңгейдегі білім додасында бақ сынасып,  үздіктердің үздігін анықтайтын сәтте мектеп директоры Қ.Ш.Дүбірбекова бастауыш сатыдан бастап, жоғары буынға дейінгі оқушыларды «Жыл оқушысы» номинациясымен және 5000, 10 000 көлеміндегі шәкіртақы сертификатын табыстады.Ол оқушыларымыз: 4А сынып оқушысы Жолдасбай Жандар, 5А сынып оқушысы Кенжетаева Аяулым, 6В сынып оқушысы Несипбаева Алуа, 7Ә сынып оқушысы Орынбасарова Шұғыла, 8Ә сынып оқушысы Өзбеков Батырхан, 10А сынып оқушысы Нұрасыл Камшат, 11А сынып оқушылары Өмірбек Мерей және Омарова Малика, «Жеңіске талпыныс» номинациясымен 9Ә сынып оқушысы Эскермес Назира. Мектеп басшысы үздік оқушылардың одан әрі үздік нәтиже көрсетуге, тәлімді тәрбие, озық білім алуға деген құлшыныстарын одан әрі қанаттандырып,  ізгі ниетін білдірді  және 11А сынып оқушылары Омарова Малика мен Өмірбек Мерейдің шабыттарын шыңдап,  алдағы үлкен сынақ ҰБТ-ні жоғары деңгейде тапсыруларына тілек білдірді.  

Кіші қадам – үлкен істің бастауы дегендей оқушының шығармашылық қабілетінің ашылуына жағымды ойлардың маңызы зор. Сондықтан еліміздің тұтқасын берік ұстайтын келешегі кемел оқушыларымыздың білім алуға деген құлшыныстарына қанат бітіріп, мерейін үстем ету – әр баланың жүрегіне жол табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектептегі дарындылықты дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және іске асыру жолдары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелері енгізіліп отыр. Жас жеткіншектің бойындағы ерекше қабілетті, дарындылықты анықтау, оқыту, дамуына бағыт-бағдар беріп қолдау-ерекше қиын іс, ұстаз парызы. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеуде мынадай кезеңдерді анықтады: ·        Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу; ·        Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау; ·        Игерілген нәтижелерді бақылау.          Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған бағыттарында көрсетілгендей:   ·        Ғылыми - зерттеушілікті қамтамасыз ету; ·        Білім мазмұны: стандарттар, оқу жоспарлары, бағдарламалар ·        Білім беру үдерісіндегі оқу – әдістемелік қамтамасыз ету; ·        Оқушылардың білім сапасын бағалау мен мониторинг жүйесі; ·        Қосымша білім беру жүйесін ұйымдастыру мен мектептің материалдық – техникалық базасын нығайту; Осыған орай мектебімізде дарынды оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынадай жұмыстар атқарылуда: Осындай жағдайда маңызды шара – оқушылардың ғылыми қоғамын (ОҒҚ) ұйымдастыру. Оқушылардың ғылыми қоғамы «Жаңа ғасыр дарыны» – бұл ғылыми зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге арналған өз интеллектісін дамытуға талаптанған оқушы жастардың ерікті шығармашылық бірлестігі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 445 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.09.2014 1191
    • DOCX 49.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туяков Еркин Кайырбайулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туяков Еркин Кайырбайулы
    Туяков Еркин Кайырбайулы
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5259
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкально-эстетическое развитие младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 33 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении академическому вокалу

Преподаватель академического вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Педагог музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе