Инфоурок Начальные классы Конспекты«Алтын күз» ертеңгілігі.

«Алтын күз» ертеңгілігі.

Скачать материал

 «Алтын күз» ертеңгілігі.

 

Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, қамқорлыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

 

Тәрбиеші: Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп

Күткен күзім келдің бе?

Сыңсып бағың мәуелеп, – демекші құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, сүйікті балалар! Сіздерді

Сарғайған сағынышқа, сары ала жапыраққа толы,

Жалын атқан жастыққа, сары алтындай астыққа толы,

Селт еткізген сезімге, қауын - қарбыз жүзімге толы,

Таңы нұрлы жаңбырға, бақшасы әсем ән - жырға толы күз мерекесімен құттықтаймыз!

 

Шаттық шеңбері: Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректен

Сөздің бәрі ақ тілек.

 

1 - жүргізуші: Алтын арай нұрға бөлеп жүздерді,

Сары алтындай сұлу көркем күз келді.

Ертеңгілік көрермені біз бүгін,

Мерекемен құттықтаймыз сіздерді.

 

2 - жүргізуші: Көптен күткен жүздестік біз күзбенен,

Қош айтысып кетті құстар бізбенен.

Береке, бірлік, ырыс, бақыт тілеймін,

Бүгінгі күн мерекеде сізге мен!

 

2 жүргізуші шар лақтырады.

1 - жүргізуші: Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

2 - жүргізуші: Алтын күз тойын сіздерге,

Тамаша әнмен бастайық.

 

Ән: «Күз келгенде».

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

– Қазір жылдың күз мезгілі.

– Күз айларын кім атап бере алады?

– Күз айларына: қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады.

– Күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

– Күнтізбе бойынша күз 1 - қыркүйектен басталады. Ал табиғатта күз әр - түрлі уақұытта болады. Ағаш жапырақтары кейде ерте, кейде кеш сарғайып түседі.

– Күз екі мезгілден тұрады. Бірінші мезгіл – қоңыр күз, ағаш жапырағы түсетін мезгіл. Екінші мезгіл – қоңыр күзден қыс басталғанша.

– Күн мен түн тең болып, әрқайсысы 12 сағаттан болады. 23 - қыркүйек күн мен түн теңесу күні. Осыдан кейін түн ұзарып күн қысқара береді.

– Күз өсімдіктердің, кейбір жануарлардың, құстардың қысқы өмірге ауысу, жыл құстарының жылы жаққа ұшып кету мезгілі.

– Күз жеміс - көкөністің пісіп, қамбаның алтын астыққа толатын кезі.

 

Тәрбиеші: Рахмет балалар, сендер күз мезгілі туралы жақсы біледі екенсіңдер.

 

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді!

 

Балалар: Келші күзім ортаға,

Жақсылық әкел баршаға.

 

Күз ханшайымы кіреді: Жақсылық сенен таралар,

Бармысыңдар балалар?

Алтын күзге жиналған,

Армысыз ата - аналар.

 

Қарайды жұрт қарайды,

Алтын күзбін арайлы.

Жеміс - жидек астығыммен,

Қалайды мені қалайды.

 

Тәрбиеші: Жарқырап жүзің,

Хош келдің күзім.

Бақшамыз міне,

Төрге шық қане.

 

Келдің сен жаңа,

Жан - жаққа қара.

Айналаң толған,

Өнерлі бала.

Күз ханшайымы:

Рахмет, рахмет.

Күттің ғой достым келерімді,

Көрсетші қане өнеріңді.

Тәрбиеші:

Айтқандайсың өнер көрсет қане деп,

Біздің балабақшамызда өнер көп.

Күз ханшайымы көңіл қойып қараңыз,

Ұлдарымыз билейді екен мәнерлеп.

 

Би: «Ұлдар биі».

 

6 - бала:

Мерекелер мерекеге ұласып,

Келді міне қоңыр күзім қыр асып.

Жазда кетті күзбен орын ауысып,

Арайландық алтын күзбен қауышып.

7 - бала:

Көктемде гүлдесе,

Ну орманды атырап.

Енді самал үрлесе,

Төгіледі жапырақ.

8 - бала:

Төгіледі жапырақ,

Тамшы тиіп кетсе де.

Құлап түсер қалтырап,

Қанат тиіп өтсе де.

9 - бала:

Шашу алтындай,

Сап - сары ала жапырақ.

Күндіз түні бір тынбай,

Жауып жатыр жапырақ.

 

Күз ханшайымы: Рахмет балалар өнеріңе,

Ризамын өнершіл өреніме.

Ойын: «Алма тасу».

 

Тәрбиеші: Тыңдаған ұйып еліміз,

Шындығына сеніңіз.

Күз жомарт деген ертегіні,

Құлақ сап тыңдап көріңіз.

Ертегі: «Күз жомарт».

 

10 - бала:

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық, алтын тау.

11 - бала:

 

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап,

12 - бала:

Қыркүйек, қазан, қараша,

Келді міне жараса,

Жеміс - жидек бағымызда,

Алтын күзім тамаша.

13 - бала:

Қосқандай бір жарысқа,

Ұшырып құсын алысқа.

Бұл әрине күзім ғой,

Қауын, қарбыз, жүзім ғой.

14 - бала:

Күз келді, күз келді,

Табиғат өзгерді.

Сары ала жапырақ,

Қараймыз бақылап.

15 - бала:

Күз менің жыр әнім,

Айтылар бір әнім.

Алысқа самғайды.

Құс атты қыраным.

Ән: «Күз жомарт».

 

Күз ханшайымы: «Бұл қай кезде болады?» жұмбақ әнін орындайды

Күз ханшайымы: Өте тапқыр екенсіңдер балалар, рахмет.

Ата - аналармен ойын: «Кім жылдам».

 

Тәрбиеші: А. Құнанбаевтың «Күз» өлеңін оқиды.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Қарлығаш кіреді:

Қарлығашпын қалықтаған,

Ұшудан ешбір жалықпаған.

Күзде кетіп, көктемде келіп,

Бар әлемді шарықтаған.

 

Маған жақсы қараған,

Тілеулес болып бар адым.

Қош болыңдар балалар,

Көктемде қайта оралам.

Тәрбиеші:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай.

Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш қурай.

 

Ертегі: «Жеміс бағы».

 

1 - бала:

Арналы өзен жағасы,

Алуан жеміс ағашы.

Көз тартады құлпырып,

Айналаға қарашы.

2 - бала:

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

3 - бала:

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

4 - бала:

Менің атым жаңғақ,

Өсермін жер таңдап.

Аласың көп өнім,

Қорек берсең оңдап.

5 - бала:

Мен өріктен ірімін,

Алма, алмұртқа ірімін.

Тәттілердің бірімін,

Дастарқанның гүлімін.

Сусыныңды қандырар,

Салқын саумал шырыным.

 

Ойын: «Дәмін тат та атын айт»

 

1 - жүргізуші: Жеміс - жидек мол астықтың мекені,

Белгілі ғой оның ауыл екені.

 

2 - жүргізуші: Шіркін ауыл саған арнап біз бүгін,

Бір тамаша би билесек жетеді.

 

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар,

Бидайымыз пісе берсін,

Алтын астық қамбаға кеп түсе берсін.

«Нан болса ән де болады» демекші

Дастарханымыз нанға,

Құшағымыз әнге тола берсін.

16 - бала:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күзіміз,

Жайнай түсті жүзіміз.

17 - бала:

Қыркүйек - ау қыркүйек,

Айсың ғой сен ең тәуір.

Алма, жүзім піседі,

Қамбаға кеп түседі.

18 - бала:

Айналаға сән беріп,

Балаларға ән беріп

Алтын күз келді ортаға,

Бақыт тілеп баршаға.

19 - бала:

Тойын тойлап ел енді,

Қуанышқа кенелді.

Алтын күзім береке,

Жасасын күз мереке.

 

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Күз ханшайымы қош айтысып шығып кетеді.

 

Тәрбиеші: Жарқыраған күндейміз,

Жайнап тұрған гүлдейміз.

Жаңбыр жауса жайқалып,

Қолшатыр биін билейміз.

Би: «Қолшатыр»

Тәрбиеші: Бұл мереке өтті бүгін тамаша

Қандай жақсы сәл ойланып қараса.

Алтын күзбен әсем ән,

Мың бұралған бишілер

Бәрімізде жүрек толқып,

Қуанамыз балаша.

Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, осымен «Алтын күзім арайлы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп біздің ертеңгілігімізге келіп тамашалағандарыңызға мыңда бір алғысымызды білдіреміз.

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқашанда біз сақтап,

Бейбіт өмір баршамызға тілейміз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Алтын күз» ертеңгілігі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

А. Құнанбаевтың «Күз» өлеңін оқиды. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Қарлығаш кіреді: Қарлығашпын қалықтаған, Ұшудан ешбір жалықпаған. Күзде кетіп, көктемде келіп, Бар әлемді шарықтаған.   Маған жақсы қараған, Тілеулес болып бар адым. Қош болыңдар балалар, Көктемде қайта оралам. Тәрбиеші: Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай. Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш қурай.  Қараңдаршы балалар, Бидайымыз пісе берсін, Алтын астық қамбаға кеп түсе берсін. «Нан болса ән де болады» демекші Дастарханымыз нанға, Құшағымыз әнге тола берсін. 16 - бала: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күзіміз, Жайнай түсті жүзіміз. 17 - бала: Қыркүйек - ау қыркүйек, Айсың ғой сен ең тәуір. Алма, жүзім піседі, Қамбаға кеп түседі. 18 - бала: Айналаға сән беріп, Балаларға ән беріп Алтын күз келді ортаға, Бақыт тілеп баршаға. 19 - бала: Тойын тойлап ел енді, Қуанышқа кенелді. Алтын күзім береке, Жасасын күз мереке

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.09.2014 2071
    • DOCX 18.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Налибаева Перуза Маделхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Налибаева Перуза Маделхановна
    Налибаева Перуза Маделхановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39177
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 147 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе