Инфоурок Логопедия, Дефектология КонспектыБаяндама МШБ

Баяндама МШБ

Скачать материал

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға техникалық құрал - жабдықтарды қолдану бағдарламасына сәйкес әдістемелік көмек ұйымдастыру жолдары.

                                                           

 Турганова Перуза Қуанышқызы

Мұғалжар ауданындағы

психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинеті

 

Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру,түзеу-дамыту және әлеуметтеу мақсатына техникалық құрал -жабдықтарды дұрыс қолдана білуіне әдістемелік көмек ұйымдастыру.

 

          2011-2013 жыл аралығында  үй жағдайында оқытылатын  мүгедек – балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық – техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі  аталған нұсқау , Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы » Заңының  8 бап 4,5,6 тармақтарына және 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 «Оқыту – тәрбиелеу  ұйымдарының мүгедек – балаларды үй жағдайында оқытуы жөнінде ата – аналарға көмек көрсету туралы  Ережелеріне » сәйкес дайындалған.

Мүгедек-балаларды  үй жағдайында арнайы жабдықталған жұмыс орындарын қолдана отырып оқыту мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру, дамыту және әлеуметтеу мақсатына бағытталған жүйелік шаралар қолдану.

        Телебайланыстағы компьютерлік білім беру аясында мүгедек балаларға білім беру үрдісі, оқушының көмекші және жалпы білім беру технологияларының көмегімен, күрделі техникалық, сондай- ақ қарапайым көмекші құралдарды қолдана отырып мұғаліммен және басқа оқушылармен өзара әрекеттес болуының икемді жүйесі ретінде құралуға тиісті.

          Мүгедек-балаларды үйде оқытудың арнайы бағдарламасын іс-жүзіне асырудың қажетті компонентіне оқушының жұмыс орнын негізін бағдарламалық-аппараттық тұғырнамасы құрайтын бағдарламалық- техникалық құралдар жиынтығымен  қамтамасыздандыру. Үйде оқитын мүгедек-балалардың жұмыс орындарын жабдықтау, жабдықтар жиынтықтарын алу мен пайдаланудың ұзақ мерзімді арнайы Бағдарламалары негізінде және оның жүзеге асырылуы барысында іске асырылады.

             Үйде оқитын мүгедек-балалардың көрсеткіштері мен категориялары бойынша, олардың жастық және тұлғалық ерекшеліктерін, әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып жетілдіреді.

Әлеуметтік – тұрмыстық оңалту тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту шараларының жүйесіндегі маңызды буыны болып табылады. Соңғы жылдары оңалту техникалық жабдықтардың көптеген түрлері шығарылып жатыр, оның мақсаты мүмкіндігі  шектеулі баланың қоршаған ортаға тәуелді  болмауына  және дене мүшесі қызметінің  бұзылуының  немесе толық жоғалуының  орнын толықтыру. Техникалық жабдықтар  мүмкіндігі шектеулі  баланың өмірін айтарлықтай  жеңілдетеді. Бұл техникалық жабдықтар қолдануда қарапайым және қауіпсіз болуы тиіс.

 

Контигентінде мүгедек-балалар бар білім беру мекемелерінің басшылары:

       1) қажетті немесе көмекші жабдықтарды алуға тапсырыс жасайды (жыл сайын – қажеттіліктерін ескере отырып);

           Мемлекет есебінен (білім бөлімі жасаған бағдарламалар шеңберінде) мүгедек балалардың жұмыс орындары Интернет жүйесіне қосылуын ұйымдастырады және  мүгедек бала тұратын өңірдің әкімшілігі бекіткен тәртіп  бойынша, оқу мерзімі кезінде Интернет жүйесіне кіру қызметі төлемін қамтамасыз етеді;

             Үйде оқитын мүгедек-балалардың жұмыс орындарын жабдықтау» бағдарламасы шеңберінде алынған барлық жабдықтарды балансқа алады. Осылайша, қойылған техника білім мекемесінің меншігі болады және де осы мекеме есебінен, немесе жергілікті бюджет есебінен, жөнделіп тұрады;

                 Оңалту техникалық жабдықтар бірнеше топқа бөлінеді:

 1. Қозғалу құралдары – балаларға арналған түрлі мүгедектік коляскалар (бөлмелік , серуендеуге  арналған , функционалдық, спорттық) Көпфункционалдық  кресло – коляскада балалар ұзақ уақыт отыра алады, себебі онда тамақтануға және басқа да іс -әрекеттермен айналысуға арналған үстел, алынбалы дәрет ыдысы, кітапқа арналған бөлімі, арнайы тамақ сақтауға арналған термоыдысы бар.

2. Қозғалу іс- әрекетін жеңілдететін  құрал – жабдықтар. Ходуноктар және ходулкилер ( бөлмелік және серуенге арналған) балдақтар, таяқтар,  велосипедтер, арнайы ұстағыштар, пандустар, жаяу жолдағы арнайы түсетін жол.

3.Қолдарының қызметі бұзылған балаларға арналған арнайы құрал жабдықтар : ыдыс –аяқ, киініп – шешінуге, есікті ашып –жабуға, өз бетімен кітап оқуға , телефон қолдануға ,электр жабдықтарды сөндіруге, тұрмыстық – құралдар : ( телевизор, магнитофон) дистанциялық басқаруға арналған арнайы құралдар.

4. Қозғалыс тренажерлері.

5. Емдік -  жүктеме  костюмдер. (« Адели - 92»)

Церебральды -  сал ауруына  шалдыққан барлық жастағы балалар  қолданады. Баланың дұрыс моторикасын қалыптастыру  мақсатында костюм дене мүшелерін  дұрыс орналастырып,   дұрыс іс- әрекет, қозғалыс  жасауға көмектеседі.

Церебральды  сал ауруына шалдыққан балалар қозғалыс іс - әрекеттік дағдысына үйреніседі. Емдік – жүктеме  костюм киген  бала жаттығудың түрлерін жасай алады және тез нәтижеге жетеді.

6. Сенсорлық  бөлмелер және сенсорлық жағдайын жасайтын жиынтықтар.  Сенсорлық бөлме балаға ұзақ уақыт көру, есту, тактильдік сезіну арқылы  жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сенсорлық бөлмедегі            түстер, әуендер, түрлі иістер арқылы баланы  қызықтырады, эмоционалдық жағдайын қайта қалпына келтіреді, тыныштандырады, босаңсытады, демалтады. Баланың қабылдауының  белсенділігі  артады. Түзеу педагогикасындағы  дәстүрлі әдістермен салыстырғанда , сенсорлық  бөлмеде көптеген түрлі ынталандыру тәсілдері көп. Әртүрлі ынталандыру тәсілдерін  оңтайлы қолдана білу,  баланың дамуына қосымша жағымды жағдай тудырады. Сенсорлық бөлмедегі сабақтар жеке және топпен де өткізіледі. Психолог, логопед , дефектолог , ЕДШ нұсқаушысы педагогикалық  түзеу сабақтарын жеке немесе топтық  өткізеді .

Сенсорлық бөлмеде ұйымдастырылған  жұмыстың мақсаты  баланың негізгі іс - әрекетінің түріне байланысты . Мектепалды балаларға – бұл ойын іс- әрекеті, сенсорлық бөлмеде ұйымдастырылған  сабақты ертегі, ойын түрде өткізуге болады. Түзеу сабақтарын  біріктірілген  ойын түрлерімен өткізуге  болады, мысалы : «Айға ұшу », «Теңіз түбіне саяхат »т.б.

Сенсорлық бөлмеде өтетін  түзеу – педагогикалық сабақтар екі міндеттер кешеніне бағытталған.

-         босаңсу;

-          а)  бұлшық еттің шымырлығын қалпына келтіру;

-         б) психикалық , эмоциялық қысымды босату.

-         Орталық нерв жүйесінің  жұмысын  белсендіру.

-         а) барлық сенсорлық процесстерді ( көру, есту, сезіну қабылдау)

-         б) танымдық  іс - әрекетіне  қызығушылықты   арттыру.

        Баланың ізденіс іс- әрекетін және қызығушылығын арттыру;

-         в)  жағымды эмоциялық көңіл – күй қалыптастыру және эмоциялық – ерік аясының бұзылуын түзету.

-         г) сөйлеу  тілін дамыту және бұзылыстарын түзету.

-         д) жалпы ірі – ұсақ моторикасын  және қозғалу бұзылыстарын  дамыту.

7. Жұмсақ ойын бөлмелер.

       Түрлі техникалық құрал –жабдықтар қолдануы баланың тірек – қозғалыс аппаратының бұзылуына байланысты.

Мүгедек балаға техникалық құрал –жабдықтар ұсыныс жасағанда оның тірек- қимыл қозғалысының бұзылуының деңгейін анықтау қажет және болашақта  осы бұзылуды қайта қалпына келтіру, көбіне балаға арналған оңалту құрал – жабдықтар  шетел фирмаларында  жасалып жеткізіледі, соңғы жылдары  отандық құрал – жабдықтар жасалып, кеңінен қолдануда.

        Мұғалжар  аудандық   түзеу  кабинетіне  тіркелген   мүгедек  балаға  техникалық  құрал-жабдықтың  әдістемелік   көмек  беру  жұмыстарын  ұйымдастыру   жолдары қарастырылады:

     -    Әр маманнан  алғашқы консультация ұйымдастыру;

-         Түзеу кабинетіне баланың үйренісуіне жағдай жасау;

-         Әр маман баланың диагнозына байланысты  диагностика жұмысын ұйымдастыру;

-         Баламен жеке – топтық түзеу сабақтарын өткізу;

-         Баланың қажетіне  байланысты басқа мемлекеттік  мекемелерімен

( мектеп, емхана, әлеуметтік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімімен байланысып, балаға қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз  етуге кеңес жұмыстарын ұйымдастыру;

-         Баланы әлеуметтендіру ; 

     Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  техникалық  құрал - жабдықтармен қамтамасыз  ететін  көмек  көздері – ПМПК,  ППТК,  мектептер,  әлеуметтік  жұмыспен   қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі,  аурухана,  демеушілер  т.б.  Осы  аталған  мекемелер  және  демеушілер  тығыз байланыста ,мүмкіндігі шектеулі баланың мұқтажын анықтап , белгілеп , бағыттап,  ортаға  бейімдеп, техникалық  құралдар  арқылы  оңалтып , қоғамның толыққанды  мүшесі  болуына  ат  салысады. 

       Балаларды тұлға ретінде қалыптастыру, болашақта өмірде тұрмыс пен еңбекте өз орындарын табуларына, қоғам мен әлеуметтік ортаға сәтті кіріктірулеріне бағытталған жоғарыда аталған жан-жақты, жүйелі істердің барлығы балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесіндегі алатын орнының өте маңызды екенін дәлелдейді.

         Балалық- адам өміріндегі қайталанбас бірегей, ғажап кезең,тұлғаның қалыптасатын уақыты, сондықтан мемлекет пен қоғамның басым міндеттерінің бірі- әрбір балаға, оның ішінде денсаулығында мүмкіндігі шектелген балаға да оның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дамуына, тәрбие мен білім алуына кепілді құқық беруді қамтамасыз ету.Әрбір баланың денсаулығы мен ақыл - ойының қандай деңгейде екеніне қарамастан оның қабілеттерін дамытуға болады, мүгедектік адамды қоғамнан аластатудың себебі болмауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама МШБ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

2011-2013 жыл аралығында  үй жағдайында оқытылатын  мүгедек – балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық – техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі  аталған нұсқау , Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы » Заңының  8 бап 4,5,6 тармақтарына және 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 «Оқыту – тәрбиелеу  ұйымдарының мүгедек – балаларды үй жағдайында оқытуы жөнінде ата – аналарға көмек көрсету туралы  Ережелеріне » сәйкес дайындалған. Мүгедек-балаларды  үй жағдайында арнайы жабдықталған жұмыс орындарын қолдана отырып оқыту мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру, дамыту және әлеуметтеу мақсатына бағытталған жүйелік шаралар қолдану.         Телебайланыстағы компьютерлік білім беру аясында мүгедек балаларға білім беру үрдісі, оқушының көмекші және жалпы білім беру технологияларының көмегімен, күрделі техникалық, сондай- ақ қарапайым көмекші құралдарды қолдана отырып мұғаліммен және басқа оқушылармен өзара әрекеттес болуының икемді жүйесі ретінде құралуға тиісті.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 833 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.09.2014 1829
    • DOCX 46.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турганова Перуза Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турганова Перуза Куанышевна
    Турганова Перуза Куанышевна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20694
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование современных информационных технологий и интерактивных сред электронного обучения в организации образовательного процесса в современной школе с учетом требований ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Управление организацией

Руководитель организации

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 180 человек из 52 регионов

Курс повышения квалификации

Ключевые аспекты деятельности электрослесаря по обслуживанию и ремонту электрооборудования

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе