Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / АШЫҚ САБАҚ. Тақырыбы: Б.Майлиннің өмірі мен "Шұғаның белгісі" хикаят
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

АШЫҚ САБАҚ. Тақырыбы: Б.Майлиннің өмірі мен "Шұғаның белгісі" хикаят

библиотека
материалов

Күні:.23.09.2014 ж

Топ:УА-22

Пән: «Қазақ тілі және әдебиет»

Мұғалім: Шаяхметова Мәншүк Маратқызы

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы «Шұғаның белгісі» хикаяты.

Сабақтың мақсаты: Шұғаның белгісі шығармасын меңгерте отырып Бейімбет Майлин туралы білімдеріңді тереңдету,шығармадағы кейіпкерлерді талдай отырып,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу

Сабақтың міндеттері:

Білімділік. оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу:

Дамытушылық: жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, шығарманы оқыта отырып іздендіру:

Тәрбиелік: адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: Б.Майлиннің портреті, салайд,сабақтың эпиграфы.

Сабақтың түрі: Зерттеу конференция сабағы

Пән аралық байланыс: тарих,ән күй

Сабақтың әдісі: Ізденіс сабағы



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а)Амандасу

ә)Түгендеу

б)Студенттердің назарын сабаққа аудару.

Эпиграфы:

Өнер алды-қызыл тіл,

Анаңдай оны құрметте!

Қажымай,талмай,үйрен,біл

Асылын сөздің өрнекте.

Ана тіл-асыл қазына,

Байлығын-білсең ол сенің

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің дей отырып сөз өнерін, тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.

Студенттер, біз бүгін үш бәйтерегіміздің  бірі Бейімбет Майлиннің өмірі және Шұғаның белгісі хикаяты туралы айтамыз.

Сабағымыздың мақсаты: Шұғаның белгісі шығармасын меңгерте отырып Бейімбет Майлин туралы білімдеріңді тереңдету,шығармадағы кейіпкерлерді талдай отырып,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Бүгінгі сабағымыз қалыптан тыс сабақ. Зерттеу конференция сабағы.Әрине бұл сабаққа біз топтармен танысып қойыңыздар.

І топ – «Зерттеушілер тобы»

ІІ топ – «Өнерпаздар тобы»

ІІІ топ – «Ақындар тобы»

ІҮ топ – «Ізденушілер тобы»

алдын –ала дайындық жүргіздік. Сынып төрт топқа бөлініп өз тапсырмалары бойынша жұмыс жасады. Сол Қазір дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар..

Сөз кезегі І топ «Зерттеушілер» тобына беріледі.

Тапсырма: Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы және «Шұғаның белгісі» хикаяты туралы мәлімет жинау.

Олар тақтаға шығып өздерінің зерттеп, дайындап келген материалдары бойынша сөз сөйлейді.

Өмірбаяны. Көркем әңгіме, повесть жанрының шебері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі  Бейімбет (Бимағанбет) Жармағамбетұлы Майлин  1894 жылы Қостанай облысының Таран ауданында кедей малшының отбасында дүниеге келеді. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Байдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас өлең  шығаратын, сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып тұрған. Осының         барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды.  Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады.

Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған.  Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан-жақты да терең суреттеледі. Оның көп жазғандығының бір белгісі-бүркеншік аттарының (псевдоним) көп екендігі. Ол барлық туындыларына өз есімін қоя бермеген. Бейімбет Майлиннің бүкіл өмірін, шығармаларын  зерттеп жүрген жазушы, профессор, ғалым Тоқтар Бейісқұлов Бейімбет Майлиннің 74 бүркеншік аты бар екендігін анықтаған.  Олар: Шаңқан (аталарының аты), Малай (кедей отбасында дүниеге келген), Қоңыраушы, Газетші, Тілші, Жуас, Қайдауыл баласы, Мереке (өз баласының аты), Жолаушы, Жолдыбай (жолда көп жүргендіктен кейін) атап кеткен.Гүлжамал Майлина атақты жазушы Бейімбет Майлиннің жұбайы. Олардың ұлдары Мерекені  «айып батальонына» алып кетті, өйткені «халық жауының» ұлы еді. Қыздарын түрлі интернатқа жөнелтті. Қыздарының бірі Ғалия, Осакаров балалар үйіне түскен. Түрмеден босағаннан кейін анасы қызымен кездесіп, Қарағандыға, одан кейін Алматыға көшті. Ол жерде Ғалия медициналық институтты тәмамдап, дәрігер атанды. Қазіргі күні Ғалияның балалары мен немерелері Алматыда тұрады. Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай.Бейімбеттің көлемді де, көркем тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі» .Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. . «Шұғаның белгісі»- жастардың теңдік- еркіндікті аңсаған, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.

Мұғалім сөз: Сонымен не білдік, қандай жаңалық алдық.

І. Алған жаңалықтарым

1.Бейімбеттің шын аты кім? Бейімбеттің шын аты Бимағанбет.

2. Бейімбеттің Әжесінің аты кім? Әжесі Байдас

3. Б.Майллин қайда оқыды? Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды

4. Неше романы аяқталмай қалды? Екі романы аяқталмай қалған.

5. Оның неше псевдонимі болған? Оның 74 псевдонимі болған.

6. Әйелінің аты кім? Майлиннің әйелі Гүлжамал.

7. Ұлының аты кім? Ұлының аты Мереке.

8. Қызының аты кім? Қызының аты Ғалия

Мұғалім сөзі: Енді біз осы шығарманың шағын сюжеттік композициялық жоспарын құрамыз.

1.Шығарманың басталуы    (экспозиция) как бы начало произведения

2.Шығарманың байланысуы     (завязка) т.е связь сюжета

3.Шығарманың дамуы              (развитие)

4.Шығарманың шарықтау шегі   (кульминация)      ( пик развитие)

5.Шығарманың шешімі           (развязка, заключения)

Енді осы Шұғаның белгісі шығармасының сюжеттік композициялық құрылымын айтып көрейікші.

1. Екі жолаушы әңгімелесіп келеді.    

1.Бір жолаушы Шұғаның белгісі туралы  айтады.   

      1. Әңгіме ішіндегі әңгімемен басталады.

  2.Абдрахман мен Шұғаның кездесуі.

  3.Шұға мен Абдрахман бірін-бірі жақсы көреді.

3. Айнабай болыс Абдрахманға жала жабады.  

3.Абдрахманды қамауға алып  кетеді .          

  4.Шұға тамақ ішпей қояды.    

4.Ауырып қалады.

4.Шұға қатты Қайғырады


4.Шұғаның әкесі Абдрахманды шақырады

4.Шұғаның әкесі арызын қайтарып алады

5.Шұға Абдрахманға өлең шығарады.   

5.Абдрахман қалып қояды.          5.Шұға өліп қалады. 

Ендігі сөз кезегі «Өнерпаздар» тобына беріледі.

Берілген тапсырма:  «Шұғаның белгісі» хикаятынан көрініс

Екі жолаушы: 1 жолаушы

Мына алдымыздағы «Қамысты» көлді айналып өтсек.Шұғаның белгісі жолды қиып өтеміз

2 жолаушы: -Шұғаның белгісі дегеніңіз не нәрсе, тау ма?

1 жолаушы: -Жоқ. Жай ғана бір обашық. Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз.

2 жолаушы:  Жоқ. Әңгімесін айтып беріңізші.

Есімбек:   Шұға қайда. Шұға .Шақырыңдар Шұғаны

Менің естуімше , сені Абдрахманмен кездесіп жүр екенсің ғой. Ол мүмкін емес.

Шұға :   Мен оны шын жақсы көремін.

Есімбек:   Мен оған жол бермеймін.

Қасым:  Амансың ба, Әбдрахман. Жағдайың қалай?

Абдрахман: Жаман емес,Қасым. Шұғадан бүгін хат алдым.

Қасым:  Не жазыпты?

Абдрахман: Сағындым депті. Үйінің бәрі де қарсы көрінеді. «Басым қатты ғой, құтылудың амалы не?» депті.Жаздым. Кетейік, дедім. Анық уәдесін алсам, ұзамай кетер едік.

Қасым: Далада отырғанша үйге барайық.

Осы кезде көшір келіп:

Әбдірахман кім? – деді.

Мен.

Жүр, киін, болысқа барамыз, - деді.

неге? – деді Әбдірахман.

Мен білмеймін, пристап шақырады.

Шұға: - Апырым – ай, қайда барасыңдар? – деді.

Әбдірахман: - Болысқа айдап барады, - деді.

Әбдірахман: - Қош! – деді.

Шұға: - Қош қалқам, қалқам! – деді

Сондағы Шұғаның өлерде жазған хаты:

Тағдыр бізді аямады білемін,

Амалым жоқ қарсыласпай көнемін.

Сен кеттің, бұл өмірге қайтпайсың,

Ал мен сенсіз қалай өмір сүремін?

Ендігі сөз кезегі «Ақындар» тобына беріледі.

Берілген тапсырма: ЭССЕ жазу «Шұғаға хат»

Сәлеметсіз бе, өткен заманның сұлуы Шұға!

 

Сізге хат жолдаушы жаңа заман жастарының бірі Темірғали Айжан..

Мен сізбен Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты арқылы таныстым. Ол әңгімеден қазақ жастарының теңдікті, еркіндікті қалай аңсағандығы туралы оқыдым. Қызыға оқи отырып, сіздің заманыңызға сапар шеккендей болдым. Бірақ онда қалғым келмеді. Өйткені қазір ел байлар мен кедейлерге бөлінбейді. Әркімнің өз ойы, өз көзқарасы бар. Зейкүл және сіз тәрізді сүймеген адамына ешкім еріксіз қоспайды. Бір үйдің ерке өскен ақылды да көрікті қызы бола тұра, туғандарыңыз сіздің бір ғана арманыңызды орындай алмады. Ол арман Әбдрахманмен бірге болу. Менің ойымша, сізге анаңыз ертерек қолдау көрсеткенде, әңгіме соңы басқаша болар ма еді. Әңгімеде ұнағаны қазіргі заманда сирек кездесетін Әбдірахман екеуіңіздің араңыздағы кіршіксіз әрі таза махаббат. Халық арасындағы «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөз рас екен ғой.

Мың рахмет Бейімбеттей тұлғамызға,

Қалдырған шығармасын біздей ұл мен қызға.

Әбдрахманның атынан былай дер ем,

Соңғы сөзін Шұғадай ару қызға.


Енді «Ізденушілер» тобы сөз сөйлейді.

Тапсырма: «Шұғаның хикаятына» байланысты сұрақтар дайындау.

1)Шығарма неліктен «Шұғаның белгісі» деп аталып тұр?

Ертеде бұл жер Қамыстыкөл деп аталған. Осы оқиғаға байланысты бұл жерді Шұғаның белгісі деп атап кеткен.

 2) Хикаят дегеніміз не?

Көлемі жағынан әңгімеден үлкен, романға жақын баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін хикаят деп атайды.

 3) Хикаятта суреттелген табиғат көрінісін қалай атаймыз?

Пейзаж

4) Шығармада Шұғаның бейнесі қалай суреттелген ?

Ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара,  үріп ауызға салғандай, ажары қандай болса,ақылы да сондай, жеңілтек дегеннің не екенін білген емес.

 5) Шұға мен Әбдрахман бір-бірін алғаш рет қашан, қандай жағдайда  көреді?

Алтыбақанда (қазақтың ұлттық ойыны)                                                           

6) «Жап-жас жігіт екен ғой »-деген Шұға сөзінен қандай ой тұжырымдауға болады?

Шұғаның Әбдрахманды ұнатып қалғанын аңғаруға болады.

7)Шұға мен Әбдрахман арманына неге жете алмады?

Олардың қосылуына Шұғаның әкесі Есімбек қарсы болды? Шұға қайғыдан ауырып қайтыс болды.

8) Екі жас өз бақыттары үшін күресті ме?

Иә, күресті.

9) Есімбекті қандай әке қатарына жатқызар едіңіз?

Қатал әке.

10) Шұға неліктен тәуір болғысы, жазылғысы келмеді?

Өйткені ол Абдрахмансыз өмір сүргісі келмеді.

11) Сіз өз бойыңызға Шұға мен Әбдірахманның қандай қасиеттерін алар едіңіз?

Махаббатқа берік, ақылды, бірін-бірі шын жақсы көруі ,    

Қортынды:Сабағымызды қорыта келе қояр сұрағым:

Шұғаның –өліміне кім кінәлі? Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп ойлайсыз?

Үй жұмысы: «Армада кеткен асыл-ай» эссе жазып келу.

Бағалау:Белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.































Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Шұғаның белгісі шығармасын меңгерте отырып Бейімбет Майлин туралы білімдеріңді тереңдету,шығармадағы кейіпкерлерді талдай отырып,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеуСабақтың міндеттері:Білімділік. оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу:Дамытушылық:  жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, шығарманы оқыта отырып іздендіру: Шұғаның белгісін оқи отырып көзбен көруге үйрету
Автор
Дата добавления 30.09.2014
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4157
Номер материала 188275093025
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх