Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Б. Майлин шығармашылығы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Б. Майлин шығармашылығы

библиотека
материалов

Күні


Топ


Сабақтың тақырыбы: Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығына толық шолу жасау, Б.Майлин туралы алған білімдерін топтау, жинақтау;

Дамытушылық: студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын байытып, ойын еркін айта білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Б.Майлин бойындағы асыл қасиеттерді бағалап, әдеби мақтанышымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, ойландыру, баяндау, өздік шығармашылыққа баулу.

Көрнекіліктер: жазушының таңдамалы шығармалары, портреті

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

А)Студенттермен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сабаққа назарларын аудару.

Ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

II. Үй тапсырмасын тексеру:


III. Жаңа сабақ

Б.Майлин XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамдарының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті.

Бейімбет «Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезіне қарасты Дамбар болысының 8 ауылында дүниеге келген. (қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Жалшы ауылы)

Атасы Майлы, әкесі Жармағамбет кедей адамдар болған. Әкеден жастай жетім қалып, шешесі Гүлғизар мен әжесі Бойдастың қолында өседі. Әжесі Бойдас есті, сөзге жүйрік, дарынды, өлеңге әуес болған.

Алғашқыда ауыл молдасынан, Арғынбаев Әбдірахман деген кісінің медресесінен(1910) оқиды. 1913-14ж Тройцкідегі «Уазифа» мектебінде сабақ алып, одан кейін «Ғалия» медресесінде оқиды. Бұл жерде ол татар халқының белгілі жазушылары ҒАлымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафуримен танысады. Медреседе шығатын «Садақ» деген қолжазба журналда алғашқы туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесі шығады.

Бейімбет 1916-21 ж ауылда мұғалімдік қызмет атақарады. 1916 жылдары қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына «Қанды тұман», «Съезд», «Әкесінен хат», «Садақбайға» деген өлеңдер жазады. 1922 ж С.Сейфуллин Бейімбетті «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына шақырады. Мұнда ол 1923ж жазына дейін болады. 1923-25 жылдары Қостанай қ. Губерниялық «ауыл» газетінде редактордың орынбасары әрі хатшысы болып істейді. Бұл газетте жазушының «айранбай» деген әңгімесі, «Раушан коммунист» повесі жарық көреді.

Б.Майлин –аса өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол 1923-37 жылдарда елуге жуық кітап, жинақ жариялаған. Олар: «Бейімбеттің өлеңдері» (1923), «Шұғаның белгісі» (1926), «Раушан коммунист» (1929), «Майдан» (1933), «Азамат Азаматыч» (1935), төрт томдық шығармалар жинағын жазған.

Бейімбеттің ақындық шығармашылығы 1912 жылдан басталады. Онда ол қазақ халқының өміріндегі маңызды оқиғалар, қоғамның алдындағы зәру мәселелерді көтереді.

Өлеңдерінің тақырыбы: кедейлер мұқтаждығы, қазақ халқының жағдайы, әйел теңсіздігі, еркіндікке қолы жеткен жастар жайлы жырлайды.

Майлин прозасы: Б.Майлин прозасында қазақ халқының төңкерістен бұрынғы және кеңес өкіметінің алғашқы кезеңіндегі алуан түрлі өмір шындығы қамтылады. Оларды тұтастай алғанда , қазақ халқы өмірінң сол кезеңдегі көркем шежіресі деп сипаттауға болады.

Б.Майлин жиырмасыншы, отызыншы жылдарда жазған көптеген әңгімелерінде, хикаят, очерктерінде қазақ байларының егіндік, шабындық жерлерін бөліске салу, мал-мүлкін кәмпескелеу кезінің шытырман шындығы елестейді. Ол адам мінезін даралап көрсетеді. Ол Қазақстан тарихындағы бетбұрыс заманның –жаппай ұжымдастыру заманының ең ірі жыршысы. Талай ақиқат оқиғалар, характерлер, адамдардың қарым-қатынас, ықылас сырлары Б.Майлин шығармаларында бүкпесіз, шынайы қалпында елестейді.

Б.Майлин шығармашылығында халық өмірінің түрлі торабын қамтыған.оның шығармалары жазушылық үшін халықпен күшті байланыста болудың, ел өмірін бес саусағындай білім отырудың қаншалық маңызды шарт екенін айқын танытады. Суреткерлік ең үлкен парыз-заман шындығының жаршысы бола білуі, халық тіршілігін анық, толық бейнелеуі Б.Майлиннің өшпес еңбегі.

Ал қазір танысатынымыз Б.Майлиннің «Он бес үй» повесі.

Қазақстанда жер бөлу, байлардың малын кәмпескелеу, алғаш ұжым болып ұйымдасу кезінің ақиқатын, ауыл өміріндегі қайшылықтар сырын «Он бес үй» повесінен оқимыз. Замандар бойғы қанға сіңген жеке меншікшіл психолигияны өзгертіп, коллектив жолына түсудің қиын болғаны, рушылдық қатынастардың таптық жікті ашуға кедергі келтіргені «Он бес үйде» дәлелді әңгімеленген.

Қорытынды:

Қай жанрдағы шығармасында да Бейімбет Майлин өмір ағыстарын, адам мінезін бір беткей алмай, түрлі қырларын, қалтарыстарын қамтып, шындықтың шырайын ашуға ұмтылған. Сондықтан да оның көркем туындылары әрі замана келбетін, әрі қаһармандар тұлғасын нанымды ашатын дәуір куәлігіндей қымбатты.

IV. Сабақты бекіту

1. Б.Майлин неліктен «ауыл өмірінің жыршысы» аталады?

2. Б.Майлиннің әңгімелерін тақырыбы не жайында?

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма

Б.Майлиннің «Он бес үй» повесін тауып оқу. Әпенннің образын ашып, мінездеме беру




Краткое описание документа:

Бұл сабақ жоспары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналады. Сабақтың тақырыбы:  Б. Майлиннің өімірі мен шығармашылығы. Б.Майлин XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамдарының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті.             Бейімбет «Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезіне қарасты Дамбар болысының 8 ауылында дүниеге келген. (қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Жалшы ауылы) Атасы Майлы, әкесі Жармағамбет кедей адамдар болған. Әкеден жастай жетім қалып, шешесі Гүлғизар мен әжесі Бойдастың қолында өседі. Әжесі Бойдас  есті, сөзге жүйрік, дарынды, өлеңге әуес болған.             Алғашқыда ауыл молдасынан, Арғынбаев Әбдірахман  деген кісінің медресесінен(1910)  оқиды. 1913-14ж Тройцкідегі  «Уазифа» мектебінде сабақ алып, одан кейін «Ғалия» медресесінде оқиды. Бұл жерде ол  татар халқының белгілі жазушылары ҒАлымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафуримен танысады. Медреседе шығатын «Садақ» деген қолжазба журналда  алғашқы туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесі шығады. 
Автор
Дата добавления 01.10.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров2110
Номер материала 189177100131
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх