Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Кембридж оқу бағдарламасына сүйене отырып мектепке өзгеріс еңгізуге үлес қосу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Кембридж оқу бағдарламасына сүйене отырып мектепке өзгеріс еңгізуге үлес қосу

библиотека
материалов


Кембридж оқу бағдарламасына сүйене отырып

мектепке өзгеріс еңгізуге үлес қосу

Менің педагогикалық қызметімді атқарып жатқан мектебіме бір сәт шолу жасасам. Мектепте өзгеріс еңгізудің бірінші сатысы – Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқитын болғандықтан нақты мектептің жағдайында сәйкес келетін өзгерістерді әзірлеп, енгізу үшін ең алдымен мектептегі бастапқы жағдайын қандай екенін зерттеу керек. Сондықтан ең бірінші тәжірибе күнінен бастап мен өз мектебімнің өткен оқу жылының есебін қарастырып, осы алдымыздағы оқу жылының жоспар, міндеттерімен таныстым. Мектеп есебіне көңіл бөлген себебін ең алдымен бастапқы жағдайы қандай екенін анықтау үшін. Есепке көңіл бөлген мақсат–міндеттетім мектептің жан–жақты ахуал жағдайын зерттеу. Сонымен қатар мектеп мәселелерін қарастырып, әлсіз және күшті жақтарын анықтауға көп көмек тигізді. Мен мектептің бастапқы жағдайын зерттеп анықтау арқылы мектебімді «Білімді тереңдету, қорыту және тарату» санатына жатқызар едім. Себебі өткен оқу жылында педагогикалық ұжымның жұмысы Қазақстан Республикасының–да бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің Мемлекеттік жалпы міндетті стандартын қамтамасыз етумен байланысты мақсаттарды орындауға бағытталған. Мектептің әдістемелік тақырыбы: «оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі әдістерді жүзеге асыру нәтижеге бағытталған жаңа білім беру парадигмасының көрінісі ретінде». Жаңа білім беру парадигмасының көрінісіне бағытталу бойынша жұмыс жасау үшін оның негізгі мақсат–міндеттерін анықтау үшін ең алдымен мектеп әкімшілігімен кездесіп, сұхбаттасу жүргіздім.

Менің мектебімнің директоры мен мектептегі ғылыми оқу ісінің меңгерушісі шілде айында Брайтон қаласында (Ұлыбритания) Сассекс университетінің базасында курстан оқыған іс–тәжірибесімен бөлісті, онда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастырған 35 базалық мектептің басқарушы қызметкерлері тағылымдамаларының екінші–оқыған курста базалық мектептің 70 басшысы (әрбір 35 мектептің директоры мен директордың орынбасары) және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 басқарушы қызметкерлері оқыды. Сонымен қатар мен және менің екі әріптесім осы Кембридж бағдарламасының бірінші деңгей бағдарламасы бойынша курстың бірінші айын аяқтап, мектептегі тәжірибе бастар алдында өз ой–пікірлерімізбен бөлістік. Ең маңызды жағдай: мектеп әкімшілігі маған түсінушілікпен қарап, жауапкершілік артып, менің мектепте көшбасшы болатыныма сенім білдірді. Сенімнің арқасында мен мектептегі тәжірибемді позитивті бағытпен бастап, тәжірибе барысындағы маған жүктеліп тұрған міндетті атқару аясында мектептің негізгі мақсаттарын зерттеуге кірістім.

Мектепте басқару үрдісінің құрамдысы–мектепішілік бағыттау болып табылады. Жылдар бойы өткізілетін мониторинг–әкімшілікті қажетті нақты мағлұматпен қамтамасыз етіп, қойылған мақсаттар мен нәтижелерді салыстыруға, мектептегі көшбасшылық басқару қызметін дамытуға мүмкіндік береді.

Жыл бойы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес әдістемелік жұмыс негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылып отырды. Ұжым алдына қойылған мақсаттары сабақтарды өткізудің әдістемесін жетілдіру, үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен жеке және топтық жұмыс жүргізу, оқушылардың білімін түзету, олардың оқуға деген мотивациясын жоғарлату, семинарларды ұйымдастыру және өткізу, әртүрлі сайыстарға, педагогикалық шеберліктерге қатысу, курстық дайындықтан өту, оның ішінде деңгейлік бағдарламалар арқылы шешілді.

2012-2013 оқу жылында педагогикалық ұжымда 119 ұстаз бар. Мұғалімдердің жалпы санынан 92% санаты бар: жоғары–52, бірінші–36, екінші–22 адам 9 адам санатсыз (негізінен бұл жас мұғалімдер). Кадрлық потенциалының аналитикалық картасына шолу жасасақ, білім беру деңгейі бойынша педагогикалық ұжымның сапалық құрамы: жоғары білімі – 117 мұғалім (98 %), орта арнаулы – 2 мұғалім (2 %). Ал санаты бойынша педагогикалық ұжымның сапалық құрамын қарастырсақ: жоғары біліктілік санаты–52 мұғалім (44 %), бірінші санат – 36 мұғалім (30 %), екінші санат – 22 мұғалім (18 %), санатсыз – 9 мұғалім (8 %).

Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары біліктілігін жоғарлату жүйесі және жоғары біліктілік санатқа аттестацияға мектеп мұғалімдерін ынталандыру арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады. Өткен оқу жылындағы мұғалімдердің біліктілігін жоғарлату жоспарына сәйкес облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау институтында әртүрлі пәндер мен бағыттар бойынша 8мұғалім біліктілікті жоғарлату курстарынан өтті, бұл жалпы мұғалімдер санынан 18 % құрайды, сонымен бірге 13 мұғалім 3 айлық курстан өтті (2–3 деңгей бойынша).

Мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін және біліктілікті жоғарлату үшін ынталандыру олардың компетенциясын мойындау болады. Мектеп мұғалімдерінің педагогикалық және әдістемелік шеберлік деңгейі туралы жұмыс нәтижесі болып келесілер айғақ:

Әртүрлі ғылыми-әдістемелік жіне ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға, байқауларға, көрмелерге, форумдарға, педагогикалық оқуларға қатысу.

Мұғалімдер қала мектептерінің оқушылары үшін МАБ дайындау және ұйымдастыру бойынша комиссия мүшелері болып табылады. Жыл сайын біздің мұғалімдер 8–11 сынып оқушылары арасында қалалық пән олимпиадаларында әділқазы мүшелері болып табылады, облықтық ОӘК ынтымақтастық жасайды, колледж студенттер арасында пән олимпиадаларында әділқазы құрамына қатысады. Біздің мектеп мұғалімдері тек мектеп әріптестерімен тәжірибемен бөлісіп қана қоймай, сонымен бірге жқмыс тәжірибені әдістемелік құралдар, жинақтар, сабақ жоспарлары арқылы жүзеге асырады. Жыл сайын біздің мұғалімдер халықаралық, респібликалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға, әдістемелік семинарларға қатысады.

2012–2013 оқу жылынан бастап менің мектебім ҚР 35 мектебі ішінде «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ жұмыс тәжірибесі бойынша пилот жобасына қатысып жатыр. Директор басшылығымен мектептің барлық мұғалімдері Астана, Талдықорған, Семей, Орал және Көкшетау қалаларында өткізілген барлық халықаралық және республикалық форумдарға белсенді түрде қатысып жатыр.

Қазақстан республикасының және жақын шет елдерінің жоғары және орта –арнаулы оқу орындарымен ынтымақтастық

Бұдан басқа мектеп қосымша білім беретін, мәдени оқу мекемелері мен басқа да қаланың мекемелерімен ынтымақтастық жасайды.

Бірнеше жыл қатарынан мектебім білім беру үрдісін ұйымдастыру бойынша қаланың білім беру мекемелерінің мониторингісінде басты орын алып келеді. Сапалы білімге қол жеткізілуі мектепте оқытудың барлық үш деңгейінде – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұйымдастыру негізінде қамтамасыз етіледі, сонымен бірге мектепке дейінгі балаларды мектепке дайындай жүзеге асырылады. Білім беру үрдісі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Оқыту деңгейі бойынша оқушылар саны

Мектептің білім беру үрдісінде тұлғалық бағдарлық әдістің принциптері негізінде құрылады:даралық, субьектілігі, өзіндік актуализация, шығармашылық пен жетістік принциптерін таңдау, сенім мен қолдау, сонымен бірге оқытуды дифференциация және жекелендіру, ол оқу жоспарында көрініс тапқан: оқытудың жоғары буынында кәсіби оқытуды енгізу есебінен оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктеріне бағытталған оқыту жүзеге асырылады.

Оқу қызметінің негізгі көрсеткіші оқушылардың білім сапасы, олардың білімі мен тәрбие деңгейі болып табылады. Мектепте бірнеше жыл қатарынан оқыту үлгерімі мен сапасының, әртүрлі деңгейдегі пән олипиадалары мен ғылыми жарыстарда мектеп оқушыларының қатысу нәтижелерінің мониторингі жүргізіледі. Оқыту үлгерімі мен сапа нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші

Мектеп түлектері жыл сайын өзінің білімдерін растап, «Алтын белгі» және үздік аттестат иегерлері болып табылады, Қазақстан және жақын және алыс шет елдердің ЖОО оқуға түсіп жатыр. «Алтын белгі» және үздік аттестат иегерлерінің саны. (№6 қосымша). Мектеп оқушылары бірнеше жыл қатарынан пән олимпиадаларының, оқушылардың ғылыми жарыстарының, халықаралық және республикалық интеллектуалдық марафондардың, ойындардың және шығармашылық сайыстардың үнемі қатысушылары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Мектепте оқушылардың мінез – құлқы мен қарым – қатынастары сипатталады. Оқушылар санаттауы жүргізіледі.

Бірнеше жыл қатарынан мектеп 8–11 сыныптардың оқушылары арасында қалалық пән олимпиадасының нәтижелері бойынша көшбасшы болып келе жатыр. Мектеп оқушылары – бірнеше рет оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегерлері болып табылады.

Мектепте дарынды балалармен жұмыс бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда, дарынды балаларды анықтау, дамыту мен қолдау үшін жағдай жасалған.

Дарынды оқушылармен жұмысты белсендендіру мен түзету мақсатында мектепте ғылыми–зерттеу қызметіне ықпал ету үшін дарынды оқушылармен жұмыс бойынша Кеңес құрылған, онда оқушылардың мектеп ғылыми қоғамдастығы ұйымдастырылған. Мектептің 9 оқушысының суреттері мен шағын түйіндемелері «Қазақстан үміткерлері. 2012–2013 оқу жылының үздік оқушылары» бесінші республикалық анықтамалық кітабына енгізілген.

Мектебімнің тәрбие жүйесінің моделі құрылған, онда тәрбиенің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, бағыттары анықталған, негізгі принциптер мектеп бейнесінде, түлек моделінде және барлық сыныптан тыс тәрбие жұмысында көрінеді.

Білім беру үрдісінің тұлғалық бағдарлық принциптерін жүзеге асыру мектепте қосымша білім беру жүйесін дамытпай мүмкін емес.

Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын оқушыларды қосымша білім беру жүйесі мен сыныптан тыс қызметпен қамту ұлғайып келеді; оқушылар мен ата-аналарға әлеуметтік сауалнама өткізу: мотивациялы және дарынды балалар бойынша мағлұмат банкісін құру; мектептің материалдық базасын жақсарту; қосымша білім беру мен сыныптан тыс қызмет жүйесіне ақпараттық-коммуникативті технологияларды енгізу.

АКТ-ны еңгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.

Қазіргі заман талабына сай мектептер ақпараттық коммуникациялық технологияның жылдам дамыған уақытында, менің мектебім де бір орында тұрып қалған жоқ: барлық мұғалімдер өз сабақтарында әр түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданып өткізеді, биылғы жылдан мектебім "E–learning" электрондық оқыту жобасына қатысуға дайындық үстінде, сондықтан мектептегі тәжірибе кезінде менің алға қойған мақсатым–оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану, өйткені осы барлық атқарылып жатқан жұмыстар мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың компьютерлік сауаттылығын талап етеді.

Оқушылардың сыныптан тыс қызметін ұйымдастыру формалары–пәндік және тақырыптық үйірмелер, оқушылардың ғылыми–зерттеу қызметі, спорт секциялары, туристік қызмет. Біздің мектептегі қосымша білім беру жүйесі оқушыларға 1–ші сыныптан бастап үйірмелерге қатысуға мүмкіндік береді. Барлық үйірмелердің жұмысы балалардың шығармашылық, танымдық, дене қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Ол еңбекқорлықты, қарым–қатынасты, салауатты өмір салтын жүргізуді дамытуды қамтамасыз етеді. Балалар мектеп концерттеріне қатысады. Осы концерттерге қатысу оқушыларға өздеріне деген сенімділігін тәрбиелеуге көмектеседі. Шығармашылық бірлестіктер келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды: ғылыми– танымдық, дене шынықтыру – спорттық, көркем – эстетикалық.

Оқушылардың интеллектуалды мәдениетін қалыптастыра отырып, мектептің педагогикалық ұжымы оқытудың икем дағдыларының жүйесін құрады. Мектеп оқушылары ғылыми қоғамдастықтың, «XXI ғасыр көшбасшысы» клубының, пән олимпиадаларының, интеллектуалдық марафондарының қатысушылары. Сонымен, шығармашылық бірлестіктердің жұмысы балалардың шығармашылық, танымдық, дене қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Мектебім «Еуропалық мектептер жүйесінің денсаулығын сақтау» жобасы бойынша жұмыс жасайды, негізгі мақсаты - «Қазақстан - 2030» Стратегиясы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мектеп бірнеше рет «Денсаулықты сақтайтын мектеп» бағдарламасы бойынша қалалық, облыстық және республикалық сайыстардың жүлдегерлері болып табылады. Сонымен, өткен өткен оқу жылында білім беру қызметінің нәтижелерін қорытындылай келе, келесі қорытынды шығаруға болады.

Бір жылға жұмыс нәтижесінің анализі мектеп бір әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жасағанын көрсетті, ол әдістемелік жүйенің негізгі құрылымдық буындарындағы жұмыста көрініс тапты: педагогикалық және әдістемелік бірлестіктер.

Мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыс және мектеп мәселесі педагогикалық ұжымның барлық тұрлерінде оқу–тәрбие және ғылыми- әдістемелік қызметінде көрініс тапты.

Мектеп мұғалімдері практикада сабақта әртүрлі инновациялық технологияларды қолданады, оқушылардың мотивациясының әртүрлі әдістерін меңгерген, педагогикалық компетенцияның жоғары деңгейін меңгерген және оны практикада қолдануға дайын.

Бірнеше жыл қатарынан мектепте бойынша тұтас оқыту сапасының жоғары деңгейі сақталып келеді. Мектеп оқушылары білім беру үрдісінің әртүрлі бағыттары бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

13 мұғалім 2–3 деңгей бойынша біліктілікті жоғарлатудың үш айлық курсын өтті, қазіргі уақытта 6 мұғалім 1 ші деңгей бойынша курс өтіп жатыр.

Мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін жақсы имеңгеріп жатыр. Жыл бойы мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі Астана, Талдықорған, Семей, Орал және Көкшетау қалаларында өткізілген халықаралық және республикалық форумдарға қатысты.

Келесі оқу жылында жұмысты жалғастыру керек:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін меңгеру Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстық дайындыққа қатысуды жалғастыруда.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін насихаттау және курстық дайындықты өту тәжірибесінен әр түрлі жаңа технологияларды қолдану, оқытудың сапасын жоғарлатуға ықпал ететін оқу–тәрбие үрдісіне әдістерді енгізу үстінде.

ҰБТ, ОЖСБ және т.б. түрде жетістіктерінің ішкі бағасына оқушылардың дайындығы бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу және жобалық қызметін дамыту бойынша жұмысты күшейту. Мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау бойынша жұмысты жалғастыру; облыстық, республикалық және халықаралық іс шараларға, акцияларға, педагогикалық шеберлік жәрмеңкелеріне қатысу. Жыл сайын олардың салыстыру анализі мен қызметті түзетумен мұғалімнің кәсіби қызметін бағалау рейтинг жүйесін жүзеге асыру. Мектептің қазіргі бастапқы жағдайын анықтау үшін сауалнамалар алдым: бірінші педагогикалық кеңесте мектеп мұғалімдерінен «Мектептің объективті жағдайларын анықтауға арналған», ең бірінші ата–аналар жиналысында ата-аналарға арналған сауалнамалар. Осы сауалнамаларды зерттеп байқағаным мектептің шеңберінде біздің мұғалімдер оқыту мен оқу тәжірибесінде еңгізілетін өзгерістер мен сапалылығын әрқашан талқылайды. Мұғалімдер оқушылардың пікірлерімен санасып отырады, үнемі ата-аналармен пікірлесу үстінде. Мектептің басшылығы, әкімшілігі және қызметкерлері мектеп жұмысының алдағы уақыттағы бағыттары туралы шешім қабылдау үшін бірлесе жұмыс атқарады. Мұғалімдер алдына мақсат қойып, түйінді шешімдер қабылдайды. Өзара бір–бірімен оқыту мен оқу тәжірибесін алмасып отырады, кәсіби біліктіліктерін дамытады.

Сонымен мектеп жұмысының барлық бағыттары сапалы жан-жақты білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді әрі оқушыларды бірге тәрбиелеу мен оқытуда тұлғалық–бағдарлық әдісті және білім беру қызметінің барлық аспектілерінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыруды жүзеге асыру жолында.

Жетістікке қол жеткізудің басты мақсаты–жалпы мақсаттармен, жалпы қызметпен біріккен балалар мен үлкендердің шығармашылық бірлестігі болып табылады. Мектебімде білім беру кеңістігін құру бойынша барлық қызметтің тәжірибелік маңыздылығы-оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда инновациядаларды қолдану әдістері мен тәсілдерін бірыңғай тұтас жүйесін қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ айта кететін мектептегі проблемаларына тоқталсам: мұғалімдер жаңа оқыту жүйесінің бағдарламасы бойынша оқуға, педагогикалық тәжірибелерін оқытудың жақсарту мақсатында, дамытуға, төмен белсендік артып тұр; «Назарбаев Университет» дербес білім беру ұйымының тәжірибелерін білім беру ұйымдарының оқу процесіне сапалы енгізу жөніндегі нормативті база жоқ, үш тілшілікте тәлім–тәрбиенің еңгізе алмауы мамандардың болмағандығынан, ақпараттық–коммуникациялық технология бойынша білімдерін әрі қарай жетілдіріп дамыту және материалдық базасын күшейту. Осыаталып кеткен проблемаға қарамай мектебімнің бірнеше жыл қатарынан қаланың білім беру мекемелері арасында көшбасшылық позицияны алып келеді.

Сонымен қатар мен де осы мектептегі тәжірибе кезінде өз үлесімді қосып және әрі қарай дамытамын деген сенімдемін.








6


Краткое описание документа:

Мектеп есебіне көңіл бөлген себебін ең алдымен бастапқы жағдайы қандай екенін анықтау үшін. Есепке көңіл бөлген мақсат–міндеттетім мектептің жан–жақты ахуал жағдайын зерттеу. Сонымен қатар мектеп мәселелерін қарастырып, әлсіз және күшті жақтарын анықтауға көп көмек тигізді. Мен мектептің бастапқы жағдайын зерттеп анықтау арқылы мектебімді «Білімді тереңдету, қорыту және тарату» санатына жатқызар едім. Себебі өткен оқу жылында педагогикалық ұжымның жұмысы Қазақстан Республикасының–да бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің Мемлекеттік жалпы міндетті стандартын қамтамасыз етумен байланысты мақсаттарды орындауға бағытталған. Мектептің әдістемелік тақырыбы: «оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі әдістерді жүзеге асыру нәтижеге бағытталған жаңа білім беру парадигмасының көрінісі ретінде». Жаңа білім беру парадигмасының көрінісіне бағытталу бойынша жұмыс жасау үшін оның негізгі мақсат–міндеттерін анықтау үшін ең алдымен мектеп әкімшілігімен кездесіп, сұхбаттасу жүргіздім. 
Автор
Дата добавления 03.10.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1011
Номер материала 189962100320
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх