Инфоурок Логопедия, Дефектология Другие методич. материалыБаяндама "Кітапханада"

Баяндама "Кітапханада"

Скачать материал

Баяндама-ақпарат


«Кітапханада»


Кiтапхана iсi - мiндеттерiне кiтапханалар желiсiн құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кiтапхана пайдаланушыларға кiтапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетудi ұйымдастыру, кiтапхана мамандарын даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру, кiтапханалардың дамуын ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз ету кiретiн мәдениет саласы.

Кiтапхана - ақпараттық, мәдени, бiлiм беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрiнiс материалдары, электронды жеткiзгiштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретiн мекеме.

Қазақстан Республикасының аумағында әмбебап, жасөспiрiмдер, балалар кiтапханалары, сондай-ақ көрмейтiн және нашар көретiн азаматтар үшiн арнайы кiтапханалар құрылуы мүмкiн.

Мемлекеттiк кiтапханалар ақысы мiндеттi сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келiсiм бойынша айқындалатын, өздерiнiң негiзгi қызметiне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткiзуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақша мемлекеттiк кiтапхананың иелiгiнде қалуы мүмкiн.

Мемлекеттiк кiтапханалар:

1) жеткiзгiштердiң, форматтардың, стандарттардың барлық түрiнен көшiрмелер дайындауға және оларды өңдеуге;

2) кемтар азаматтар үшiн материалдар дайындауға;

3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;

4) қолжазбаларды, құнды кiтаптарды және құжаттарды реставрациялауға;

5) көшпелi ақпараттық - көрме iс-шараларын ұйымдастыруға;

6) бiлiм беру және аудармашылық қызметтерiн көрсетуге;

7) қолжазбаларға және құнды кiтаптарға сараптама жасауға;

8) байланыс операторымен шарт негiзiнде Интернет желiсi қызметтерiн ұсынуға;

9) құжаттарды электронды жеткiзуге, тақырыптық ақпарат iздестiрiп, құрастыруға;

10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсiрiлiмдер жасауға;

11) кiтапхана шығарған оқу-әдiстемелiк әдебиеттi және басқа да оқу құралдарын өткiзуге құқығы бар.

Мемлекеттiк кiтапханалардың негiзгi қызметiне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден қаражат түсу және оны пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Кiтапхана iсi, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның бiр бөлiгi ретiнде кiтапхана қорларын сақтаумен, пайдаланумен байланысты мәселелер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттеледi.

Мүгедек немесе егде жаста болуынан кiтапханаларға бара алмайтын кiтапхана пайдаланушылар уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кiтапхана қорларына қол жеткiзуге құқығы бар.


Кітапханалар жүйесін  пайдалану ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Кітапханалар жүйесін пайдалану ережесі Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңына, Қазақстан Республикасының кітапханалар ісі туралы Ережеге, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігімен және «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысына сәйкес әзірленді.

1.2. Кітапхана мәдени-ағартушылық, кітапхананың қорын кітаптарды басқа баспа шығармаларды, ұйымдастырушы мекеме болып табылады.

1.3. Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекет қарауында болып табылады.

2. Кітапхананы пайдалану ережесі

2.1. Кітапхана кітап қорындағы барлық басылымдармен пайдалануды қоғамдық негізде ұйымдастырады.

2.2. Кітапхана Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын әрі қарай дамыту мақсатында өз кітап қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тиісті.

2.3. Кітапхананы пайдалануға азаматтардың, мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың құқы бар. Кітапхананың жалпыға бірдей қызмет етуін кітапхана бөлімдері  жүзеге асырады.

2.4. Кітапхананы пайдалану ақысы тегін.

3. Оқырмандардың жазылу ережесі.

Оқырман құқығы мен міндеті.

Барлық азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар кітапхана қызметін пайдалануға құқылы.

3.1. Кітапханаға оқырманның жазылу ережесі.

3.1.2. Кітапхана оқырмандары 16 жасқа толған азаматтар.

3.1.3. Оқырман кітапханаға жазылу кезінде кітапхана қызметін пайдалану ережесімен танысып, оларды орындау міндетін тіркелу карточкасында және оқырман формулярында қолтаңбасымен растау қажет.

3.2. Оқырмандар тең құқылы: Еркін таңдап оқу мүмкіндігі, уақытша үйде қолдану немесе оқу залында кітапхана қорынан дайындалу кезінде құжаттарын алуға, сонымен қатар қойылған тәртіп бойынша кітапхана аралығында абонементпен, библиография, анықтама-ақпараттық қызметін, электронды қызмет көрсету бөлімі және тағы басқа кітапханада көрсететін кызметті пайдалануға құқы бар.

3.2.1. Кітапхана ұйымдастыратын шараларға оқырман қатыса алады.

3.3. Оқырман міндетті:

3.3.1. Пайдалануға алған деректерді анықтап көрсетіп алу керек, егер кемшілік кездескен жағдайда бүлінген деректерге жауапты болады.

3.3.2. Кітаптың немесе оқырман формулярында әр алынған баспа данасына қолтаңбасын қояды, ал қайтарған кезде өз қолтаңбасын кітапханашы қолтаңбасымен өшіріліп тұрады.

3.3.3. Кітапхана қорынан алынған кітаптарды ұқыпты ұстап, олардың сақталуына көңіл бөліп, сызып, белгі қоймай, оқу залынан алып кетпей, кітапхана ішінен шығармай пайдалану, егер олар оқырман формулярында немесе басқа тіркеу құжаттарында жазылса, белгіленген мерзімде қайтару керек. Ашық қорлардың тәртібін бұзуға, каталогпен, картотекадан карточкаларды шығаруға болмайды.

3.3.4. Қоғамдық тәртіпті және кітапхана ішінде тазалықты сақтап және басқа оқырмандардың сақтауын қадағалау, кітапхана мүлкіне ұқыпты қарау керек.

3.3.5.Кітапханадан шығар кезінде қағаздарды, дәптерлерді, папка және дорбаларды тексеруге ұсынуы тиіс.

4. Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

4.1. Бақылау аумағына сырт киіммен, қолшатырмен, портфельмен, іші көрінбейтін пакеттермен, фотоаппаратпен, магнитофонмен кіруге.

4.2. Оқу залына басқа бөлімдерден алған кітаптармен кіруге кітапханашының рұқсатынсыз кітаптарды алып шығуға.

4.3. Каталог пен картотекада карточкаларды алып, оларды белгілеу және ашық баспалар тұрған көрмелердің тәртібін бұзуға.

4.4. Кітапхана ішінде темекі шегуге.

4.5. Оқырмандар жауапты:

4.5.1. Кітапхана қорына зиян келтірген адамдар ҚР Заңына және осы Ережеге сәйкес материалдарды және басқалай да жауап береді.

4.5.2. Кітапхана қорынан баспа туындыларын және басқа материалдарына толтырылмас зиян келтірілсе немесе жоғалтса, азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер сол туындыларға және басқа материалдарға ұқсас туындыны ауыстырады немесе кітапхана белгілеген баға бойынша, басқа нұсқасын, егер орнына ауыстыра алмаса, нарық құны он есе мөлшерін төлейді.

4.5.3. Егер кітапхананың Ережесін сақтамай бұзған жағдайда кітапхана әкімшілігі қойған мерзімде кітапхана қызметін пайдалану құқын жоғалтады:

Кітапханадан деректерді алып кеткенде, алып кетейін деп тұрғанда немесе толтырылмас зиян келтіргенде.

5. Кітапхана міндеті.

5.1. Әр азаматқа оқырман құқын толық қолдануға кепіл, кітапхана міндеті - бар қорын, өзінің жоспарын, қызмет көрсету түрлері туралы халыққа ақпарат беруге:

- Қызмет көрсету түрлерi, өздерiнiң жоспарлары, бар қорлар туралы халықты ақпараттандыру;

- Оқырмандарға қорларын пайдалануға, кітапхана қызметін пайдалануға ыңғайлы жағдай жасауға;

- Кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызметін жаңартып тұру;

- Оқырмандарға жоғары мәдени қызмет көрсету, (қажетті деректерін таңдауға көмек көрсету, олардың каталог, картотека, анықтама-библиографиялық және ақпараттық материалдарды пайдалануына ықпал жасау, жаңа әдебиеттерді таныстыру және басқа шараларды ұйымдастыру);

5.2. Оқырман сұраған деректер жоқ болса, кітаптар аралық абонементпен сұраныс жасау.

5.3. Оқырмандарға пайдалану мерзімі аяқталған он күннің ішінде қайтаруын немесе мерзімін ұзартуын ескерту. Егер осы айтылған мерзім ішінде деректер қайтарылмаса, оқырманға талап ету хатын жіберу немесе он күннің ішінде мазмұны мен құны тең келетін деректерді орнына алып келу.Талап ету хатында мерзімі өткен күндер үшін ақша төлейтіні туралы, егер қайтарылмайтын болса немесе орнын толтырмайтын болса он есе нарық құны айып тағылады.

5.4. Егер белгіленген деректер қайтарылмаса немесе орнына басқаны алып келмесе, оқырман және абонементтің келісімімен жасалған деректердің он есе құны төлемі кітапхана кассасына салынады. Алынған соммаға кіріс ордері жазылып, оқырманға түбіртек беріледі.

5.5. Кітапхана қорына келтірілген зияны үшін төленген ақшалай қаражат өсім айыбынан кітапхана қорын толықтыруға, басылымдарды түптеуге және т.б. іс-шараларға жұмсалады.

6. Оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

6.1. Оқырмандарға оқу залы, абонемент, ақпараттық-библиографиялық және электронды қызмет көрсету бөлімдері қызмет көрсетеді.

6.2. Оқырман 5 басылымнан артық үйге 30 күнге дейін ала алмайды. Оқу залында саны шектеусіз. Жаңа журналдарды және т.б. жоғары сұраныстағы деректерді пайдалану мерзімін кітапхана бөлімдері белгілейді. Дара данасы және құнды деректерді, анықтаушы басылымдарды үйге бермейді.

6.3. Оқырман деректерді пайдалану мерзімін ұзартып алуға болады, тек 2 реттен артық болмайды. Егер басқа оқырмандардан оларға сұраныс болмаса, телефон арқылы 1 рет қана ұзарта алады.

6.4. Деректерді кітапханашы рұқсатымен көшіре алады. Дара және құнды деректерді, анықтама басылымдарын көшіруге рұқсат етілмейді.

6.5. Кітапхана қызметінің анықтамасын жұмыс істеу тәртібін орнатылған телефон нөмірінен білуге болады.

Кітапхана алдын ала берілген мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының тапсырысы бойынша топтық саяхат өткізеді.

6.6. Кітапхана оқырмандарға күн сайын сағат 9.00. – 18.00-ге дейін, үзіліссіз кітапханалық қызмет көрсетеді. Демалыс күні – жексенбі. Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.  



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Кітапханада""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Материал называется доклад "В биоблиотеке". В содержании материала рассказывается о  функционировании и деятельности библиотеки. О правилах и требованиях, о режиме и график работы, об обязанностях и правах библиотекарей и читателей. О системности и развитии библиотечных работ. Об организации  информации и информационно-библиографических  работ. Об организации культурно-ценностных материалов, творческих публикации. Работа с документацией. Об обеспечении книжным фондом с целью  экономической, социальной  и духовной развитии.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.10.2014 3406
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейтмаганбетова Жаркын . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейтмаганбетова Жаркын
    Сейтмаганбетова Жаркын
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8328
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Системы экологического менеджмента: стандарты ISO 14001:2015

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 253 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии управления логистикой и цепями поставок

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе