Инфоурок Начальные классы КонспектыДәстүрлі ән – ұлт мұрасы

Дәстүрлі ән – ұлт мұрасы

Скачать материал

Безимени-1

Дәстүрлі ән – ұлт мұрасы

 

Әбіләкімқызы Нұрай

«№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы» КММ 4 «Б» сынып оқушысы

 

Омарова Шолпан, «№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы,Шиелі кенті

 

 

Өз тегін, ерлерін ескермесе,

Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді.

І.Жансүгіров

            Сыр бойындағы сұлу мекен, жергілікті ақындар Швейцарияға теңеп жырға қосқан киелі Шиелі өңірі тарихи тағылымы мол мекен. Теріскейін қарт Қаратау, оңтүстік сұлу Сыр өзені алып жатқан аймақ аралығында орналасқан Шиелі өңірі өзіндік мәдениетімен дараланатындығы көптеген әдеби шығармалармен қатар, бірнеше зерттеушілерінің шығармаларына арқау болған аймақ. Бұл өңірде талай – талай ел қорғаған батырлар, аузымен құс тістеген ақындар «ердің құнын бір – ақ ауыз сөзбен шешкен» шешендер, әсем ән сазын қалыптастырған тұлғалар өмір сүрген.

            Сыр елі – жыр елі аталса, соның шұрайлы бір өңірі – Шиелі жері де өзіндік тарихы бар, салт пен дәстүрге толы. Бұл өңірден де небір дүрлер, шайырлар мен шешендер, би мен болыстар, ғалымдар мен ғұламалар, басқа да неше түрлі дарындар шыққан өлке. Ойымыздың негізгісіне көшсек, шежірелі Шиелі өңіріндегі айтулы өнер иелерінің қатарында атағы алты алашқа жайылған ақын Бұдабай Қабылұлы болатын. Ол Шиелі өңірінде 1842 жылы дүниеге келіп, 1912 жылы 70 жасында қайтыс болады.Бұдабай суырып салма айтумен жазып айтуды қатар меңгерген сөз зергері. Жайшылықта аузынан сөзі түсіп қалатын, өлеңге келгенде бұлбұлдай сайрап жөнелетін, бойына өлең қонған, әйгілі ақын болған.

            Шиелі өңіріне ғана емес, жалпы қазақ жұртшылығына танымал тұлға Иманжүсіп Құтпанұлы өнерімен, батырлығымен, серілігімен танылған тұлға. Туып - өскен жері негізінен Арқа аймағы болғанымен негізгі ата жұрты болып саналатын Сырдың бойы Иманжүсіп бабамыздың өмірінің ақырғы кезеңдері өткен жер. Бұл жайында көптеген басылымдар айтылып та жазылып та жүргендіктен біз Иманжүсіп бабамыздың Сыр бойындағы ағайынына оралу кезеңіне тоқтала кеткенді ғана жөн көрдік. Иманжүсіп Құтпанұлы 1913 жылы Арқадан Сыр бойына көшіп келеді де, оның бірге туған бауырлары Ақшабай мен Шоңай өздері туып - өскен, кіндік қаны тамған Арқада қалады.Елінің, жерінің азаттығын аңсаған бабамыздың ағайын ортасына келгенде де елімізді,жерімізді отарлаушы коммунистік империяның қызыл жағалыларымен жағасуы тоқтамайды. Патша заманын былай қойғанда, кеңестік дәуірде де қуғын – сүргіннен көз жазбай өткен Иманжүсіп бабамыздың өмірінің соңы НКВД түрмесінде азаппен аяқталған. Осындай өмір жолының шырғалаңға толы сәттерінде өмір болмысының қиянаттарына жаны шыдамаған Иманжүсіп Құтпанұлы бірнеше өлеңдер мен толғаулар қалдырып, сол шығармаларына ән шығарып, өнерімен де ерекше танылған дарын иесі.

            Шиелі өңіріндегі шешендер мен билерді сөз еткенде солардың ішінде ерекше болмысымен биік көрінетін Досбол датқа Қорлыбайұлы. Досбол датқа Қорлыбайұлы Шиелі ауданына қарасты Жөлек өңірінде 1800 жылы дүниеге келген. Арғы атасы – көзей қыпшақ.

            Сыр бойын мекендеген елдің теңдігі мен тыныштығы үшін ат үстінен түспеген белгілі жан, даулы мәселенің қисынын тауып айтатын беделді би, буынсыз қызыл тілдің қызығына ермей, қызырын ел мен жердің еңсесін көтеруге арнаған, шашасына шаң жұқпас, шипа сөзді шешен.

            Досбол датқаның есімі тек Сыр өңіріне ғана емес, күллі қазаққа танымал. Бірақ, 1993 жылы шыққан «Қазақтың би шешендері» деген атпен жарық көрген (авторы: Н.Төреқұлов, М.Қазыбеков) кітапта: «Досбол Қорлыбайұлының ғұмырнамасы әлі анықтала қоймаған. Қай жылы туылғаны, қай елден шыққан шешен екені де белгісіз» деп жазады. Бұл авторлар тарапынан жіберілген үлкен қателік. Себебі, біз жоғарыда айтып өткендей, Досбол датқа тарихи үлкен орны бар айтулы адам, сөзге жүйрік шешен, ел бастаған көсем. Оның немере, шөберелері қазір Шиелі ауданында тұрады.

            Есімі елге белгілі күллі қазаққа танымал, «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ,» - деп қара қылды қақ жарған әділ би Досбол датқа 1890 жылдары 90 жастан асып барып дүние салды. Бейіті «Оқшы ата» әулиелер мазарында.

            Досбол датқадай даңғайыр даналығымен алты алашқа танымал болған би Бала би шешен. Бала би шешен (шын аты Бименбет) Есенәліұлы 1811 – 1875 жылдар шамасында өмір сүрген.

            Бала би Есенәліден он үш жасында жетім қалып, әкесінің інісі, бұлтың қыпшаққа аға болған Арғынбайдың атын ерттеп, қасына еріп жүреді. Сөйтіп жүріп, Арғынбай бидің тәлімін алады. Жасынан ел мен жердің дауына ерте араласып, Бала би атанады.

            Ақиық ақын мен ел билігіне араласқан би – шешендердің түпкі ойы бір арнада тоғысады. Ол – соңына ерген елінің тыныштығы. Ендеше, Бала би шешенннің әлі күнге дейін мән – мағынасын жоймай келе жатқан нұсқалы сөздерінің туындауына да осындай оқиғалар себеп болған сияқты. Бұл арада Бала би мен Досбол датқаның Қоқан хандығы мен Ресейдің отаршылдық саясатына қарсылығы олырдың өнегелі өмірінен өшпестй болып қалған өлмес туындыларынан айқын аңғарылады.

            Шежірелі шешендігімен халық санасына берік орнығып, ұстамды да ұтымды сөздің ұлығы атанған Бименбет Бала би шешенннің арғы атасы – бұлтың қыпшақ. Өсіп - өнген ұрпақтары Сыр бойында, нақтылап айтар болсақ, бұрынғы «Ащықұдық» (қазіргі Бала би ауылының аймағы) ауылы мен Бәйгеқұм станциясы төңірегінде тұрады.

            Өнерді жасаушы ерекше дарынға ие болған біртуар тұлғалар қатарында Нартай Бекежановтың алар орны зор. Алты алашқа асқақ әнімен, өр рухты жырымен, ерекше өнерімен танылған Нартай Бекежанов 1890 жылы Шиелі ауданында туып, 1954 жылы осында қайтыс болды. Қазақтың халық ақыны, бұлбұл үнді әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері. Он үш жасынан жыр айтып, ән шырқаған. Нарекең соңғы демі үзілгенше шырқап, жырлап өтті. Нартай әні әлі ауада қалқып жүр, әркімнің құлағында, ән сүйер халықтың жүрегінде тұр. Қазақ жерінде қазақ поэзиясының Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, Орынбай, Шашубай, Кенен, Иса, Нұрлыбек, Үмбетәлі, Нұрхан сияқты ұлы ақындары көп болса, Нартай солардың бел ортасында думандатып өткен ақын.

            «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» дейді халық даналығы. Қандай да бір белгілі сала жетекшісінің сол сала бойынша сіңірген еңбектерінің негізгі қалыптастырушысы болумен бірге жалғастырушысы да болады. Қазақ өнеріне шексіз үлес қосқан, қазақ өнерінде «Нартай әндерінінің» негізін салған Нартай Бекежановтың жолын жалғастырған шәкірттерінің есімдері ел есінде әлі күнге дейін сақталып, айтылып келеді. Сондай шәкірттерінің бірі Шиелі ауданынынң Керделі ауылдық округіне қарасты қазіргі Нартай ауылында өмір сүрген Палжігіт Берсүгірұлы болатын.

            Палжігіт Берсүгірұлы 1904 жылы Шиелі ауданының Қарғалы аймағына жататын Сарытораңғыл деген жерде дүниеге келген. Бала жасынан ән – жырға әуес бола жүрумен қатар, ағасы Жолтай ұстадан ұсталық өнерді үйренген. Келе – келе белгілі өнер иесі Нартай Бекежановпен жолдас бола жүріп, оның он екі тілді сырнайын үйреніп, Нартай әндерінің қыр – сырын терең меңгереді. Бірақ, ата жолы ұсталықты кәсіп еткесін өлең өнеріне біржола бет бұрмаған. Нартай шығармашылығын зерделілігімен, зейінділігімен насихаттай жүріп, өзі де көптеген өлеңдер шығарған. Өз өлеңдерін сырнай аспабының сүйемелдеуімен айтумен қатар, ағасы белгілі ақын Молжігіттің жыр мұрасын да ел ішіне таратқан. Осындай кемел өнерді меңгерген Палжігіт ел ішінде шайыр атанды. Оның мұндай атқа ие болуының тағы бір себебі, Палжігіт атамыздың репертуарында шығыс халықтарының барлық жыр – дастандары бар. Ол кісі кеште жыр бастаса, таңға дейін «Көрұғлы», «Қыз Жібек», «Сейфілмәлік», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.с.с. жыр дастандарды жатқа айтқан. Бір өкініштісі, Палжігіттің өз шығармалары мен өзінің орындауындағы өз дауысы жазылған әндер толық сақталмаған.

            Арзулла Молжігітов 1929 жылы Қызылорда облысы , Шиелі ауданы, Коммунизм колхозына қарасты (қазіргі ақын Нартай ауылы) Керделі ауылдық советінде дүниеге келген. Руы орта жүз, оның ішінде Қыпшақ аталығынан тарайтын Шашты руынан.

            Арзулла Молжігітов балалық шағында ауыл молдасынан білім алып, тіл сындырады. Ата дәстүрі ұсталық өнер болғанымен бұл әулиетке ақындық өнер де ұсталықпен қатар жалғасып отырады. Осындай ортада тәрбиеленген Арзулла Молжігітов әуелгі кезеңдерге домбыраны меңгеріп, кейіннен ағасы Палжігіттің сырнаймен салған әніне құмарта жүріп, он сегіз тілді сырнайды еркін меңгереді. Ойнап жүрген бала кезінде алғаш рет патефоннан Ғазиздің әнін тыңдап, заматында үйреніп алады. Он үш жасында осы әнмен алғаш рет сахнада өнер көрсетіп, Шиелі аудандық «Стахановшы» газетінде суреті (қазіргі – «Өскен өңір» газеті) жарияланады. Осы жасында ақындық өнердің ұшқыны да байқалып, өлеңдері аудандық газетте жарияланады.

            Аудан орталығындағы №45 қазақ орта мектебінде оқып білім алып жүргенінде арқалы ақын, саңлақ сазгер Нартай Бекежановпен кездеседі. Ол кісінің «Игигайын» өзі айтқандай орындап бергенін көрген Нарекең Арзулланың өнеріне шын риза екенін білдіреді. Бұл туралы жерлесіміз, өнертанушы , сазгер Мұхамеджан Рүстемов өзінің «Жалын» баспасынан 1983 жылы шыққан «Нартай» повесінде былайша суреттейді: «Оқушылар арасында өнерпаздар мол. Әсіресе, Арзулла деген баланың әншілік өнері Нартайды бірден баурап алады. Ол салған әніне жан бітіріп, құлпыртып жібереді екен. «Екі жиренді» немесе «Қарғашты» бастағанда Арзулланың зор екпінімен қалықтай жөнелетін кәусар үні биікке самғай түсіп, енді бір сәтте діріл қағып қайта қайырылып, құс қанатындай серпіле шалқып, құбыла құйқылжығандай тыңдаушылар рақатқа бөленіп, өздерін ән құшағында тербелгендей сезінетін. «Көзін қарашы, от шашып тұр. Түбі осы баладан бір нәрсе шығады. Тіл аузым тасқа» - дейтін.

            Арзулла тек домбыра аспабында ғана емес, сырнайды да тарта алады екен. Нартай енді осы жағынан баулып, одан: «өзіме лайық шәкірт шығарсам» - деп, арман ететін. Құйма құлақ, талантты бала Нартай орындаған әндерді қағып алып, Нартайдың «Игигайын» құйқылжыта орындайтын болды.

            1932 жылғы аштық, 1937 жылғы жаппай қуғын – сүргінннің әсері жас Арзуллаға да тимей қалған жоқ. 1933 – тің өктемінде бір әулеттің тірегі болып, ұсталығымен, зергерлігімен асырап отырған атасы Жолтай атасы қайтыс болады. (Жолтай ұста жөнінде 1985 жылғы республикалық «Мәдениет және тұрмыс» журналында жарық көреді. Сонымен қатар, «Шебердің қолы артық» атты республика аймағында ұсталықпен аты шыққан зергерлер жинағында арнайы айтылады.) Елдегі шолақ белсенділердің кесірі мен жазықсыз жапқан жаласынан әкесі Молжігіт пен ағасы Сұлтан екеуі қуғынға ұшырап, әкесі Өзбекстаның Самарқан қаласынан шығады. Осындай тауқыметтердің кесірінен өз анасынан айырылып, адасады. Бір үйдің тауқыметі жалғыз Арзуллаға түскен соң, жеті жылдық мектепті бітірісімен «Жиделіарық» ауылына мұғалімдік қызметке орналасады. Соғыс аяқталып, ел арқасы кеңи бастағанда өзінің талантымен, дарындылығымен дара шығып, әуелі облыстық филармонияда, кейіннен Нартай бригадасында жүріп, халыққа өнер көрсетеді. Қиындықтан әбден қажыған ел – жұртттың еңсесі биік болуына өзінің бойындағы бар өнерін халық қуанышы үшін арнайды.

            Өзінің еңбегін елге арнап, әсіресе туған жеріне арнасам деген ізгі ниет жетегімен Арзулла Молжігітов өзінің ауылына келіп, еңбек жолын жалғастырады. Өз ауылында клуб меңгерушісі, Қызыл отаудың ұйымдастырушысы болып, сол кездегі саясат ықпалын насихаттай жүріп, ақындық,әншілік өнерін жалғастырады.

            Арзулланың ақын болып қалыптасуына негіз салған әкесі Молжігіттің тәрбиесі еді. Молжігіт кезінде аймаққа аты танылған талантты ақындар Палымша Күзембайұлы, Есенбек Басалқаұлы сынды ақындармен қатар, Сыр бойы ақындары түгел білетін, өзінің жұмбақ айтысын «Шәкей сал Дәуішқызының жұмбағы» деген атпен жазатын қыпшақтың Қарасары руынан тарайтын Тапал ақын атанған Баймақандармен бірге жүрген жандардың бірі болатын.

            Арада бірнеше жылдар өтті. 1958 жылы әкесі, көп ұзамай анасы дүниеден өтеді. Мұның барлығы да Арзулланың өміріне қиындықтар туғызып, қам көңіл боып, өнерден біршама уақыт қол үзіп қалады. Дегенмен, «асыл пышақ қын түбінде жатпайды» дегендей шығармашылық қарымын одан әрі дамытып, өнерін жұртшылыққа паш етеді.

            Алғашқыда Арзулла Молжігітов өлеңді қағаз бетінде шығара жүріп, кейіннен ақындар айтысына ден қояды. Ауыл арасындағы той – томалақтар мен шілдеханаларда ауызекі қағытпаларда ақындық өнерін шыңдай түседі. Осыдлайша ақындық өнерін дамытқан ақын сол кездегі облыс, республикаға танымал болған Мүтәліп Қыраубаев, Манап Көкенов, Есмағзамдармен айтысқа түсіп жүреді.

            Арзулла Молжігітовтың ең бір шығармашылық кезеңінің өрлеген тұсы өткен ғасырдың 80-90 жылдар аралығы болды. Осы кезеңдерде орындаушылық сапармен ел астанасы Алматы қаласында Қызылорда облысынынң танымал әншілері мен жыраулары – Қуандық Бүрлібаев, Шамшат Төлепова, Рысбек Әшімов, Алмас Алматов, Алшынбек Сәрсенбаев, Жұмабек Аққұловтармен өнер көрсетеді.

            Аудандық айтыстың жүлдегері атанған ол 1988 жылғы «Творчестволық интелегенция мен қолөнер шеберлерінің облыстық семинар - кеңесіне» қатысады.

            Үшінші облыстық ақындар айтысында Есіркеп Қоңқабаевпен айтысқа түседі. Бұл сөз сайысында да асқан байсалдылықпен салиқалы сөз өрнегін құрап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленеді. Өмірінің соңына дейін өнерді жанына серік еткен Арзулла Молжігітов Нартай мұраларын насихаттап қана қоймай, өнердің өркендеуіне шексіз үлес қоса білген біртуар азамат еді.

Арзулла Молжігітов 2002 жылы 73 жасқа қараған шағында дүниеден қайтты.

    Жер бетіндегі барша халықтардың өзіндік адам болмысын көрсететін игілік – ұлттық мұрасы болып саналады. Тағдырдың талай теперіші мен қиянатына кезіксе де, қазақ халқы ата – бабадан жалғасқан осындай киелі мұраны бүгінгі күнге жеткізеді.

Дегенмен, біз көрмесек те біздердің ата – аналарымыз,ардагерлеріміз тікелей куәгер болған. Кеңестік дәуірде ұлтымыз біршама қастерлі жолы ұмытыла жаздаған болатын. Бұл сөзімізді тарих беттері айқын көрсетеді. Небір нарқасқа калыптағы тұлғаларымыз кеңестік империяның ықпалынан аса алмай кереметтей асылдарымыз дүниеден өтті. Бірақ, «алмас қылыш қын түбінде жатпайды» дегендей, небір құнды мұраларымыз басындағы дәл бағытынан жаңылса да, шүкір осы күнге келіп жетті.

Қазақ халқының ұлттық мұрасына ән менен жыр, би менен күй, ұсталық, зергелік өнер, даналық сөздер т.с.с көптеген рухани құндылықтар жатады. Осындай арнайы да асыл жолдың біз сөз етіп отырған саласы – дәстүрлі ән халқымыздын ерекше қасиетті екендігін көрсететіні ақиқат. Олай дейтініміз, қазақ жұртшылығы әз бастаған өмір тарихы мен өнеге өркенін ән арқылы айшықтап, ән арқылы жеткізе білген. Мысалы, сонау XVII ғасырдағы жонғары шапқыншылығының зобалаңын «Елім – ай» әні арқылы көрсете, ұлттық дәстүрге негізделген барлық арнаны тұрмыс – салт жырларымен көркем баяндаған. Осындай тектілікті табиғи таланты арқылы көрсетіп, дәстүрлі ән саласын дарындылықтарымен молайтқан біртума өнер иелері Біржан Сал, Ақан Сері, Мұхит, Жаяу Мұса, Иман Жүсіп, Жамбыл бабаларымыз деп, айта аламыз. Бір өкініштісі Нартай бабамыздың тірі дауысы әлі күнге дейін табылмай келеді. Сонда да болса, Нартай мұрасы біздің дәуірімізге жеткізген Арзулла Молжігітов сынды саңлақтардың жалпы ұлт мұрасына көрсеткен ұқыптылығына еріксіз бас иесің.

Арзулла Молжігітов Нартай мұрасын насихаттаумен қаттар ұлттық мұраға ұқыптылық танытудың ұлағат шәкірт тәрбиелеу арқылы да көрсете білген.Оны біз осы жұмысымыздың негізгі бөлімінде айтып өткен болатынбыз.

Сөзімізді қортындылай келе, Нартайдай алыптардың асқаралы бағытын біздердей жас өспірімдер санасына мектеп жасынан сіңіре берсе, ұлт мұрасына нағыз ұқыптылық таныту болып табылады. Бұл дегеніміз ұрпақ ұлағатының бар екендігінің нағыз дәлелі демекпін.

Ұсыныс:

1)                  Жергілікті сазгерлерді ән сабағында насихаттап, оқытса;

2)                  Арзулла атына көше,үйірмелер аттары берілсе;

3)                  Шығармалары жинақталып, кітап болып басылса;

4)                  Текті әулеттің ұрпақтарының шежіресі сабақтасып, жалғасын тапса;

5)                  Баспасөз беттерінде тың деректер жарияланса;

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дәстүрлі ән – ұлт мұрасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дәстүрлі ән – ұлт мұрасы   Әбіләкімқызы Нұрай «№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы» КММ 4 «Б» сынып оқушысы   Омарова Шолпан, «№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда облысы,Шиелі кенті     Өз тегін, ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді. І.Жансүгіров             Сыр бойындағы сұлу мекен, жергілікті ақындар Швейцарияға теңеп жырға қосқан киелі Шиелі өңірі тарихи тағылымы мол мекен. Теріскейін қарт Қаратау, оңтүстік сұлу Сыр өзені алып жатқан аймақ аралығында орналасқан Шиелі өңірі өзіндік мәдениетімен дараланатындығы көптеген әдеби шығармалармен қатар, бірнеше зерттеушілерінің шығармаларына арқау болған аймақ. Бұл өңірде талай – талай ел қорғаған батырлар, аузымен құс тістеген ақындар «ердің құнын бір – ақ ауыз сөзбен шешкен» шешендер, әсем ән сазын қалыптастырған тұлғалар өмір сүрген.             Сыр елі – жыр елі аталса, соның шұрайлы бір өңірі – Шиелі жері де өзіндік тарихы бар, салт пен дәстүрге толы. Бұл өңірден де небір дүрлер, шайырлар мен шешендер, би мен болыстар, ғалымдар мен ғұламалар, басқа да неше түрлі дарындар шыққан өлке. Ойымыздың негізгісіне көшсек, шежірелі Шиелі өңіріндегі айтулы өнер иелерінің қатарында атағы алты алашқа жайылған ақын Бұдабай Қабылұлы болатын. Ол Шиелі өңірінде 1842 жылы дүниеге келіп, 1912 жылы 70 жасында қайтыс болады.Бұдабай суырып салма айтумен жазып айтуды қатар меңгерген сөз зергері. Жайшылықта аузынан сөзі түсіп қалатын, өлеңге келгенде бұлбұлдай сайрап жөнелетін, бойына өлең қонған, әйгілі ақын болған.             Шиелі өңіріне ғана емес, жалпы қазақ жұртшылығына танымал тұлға Иманжүсіп Құтпанұлы өнерімен, батырлығымен, серілігімен танылған тұлға. Туып - өскен жері негізінен Арқа аймағы болғанымен негізгі ата жұрты болып саналатын Сырдың бойы Иманжүсіп бабамыздың өмірінің ақырғы кезеңдері өткен жер. Бұл жайында көптеген басылымдар айтылып та жазылып та жүргендіктен біз Иманжүсіп бабамыздың Сыр бойындағы ағайынына оралу кезеңіне тоқтала кеткенді ғана жөн көрдік. Иманжүсіп Құтпанұлы 1913 жылы Арқадан Сыр бойына көшіп келеді де, оның бірге туған бауырлары Ақшабай мен Шоңай өздері туып - өскен, кіндік қаны тамған Арқада қалады.Елінің, жерінің азаттығын аңсаған бабамыздың ағайын ортасына келгенде де елімізді,жерімізді отарлаушы коммунистік империяның қызыл жағалыларымен жағасуы тоқтамайды. Патша заманын былай қойғанда, кеңестік дәуірде де қуғын – сүргіннен көз жазбай өткен Иманжүсіп бабамыздың өмірінің соңы НКВД түрмесінде азаппен аяқталған. Осындай өмір жолының шырғалаңға толы сәттерінде өмір болмысының қиянаттарына жаны шыдамаған Иманжүсіп Құтпанұлы бірнеше өлеңдер мен толғаулар қалдырып, сол шығармаларына ән шығарып, өнерімен де ерекше танылған дарын иесі.             Шиелі өңіріндегі шешендер мен билерді сөз еткенде солардың ішінде ерекше болмысымен биік көрінетін Досбол датқа Қорлыбайұлы. Досбол датқа Қорлыбайұлы Шиелі ауданына қарасты Жөлек өңірінде 1800 жылы дүниеге келген. Арғы атасы – көзей қыпшақ.             Сыр бойын мекендеген елдің теңдігі мен тыныштығы үшін ат үстінен түспеген белгілі жан, даулы мәселенің қисынын тауып айтатын беделді би, буынсыз қызыл тілдің қызығына ермей, қызырын ел мен жердің еңсесін көтеруге арнаған, шашасына шаң жұқпас, шипа сөзді шешен.             Досбол датқаның есімі тек Сыр өңіріне ғана емес, күллі қазаққа танымал. Бірақ, 1993 жылы шыққан «Қазақтың би шешендері» деген атпен жарық көрген (авторы: Н.Төреқұлов, М.Қазыбеков) кітапта: «Досбол Қорлыбайұлының ғұмырнамасы әлі анықтала қоймаған. Қай жылы туылғаны, қай елден шыққан шешен екені де белгісіз» деп жазады. Бұл авторлар тарапынан жіберілген үлкен қателік. Себебі, біз жоғарыда айтып өткендей, Досбол датқа тарихи үлкен орны бар айтулы адам, сөзге жүйрік шешен, ел бастаған көсем. Оның немере, шөберелері қазір Шиелі ауданында тұрады.             Есімі елге белгілі күллі қазаққа танымал, «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ,» - деп қара қылды қақ жарған әділ би Досбол датқа 1890 жылдары 90 жастан асып барып дүние салды. Бейіті «Оқшы ата» әулиелер мазарында.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 671 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.10.2014 1539
    • DOCX 459 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алтынбекова Сауле Алтынбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 139354
    • Всего материалов: 60

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2675 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 483 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек