Монғолдардың қазақ жерін жаулап алуы

Предпросмотр материала:

Елеусизова Гулжанат Серікқызы  Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»  коммуналдық мемлекттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі.               II санатты ұстаз.

 

 

7 класс оқушыларына  «Монғолдардың қазақ жерін жаулап алуы» тақырыбын  өткенде ауызша түсіндірілумен қоса құжаттар,көркем әдебиеттен үзінді енгізу,әңгіменің бейнелі болуы,әсерлі болуы өте тиімді тәсілдер.Оқушылардың Отан тарихына деген ынтасын,сабақтағы белсенділігін арттыру мақсатында мұғалім әңгімесінде тарихи оқиғаларды,құбылыстарды әсерлі түрде баяндау тарихи дәуірді түсінуге,жеке қайраткерлердің,қарапайым адамдардың көзқарасын шәкірттердің дұрыс бағалауына көмектеседі.Жаңа тақырыпты түсіндірместен бұрын мұғалім IX-XII ғасырларда өмір сүрген ортағасырлық мемлекеттердің,тайпалардың тарихына қысқаша шолу жасау қажет.Монғолдардың қазақ жерін жаулап алуы қазақ тарихын қалай өзгерткені жайлы оқушылардың білгені өте маңызды.

 

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:  Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

Сабақтың мақсаты:

? Оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі,империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру.

? Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру,алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге,өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

? Қазақстан  тарихындағы  осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа , елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Саяхат сабағы

Типі:Жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,әңгімелеу

Көрнекілігі: карта «Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы»,сызба,суреттер,бейнефильмнен үзінді,М.Шаханов «Отырар опаты»өлеңінен үзінді

Пәнаралық байланыс:Дүние жүзі тарихы,география,әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

&Оқу құралын тексеріп түгелдеу

&Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа сабақ

Енді тақтаға назар аударайық!Мен сендерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын,осы сөздерге сүйене отырып,бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.

Овал: ЕсугейОвал: ОтырарБолжам тренингі:

                                                    

                                                                     

                                                                                         

Овал: Қазақ  жері
 


Овал: Шыңғыс хан                                                                                      

Овал: Үгедей                                           

                                                                                      

Овал: Қият
 


                                                                                 

 

 

     Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздерің айтып отырғандай «Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы».

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:Монғол империясының басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат алу және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріңе сай пайдалануға үйрену.Сабақтың жоспарымен таныстырып өтейін.

Прямоугольник: скругленные углы: Гурван көлі жағасындағы ескерткіш
 

 


Прямоугольник: скругленные углы: Ұлыстардың
құрылуы
                                                                               

Прямоугольник: скругленные углы: Жаулап алу зардаптары                                                                                              

                                                                                     

 

Прямоугольник: скругленные углы: Монғолдар
дың Қазақстанды жаулап алуы
 


                                                                      

Прямоугольник: скругленные углы: Монғол
Империясы
ның қоғамдық құрылысы
                                                                                                       

 

Прямоугольник: скругленные углы: Монғол империясының құрылуы                                            

 

 

 

 

 

 

 


I.Монғол империясының құрылуы.

Сұрақ:-Шыңғыс хан туралы не білесіңдер?Ол кім?

Слайд- Шыңғыс ханның суреті

Мұғалім: енді Шыңғыс хан туралы қысқаша деректеме тыңдайық

Деректеме «Шыңғыс хан»

Мұғалім: XIIғ.Монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеді.

XIIғ. аяғы –XIIIғ.басында- әскери-феодалдық монғол мемлекеті құрылды.

Астанасы – Қарақорым.

II.Монғол империясының қоғамдық құрылысы.

Слайд

 

 

Стрелка: вправо: түменбасы Стрелка: вправо: 10 мың әскер
 


95 түмен

 

Стрелка: вправо: мыңбасыСтрелка: влево: 1000 әскер                                                             

                                                       Мыңдық

 

Стрелка: вправо: жүзбасы
Стрелка: влево: 100 әскер
 


                                                         Жүздік            

 

Стрелка: влево: 10 әскер
Стрелка: вправо: онбасы
 


                                                         Ондық             

 

 

 

Мұғалім. Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды.

Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді.Әрбір түменде 10 мыңнан адам болды.Түмендер аймаққа бөлінді,әрбір мыңдық он жүздіктен,жүздіктер ондықтардан тұрды.Басқару жүйесі ондықтан басталды.Аймақтар мен түмендерді,мыңдықтарды басқару Шыңғысханныңең жақын туыстары мен оны қолдаушы ақсүйек нояндарға тапсырылды.

 

Организационная диаграмма

Бұл қанаттар жоғарыда көрсетілген түмендерге бөлініп басқарылды.Ханның 10 мыңнан тұратын таңдаулы әскері болды.Шыңғыс хан әскери қызметтерге шығу тегіне қарамастан  батыл да іскер адамдарды тағайындады.Әскери тәртіпті бұзғандарға  өлім жазасы кесілді.

Монғол мемлекетінің саяси құрылымы

Шыңғыс ұрпақтары

 
 

 


                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                        

 

 

Монғол империясын Шыңғыс ұрпақтары биледі.Ең жоғарғы әміршісі Ұлы хан болды.Ұлы хан мемлекет басшысы ретінде әскери заң шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге құқылы болды.Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғары органы болды,құрылтайда ірі әскери мәселелер,ішкі саясат,Шыңғыс ұрпақтары арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды.Ол жылына бір рет,жаз айында шақырылды.

Мемлекеттің басты заңы «Жаса»деп аталды.Бұл екі бөлімнен тұрған. Бірінші бөлім Шыңғысханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы кейбір басты мәселелер тұрды.Екінші бөлім әскери,азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және оларды орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды.

III.Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы

Шыңғыс ханның жаулаушылық жорықтар жүргізудегі мақсаттары:

-         Билігін күшейту

-         Ішкі тартыстарды болдырмау

-         Ақсүйектердің талабын орындау

-         Халқын жаңа жайылымдармен қамтамасыз ету

Шыңғыс ханның соғысу тәсілдері:

-          Жорыққа  шықпастан  бұрын сауда керуенін жіберіп,ол ел туралы мәліметтер алған

-         Дінге қысым көрсетпеген

-         Жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарға пайдаланған.

Слайд

Жылы

Болған оқиға

1207-1208ж.ж.

Жошы Енисей қырғыздарын,Сібір халықтарын басып алды.

1207-1209ж.ж.

Таңғұт,Турфан кінәздіктерін,ұйғырларды басып алуы

1211-1215ж.ж.

Қытай жерін бағындырды

1217ж.

Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы

1218ж.

Монғолдардың Жетісу жеріне енуі

1219ж.

150 мың әскерді Ертіс,Сырдарияға аттандырып,Отырардықоршап алуы

1219-1220ж.ж.

Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы

 

Отырардың күйреуі атты бейнефильмнен үзінді.

М.Шахановтың «Отырар опаты» өлеңінен үзінді оқылады.

Оқушы:

Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар

Алты ай бойғы алапатта жеңілмеген Отырар.

Ақыл ойын жалындатқан,өнер,ғылым шамын жаққан

Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.

Безбүйрек жау сәбилерді,

Шал-шауқанды,кемпірді,

Тіпті жүкті әйелдің де ішін жарып өлтірді.

Құзғын,қарға ғана тынбай шарлап мұңлы аспанды,

Отырардың аянышты зарлы өмірі басталды,

Айдай әлем мойындаған даңқы бар,

Жүз елу мың халқы бар,

Нән қаланың асқақ әні осыменен шектелді...

 

IV.Жаулап алу зардаптары

-         Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса,одан кейінгі XIII-XIVғ.ғ.20-ға жуық елді мекен қалды;

-         Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;

-         Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;

-         Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;

-         Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;

-         Мәдениеттің дамуына кедергі болды.

V.Ұлыстардың құрылуы.

Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді.Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қарады.Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.

Организационная диаграмма

                                   

Кіші баласы Төле Монғолия жерін билеген.Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін ,оның орнына Үгедей отырды.Империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.

Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарды жалғасын табады.

Бекіту.

Сонымен 6-аялдамаға да жеттік.Бұл аялдаманың ерекшелігі 1962 ж. Кендітау жерінде Гурван көлі жағасында үлкен мәрмәрдан ескерткіш орнатылған,онда төмендегі Шыңғысханның өсиет сөзді оқып шығу үшін,алдымен бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек.Тапсырмалардыорындамас бұрын қатар бойынша 3-топқа бөлінеміз.Әр топқа дұрыс жауап берген үшін ұпай беріледі.Көп ұпай жинаған топ «Жеңімпаз»болып есептеледі,сонымен қатар ескерткіштегі өсиет сөзді ашады.Ал,сайысымызды бастайық!

1-тапсырма.Сұрақ-жауап.

1.Монғол империясын құрған кім?Шыңғыс хан

2.Темүжінді не себепті «Шыңғыс хан» деп атаған?Керей ханы «Монғолдарды жеңіске жеткізетін Жеңісхан болсын»деп бата берген.

3.Империяның қоғамдық құрылысы қандай болды? Түмен ,мыңдық,жүздік,ондық.

4.Монғолияның аумағы неше әскери әкімшілікке бөлінді? 3

5.Оларды ата? Баруңғар,Кул,Жоңғар.

6.Ұлы хан деген кім?Мемлекет басшысы.Әскери заң шығарды,әкімшілік билік жүргізді.

7. «Яса», «Жаса»дегеніміз не?Жазбаша құқықтық нормалар мен заң ережелері.

8.Құрылтайда қандай мәселелер қаралған?Ірі әскери мәселелер,ішкі саясат,Шыңғыс ұрпақтары арасындағы өлкелерді бөлу мәселелері шешілді.

9.Монғол шапқыншылығының қандай зардаптарын білесіңдер?

10.Қазақстан жері қандай монғол ұлыстарына кірді?Жошы,Шағатай,Үгедей

2-тапсырма.

Келесі сайыс «Тұлғаны таны»деп аталады.Тақтада 3 қатарға 3 тұлғаның портреттері және сұрақтар берілген.1 минуттан уақыт беріледі.

Жошы                           Шыңғыс хан                  Абылай хан

1.Бұл кім?

2.Қай уақытта өмір сүрді?

3.Бұл тарихи тұлғаның Қазақстанға қандай қатысы бар?

3-тапсырма. «Сандар да сөйлейді» деп аталады.

Мен жылдарды көрсетемін , сендер қандай оқиға болғанын анықтайсыңдар

1.1155ж.                                  5.1211-1215ж.ж.              9.1219-1220ж.ж.

2.1206ж.                                  6.1217ж.

3.1207-1208ж.ж.                      7.1218ж.

4.1207-1209ж.ж.                      8.1219ж.

4-тапсырма.Картамен жұмыс.Аталған жер-су аттарын картадан көрсету.

1.Жент   2.Отырар    3.Сығанақ   4.Таңғұт,Тұрфан кінәздіктерінің жері

5.Жетісу өңірі  6.Бұхара   7.Шығыс Дешті Қыпшақ  8.Арал,Сырдария

9.Ертіс өзені,Алтай,Тарбағатай

5- тапсырма Проблемалық сұрақ: -Монғолдар қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?

Сайыс нәтижесінде жеңімпаз топқа «Жеңімпаз»,ал жеңілген топтарға алдағы сайыстарда жеңістен үміт үзбесін деп «Үміт» мақтау қағазымен марапатталады.

Қорытындылау.

Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:

1.Шапқыншылық,басқыншылық бағытта;

2.Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды.Монғолдар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін,түркіленіп,Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз.

Бағалау,мадақтау.

Жолдама

Жұмыстың түрлері

Менің үлесім

Баға

1.

Сұрақ-жауап

 

 

2.

«Тұлғаны таны»

 

 

3.

Хронологиялық жұмыс

 

 

4.

Картамен жұмыс

 

 

5.

Проблемалық сұрақ

 

 

Мен мақсатыма жеттім:                               Иә,                        Жоқ

Улыбающееся лицо:      3Улыбающееся лицо:      4Улыбающееся лицо:      5

  
Менің өзімді бағалауым

                              544      

 

Үйге тапсырма.

§26 оқу.106 -беттегі сұрақтарға жауап беру .Шыңғыс ханға мінездеме жазып келу.Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру.Тақырып бойынша тірек – сызбалар құрастырып келу.

 

 

 

Краткое описание материала

Монғолдардың қазақ жерін жаулап алуы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Раисов Бекжан Сергазинович

Учитель информатики

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 21886
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 7
  • 21886
    просмотров
  • 7
    материалов
  • 1
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Раисов Бекжан Сергазинович.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~150

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: