Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Технология Бисерден аққайың жасау.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Технология Бисерден аққайың жасау.

библиотека
материалов

hello_html_44397d10.jpgҚолөнер бұйымын жасап шығару

Сабақтың тақырыбы: Бисерден «Ақ қайың»жасау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бисердің шығу тарихын, жасалу жолдарын, қолданылуын, композициялық табиғат көрінісін үйрету.

Білімділік: Оқушыларға өнер және қолөнер туралы білім беру. Қолөнердің бір саласы бисер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. Қолөнер бұйымын жасап шығару.

Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, бисер туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту. Бұйымды жаңа дизайн үлгіде көрсету.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын, сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.Тиянақты деңгейін көтеруге баулу.

Көрнекілігі: Бисерден жасалған бұйымдар: білезік,картинка, т.б.....

Құрал-жабдықтар: бисер, сым, тоқыма ақ жіп, қайшы, нұсқау карта.

Пәнаралық байланыс: Тарих, математика, сызу, бейнелеу өнері, биология, география.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс арқылы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау.

ІY.Жаңа білімді меңгерту.

Ү. Сарамандық жұмыс.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқу құралдарын алып отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа келген, келмегені түгенделеді.

ІІ. Үй тапсырмасы: (8-10мин)

  1. Изонит дегеніміз не?

2. Қай елде алғашқы рет қолданылды?

3. Жіппен бейнелеу үшін не қажет ?

4. Жіппен бейнелеудің шығу тарихы?


Жаңа сабақ

Халқымыздың қолөнері деп, халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.

1.Оқушылырдың бисер тоқу өнерінің шығу тарихына байланысты жинаған аңыз-әңгімелерін тыңдау.

Бисер тоқу өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармаларының ішінде әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға, алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер, әшекейлер тоқуға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.

Бисер тоқу өнері нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді.Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек.Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның(натрий қосындыларының)үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар б.з.д ҮІ ғасырда ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ киімге таққан деседі.

Ең алғашқы «Бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң әйнек өндіруші шеберлер жан- жаққа тарап, әлемге «Бисер атауы» мәлім бола бастады. Нақ осы кезде бисерден тоқылған бұйымдар жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдер, сөмкелер т.б жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» болуы үшін мықты болып келетін жібек жіппен орындалады. Бисермен қазақтың ою -өрнектерін тұмарша , алқа, шашпау, тағы басқа өте сәнді әшекейлер : сырғалар, алқалар жасауға болады.

Пhello_html_c4aaca7.gifластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.

hello_html_mc8be1ef.gif

hello_html_75e9e092.gifДөңгелек Таяқша

hello_html_1554f555.gif

Сопақ

Бисермен тоқу нені талап етеді?

Оқушы: -Бисермен тоқу көп уақытты, шыдамдылықты талап етеді.


Шhello_html_m714b9e97.gifhello_html_m445708c5.gifыны Керамика

hello_html_m3beddc4.gif

Хhello_html_m58b00b7f.gifhello_html_fa3b275.gifрусталь Металл


Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Бисермен тоқу жұмысы жақсы жүру үшін құрал- саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын да ыңғайлап алу, әсіресе , ол жерде бисерді дұрыс орналастыру қажет. Ол үшін өте терең емес,(5-10 мм) тәрелкеге салған да жөн, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Сонымен қатар, жұмыс істелетін орнын жарықпен жақсы қамтамасыз ету керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

Бүгінгі сабағымызда біз бісерден тал, ақ қайың жасаймыз. Ақ қайың түралы мәлімет айту.













Технологиялық картасы:


Жұмыс реті

Құрал сайман

  Нобайы

1

Бисер таңдау

Бисер

 

2

Ұзындығы 70-80см жұмсақтау сым

сым

 

3

3бисерді өткізіп,сымның ортасына апарып бұрау

Бисер, сым




 hello_html_5e7958b0.jpghello_html_m6463640.jpg

4

4бисерді өткізіп бұрау

Бисер,сым



 hello_html_3b64a15c.jpg

5

Өткізілген бисерді ортасынан бұрау




 hello_html_m30c76cad.jpg



6

3-4 бұтақты біріктіріп, қалыңдау сымға жіппен орап шығу

Сым,тоқыма ақ жіп

 hello_html_m95b06d5.jpghello_html_1ec11dcd.jpg

7

Дайын бұтақтарды 50 см қалың сымға жіппен орау

Сым, тоқыма ақ жіп



 hello_html_m64c21a00.jpg


.

Қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  1. Қайшымен жұмыс кезіндегі.

  2. Сыммен жұмыс кезіндеі.

Сарамандық жұмыс.

Оқушыларды жұмысқа кірістіру.

Әр оқушы өздерінің әкелген сымдарымен, бисерімен өз жұмысын орындау керек. Алдымен математикаға байланысты ойын ойнайық. Ол үшін бізге 1ден 9 ға дейін санды цилиндрге жазып қоямыз. Осы сандарды араластырып қойсақ 156 саны шығу керек. Ол үшін 39 көбейтеміз 4- ке , 78 көбейтеміз 2- ге.

Көзге жаттығу орындату.

Сергіту сәті. Полиглот

  1. Тап-тап, тап жорға,

Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес,

Жерге түссе таптырмас (ине, игла, needle)

  1. Басы екеу, аяғы да екеу (қайшы, ножница, scissors)

  2. Ине өткен жерден - ......... өтер (жіп, нитка, sting)

  3. Әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі-түсті ұсақ моншақты қалай атайды? (сумоншақ, бисер, beads)

  4. Әшекейлі күбіні

Июлі тұрған шөмеле,

Кигіздім биік төбеге. (сәукеле, Saukele)

  1. Әжеме өң берген,

Жиегін көмкерген.

Етегі желкендей

Киім еді ол нендей? (Кимешек, kimeshek)

5 минут уақыт беріледі.

Қорытынды.

Болғандарына сурет беріп, «Кім жылдам табады?» ойынын ұйымдастыру. (көзді тынықтыру)

Оқушылардың жасаған бұйымдарын тексеру, жақсы жасалған бұйымдарды атап өту, кемшіліктері болса түзету, соған қарап бағалау.

Осы еңбектің барлығын жисақ - байлық, берсек - тәуір сыйлық, сатсақ - теңге, бір сөзбен айтқанда сән- салтанат емес пе?Бұл уақыт керуенімен озған ата – бабамыздың бізге қалдырған иелік мұра – қазынасы, бай тәжіребесі, қолөнері. Байқасақ, мұнда әлеуметтік және экономикалық мәні зор исі қазақтың атакәсібі жатыр. Бабаларымыздың атамұрасын жалғастыру атакәсіпті игеру арқылы тіршілігімізді жандандыру,тұрмысымызды елмен егіздеу біздің қасиетті парызымыз деп білемін.

1.Бисер жайлы не білдік?

Түрлерін анықтай аламыз,эскиз дайындай аламыз,эскиз бойынша бисер мен жұмыс істей аламыз.

Бисермен қандай заттарды әшекейлеп тігуге болады?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма : Жұмысты аяқтау.


Гүлмира Рисманбетова

217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі

Қызылорда қаласы









Краткое описание документа:

"Выдержка из материала:

"Қолөнер "бұйымын "жасап "шығару


""Сабақтың "тақырыбы"Бисерден «"Ақ "қайың»"жасау.


"Сабақтың "мақсаты"Оқушыларға "бисердің "шығу "тарихын"жасалу "жолдарын"қолданылуын"композициялық "табиғат "көрінісін "үйрету

"Теориялық "білімдерін "іс "жүзінде "шығармашылықпен "дамыту"бисер "туралы "алған "білімдерін"дағдыларын "нығайту

"Бұйымды "жаңа "дизайн "үлгіде "көрсету.

"Тиянақты "деңгейін "көтеруге "баулу."Оқушылардың "сабаққа "келген"келмегені "түгенделеді.


"ІІ"Үй "тапсырмасы: ("8-"10мин)


"1"Изонит "дегеніміз "не?


"2"Қай "елде "алғашқы "рет "қолданылды?


"3"Жіппен "бейнелеу "үшін "не "қажет ?


"4"Жіппен "бейнелеудің "шығу "тарихы?

Автор
Дата добавления 09.01.2014
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2074
Номер материала 25057010916
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх